Бақытжан Сағынтаев шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді -- "Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан ..." -- 16 Шілде 2018
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне климаттың өзгеруі мәселелеріне ... -- "Климаттың өзгеруі жоқшылыққа және азық-түлік ..." -- 16 Шілде 2018
Елбасы Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашалады -- "Бурабайдың баурайында «Біржан-Сара» операсы ..." -- 16 Шілде 2018
Франция құрамасы – футболдан екі дүркін әлем чемпионы -- "Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы ..." -- 16 Шілде 2018
ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ -- "ШИЕЛІ АСТАНА КҮНІН АТАП ӨТТІ Астана күнін ..." -- 08 Шілде 2018
Елбасы Ұлттық ғарыш орталығына барды -- "Мемлекет басшысы Астананың 20 жылдығы қарсаңында ..." -- 02 Шілде 2018
Мобильдік кеңсе жұмысы жалғасуда -- "Мобильдік кеңсе жұмысы жалғасуда Қордың басты ..." -- 27 Маусым 2018
ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ -- "ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ ..." -- 25 Маусым 2018
Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болды -- "Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт ..." -- 21 Маусым 2018
БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті -- " Қызылорда          ..." -- 20 Маусым 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Пошта индексі: 120717;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ә.Тәжібаев ауылы, Доспан Шайық көшесі №3
  • Тел: 8 (72432) 5-06-92

telkolСәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы 1970 жылы 25 қазанда Шиелі кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.Еңбек жолын 1988 жылы Шиелі ауданы локомотив депосында токарь болып  бастаған.1988-1990 жылдары әскери борышын өтеген. 1996 жылы Қызылорда ауылшаруашылық колледжін бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау жөніндегі экономист мамандығын, 2005 жылы Қызылорда «Сейхун» академиясын экология және табиғатты пайдалану мамандығы бойынша бітірген. 1991-1996 жылдары локомотив депосында ІІ разрядты токарь, ІІ разрядты мұнай өнімдерін құюшы, 1996-1998 жылдары ДГП «Желдорснаб» мұнай өнімдерін құюшы, 1998-1999 жылдары ТЧ-34 Шиелі станциясында мұнай өнімдерін құюшы, 1999 жылдары Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасында инспектор, 1999-2000 жылдары «Шиелі» кеден бекетінің инспекторы болып жұмыс  атқарған.2000-2001 жылдары «Шашақты» жылжымалы күзет бекетінде бас инспектор, 2001-2002 жылдары  «Шашақты» жылжымалы күзет бекетінде  инспектор, 2002-2012 жылдары «Шиелі» жылжымалы күзет бекетінде инспектор, 2012 жылы 4 мамыры мен 11 маусым аралығында Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман, 2012 жылдың 11 маусымынан бастап, 3 қазанына дейін Шиелі кенті әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.2016 жылдың 13 қазанынан бастап Телікөл ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.  Отбасылы.              Негізгі міндеттері:         Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының, Президент Жарлықтары мен Өкімдерінің, Үкімет қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің және өзінің шешім,өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етіп, орындалуына бақылау жасайды.Телікөл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін ұйымдастырады және оған тікелей басшылық жасайды. Мекеменің қаржылық мәселелері бойынша банкілік құжаттарға қол қояды.Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерін конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды.Өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік жәнен әскери қызмет,азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жер қатынастарды реттеуді жүзеге асырады, қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады, елді мекенді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді, елді мекенді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.Азаматтарды қабылдап олардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарап олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.Ауылдық округі әкімі  жеке  азаматтарды әр аптаның  сәрсенбі, жұма күні сағат  15-00 ден 19- 00-ге дейін қабылдайды.

Құрылымы
Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні Лауазымы Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны Санаты
1  Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы Ауылдық округі әкімі   Шиелі кенті,Абай тұйығы № 4Раб-5-06-92Сот.87016346334 E-R-1
2 Сапарова Гульжахан Данаевна Ауылдық округі әкімінің аппаратының шаруашылық есебін жүргізу, әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі  жөніндегі бас  маманы. Ә.Тәжібаев ауылы,                   Т. Жұматов көшесі №54Дом.5-09-17Раб-5-06-92Сот.87022621029 ЕG-3
3 Жумабекова Гульнара Жумакельдиевна Ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы, заң қызметкері. Ә.Тәжібаев ауылы, Т.Жұматов көшесі№64Раб 5-06-92Сот.87757015359 ЕG-4

Ереже

"Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

  1. Жалпы ережелер
  2. «Телікөл ауылдық округі әкімінің  аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

1) «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ә. Тәжібаев ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

2)  «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мекемесінің «Ақбесік бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 

  1. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Телікөл ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  1. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120717, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округі, Әбділда Тәжібаев ауылы, Доспан Шайық көшесі №3.  

