Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады? -- "Наурыз айында ел тұрғындарын ұзақ демалыстар ..." -- 18 Ақпан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ..." -- 14 Ақпан 2019
"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір ... -- "Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Ақтау қалалық ..." -- 14 Ақпан 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 22 ақпан күні, сағат 11:00 мен 12:30 ..." -- 14 Ақпан 2019
Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі -- "11 ақпанда Қазақстанның басым облыстарының кей ..." -- 11 Ақпан 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары -- "2019 жылдың 1 қаңтарынанбастапелімізде ..." -- 08 Ақпан 2019
"Ешкімнің басына бермесін": Сағынтаев өрттен көз жұмған қыздардың ... -- "Бүгін, 5 ақпан күні Астана қаласында өтіп жатқан ..." -- 05 Ақпан 2019
Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады -- "Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан ..." -- 05 Ақпан 2019
Астана әкімі бес баланың өлімінен кейін шұғыл отырыс өткізді -- "Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Көктал-1 ..." -- 04 Ақпан 2019
Назарбаев браконьерлермен күресте қаза болған Ерлан Нұрғалиевты ... -- "Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ..." -- 04 Ақпан 2019

{tab Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат}

«Шиелі аудандық ветеринария  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Мекен жайы;
  • Инд: 120700; Қызылорда облысы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі, №11
  • Тел./факс: 8-724-35-5-41
  • E-mail: raiveterinar@mail.ru

«Шиелі аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы 

Әбен Жұпарбек Күзембайұлы – 1960 жылы 2 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы совхозда дүниеге келген.jupar

Білімі жоғары. 1984 жылы Семей қаласындағы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «ветеринария»мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы совхозында жұмысшы болып бастаған.(1979-1984 жылдары оқу орнында студент)

1984-1997 жылдары «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы совхозда №1, №2 ферма мал дәрігері,

1997-2000 жылдары Талаптан өндірістік кооперативінің бас мал дәрігері,

2000-2006 жылдары Шиелі аудандық аумақтық басқармасының жетекші маман-мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы,

2006-2013 жылдары Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маман-мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы,

2013-2015 жылдары Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы,

2015-2017ж Шиелі аудандық ветеринария бөлімі басшысының орынбасары.

2017 жылдың 6 қарашасынан бастап Шиелі аудандық ветеринария бөлімі басшысы болып қызмет атқаруда.

 Негізгі міндеттер:

1.Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағын басқа аумақтардан жұқпалы және экзоотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Адам денсаулығы мен жануарларға зиян келтіретін аңдарды жою, мал қорымдарын соғуды және көшедегі жабайы ит, мысықтарды жою жұмыстарын ұйымдастыру.

 2. Малдарды емдеу, алдын алу, санитарлық сою, жою шаруашыларына бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жаратылуын ұйымдастыру.

3. Қазақсатн Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулыларының, облыс, аудан әкімі шешімдерінің орындалуына басшылық жасайды.

4.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

4.1 Қазақстан Республикасы  Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы  Президентінің  2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкесті салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санатының нақты лауазымы бойынша функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін басқа да міндетті білім.

5.  Лауазымдық міндеттерді  жүзеге асыру  үшін  қажетті  өзара  жұмыс  қарым-қатынастар   (байланыстар)

 Бөлім бастығы жеке тұлғалады және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның бейсенбі, жұма күндері сағат 15:00-18:00-ге  дейін қабылдайды.

 Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Әбен Жұпарбек Күзембайұлы

Бөлім басшысы

35-5-41

2

 

Бөлім басшысының орынбасары

35-5-41

3

Байдаулетов Жумабай Назарбекович

Бас маман

35-5-60

4

Сугиралиев Мухтар Оркенович

Бас маман

35-5-60

5

Досжан Ролан Кеулімжайұлы

Бас маман

35-5-60

6

Баймагамбетов Ержан Мухамбеталиевич

Бас маман

35-5-60

7

Аманқұлова Ажар Нұрмағамбетқызы

Жетекші маман

35-5-60


{tab Ереже}


“Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 
      2. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.
      3 “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар.
      4. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 
      6. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      9. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі, №11.
      “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс). 
      11. Мемлекеттік органның толық атауы - “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 
      13. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 
      14. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады
      16. Міндеттері: 
      1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және олардың емделуін ұйымдастыру;
      3) ветеринарлық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою. 
      17. Функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; 
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру; 
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу; 
      9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      12) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      13) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      14) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      15) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      17) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      20) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      21) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу; 
      22) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу; 
      23) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру; 
      24) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      25) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      26) “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      27) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      28) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау; 
      29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Шиелі аудандық ветеринария бөлімінің “Шиелі аудандық ветеринариялық станциясы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының функциялары: 
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органы ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
      6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      7) ветеринариялық анықтама беруді;
      8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
      10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады. 
      18. Құқықтары мен міндеттері: 
      1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың лицензияларын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен тоқтату туралы ұсыныс шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;
      3) Заңмен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, басшылық жасайды, жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;
      2) “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді және бекітеді;
      3) “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді; 
      5) жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді; 
      6) “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді; 
      9) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді; 
      10) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      11) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.
      “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 
      24. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 
      26. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын “Шиелі аудандық қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. “Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

“Шиелі аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Шиелі аудандық ветеринария бөлімінің “Шиелі аудандық ветеринариялық стансасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

{tab Шиелі аудандық ветеринария бөлімінің атқарған жұмыстары туралы}

Ветеринария саласы бойынша 2018 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар

 

Аудан көлеменде «Эпизоотияға қарсы шаралар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен  102 млн  481 мың тенге қаржы бөлініп,  2018 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін  102 млн 481 мың  теңгесі, яғни  100%  игерілді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бекітілген тізім бойынша жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу іс-шаралары  7913350  басты құрап, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына 100% енгізілді.

Сарып (бруцеллез) ауруына қарсы қан үлгілері мен диогностикалық тексерудің жұмыстары  229 198 басқа орындалып, Барлығы 15 бас уақ мал, 7 бас МІҚ малы бруцеллез ауруына оң нәтиже берген, 15 уақ малдар мен 6 бас МІҚ малы ветеринариялық талаптарға сай сойылып, 1- еуі өлген. Сонымен қатар, Ақтоған ауылдық округінде орналасқан «Мұхит» шаруа қожалығына шектеу қойылып, 336 бас уақ малдан қан үлгілерін сарып (бруцеллез)  ауруына диогностикалықтексеру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 5 бас уақ малдан «оң» нәтиже анықталып, ветеринариялық-санитариялық жолмен союға тапсырылды. Қазіргі таңда шектеу іс-шаралары аяқталып, қортынды залалсыздандыру іс-шаралары жүргізілді.   88 000 бас-МІҚ малдары туберкуллезге  тексерілді.

Иесіз қаңғыбас ит, мысықтарды жоюға аудандық бюджеттен бөлінген 3 млн 174 мың тенге қаралған қаржыға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1 млн 280 мың теңгеге әлеуетті үміткер ДК «Уалихан» жеңімпаз болып анықталып, 23.02.2018 жылы №9 келісім шарт жасалынды. Қазіргі таңда 1млн 280  мың теңгесі, 100 %-ға игеріліп, қалған 1млн 894 мың теңге қаржыға қосымша келісім шарт жасалынып, 1 226 31 теңге қаржы игерілді. Жыл басынан осы күнге дейін  3001  бас егесіз қаңғыбас иттер мен 194 бас мысық ауланып, жойылды.Сонымен қатар, 5000 бас ит құтыру ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізілді.

Аудан көлемінде ашылған 15 мүйізді ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыратын пункт арқылы  3147 бас ірі қара малдары асылдандыру мақсатында қолдан ұрықтандырылды.

