БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ !!! -- "Шиелі ауданы тұрғындарына! 2019 жылғы 11 ..." -- 10 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау ..." -- 10 Қазан 2019
«ӘКЕ - ЕР, АНА – ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» -- "ӘКЕ - ЕР, АНА - ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "2019 жылдың 18 қыркүйек күні Шиелі ауданы ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  ҮІ  шақырылған аудандық ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 21 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 20 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері ..." -- 20 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "Тақырып: «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің ..." -- 17 Қыркүйек 2019

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

  • Мекен жайы;
  • Инд: 120700; Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
  • М.Шоқай көшесі, №53.
  • Тел./факс: 8-724-32-4-22-56;
  • E-mail: Shielisobes@mail.ru

 

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің бастшысы 

 

     agibai

Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы 1981 жылы 28 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі кентінде туылған. Ұлтты қазақ. 1998 жылы Шиелі кентіндегі №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектепті бітіріп, 1998 жылы

 Қызылорда “Сейхұн” институтына түсіп, 2002 жылы Қызылорда “Сейхұн” Академиясын экономист-финансист мамандығын толық бітіріп шыққан. 2002-2003 жылдары Астана қаласының №5570 әскери бөлімінде әскери борышын борышын өтеген. 2005- 2007 жылдары Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005-2006 жылдары Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде нұсқаушы болып бастаған.

2006-2007 жылдары Шиелі аудандық қаржы бөлімінде жетекші маман.

2007-2013 жылдары осы бөлімде бас маман – бас есепші.

2013 жылдың 2 тамызынан аудан әкімінің №247-Ө өкімімен Шиелі аудандық қаржы бөлімінің басшысының қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнге дейін қызмет жасап келеді.

Отбасылы.

Бөлім басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін күнделікті дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат: 09:00-ден 13:00, 15:00- ден 19:00 аралығында қабылдайды.

Құрылымы  

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы

Бөлім басшысы

4-44-36

2

Абенов Жандос Кажмуханович

Бөлім басшысының міндетін атқарушы

4-43-43

Қаржы-шаруашылық секторы

3

Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы

Сектор меңгеруші

4-27-81

Құқық және құжаттамалық бақылау секторы

4

Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы

Сектор меңгеруші

4-45-04

5

Бейбіт Ақбота Бейбітқызы

Бас маман

4-26-59

6

Кожаева Айымжан Темирхановна

Бас маман

4-45-01

Халықты жұмыспен қамту секторы

7

Жүсіп Зауре Бегайдарқызы

Сектор меңгеруші

4-40-58

8

Әбжапбар Мейрамбек Балтабекұлы

Бас маман

4-40-58

Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жасау секторы

9

Сейтжапбарова Айнаш Кембілбайқызы

Сектор меңгеруші

4-28-02

10

Жаксылыкова Назерке Әзимбаевна

Бас маман

4-28-02

11

Абилова Айнұр Рахметтуллақызы

Бас маман

4-28-02

Әлеуметтік төлемдер секторы

12

 

Сектор меңгеруші

4-43-13

13

Шалбай Әлима Абдіқадырқызы

Бас маман

4-43-13

14

Арыстанова Ажаркүл Шамшиддинқызы

Бас маман

4-43-13

Халықпен жұмыс

  1. Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қараудың тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде бөлімде жеке тұлғалар тарапынан 2018 жылдың 01 қазанына 33 жазбаша және 5 ауызша арыз-шағым тіркелген.
  2. Азаматтарды қабылдау  және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:

- қабылдау бөлімінің тел: 4-22-56;

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және  азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

 Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы

Бөлім басшысы

Қабылдау күні, қабылдау уақыты

дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат: 09:00-ден 13:00, 15:00- ден 19:00 аралығында қабылдайды.

Абенов Жандос Кажмуһанович

Бөлім басшысының орынбасары

Қабылдау күні, қабылдау уақыты

сәрсенбі 10:00- ден 12:00-ге дейін,

жұма  16:00-ден 18:00-ге дейін.

