Хабарландыру!!!! -- "" -- 17 Қаңтар 2018
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ -- "Ақмая ауылдық округі: Елбасымыздың биылғы ..." -- 15 Қаңтар 2018
Көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба ... -- "Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан ..." -- 15 Қаңтар 2018
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж ... -- "Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары ..." -- 10 Қаңтар 2018
Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді -- "Кеше Шиелі ауданында Қызылорда облысы әкімінің ..." -- 10 Қаңтар 2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің ... -- "«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра ..." -- 08 Қаңтар 2018
СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан ..." -- 08 Қаңтар 2018
ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ -- "Жалағаш ауданынан Шиелі ауданына бір топ ..." -- 08 Қаңтар 2018
Ауданда индустриялық-инновациялық 3 жоба жүзеге асырылуда -- "Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында ..." -- 05 Қаңтар 2018
Саяси кеңес отырысы -- "«Нұр Отан» партия­сы Шиелі аудандық филиалы ..." -- 03 Қаңтар 2018

1.Автомобиль жолдары жайлы:

Ауданда 145,4 шақырым аудандық, 92 шақырым облыстық, 80 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, Сырдария өзенінде екі қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел бар. Аудандық маңыздағы 145,4 шақырым автомобиль жолдарың   124,5 шақырымы, яғни 83,7 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

2017 жылға  аудандық бюджеттен Майлытоғай, Бәйгеқұм, Қарғалы, Бидайкөл  ауылдық округтерінің 4,66 шм  ішкі көшелерін жәй және орташа жөндеуге 47 961,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жеңімпазы «Шиелі-Жолшы» ЖШС 2017 жылдың шілде айында  44270,0 мың тенге толық игерілді

2017 жылға  аудандық бюджеттен Тартоғай ауылдық округтерінің 0,8 шм  ішкі Байсейтова, Ауезов көшелерін   орташа жөндеуге 10934,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жеңімпазы «Шиелі-Жолшы» ЖШС 2017 жылы қырқүйек айында 10934 мың тенге толық игерілді.   

2017 жылға  өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша жергілікт3і бюджеттен Бестам, Байсын, Жахаев, Балаби, Тартоғай, Енбекші, Сұлутөбе, Тәжібаев, Алғабас, Керделі, Ботабай , Ақмая  ауылдары шағын спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 38 052,0 мың теңге бөлінді. 2017 жылдың 10 айында айында 38 052,0 мың тенге игерді, Қодаманов ауылының С.Сейфулин   0,7 шм, Есенов  1,0 шм. Тартоғай ауылының С.Ершохай 1,1 шм  ішкі көшелерін жаяу жүргінші жолдарын салуға  26 335,0 қаржы бөлініп бөлінді. 2017 жылдың қазан айында бөлінген қаржы толық игерді.

Аудандық бюджеттен 2017 жылға Сырдария өзеніндегі қалқымалы өткел  мен екі қалқымалы көпірді, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 103 шақырымын күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 31453,0 мын теңге бөлініп мемлекеттік сатып алу жеңімпазы «Шиелі жолшы »ЖШС мекемесі 2017 жылы 31453,0 мың тенге толық игерді.

Жөлек қалқымалы көпірін күрделі жөндеуге ЖСҚ-ны сараптамадан өткізуге 512,0 мың тенге бөлініп, сапартама жұмысы жасалып 2017 жылдың желтоқсан айында 512,0  мың тенге толық игерілді.  

2.Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы: Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 7058,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Осы қаржыға Шиелі кенті Бұдабай, Досбол би көшелері қилысына бір дана диотты жаңа бағдаршам орнату,Шиелі кентіндегі 11 (дана) бағдаршамдарды күнтізбелік жыл бойы күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, 40 дана жаңа жол белгілері орнатуға, 4 дана жасанды жол кедергісін қою, 8,8 шақырым жол жолақтары көктем, жаз айларында 2 реттен сызу жұмыстары жүргізіледі.

 Мемлекеттік сатып алу жеңімпазы «Бағдаршам - Сервис »ЖШС мекемесі  2017 жылы 7058,0 мың тенге толық игерді . Осы қаржыдан Шиелі кенті Бұдабай, Досбол би көшелері қилысына бір дана диотты жаңа бағдаршам орнатылды қаржысы 2000,0 мың тенге, Шиелі кентіндегі 11 (дана) бағдаршамдарды күнтізбелік жыл бойы күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жұргізілді, 30 дана жаңа жол белгілері орнатылды, 4 дана  жасанды жол кедергісін қойылды, 4,6 шақырым жол жолақтары көктем, жаз айларында 2 реттен сызу жұмыстары жүргізіледі.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге бөлінген 746,0 мың тенгеден 666,2 мың тенге игеріліп, 79,8 мың тенге  мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.

 3.Жолаушылар тасымалы жайлы: Ауданда 2017 жылы жолаушылар тасымалымен халыққа қызмет көрсетіп отырған 1  ЖШС, 6 жеке кәсіпкер бар. Жолаушылар тасымалы 27 аудандық,  3 қалааралық, 1 ауданаралық  бағытта жүргізіледі. Оларда 100-ден аса жолаушылар тасымалдайтын автокөліктер бар. Аудан бойынша барлық елді мекендер толық қоғамдық көлікпен қамтамасыз  етілген. Халыққа аудан орталығынан талапқа сай жабдықталған 1 автостанция қызмет көрсетеді. Сонымен қатар транзиттік маршрут ретінде аудан арқылы Шымкент, Алматы бағыттарына автобустар қатынайды. Барлық бағыттарда автокөлік құралдарының рейс алдында техникалық тексеруден және жүргізушілерді рейс алдында медециналық тексеруден өткізіледі. Қалааралық бағытардың барлығы толық билеттендіру жүйесіне көшкен.  Ауданда жол жүру үшін жолаушылардың ұзақ пайдаланатын жол жүру билеттерін дайындайтын мекеменің болмауы себебінен жолаушыларды билеттендіру жұмысы алдағы уақытта орындалады.

Видео ақпараттар

Scroll to top