Ауданда эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал базарына, орталық базардағы ет сату повильондарына, мал өнімдерін сататын сауда нүктелеріне, және 2 жердегі тері қабылдау пункттеріне ветеринариялық бақылау жүргізілуде. Жыл басынан бері 941 бас мүйізді ірі қара, 40 бас жылқы, 340 бас уақ мал еттері, түйе-1 бас,  21 603 кг балық  сараптамадан өткізілген.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бойынша қазіргі таңда  16085 бас МІҚ, 38201 бас уақ мал, 3541 бас жылқы, 262 түйе малдары мен 270 шошқа бірдейленіп, компьютерлік базаға енгізілді.

Барлық елді мекендерде, шаруа қожалықтарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, апта сайын мал қозғалысына жергілікті полиция қызметкерлері мен ветеринария бөлімі қызметкерлері арнайы  жоспарға сәйкес рейдтік жұмыстары жасалуда, нәтижесінде, 142 заң бұзушылық анықталып, заң бұзушылықты жою туралы 142 нұсқама берілді. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіндегі өзгерістерге байлансты жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау мен оларға шара көру мәселесіне байланысты бөлім тарапынан әкімшілік істерді ҚС және АЕБ-ның 1-ВЕП-АП жүйесіне тіркеу үшін бөлімнің мамандарының атынан осы жүйеде жұмыс жасауға логин, парол рәсімделді. Нәтижесінде, 4 жеке тұлғаға ветеринария саласында әкімшілік құқық бұзғаны үшін 20 – АЕК- і есебімен 4 айыппұл салынып, барлық айыппұлдар қысқартылған мерзімде (96200 тг)  өндірілді.

2017 жылғы 7 қыркүйек күнгі Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен өткен «Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық отырысының» хаттамалық тапсырмасының 4 тармағының 2 тармақшасына сәйкес,  автомагистраль (Республикалық  маңызы бар «Самара - Шымкент» автожолының, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық маңызы бар транзиттік дәлізінің жол бойында) жанында орналасқан  кент және ауылдық округтер жеке меншіктегі ауылшаруашылық жануарларына жарық шағылыстыратын таспалы мойындық тағу қажеттілігі жөнінде тапсырмаға сәйкес, қазіргі таңда Шиелі кенті-27, Сұлутөбе а/о – 250 бас, Алмалы а/о – 40, Майлытоғай-40 бас, Тартоғай а/о – 40, Ақтоған а/о- 25, Бәйгеқұм а/о – 55 бас, Талаптан- 27 бас мүйізді ірі қара малына барлығы 504 мойындық жарық шағылдырғыш таққан.

Республикалық маңызы бар «Самара - Шымкент» автожолының, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық маңызы бар транзиттік дәлізінің жол бойындағы  ауылдық округтердің (Сұлутөбе а/о, Майлытоғай а/о, Тартоғай а/о, Бәйгеқұм а/о, Талаптан а/о, Ақтоған а/о, Телікөл а/о, Алмалы а/о, Керделі а/о, Төңкеріс а/о, Жуантөбе а/о, Шиелі кентінің)  тұрғындарына төрт – түлік малдарының бей-берекет жүрмеуін қатаң қадағаланып, ауылдық округтің  шекарасына қарасты жол жиектеріне қада мен сым қоршаулары орнатылуда, Тартоғай а/о, Ақтоған, Талаптан, Бәйгеқұм   ауылдық округтерінде бұл жұмыстар аяқталды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Аса қауіпті  инфекциялық  аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №136 бұйрығының І бөлімі 2 тармағын және 4 тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларын, 6,7,10,12,13 тармақтарына сәйкес аудан көлеміндегі қалған 3 (үш) «Сібір жарасы» ошағы  атап айтқанда, Шиелі кенті Әбдиев көшесіндегі  Абдиев 2 Б, Гигант ауылдық округіндегі Бидайкөл елді мекені, Иіркөл ауылдық округіндегі Ы. Жахаев ауылындағы белгіленген «Сібір жарасы» ошақтарына талапқа сай қоршап бетондау жұмыстарының жоба сметалық құжаттарын жасатуға және құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге аудандық бюджеттік комиссия төрағасы, аудан әкімі Ә. Оразбекұлына 2018 жылдың 30қаңтарында №02-5/33 санды хат жолданды. Нәтижесінде, ауданның шұғыл шығындарғы арналған резервінен 7, 639 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда бюджеттік өтінім беріліп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп. Құрлыс жұмыстары аяқталып, белгі орнатылдлы.