 

Ереже

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

  1. Жалпы ережелер
  1. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) өз құзіреті шегінде әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратынҚазақстан Республикасының мемлекеттік органы болыптабылады.
  2. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:

1) «Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
  4. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  6. «Шиелі аудандықжұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  7. Заңды тұлғаның тұрған жерi: индексі 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, М.Шоқай көшесі, №53.
  8. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс);

3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасында белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

  1. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы ереже «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
  4. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  5. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.
  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы саясатты iске асыру.
  2. Міндеттері:

1)  әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

            2) аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірігіп аудандық бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыру;

            3) жұмыссыздық деңгейін түсіру және кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

            4) берілген құзырет шеңберінде жұмыспен қамту заңнамасының сақталуына бақылау жасау;

            5) уәкілетті орган және жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыру;

            6) халықты жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру;

            7) мүгедектерді және ардагерлерді оңалту;

            8) халықты атаулы әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, аудандық бағдарламаларға сәйкес аз қамтылған азаматтарды, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын қорғау және қолдау үшін бюджеттен тыс қаржыларды тарту;

            8) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, халықты әлеуметтік қорғау  және жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

           9) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

     1) заңнамалық және нормативтік құжаттарды іске асыру, еңбек жағдайларын нормалау, еңбек ақы төлеу бойынша белгіленген мемлекеттік нормативтерді пайдалану тәртібін түсіндіру;

    2) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласы бойынша әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстарды жүзеге асыру, әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету және үйлестіру;

    3) мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ақы төлеу жүйесі бойынша шараларды жүзеге асыру;

    4) өмір сүру деңгейін талдау және болжамдау негізінде халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетудің бағдарламасын жасау, сондай-ақ аудандық бағдарламалар жасауға әдістемелік ұсыныстарды даярлау;

    5)жалғызбасты азаматтарды және мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы интернат үйлеріне орналастыру шараларын қабылдау, жалғыз басты азаматтарға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жолдамалар беру;

    6) мемлекеттік және қайырымдылық негізінде қолдауға мұқтаж адамдарды, әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін жасауға, күрделі өмір тәлкегіне кезіккендерге психологиялық, медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандандырылған мекемелер мен қызметтер кешендерінің өркендеуіне ықпал жасау;

    7) халықты жұмыспен қамтудың бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру;

    8) еңбек рыногындағы жағдайды, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынымын болжамдау;

            9) жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған азаматтарды даярлау және қайта даярлаудың жүйесін қалыптастыру;

            10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын  тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыруды және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

            11) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау;

            12) үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедек балаларды материалдық  қамтамасыз ету;

            13) халықтың әлеуметтік аз қорғалған санаттары, оның ішінде мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал жасау;

            14) жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу және жаңа жұмыс орындарын іздестіруде компьютерлендірілген бағдарламаларды енгізу;

            15) аудан еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға ықпал жасау;

            16) аудан құрлысы саласындағы  мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, инфрақұрылым объектілерінің мүгедектер мен қарттарға қолайлы болуына ықпал жасау;

            17) мүгедектерді оңалтуға қажетті өндірістік және тұрмыстық арнаулы қозғалыс құралдарының, техникалық жабдықтарының қажеттілігін анықтау, олармен қамтамасыз етуге сұраныс жасау;

            18) халыққа протезді-ортопедиялық  көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету және техникалық көмекті қажет ететін адамдарға уақытылы анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

    19) өз құзыры аясында бөлім және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру;

    20) халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік, қоғамдық, діни және қайырымдылық ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, шетелдік фирмалар мен біріккен кәсіпорындардың бірлесіп әрекет жасауын қамтамасыз ету;

            21) бөлімдегі кадрларды қайта даярлауға және біліктігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру;

            22) өз құзырындағы мәселелер бойынша бөлімге азаматтардан түскен арыздар мен шағымдарды, ұсыныстарды белгіленген тәртіпте қарау;

            23) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы тиісті шешімдер қабылдау;

24) жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

25) орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

26) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

27) өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

28) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда не әлеуметтік мәні бар аурулары болған жағдайда, орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуін ұйымдастыру;

29) туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту жөніндегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

30) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу;

31) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы және қайтадан куәліктер беру;

32) азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру және жою;

33) Қазақстан Респуликасының заңнамаларында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

34)ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары:

1) егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға;

