Елбасы Финляндияға ресми сапармен барды -- "Қазақстан Президенті «Nokia Corporation» ..." -- 17 Қазан 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «11» қазан ..." -- 12 Қазан 2018
«7-20-25». Мемлекеттік қызметкерлерге баспана алу үшін 1 млн теңгеден ... -- "Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «7-20-25» ..." -- 11 Қазан 2018
Елбасы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл ... -- "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы ..." -- 11 Қазан 2018
Жазушы Шерхан Мұртаза дүниеден озды -- "Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза ..." -- 10 Қазан 2018
Елбасы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды -- "5 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда ..." -- 04 Қазан 2018
БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «21» қыркүйек ..." -- 03 Қазан 2018
5 сұрақ -- "Менің әкем – мүгедек. Өздігінен жүріп-тұра ..." -- 03 Қазан 2018
Алдағы тәуліктерде күн суытады -- "Демалыс күндері климаттық нормадан 4…7°С жоғары ..." -- 01 Қазан 2018
«Нұрлы жер» бағдарламасы. Сегіз айда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй ... -- "  Қазақстанда халықты тұрғын үймен ..." -- 01 Қазан 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Ортақшыл ауылдық округі әкімінің  аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Мекеме атауы: «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  • Пошталық мекенжай: Қызылорда облысы Шиелі ауданы  Ортақшыл ауылдық округі
  • Ортақшыл ауылы Сәкен Сейфуллин көшесі №2. Индекс:120707Анықтамалық
  • қызметтерінің телефондары: 8(724 32) 50100

Ортақшыл ауылдық округінің әкімі

jaksylНоғайбаев Жақсылық Нұридинұлы 1967 жылы 13 қыркүйек Қызылорда облысы Шиелі ауданында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1984-1991 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Шиелі ауданындағы қаржы бөлімінің экономисті болып бастаған.

2000-2005 жылдары аралығындаШиелі аудандық қаржы бөлімінің халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыратын жетекші маман қызметін атқарған.

2005-2006 жылдарыШиелі ауданы бойынша салық комитетінің  аудит бөлімінің жетекші маманықызметін атқарған.

04.01.2006-25.09.2006 жылдары аралығындаҚызылорда облысы бойынша салық комитетінің салықтық аудит басқармасының  заңды тұлғаларға  аудит бөлімінің бас маманықызметін атқарған.

2006-2008 жылдары аралығындаҚызылорда облысы бойынша салық комитетінің салықтық аудит басқармасы заңды тұлғаларға аудит бөлімінің бас маманы. Қызылорда қаласы

30.05.2008-29.08.2008 жылдары аралығында Шиелі ауданы бойынша салық комитетінің Аудит   бөлімінің бас маманы. Қызылорда облысы. Шиелі кенті.

2008-2009 жылдары аралығында Салық басқармасы қурылымының өзгеруіне байланысты, Шиелі ауданы бойынша салық басқармасының Салықтық аудит    бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды. Қызылорда облысы. Шиелі кенті.

2009-2010 жылдары аралығында Шиелі ауданы бойынша салық басқармасының  ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің  бас маманы. Қызылорда облысы, Шиелі кенті

2010-2013 жылдары аралығында Шиелі ауданы бойынша салық басқармасының «Тіркеу, ақпарат қабылдау, өңдеу және ақпараттық технология орталығы» бөлімінің бас маманы Қызылорда облысы, Шиелі кенті

2013- 2014 жылдар аралығында Шиелі ауданы бойынша салық басқармасының «Тіркеу, ақпараттық технологиялар, ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы. Қызылорда облысы, Шиелі кенті

2014 -2017 жылдар аралығында Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс, өндіру бойынша және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Қызылорда облысы, Шиелі кенті

15.06.2017 жылдан бастап Ортақшыл ауылдық округі әкімі болып сайланды.

Отбасылы.

Халықпен жұмыс

  1. Азаматтарды қабылдау және мемлекеттік органмен олардың өтініштерін қарау тәртібі:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына және “Әкімшілік рәсімдер туралы” Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 19 бабы 1-тармағына сәйкес Ортақшыл ауылдық округі  әкімінің аппаратында ауылдық округі әкімінің азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы мекеменің қызметкерлерін жеке қабылдау кестесі:

АТЫ-ЖӨНІ

ҚЫЗМЕТІ

ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

Ноғайбаев Жақсылық Нұридинұлы

Ортақшыл ауылдық округі әкімі

Жеке тұлғаларды қабылдау күні

Жұма

сағат

15.00 -17.00

Сәрсенбі

Сағат

9.00-11.00

8(72432) 5-01-00

                5-14-49

8(72432) 5-01-00

                5-14-49

Заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау күні

Бейсенбі

сағат

15.00 -17.00

Сейсенбі

Сағат

9.00-11.00

8(72432) 5-01-00

                5-14-49

8(72432) 5-01-00

                5-14-49

2017 жыл бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу» Заңының талаптарына сәйкес барлығы 14 өтініш түскен.  Барлығы жазбаша. Барлығы жер мәселелері бойынша. Өтініштер қаралу мәселелері бойынша аудандық жер қатынастары бөліміне жолданып, мәселелер толық қаралып, өтініш иелеріне тиісті жауаптары берілген.

