ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 13 Тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ -- "ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ Бүгін ..." -- 07 Тамыз 2019
БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ... -- "БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ..." -- 06 Тамыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы дәрігерлік-амбулаториялық емхананың ... -- "ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы ..." -- 05 Тамыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ТУРАЛЫ -- "Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс ..." -- 02 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 31 Шілде 2019
«Бес сұрақ» айдары -- " Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек ..." -- 23 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019

Кездесу барысында президентке еліміздің сыртқы саясатын одан әрі экономикаландыра түсу жөніндегі жұмыс жоспары мен министрлік алдында тұрған міндеттердің орындалуы туралы мәлімет ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы саясатын экономикаландырудың және сыртқы саяси бағытымызды әрі қарай тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
"Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді де ұмытпауымыз керек. Сыртқы істер министрлігінің міндеті – еліміздің сыртқы саясатын және бейбітшілік пен тату көршілік саясатын белсенді жүргізу. Бастаған ісіміздің бәрін одан әрі жалғастыру қажет", – деді Елбасы.

Бейбіт Атамқұлов мемлекет басшысына инвестициялық жобаларды ілгерілету жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижелері мен министрліктің орталық аппаратының қызметін қайта түзу мәселелері жөнінде мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Қазақстанның дипломатиялық миссияларын сыртқы саясатты экономикаландыру жөніндегі жаңа міндеттерге сәйкес жұмыстарға бейімдеу үшін қабылданған шаралар туралы баяндады, сондай-ақ ел экспортының бағыттарын қайта қарастыру үдерісі жөнінде айтты.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетсек, Бейбіт Атамқұлов 2018 жылдың 26 желтоқсанында сыртқы істер министрі болып тағайындалған болатын.

Scroll to top