            2) Бөлім құзыры аясындағы мәселелер бойынша меншік түрінде, шаруашылық жүргізу жағдайына қарамастан өндіріс орындарынан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті мәліметтерді, есептерді сұратуға және алуға;

    3) ұйымдарда қоғамдық жұмыстар дайындау мен өткізу, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықты дайындау мен  қайта дайындау азаматтық хал актілерін тіркеу жөнінде ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізуге;

    4) халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламалар, қоғамдық акциялар өткізуді ұйымдастыруға;

    5) белгіленген тәртіп бойынша жұмыспен қамту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;

    6) өзіндік ақпарат-анықтама бюллетендер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығаруға және жарнама тақталар жасақтауға;

7) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға (мекемелерге) және ұйымдарға сұраулар жолдауға;

8) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге, қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19.«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  2. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  3. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім) басшысының өкілеттілігі:

1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;

  1. орынбасарының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

3) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;

7) секторлардың ережелерін бекітеді;

8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімнің мүддесін білдіреді;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсыбағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

10) гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

24.«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.

  1. Мемлекеттік органның мүлкi
  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Таратылған жағдайда Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүлкін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Статистикалық ақпарат

Статистикалық деректер және көрсеткіштер

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге республикалық бюджеттен 999 686,0 млн теңге, жергілікті бюджеттен 191,8 млн. теңге, барлығы 1 191 540,0 млн. теңге қаражат қаралды.

2019 жылдың 1 шілдесіне 2920 отбасына 14448 мүшесіне 671775,1 мың теңге тағайындалып, 2812 отбасына 13161 мүшесіне 707861,2 мың теңге төленді.

2018 жылдан өткен шартты ақшалай көмекке 212 отбасы 1166 мүшесіне тағайындалған 24510,5 мың теңге, төленді.

Оның ішінде: шартты ақшалай көмекке 2680 отбасы 13468 мүшесіне 621137,3 мың теңге тағайындалып, 2585 отбасы 12254 мүшесіне 658185,0 мың теңге төленді. Шартсыз ақшалай көмекке 240 отбасы 980 мүшесіне 50637,7 мың теңге тағайындалып, 227 отбасы 907 мүшесіне 49676,2 мың теңге төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санының басым бөлігін 18 жасқа дейінгі балалар – (9290 бала) 64,3 пайызды, барлық топтағы мүгедектер – (86 мүгедек) 0,6 пайызды, студенттер – (723 студент) 5 пайызды, І, ІІ топтағы мүгедектерге қараушылар – (66 қараушы) 0,5 пайызды, еңбекке қабілеттілер – (4154 адам) 28,8 пайызды және зейнеткерлер – (129 адам) 0,9 пайызды құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі 298 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, яғни 145 (48,7%) азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, 137 (46%) азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 6 (2%) азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 6 (2%) азамат жастар тәжірибесіне және  4 (1,3%) азамат қайта даярлау, біліктілігін арттыруға  жіберілді.

Тұрғын үй көмегі. Аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 19412,0 мың теңге қаражат қаралды. 2019 жылдың 1 шілдесіне 47 отбасының 240 мүшесіне 699,6 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.

 Тұрғын үй

Мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қолдау. Шиелі ауданында 2019 жылдың 01 шілдесіне тіркелген  мүгедектер 2321 болса,  оның  ішінде I топтағы - 168,  ІІ топтағы - 755,   III топтағы - 931,  16 жасқа дейінгі мүгедек балалар– 467.

Аудан бойынша 2019 жылдың 01 шілдесіне 461 жеке оңалту бағдарламасы  даярланып, оның 300 оңалту бағдарламасы немесе 65 пайызы және 2018 жылдың жеке оңалту бағдарламасы бойынша 829 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.

Гигиеналық құралдарды сатып алуға республикалық бюджеттен 368  мүгедекке  23826,0 мың  теңге қаржы  қаралып,  12934,6 мың теңгесі игерілді. Қосымша  құралдарға  252 мүгедекке  12283,1 мың теңге қаралып, 7146,6 мың теңгесі игерілді.  Жергілікті бюджеттен  368 мүгедекке 28808,0 мың теңге қаржы қаралып, 18309,5 мың теңге қаржы игерілді.

