ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Құрметті, Шиелі ауданының тұрғындары! ..." -- 21 Қараша 2019
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады -- "2019 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 10.00-де ..." -- 21 Қараша 2019
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады -- "«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа толған (ерлер – 63 ..." -- 21 Қараша 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Охотзоопром" инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев мемлекеттік наградамен марапатталды деп хабарлайды Ақорда. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Петр Ницык пен марқұм Ерлан Нұрғалиев қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталған.

 

Қос инспектор да ІІІ дәрежелі "Барыс" орденіне лайық деп табылған.

Президент тиісті жарлыққа 31-ші қаңтар күні қол қойған.

Еске сала кетейік, "Охотзоопром" компаниясының екі қызметкеріне браконьерлер шабуыл жасаған болатын. Бұл оқиға Қарағанды облысындағы инспекторлардан қашып кетпек болғандардың ізіне түсу кезінде орын алған.

Салдарынан қызметкерлердің бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды. Ал тірі қалған қарағандылық инспектор оқиғаны баяндап берген еді.

Кейін арқұм болған инспектордың өліміне күдікті деп танылған азаматтарға іздеу жарияланып, күдікті ретінде үш ер адам ұсталған.

Ал Астанаға жиналған марқұмның туыстары екінші көлікте болған төрт адамның іске куәгер ретінде тартылып жатқанын айтып, жанайқайын жеткізген болатын.

Сондай-ақ, күдікке ілінгендердің бірінің әкесі Ерлан Нұрғалиевтің отбасы мен туыстарынан және халықтан ұлы үшін кешірім де сұраған еді.

Scroll to top