Мемлекет басшысы Қостанай облысының жас спортшыларымен кездесті -- "Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ..." -- 09 Қараша 2017
Қызылордалық жол сақшылары әкімшілік хаттаманы енді планшетпен ... -- "Сандық жүйені дамыту аясында облыста әкімшілік ..." -- 09 Қараша 2017
Елімізде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ... -- "Еліміздің барлық өңірлерінде «Қыс-2017» ..." -- 09 Қараша 2017
5 сұрақ -- "  Ерікті зейнетақы жарналарын кім және ..." -- 09 Қараша 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Сырдария ауданы «Бірыңғай ..." -- 08 Қараша 2017
МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ ТУРАЛЫ -- "ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ..." -- 08 Қараша 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа ..." -- 07 Қараша 2017
Елбасы: Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасын ... -- "Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ..." -- 26 Қазан 2017
Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен ... -- "Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб ..." -- 26 Қазан 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Бірыңғай ..." -- 24 Қазан 2017

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Талаптан ауылдық округі әкімі аппараты»   мемлекеттік мекемесі

  • Пошта индексі: 120708;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы, Балаби көшесі  №5;
  • Тел/факс: 8 (72432) 32-2-30;
  • Электрондық пошта:  E-mail:talaptan_balabu@mail.ru

 

Құрылымы:

Талаптан  ауылдық округі әкімі аппараты

Мемлекеттік қызметшінің

аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы,

үй және қызметтік телефоны

Санаты

 

Ауыл әкімі

Бала би  ауылы,  М.Кеншінбаев көшесі 

№  9  үй  тел:  32-2-97

жұмыс тел:    32-1-55

Ұялы тел 87026231720

E-R-1

 Утешова Айзада Алихановна

Шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман

Бала би ауылы, Бала би көшесі № 53                                    үй тел: 32-1-53

жұмыс тел: 32-1-55

сот: 8 775 150 36 80

Е-G-3

Райымбекұлы Қайрат

Инфра құрылымды дамыту жөніндегі бас маман

Жөлек ауылы, Қожабеков көшесі №51 үй

Тел: 22-1-85

8702 252 17 45

Е-G-3

Оспанов Нұрланбек Төлешұлы

Жер қатынастары жөніндегі жетекші маман

Бала би ауылы,

 Оразбаев көшесі №17 үй  87024599482

Е-G-4

Сүлейменова Ақшолпан

Әскери есепке алу және жастар ісі жөніндегі жетекші маман

Балаби ауылы, У.Әлиханов №50

8702-570 77 45

Е-G-4

Акшабакова                Гүлнұр                 Күлматқызы

Қаржы саласы жөніндегі (есепші) жетекші маман

Бала би ауылы

У.Әлиханов № 4

Е-G-4

Ереже

«Талаптан ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І 

І. Жалпы ережелер 

1.1. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылатын « Талаптан ауылдық округі әкімінің аппараты» (әрі қарай - аппарат) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзірет шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.

1.2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Аппарат заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.

Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Аппараттың егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

1.4. Әкім нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

1.5. Аппараттың құрылымы мен шекті штат санын аудан әкімдігі бекітеді.

1.6. Аппараттың толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Талаптан ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде – Государственное учреждение «Аппарат акима

Талаптанского аульного округа».

1.7. Аппараттың заңды мекен-жайы – Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округі, Бала би ауылы индекс: 120708.

1.8. Аппараттың құрылтайшысы Шиелі ауданы әкімдігі болып табылады. Аппаратты құру туралы акті мен осы Ереже аппараттың құрылтай құжаттары болып табылады.

1.9.Аппарат жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Аппараттың қызметі, негізгі міндеттері мен құқықтары

2.1. Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырады.

2.2. Аппараттың негізгі міндеттері мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2) әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

3) әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

4) әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

5) аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

6) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

7) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

8) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

9) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

10) заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

3. Аппараттың мүліктері 

3.1. Аппараттың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Аппараттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі қорлар мен құны аппараттың теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

3.2. Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

3.3. Аппараттың өзіне бекітілген мүлікті дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Аппаратқа мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдармен аппарат билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері белгіленеді.

4. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

4.1. Аппаратты мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асыратын ауылдық округтің әкімі басқарады.

