ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ -- "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ Қызылорда ..." -- 06 Желтоқсан 2019
АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ... -- "«Арман» мәдениет үйінде аудан әкімі Ә. ..." -- 05 Желтоқсан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 10 айы ішінде атқарылған ..." -- 05 Желтоқсан 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ШИЕ АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА -- "1 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Республикасының Тұңғыш ..." -- 03 Желтоқсан 2019
АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ -- "2019 жылғы 28 қараша күні аудан прокуроры ..." -- 03 Желтоқсан 2019
1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ -- "1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ ..." -- 30 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2019 жылғы 29 қараша «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні – ..." -- 29 Қараша 2019
Құрметті Шиелі ауданының тұрғындары! -- "Сіздерді 2019 жылғы 30 қараша күні ..." -- 28 Қараша 2019
Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі ... -- "Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және ..." -- 27 Қараша 2019
Ақпараттық хабарлама! -- "Ақпараттық хабарлама! Қызылорда облысы, Шиелі ..." -- 26 Қараша 2019

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және  сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және  сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

Рахманбердіұлы Қанат 1978 жылы 25 шілдеде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауылында туылған. Ұлты қазақ. 1995 жылы Еңбекші ауылында №159 М.Мәметова атындағы қазақ орта мектепті бітіріп, 1995 жылы Тараз Мемлекеттік Университетіне түсіп, 1999 жылы Тараз Мемлекеттік Университетін экономист мамандығын толық бітіріп шыққан. 1999-2000 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласының №5516-СМЧП әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.

Еңбек жолын 2001-2005 жылдары Шиелі аудандық мәслихат аппаратының маманы болып бастаған.

2005-2015 жылдары Шиелі аудандық мәслихат аппаратының бас маманы.

2015-2016 жылдары Шиелі аудандық мәслихат аппаратының бас инспекторы.

2016 жылдың 26 ақпанынан 2019 жылдың 18 шілде аралығында Шиелі аудандық мәслихат аппаратының персоналды басқару қызметі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келді.

2019 жылдың 18 маусымдағы аудан әкімдігінің №734 өкімімен Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі басшысы қызметін атқарып келеді.

Негізгі міндеттер:

1) Мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсау.

3) Заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Ереже

 

 

                                                                                                                                                   Құрылымы

 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Рахманбердіұлы Қанат

Басшы

4-10-40

2

Абусадиров Нурболат Абаевич

Сектор меңгеруші

4-14-07

3

Исмаилов Мұхамедияр Асылбекұлы

Бас маман

4-14-07

 

                                                                                                                                                  Халықпен жұмыс

 

 «Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі:

АТЫ-ЖӨНІ

 

ҚЫЗМЕТІ

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

Рахманбердіұлы Қанат

Бөлім басшысы

СӘРСЕНБІ

сағат 16.00-18.00

8(72432) 4-10-40

8(72432) 4-15-65

 

«Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және  сатып алу бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

 Ережесі

  1. Жалпы ережелер

  2. «Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім ) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы функцияларды, сондай-ақ, аудан  әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. Бөлімнің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады. Бөлімнің бағынысында мемлекеттік мекемелер жоқ. Бөлімге қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі  «Шиелі аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
              4. Бөлім коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
             5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
             6. Бөлім  егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5.   Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7.   Бөлімнің  орналасқан жері: Индексі 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі, №11.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.    
  9. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
           12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  10.   Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

          Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
    құқықтары мен міндеттері
        
  1. Бөлімнің миссиясы: мемлекеттік сатып алуларды, сондай-ақ, аудан әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
  2. Негізгі міндеттері:

         1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
         2) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсау.

3) заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Функциялары:

         1) тапсырыс беруші бекіткен немесе нақтылаған мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алулардың алдын ала жоспары) негізінде конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс), аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;

         2) аудан әкімдігі айқындаған бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;     

3) әрбір конкурсқа немесе аукционға жеке конкурстық немесе аукциондық комиссияны бекіту және конкурстық немесе аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;

 4) қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекіту;

  5) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін, сондай-ақ, конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, конкурс немесе аукцион жүргізудің шарттары мен тәртібін анықтау үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы қалыптастыру және оны тапсырыс берушімен келісу;

6) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушіге бекіту үшін ұсыну.

 Мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту;
         7) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауды ұйымдастыру;

8) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ, конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын мемлекеттік сатып алулар веб-порталында орналастыру;
         9) заңнамамен бекітілген тәртіпте бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрiн, бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi лоттарға бөлу арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыру; 

10) әлеуетті өнім берушінің банктік кепілдік түрінде қағаз тасығышта енгізген конкурсқа немесе аукционға қатысуды қамтамасыз етуін қабылдап алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына есепке алу;
         11) заңнамамен көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруды жүзеге асыру;

12) заңнамамен көзделген жағдайларда конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын тиісті бюджет кірісіне жатқызылуы бойынша шаралар қолдану;

13) заңнамамен көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазына мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жіберу; 

14) заңнамамен көзделген жағдайларда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру.
          17. Құқықтарымен мiндеттерi:

 1) Бөлім өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:    

  мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

 өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

бөлім жұмысының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды аудан әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізуге;

мемлекеттік органдарда, сотта бөлімнің  мүддесін білдіруге;
         өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасасуға;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2) Бөлім:

жеке және заңды тұлғалардың бөлімге жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
         жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
         заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

  қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге; 
         «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттілігі шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де шараларды қабылдау;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
  1. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Бөлімнің  басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

3) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары бойынша оның құзыретіне жатқызылған бөлімнің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

          4) бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
         5)  заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуді жүзеге асырады және қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
         6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттамасына қол қояды;

7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенім хатсыз бөлімді  білдіреді;
         8) шарттар жасайды;

         9) сенімхаттар береді; 

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

        11) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
          12) аудан әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындайды;
         13) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

          14) қызмет этикасы нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

          15) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

          16) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

          17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды

  1. Бөлімнің жұмыс режимі:

          1) Бөлім  дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс   істейді;
         2) Бөлімнің  жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден

19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс;
       3) Бөлім сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

  1. Бөлім мен аудан әкімдігі арасындағы, бөлімнің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі. 
  1. Бөлімнің мүлкі      
  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

  Бөлімнің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімнің  өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  3. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату     
  1. Бөлімді  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

         Бөлім таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.  

Мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша анықтама

Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің                           

2019 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде анықтама

 

  Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына тіркелген Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілердің жалпы саны 94, оның 39-ы мемлекеттік мекемелер болса, 55-і коммуналдық кәсіпорындар.

        

         Аудан бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алуға жоспарланған қаржы 6 326 934 808 теңгені құрап отыр.  (1-кесте)

         Конкурс тәсілі -248 лот - 3 130 592 812,72 теңге. (2, 2.1-кесте) (49,5 %)

         Аукцион тәсілі - 1 лот - 104 413 516,21  теңге.  (3-кесте) (1,7 %)

         Баға сұранысы тәсілі - 160 лот  -  188 105 377,59 теңге.  (4-кесте) (3 %)

         Әлеуметтік тапсырыс - 17 лот  - 59 389 570,00  теңге.  (5-кесте) (0,9 %)

         Тауар биржасы тәсілі - 25 лот - 35 668 016,21 теңге (6-кесте) (0,6 %)   

         Тікелей бір көзден - 2 169 518 498,11 теңге. (44,4 %)

       

         Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген конкурстар саны - 81. (209 лот),
сомасы- 577370981 теңге
.

         Мекемелер  бойынша:

         Шиелі аудандық білім бөлімі - 11 (138 лот),  Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі - 28 (28 лот), аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі - 20 (20 лот), Жер қатынастары бөлімі - 3 (3 лот), Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі - 1 (1 лот), Дене шынықтыру және спорт бөлімі - 2  (2 лот),  Шиелі кенті әкімі аппараты - 3 (4 лот), Ауылдық округ әкімдері аппараттары бойынша - 13 (13 лот).

Бүгінгі күнге 64 сатып алу конкурсының қортындысымен шарт жасалған,    1- шағым түсіп қаралуда, 14 - өтінім қабылдау сатысында.  2 - сатып алудан бас тартылған. Жыл басынан бері үнемделгені - 91 138 140,15 тг. (16,4 %)

 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top