АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Алмалы ауылдық округінің әкімі Болат Тұрматұлының ..." -- 18 Қаңтар 2018
АҚТОҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "  Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің ..." -- 18 Қаңтар 2018
ТАЛАПТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінің әкімі ..." -- 18 Қаңтар 2018
Хабарландыру!!!! -- "" -- 17 Қаңтар 2018
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ -- "Ақмая ауылдық округі: Елбасымыздың биылғы ..." -- 15 Қаңтар 2018
Көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба ... -- "Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан ..." -- 15 Қаңтар 2018
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж ... -- "Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары ..." -- 10 Қаңтар 2018
Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді -- "Кеше Шиелі ауданында Қызылорда облысы әкімінің ..." -- 10 Қаңтар 2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің ... -- "«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра ..." -- 08 Қаңтар 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Төңкеріс ауылдық округі әкімінің  аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Пошта индексі: 120714;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Ш. Қодаманов ауылы;
  • Тел/факс: 8 (72432) 33-1-87;
  • Электрондық пошта:  E-mail: атunkeris@mail.ru

Төңкеріс ауылдық округінің әкімі

Әшірбеков Мұрат Шайтмағанбетұлы 1973 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1990-1995 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың «Еңбек ҚызылТу» орденді ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Шиелі ауданы, Төңкеріс колхозында колхозшы болып бастаған.

1996-2000 жыл аралығында осы ауылда колхозда есепші қызметін атқарған. 

2000-2003 жылдары кіші агроном қызметін атқарды.

2003-2007 жылдар аралығында  Төңкеріс ауылында «Қаптағай-К» ЖШС өндіріс бригадирі қызметін атқарған. 

2007-2010 жылдың шілде айына дейін Шиелі кентінде «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Шиелі аудандық филиалының фитопатологы қызметін атқарды.

2010 жылдың тамыз айынан Төңкеріс ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

Негізгі міндеттері:                       

1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің,  аудан     әкімінің   өкілі ретінде тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

2) Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындалуын қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынға дәстүрлі Жолдауынан туындайтын мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді;

4) Сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын-алу;

5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

6) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
7) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

8) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

9) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;
10) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
11) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
12) ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

13) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

14) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

15) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық  iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
16) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
17) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

18) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

19) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
20) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

21) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

22) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
23) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
24) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

25) мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

26) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

27) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

28) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
29) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

30) өз құзіреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

31) мекеме қыметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

32) Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерін конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды және заңдылықтарға сәйкес қызметтен босатады;

33) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктер жүзеге асыруы мүмкін;  

34) ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихаттың алдында жауап бередi. 

Құрлымы

Мемлекеттік қызметшінің аты –жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

Санаты

Әшірбеков Мұрат Шайтмағанбетұлы

Ауыл әкімі

қызм:33-1-87

ұялы тел: 87757981209

Саяси

Мұсаев Кенжебай Қарынбайұлы

Әскери есепке алу және жастар ісі  жөніндегі бас маман

қызм.33-1-87

ұялы тел: 87024874732

E-G-3

Садықов Оразбай Тастанбекұлы

Шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі жетекші маман

қызм:33-1-87

ұялы тел: 87752732793

E-G-4

Орынбаева Светлана Амангелдіқызы

Жетекші маман

  заң қызметкері

қызм.33-1-87

ұялы тел: 87751368312

E-G-4

Қалдыбек Есенбек Абдухаиымұлы

Жетекші маман жер қатынастары   

қызм.33-1-87

ұялы тел: 87022734542

E-G-4

Кенжебаева Элмира

Амантайқызы

Қаржы саласы (есепші) жөніндегі жетекші маман

     

Қызм:33-1-87

Ұялы тел:8-775-119-58-72

E-G-4

Ағман Гүлзира Мырзаханқызы

Салық жинауды есепке алу жөніндегі жетекші маман

Қызм: 33-1-87

Ұялы тел:8-701-859-19-18

E-G-4

Ереже

"Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты" ережесі

  1. Жалпы ережелер
  2. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің  аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

1) «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ш.Қодаманов ауылдық клуб үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

2)  «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мекемесінің «Ақбота бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 

  1. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Төңкеріс ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120714, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылдық округі, Шеген Қодаманов ауылы, Орталық көшесі, №4.  

  1. Мемлекеттік органның толық атауы- «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы Ереже «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  4. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлерімен «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы  өзара қарым- қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.

 

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1.  15. «Төңкеріс  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізу.
  2. 16. Негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;

3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.

17.1.«Төңкеріс  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1.1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

 1.2)   өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

 1.3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

 1.4)   жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

1.5) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

1.6)  елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

1.7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

1.8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

1.9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

1.10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

1.11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

 1.12) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

1.13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

17.2. «Ш.Қодаманов» ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнының функциялары:

2.1) Халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақта, насихаттау, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;

2.2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;

2.3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

2.4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеу, қорыту, таныту, енгізу мен тарату;

2.5) аудандық, облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, фестивалдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

2.6) этномәдени бірлестіктерді қолдау;

2.7) мәдени-демалыс қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, әртүрлі мәдени акцияларды, бастамашылықтарды қолдау.