Аудандық  жұмыспен  қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы  мүгедектерге оңалтудың  жеке бағдарламасы бойынша 10 мүгедекке бөлмелік кресло–арба, 15 мүгедекке серуендік кресло–арба, 7 мүгедекке жетек арба, 7 мүгедекке балдаққа, 61 мүгедекке таяқ берілді. Бүгінгі  күнге барлық қызмет түрлері бойынша  құжаттар қабылданып, е-собес жүйесіне енгізілуде. 

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 138 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 133 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Облыс орталығындағы мүгедектерге арналған оңалту орталығына 31 мүгедек жіберілді.

«Думан-Шиелі» күндізгі болу орталығына 155 ардагерге және 32 мүмкіндігі шектеулі балаларға жолдама берілді.   

Алақай-Нұр мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінде 8 мүгедек бала тәрбиеленуде.        

Облыстық бюджеттен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен  «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Озық еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған 14 тыл ардагерлеріне сауықтыруға біржолғы материалдық  көмекке  808,0  теңге қаралып, 11 ардагерге 606,0 мың теңгесі игерілді. 1941-1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген 545 тыл ардагерлеріне  41284,0 мың теңге қаралып, толық игерілді. 39 Ауған соғысының  қатысушылары мен  мүгедектеріне 3939,0 мың теңге қаралып, толық игерілді.

         Жергілікті бюджеттен  1 соғыс ардагеріне 101,0 мың теңге мен «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Озық еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған 10 тыл ардагерлеріне 758,0 мың теңге қаралып, төлем жүргізілді. 33 Чернобыль АЭС апатының қатысушыларына 2499,8 мың теңге, Совет армиясының 14 мүгедектеріне жергілікті бюджеттен 1061,0 мың теңге, 39 Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2954,2 мың теңге қаралып, игерілді. Семей сынақ полигонының 33 тікелей  қатысушыларына 2500,0 мың теңге қаралып, тамыз айында төлем жүргізіледі. Саяси қуғын – сүргін  құрбандарына 92 адамға 697,0 мың теңге қаралып, игерілді.

 Отан, Даңқ ордендерімен марапатталған,  Халық  қаһарманы және ҚР-ның т.б құрметті  атағына ие болған  5 азаматқа 296,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 2 ардагерге 57,5 мың теңге төленді.

 Облыстық бюджеттен сүйемелдеу сатысындағы туберкулезбен ауыратын 102 адамға 30906,0 мың теңге қаралып, 123 адамға 12382,0 мың теңге қаржы игерілді. Сонымен  қатар  лейкозбен  ауыратын  3 балаларға емделуге 691,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 3 балаға 344,6 мың теңге төлем жүргізілді.

Үйден оқытылатын мүгедек балаларға биылға 123 балаға 8698,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 119 балаға  4368,3 мың теңге қаржы тағайындалып, төленді.

  Консультациялық кеңесші орган бойынша.

Аудан әкімдігінің 2019 жылға арналған «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 5 жұмыс орны, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін  2 жұмыс орны, барлығы 7 жұмыс орны белгіленді.

 Қаулының қосымшадағы тізімінде белгіленген мекемелерге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар тізіміндегі 2 азамат және пробация қызметі есебіндегі 2 азамат барлығы 4 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысымен қаулы 60 пайызға орындалып отыр. Жыл басынан жұмыссыз ретінде Пробация қызметі бөлімінің есебіндегі сотталғандардан 17-сі, бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген                        7 азамат барлығы 24 азамат тіркеліп, 20-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылып отыр. Олар:10 азамат (оның 4-еуі аудан әкімінің белгіленген квотасымен) тұрақты жұмыспен қамтылып, 1 азамат «Бастау Бизнес» жобасы аясында бастапқы кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курсында,  9 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған (оның 3-еуі атаулы әлеуметтік көмек алуда,             3 азамат ақылы қоғамдық жұмыс мерзімі аяқталысымен тұрақты жұмыспен қамтылған). 