4.2. Әкім аппараттың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз қызметін жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.

4.3. Ауылдық округтің әкімі осы мақсатта:

1) аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңдарға сәйкес аппараттың қызметкерлерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және тәртіптік жаза қолданады;

3) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

4) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

6) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

7) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылануына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

8) азаматтармен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

9) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

10) ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

11) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

12) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

13) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

14) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

15) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

16) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

17) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

18) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

19) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

20) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

21) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

22) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

23) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

24) ауылдық (селолық) округ әкімі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді;

25) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

26) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. 

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

5.1. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2. Таратылған мекеменің мүлкі заңнамалармен белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган арқылы бөлінеді.

Бюджетті орындау

2016 жылы  Талаптан  ауылдық окргуі әкімі аппаратына 86 739 000 теңге жергілікті  бюджет қаржысы бөлініп отыр. Оның ішінде:

2016 жылдың 6 айында осы бөлінген қаржының  86 732 123теңгесі игерілді

Жалпы мәлімет

Талаптан ауылдық округі әкімшілігі 1976 жылы құрылған, құрамында  Балаби ауылы, 19 темір жол бекеті кіреді. Қазақстанның 30 жылдығы совхозы 1995 жылы облыстық   онамастикалық комисияның шешімімен Балаби ауылы болып өзгертілген. 
Қазақстанның 30 жылдығы совхозы 1950 жылы Ащы құдық, Талаптан колхоздары бірігу негізінде құрылған.

Ащы құдық, Талаптан колхоздары 1928 жылы құрылған.

Талаптан ауылдық округінде жер көлемі  232090 га, одан ауылшаруашылыққа жарамды жер 18260 га,

Бүгінде елді мекендегі  әлеуметтік нысандар 

1. «Талаптан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 7 мемлекеттік   қызметкер, 7 штаттан  тыс қызметкерлер.

2. Абай атындағы № 50 орта мектеп. Мектеп директоры Әлтай Халықбек.

139 мұғалім, 94 кіші қызметкер,  720  оқушы, 82 бала мектеп алды даярлық тобында тәрбиеленуде.

3. «Мұрагер»  бала бақшасы,  меңгерушісі Жұмабаева Гүлнар,  19 тәрбиеші, 1 есепші, 1 аяжан, 21 кіші қызметкер. Жалпы 110 бала тәрбиеленуде.

4. «Жадыра» бала бақшасы, меңгерушісі Сарвараева Майра. 4 тәрбиеші, 1 аяжан, 8 кіші қызметкер, 75 бала тәрбиеленуде.

5. Бала би ауылдық  мәдениет үйі, Мәдениет үйінің меңгерушісі Е.Досжанов, 6 қызметкер жұмыс жасауды.

6. Бала би ауылдық дәрігерлік амбулаториясы. Емхана меңгерушісі Г.Сейдильдаева. 1 дәрігер, 1 акушер, 8 аяжан, 2 кіші қызметкер елді мекендегі емделушілерге қызмет көрсетеді.

7. Қаз пошта байланыс бөлімшесі.

8. Әуез мектебі, 

9. №10 Бала би ауылдық жасөспірімдер және балалар спорт мектебі,  директоры  Айтуаров Ардақ. Жалпы  5 жаттықтырушы және 8 кіші қызметкерлер жұмыс жасайды.  Спорт мектебінде 144 жасөспірім спорттың  әр түрінен жаттығуда, оның ішінде самбодан 30 жасөспірім, қазақ күресінен 42 жасөспірім,  таэквондодан 72 жасөспірім жаттықтырылуда.

10. Ауылдық ветеринариялық  пункт, меңгерушісі Найманбаев Мұхан. 2 кіші қызметкер.

11. Ауылдық кітапхана, меңгерушісі Әбиев Таңат.

 Соымен қатар 500 нүктелі АТС ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде және  ауылдық Талаптан мешіт үйінде намазхандарға шариғат ілімінен уағыз айтылып жұма намазы оқылып тұрады.

 Ел ішінде  аптасына сенбі күні «тазалық күні» болып тұрады. Елді мекенде ұжым басшылары және ақсақалдарымызда бірігіп жұмыс жасауға ат салысады.

Видео ақпараттар

Scroll to top