16.3. «Ақбота» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының функциялары:

3.1) Білім беру саласында өндірістік- шаруашылық қызметті жүзеге асырады.Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру қызметін көрсетеді.  Кәсіпорын қызметінің мақсаты  бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, бағуды, күтуді және сауықтыруды қамтамасыз ету болып табылады.

3.2) білім беру процесін ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, бейімділігіне, қабілетіне, ынталары мен қажеттілігіне сәйкестігін және білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

3.3) кәсіпорын мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тілін және бір шет тілін оқып үйренуді қамтамасыз етеді.         

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

6) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

7) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

          18.«Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Төңкеріс  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  бірінші басшы жүзеге асырады.

  1. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  2. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары жоқ.
  3. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы

Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі  ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

11) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

13-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

13-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

13-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

13-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

13-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

13-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк   көмек көрсетуді үйлестiредi;

13-7) халықтың    әлеуметтiк  жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

13-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

13-9) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

14) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

15) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

15-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

16) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

17) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

18) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

19) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді

20) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

21) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

22) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

23) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

24) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Төңкеріс ауылдық округінің әкімі басқарады.
  2. Мемлекеттік органның мүлкі
  1. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкіоған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық / коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

Төңкеріс ауылдық округінің тарихы

            Төңкеріс ауылы - Қызылорда  облысының  Сырдария өзенімен Қаратау жотасы  аралығында орналасқан  Шиелі  ауданының   шығысындағы  8 км жерде орналасқан,  бұрыңғы Төңкеріс колхозы,  кәзір 1997 жылы аудандық ономастикалық комиссия мәжілісі  қаулысы негізінде аудан әкімінің № 577 шешімімен  Төңкеріс ауылы Қодаманов Шегеннің   аты беріліп,  Ш.Қодаманов ауылы болып аталды.

            Төңкеріс колхозы  1929 жылы 17 шаңырақтан құралған. Осы ауылда  туып өскен  Қорғанбаев  Нұртайдың ұсынысымен колхоз - «Төңкеріс» болып  аталды. Колхоз жоғарыда айтып кеткендей 17 жанұядан  тұрды. Осы колхоз мүшелері   шамаларының келгенінше мүшелік жарналар төлеп,  үйді –үйден жинап,барлығы  12 ат, 35 өгіз, 200 кг бидай, 100 кг тары жиналып, алғаш рет тауық фермасы  құрылды. 1929 жылдың сәуір  айына дейін қолдан ағаш, темір соқалар дайындалып атты, өгізді  пайдалана отырып 32 гектар жерге күріш, 17 гектар жерге бидай егуге  қол жеткізілді.

       1969 жылы 1000 гектар күріш егіліп, әр гектардан колхоз бойынша 
42 центнерден өнім жинап, облыста бірінші болып   40 000 центнер астықты  мемлекет   қоймасына өткізіп, облыстық ауыспалы Қызыл Туды  жеңіп алып,  Төңкеріс колхозының  аты  Қазақстанның   Алтын кітабына жазылды. Сол сияқты бұл ауылдан  еңбекпен аты шыққан  Ленин орденді  Қалмағанбетов Әлтай, қос Ленин орденді, аты Қазақстанның  Алтын кітабына жазылған   Дүйсеков Ертіш,  қоғам   қайраткері  Қодаманов Шеген, халық қалаулысы болған   Тұрсынова  Қалияш Динқызыдары шыққан ауыл.

          1978 жылы Керделі ауылдық советінен  Төңкеріс ауылдық советі болып бөлініп шыққан.  Ауылдық округте   кәзіргі таңда 510 отбасында 3125 халық тұралы. Халқының ұлттық құрамы біріңғай қазақтар. Жер көлемі барлығы -11252 га. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жері -10228 га. 1 заңды тұлға,19 шаруа қожалықтары ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысады.

        Елді мекенде 620 орындық № 158 қазақ орта мектебі, 90 орындық «Ақ бота» бала бақшасы, аудандық әуез  мектебінің филиалы, «Ш.Қодаманов» ЖДЕ–сы, клуб үйі, кітапхана, пошта  - байланыс торабы,  байланыс бөлімі, дәріхана, «Жанат», «Ынтымақ», «Шұғыла»  т.б  дүкендер халыққа қызмет көрсетеді.

       Сол сияқты «Найман-Арық» СТК–сы, «Сыр-Арна» СПК-сы,
2 заңды тұлға, 26 шаруа қожалықтары тіркелген. «Парманқұл халфе» атындағы мешіт, «Бәйтерек» жастар  қоғамы жұмыс істейді.

Видео ақпараттар

Scroll to top