2019 жылға бекітілген Консультациялық Кеңесші орган  жұмыс жоспарына сәйкес,  Консультациялық Кеңесші органның 2 рет отырысы өткізілді.  сондай-ақ,  Пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтендіру мақсатында оларға әлеуметтік-құқықтық  өзге де  көмектерді ұсыну үшін, өз құзыретінде қызмет көрсетуші мекемелер өкілдерінің қатысуымен 2 рет (26 наурызда 28 сотты болған, 21 маусым 11 сотты болғандардың қатысуымен) ашық есіккүні өткізіліп, әлеуметтік көмектер көрсету үшін өтініштері жинақталып, нәтижесінде 2 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуына, бастауыш мектеп сыныбындағы балаларына бір мезгіл ыстық тамақ берілуін қамтамасыз етіліп, есепте тұрған 5 азаматтың балалары жазғы демалыс лагерьлеріне, 2 азамат Гежуба Шиелі цемент зауытына тұрақты жұмысқа жолданды).

 «Е-Халық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне бүгінгі күні кент және 22 ауылдық округ әкімдіктері толығымен қосылған.

Ақпараттық жүйеде көрсетілген  27 734 отбасының 86 728 мүшесін енгізу қажет болатын. Алайда,  бүгінгі күні  23734 отбасының 85 580 мүшелері енгізіліп,  аудан бойынша жалпы көрсеткіш – 98,7 пайыз болып отыр.

Төмен жалақыны көтеру бойынша

Төмен деңгейде жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысын көтеру жұмыстары бойынша, 198 мекемелер мен кәсіпорындардан жинақталған мәліметтерге сәйкес 158 мекемеде (ММ-120, ЖС-38) барлығы 3522 жұмыскердің жалақысын (оның ішінде: 688 адам 42500 теңгеден төмен жалақы алып келгендер: ММ – 441, ЖС - 247) көтеру жөнінде мәліметтері алынса, сонымен қатар                          40 мекемелер мен кәсіпкерлік субьектілері бойынша жұмыскерлердің жалақысы 42500 теңгеден жоғары екендігі жөнінде мәлімет беріп отыр. Төмен жалақыны көтеру бойынша бөлім тарапынан мониторинг жүргізіліп, атқарылған жұмыстар жөнінде әр сәрсенбі сайын облыстық басқармаға тиісті есептіліктер жолдануда.

Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасына орай ең төменгі жалақы мөлшерін көтеруге байланысты Ұжымдық шарттарға тиісті өзгерістер енгізіліп, бүгінгі күнге аудан көлемінде 9075 жұмысшы-қызметкері бар 205 мекемеде Ұжымдық шарттар қайта жасалып, уәкілетті органда тіркелді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі бойынша

Аудан бойынша 2019 жылдың 1 шілдесіне Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу – 265, Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу – 80, Бала тууды тіркеу – 833, Әкелікті анықтауды тіркеу – 42, Бала асырап алуды тіркеу – 1, Қайтыс болуды тіркеу – 224, Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер – 645, және анықтамалар беру – 263, Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу – 5, Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру – 13, Азаматтық хал актілері жазбаларын жою – 1, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 35 азаматқа рәсімделді. Барлығы 2407 азаматқа АХАТ қызметі көрсетілді.

 

Мемлекеттік қызмет түрлері

2018 жыл           

2019 жыл    

орындалуы     (+,-)

1

Бала тууды тіркеу

717

833

116

2

Қайтыс болуды тіркеу

228

224

-4

3

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу

269

265

-4

4

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу

68

80

12

5

Әкелікті анықтауды тіркеу

40

42

2

6

Бала асырап алуды тіркеу

4

1

-3

7

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу

1

5

4

8

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру,

526

908

382

9

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

20

13

-7

10

Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

3

1

-2

11

Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

77

35

-42

 

Жиынтығы

1953

1198

-755


 

Бюджетті орындау

     

Бюджеттің атқарылуы

Қаржыландыру жоспары бойынша 2019 жылға 1680630,0 мың теңге қаралған, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 909791,5 мың теңге игерілген немесе қаржыландыру жоспары 54,1 пайызға орындалған, оның ішінде:

- әлеуметтік қамсыздандыруға қаралғаны жергілікті бюджеттен 609377,0 мың теңге, игерілгені 250751,7 мың теңге, немесе 41,1 пайыз;

- республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерге бөлінген 1071253,0 мың теңгеден 659039,8 мың теңге игерілді, немесе 61,5;

 

Scroll to top