ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019
Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық ... -- "Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» ..." -- 31 Қазан 2019
ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шиелі ..." -- 31 Қазан 2019
САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев ..." -- 28 Қазан 2019

Ветеринария саласы бойынша 2019 жылдың 9 айлық қортындысымен атқарылған жұмыстар туралы.

 

Аудан көлеменде «Эпизоотияға қарсы шаралар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 102 млн 481 мың тенге қаржы бөлініп, 2019 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 90 млн 104 мың  теңгесі игерілді.  Қазақстан  Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бекітілген тізім бойынша жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу іс-шаралары 602 960 құрап, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына 100% енгізілді.

Сарып (бруцеллез) ауруына қарсы қан үлгілері мен диагностикалық тексерудің жұмыстары   100 520 басқа орындалып , барлығы 2019  жылдың 9 айында 3 бас уақ мал, 17 бас МІҚ малы бруцеллез ауруына оң нәтиже беріп барлық мал басы ветеринариялық - санитариялық талаптарға сай сойылды. Сонымен қатар,  1000- бас жылқы маңқа ауруына аллергиялық әдіспен  тексерілді.

Иесіз қаңғыбас ит, мысықтарды жоюға 2019 жылы аудандық бюджеттен бөлінген     3 млн   396 мың теңге қаралса. 2019 жылдың 9 айында қаржы көлемі толықтай игеріліп, нәтижесінде 1209 бас егесіз қаңғыбас иттер мен 4 бас мысық ауланып, жойылды. Сонымен қатар, 4500 бас итке дегельминтизация жұмыстары жүргізілді.

Ауданда эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал базарына, орталық базардағы ет сату повильондарына, мал өнімдерін сататын сауда нүктелеріне, және     2 жердегі тері қабылдау пункттеріне ветеринариялық бақылау жүргізілуде. Жыл басынан бері 1095 бас мүйізді ірі қара, 26- бас жылқы, 446 - бас уақ мал еттері, түйе-7 бас, 20 305 кг  балық ветеринариялық зертхана сараптамасынан өткізілген.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бойынша қазіргі таңда  11829 бас МІҚ, 37 339 бас уақ мал, 3016 - бас жылқы, 344 бас түйе, 295 бас шошқа сырғаланса, бірдейлендіріліп компьютерлік базаға енгізілді.

Барлық елді мекендерде, шаруа қожалықтарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, апта сайын мал қозғалысына жергілікті полиция қызметкерлері мен ветеринария бөлімі қызметкерлері арнайы  жоспарға сәйкес рейдтік жұмыстары жасалуда, нәтижесінде, 2019 жылы 126 заң бұзушылық анықталып  оларды жою  туралы 126  нұсқама берілді. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіндегі өзгерістерге байланысты жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау мен оларға шара көру мәселесіне байланысты бөлім тарапынан әкімшілік істерді ҚС және АЕБ-ның 1-ВЕП-АП жүйесіне тіркелді. Нәтижесінде, 21 жеке тұлғаға ветеринария саласында әкімшілік құқық бұзғаны үшін 20 – АЕК- і есебімен  21 айыппұл салынып,  барлық айыппұл қысқартылған мерзімде (530 250тг) өндірілді.

Аудан бойынша ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламентіне сәйкес жыл басынан бері – 23 582 қызмет көрсетілді.

         Шиелі ауданы бойынша 2019 жылға күзгі эпидмаусымда 17 елді мекен Конго-Қырым  қанды безгегінің індет ошақтары болып анықталды.  Анықталған Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елді мекендерде алдын ала мал қоралары мен мал жиналатын орындар механикалық тазалаудан өтті. Мердігер мекеме «Төрт түлік белгілері» ЖШС-кенеге қарсы дезинсекция жұмыстарын 2 кезең  бойынша жұмыстар жүргізілуде.

      Бұдан бөлек 8 ауылдық округте орналасқан мал тоғыту ванналарында 4793 бас уақ мал тоғытудан өтті.  Оңтүстік аудандарда кененің жаппай белсенділігі және мал бастарында кенелердің артуына байланысты ауылшаруашылығы жануарларына кенеге қарсы ивен, ивермек,  айвин, препараттармен 2857 бас МІҚ , 6981 бас уақ мал, 85 бас түйе , 390 бас жылқыға екпе жұмыстары жүргізілді.

Ауданға қажетті 18 мал қорымдарына (скотомогильник)  аудандық бюджеттен 14 мал қорымының жоба сметалық  құжаттарын жасату үшін  43 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда мердігер мекеме анықталды. 2019 жылға  2 мал қорымын облыстық бюджет есебінен салуға (Тартоғай а/о, Телікөл а/о) 26 млн 900 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме Телікөл ауылдық округіндегі мал көміндісінің құрлыс жұмыстарын аяқтады. Тартоғай ауылдық округіндегі мал көміндісінің құрлыс жұмыстары аяқталды.

Видео ақпараттар

Scroll to top