Аудан бойынша ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламентіне сәйкес жыл басынан бері – 27802 қызмет көрсетілді.

Ауданға қажетті 21 мал қорымдарына (скотомогильник) облыстық бюджеттен қаржы сұратуға ЖСҚ жасату үшін 5 мал қорымына бюджеттік өтінім ұсынылып, 2 мал қорымын салуға (Керделі а/о, Жахаев а/о) 26 млн 900мың теңге қаржысы бөлінді. Қазіргі таңда құрлыс жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, 2016 жылдан бастап Гигант ауылдық округіндегі мал қорымының іші өлексеге толып кетуіне байланысты 3 жылға санатцияға қойылды.

        Шиелі ауданы бойынша 2018 жылға 25 елді мекенде Конго-Қырым  қанды безгегінің індет ошақтары болып анықталды.Анықталған Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында облыстық бюджеттен 2018 жылы бөлінген қаржыға көктем  айында «Төрт түлік белгілері» ЖШС  елді мекенде залалсыздандыру жұмыстарын 2 кезең бойынша залалсыздандыру жұмыстарын толығымен жүргізді. Күзгі залалсыздандыру жұмыстыры 2018 жылдың  қыркүйек айының 19 жұлдызынан бастап жүргізіледі. Осыған сәйкес, тізім бойынша анықталған елді мекендердегі қора жайларды механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге кент және ауылдық округ әкімдеріне бөлім тарапынан 2018 жылғы 26 шілдеде №06-5/179 санды  хат жолданды.

      Күзгі залалсыздандыру жұмыстарына қосымша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына оң нәтиже анықталған және тіркелген 25 елді мекенге  5 елді-мекен (Ақтоған, Ы.Жахаев, Ботабай, Қарғалы, Ә.Тәжібаев ) анықталды. Мал басының саны мен қора, суат және шаңлақтардың көлемі нақтыланып, тиісті мекемелерге ұсынылды. Сонымен қатар, күзгі залалсыздандыру жұмыстары 2018 жылдың  қыркүйек айының 19 жұлдызынан басталатыны жөнінде БАҚ –на хабарландыру беріліп, қазіргі кезде залалсыздандыру жұмыстары басталды. 2-кезең бойынша жұмыстар аяқталып нәтижесінде, 47227 бас МІҚ, 72816 бас уақ мал, 1327 бас түйе, 283 бас шошқа және 65121 ш.м қора, 368 045 ш.м суаттар мен шаңылақтар залалсыздандырылды.

    Бұған қосымша халықтар арасында (ивен, ивермек, ивермектин, айвен, иверекто т.б) препараттарының қолдану тиімділігі жоғары екендігі түсіндіріліп  ауданда 9 мал тоғыту ванналарында (Жуантөбе, Ақмая, Талаптан, Телікөл, Қарғалы, Жөлек, Сұлутөбе, Алмалы, Жаңатұрмыс) 8978 бас  уақ малдарға шомылдыру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, 28977 грамм эндо, экто паразиттерге арналған «Ивен», «Айвен», «Ивермек», «Ивермектин» препараттары қолданылғын 19318 бас уақ мал дәріленген.

Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасады.

Бөлім басшысы                               Ж.Әбен

{tabs}

Видео ақпараттар

Scroll to top