  1. Мемлекеттік органның толық атауы- «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы Ереже «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  4. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлерімен «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері

 «Телікөл  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізу.

  1. Негізгі міндеттері:

         1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
         2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;

3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

         4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.

         16.1.«Телікөл  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

         1.1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

         1.2)   өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

         1.3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

         1.4)   жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

         1.5) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

         1.6)  елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

1.7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

1.8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

1.9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

1.10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

1.11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

 1.12) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

1.13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

16.2. «Ә. Тәжібаев» ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнының функциялары:

2.1) Халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақта, насихаттау, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;

2.2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;

2.3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

2.4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеу, қорыту, таныту, енгізу мен тарату;

2.5) аудандық, облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, фестивалдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

2.6) этномәдени бірлестіктерді қолдау;

2.7) мәдени-демалыс қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, әртүрлі мәдени акцияларды, бастамашылықтарды қолдау.

16.3. «Ақбесік» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының функциялары:

3.1) Білім беру саласында өндірістік- шаруашылық қызметті жүзеге асырады.Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру қызметін көрсетеді.  Кәсіпорын қызметінің мақсаты  бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, бағуды, күтуді және сауықтыруды қамтамасыз ету болып табылады.

3.2) білім беру процесін ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, бейімділігіне, қабілетіне, ынталары мен қажеттілігіне сәйкестігін және білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

3.3) кәсіпорын мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тілін және бір шет тілін оқып үйренуді қамтамасыз етеді.          

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

         3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

6) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

7) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

        18.« Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  бірінші басшы жүзеге асырады.

  1. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  2. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары жоқ.
  3. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
         5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы

Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі  ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

11) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

        13-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

13-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

13-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

13-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

13-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

13-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк   көмек көрсетуді үйлестiредi;

13-7) халықтың    әлеуметтiк  жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

13-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

13-9) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

14) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

         15) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

15-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

16) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

17) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

18) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

19) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді

20) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

21) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

22) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

23) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

24) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Телікөл ауылдық округінің әкімі басқарады.

Мемлекеттік органның мүлкі

  1. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық / коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  3. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  4.   «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

Телікөл ауылдық округі, Ә.Тәжібаев ауылының қысқаша тарихы

Телікөл  ауылдық округі  Шиелі ауданндағы Ә.Тәжібаев елді мекенін қамтиды.

Ә.Тәжібаев  ауылы іргетасын 1940 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауынан  қоныс аударғандар қалаған. Бұрынғы  атауы «Қызылдихан» ауылы. 2003 жылдан бастап ауылға  ақын, драматург, жерлесіміз Ә.Тәжібаевтың аты берілді.

1975  жылға дейін Ленин  атындағы  колхоз бөлімшесі болған.

1975   жылдан бастап   «Қызылдихан», «Ақтоған»  елді мекендері  негізінде құрылған «Телікөл» қаракөл қой совхозының орталығы.

Телікөл  ауылдық Кеңесі 1975 жылы «Қызылдихан» және «Ақтоған»елді мекендері негізінде құрылған. Телікөл  ауылдық  округі 1997 жылы таратылып, 2001 жылы  қайта құрылды. 

2005 жылдың басында ауылдық округке қарасты «Ақтоған » елді мекені негізінде Ақтоған  ауылдық округі құрылып, бөлініп шықты.

Қазіргі уақытта Ә.Тәжібаев  елді мекенінде орта мектеп, балабақша, ауылдық клуб, дәрігерлік амбулаториялық емхана, кітапхана, пошта  бөлімшесі  халыққа қызмет етеді.

Ауылшаруашылығы  саласында 1 ЖШС, 22  шаруа қожалығы жұмыс істеуде.

2005 жылдың 21 қаңтарынан 07.09.2016 жылға дейін Әшір Сайлау Жұматұлы ауылдық округі әкімі қызметін атқарды.

 2016 жылдың 13 қазанынан бастап Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы Телікөл ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді. 

Видео ақпараттар

Scroll to top