Ауыл әкімі жеке тұлғаларды өтініштері бойынша жұма күні сағат 1500-1700 ге дейін, сәрсенбі күні сағат 0900-1100-ге дейін, заңды тұлғаларды бейсенбі күні 1500-1700 ге дейін, сейсенбі күні сағат 0900-1100-ге дейін  қабылдайды.

Тел. 8 (72432) 5-14-49. Мекен-жайы; Инд:120707, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылы, С.Сейфуллин көшесі №2 А.

Ереже

"Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты" ережесі

  1. Жалпы ережелер
  2. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің  аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Ортакшыл ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

1) Ортақшыл ауылдық округі әкімі аппаратының «Ортақшыл» ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

  1. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ортақшыл ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120720, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округі, Ортақшыл ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі, № 2 «А».  

«Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

1) дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді.

2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы- «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.

  1. Осы Ереже«Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлерімен «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Ортақшыл  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізу.
  2. Негізгі міндеттері:

             1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;

            2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;

            3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

            4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.

16.Функциялары:

            1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

            2) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

            3)тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

            4) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

            5)өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

            6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

            12) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

16-1.  Ортақшыл ауылдық округі әкімі аппаратының «Ортақшыл» ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

1) Халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақта, насихаттау, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;

2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;

3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеу, қорыту, таныту, енгізу мен тарату;

5) аудандық, облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, фестивалдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

6) этномәдени бірлестіктерді қолдау;

7) мәдени-демалыс қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, әртүрлі мәдени акцияларды, бастамашылықтарды қолдау.          

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

            2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

            3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

            4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

            5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

            6) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

            7) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

            8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. «Ортақшыл   ауылдық   округі  әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесіне басшылықты «Ортақшыл  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  1. "Ортақшыл  ауылдық  округі  әкімінің аппараты"  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары жоқ.
  2. "Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

5) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;     

          6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

8) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

11) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі  ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

            13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

            14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

            15) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;

            16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;

            17) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

            18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

            19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

22) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

23) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

26) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

27) мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

            29) ауылдық округтiң абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

            30) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

            31) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

32) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;

            33) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi мөлшерiн айқындайды;

            34) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

            35) берiлген аудандық комуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

            36) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;

            37) басқаруына берiлген комуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;

38) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;

39) кiрiс көздерiн қалыптастырады;

40) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;

            41) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

            42) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

            43) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;

            44) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;

            45) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң «Ортақшыл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған

шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

            46) гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

«Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңдеоның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округ әкімі басқарады.
  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  1. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

            «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкіоған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып

алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

1928 жылы «Тегісшіл» деген атпен құрылған ауылшаруашылық артелдің негізінде 1929 жылы Ортақшыл колхозы құрылды, орталығы қазіргі ауылдың оңтүстік-шығыс жағындағы 1,5 шақырымдай жердегі «Қамыстықақ» деп аталатын жер болды. 1934 жылы қазіргі орнының оңтүстік – шығыс жағындағы орынға орналасып, үлкен клуб, кеңсе, кітапхана, ауыл кеңсесін салды. Кейінірек ұста дүкені, қойма, сауда дүкені салынды. Бұл жерді қоныстанған халықтың негізгі күн көрісі қазіргі күнге дейін егіншілікпен мал шаруашылығы.

     1950 жылы «Ортақшыл» Сталин атындағы шаруашылық болып қайта құрылды. Колхоз орталығы Ортақшыл ауылы болып қалды. Бұл жылдарда егістік көлемі ұлғайып,төрт-түлік малдың саны көбейе түсті.

       Колхоздастыру дәуіріндегі асыра сілтеу бізде де айқын көрініс тауып, мал, егіншшілік жайымен шашырай орналасқан халықты қорқыту арқылы біріктірді. Ұжымддық меншіктің негізі болған төрт-түлік мал халықтың қолындағы мал болды. Колхоз болып біріккеннен кейін халық өзінің ата кәсібі мал және егін шаруашылығын одан әрі өрістетті.

         1960 жылдың көктемінде дарияның арғы бетіндегі Қызылқайың совхозымен біріктіріліп, «Сырдария» совхозы болып қайта құрылды. Совхоз орталығы Жөлек ауылы болды.

         Ортақшыл 2004 жылдың 14 желтоқсанындағы облыстық мәслихаттың ХХII сессиясының №120 шешімімен қазіргі Жөлек ауылдық округінен өз алдына бөлініп шығып, Ортақшыл ауылдық округі болып құрылған. Алғашқы әкімі болып Н.Парманқұлова тағайындалып, 2004-2007 жылдары қызмет атқарды.                                                            

        2008-2010 жылдары Ысқақов Оспан Сәдуұлы - ауылдық округ әкімі болып қызмет атқарса, 2010 жылдың сәуір айынан Ақпанбетов Марат Асанханұлы ауылдық округ әкімі қызметін атқарып келеді.

Видео ақпараттар

Scroll to top