Ақпараттық хабарлама! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі аудандық ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік -- "2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ ..." -- 07 Желтоқсан 2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы -- "  Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың ... -- "Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол ... -- "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы аясында жүз екі жеңімпаз анықталды -- "Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен ..." -- 04 Желтоқсан 2017
ҚҰТТЫҚТАУ! -- "Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды ..." -- 30 Қараша 2017
Тұқым шаруашылығынан күріш және тағы да басқа ауыл шаруашылығы ... -- "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2017 ..." -- 30 Қараша 2017
Баспасөз релизі -- "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ..." -- 29 Қараша 2017

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

  • Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі         
  • Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ботабай ауылы  
  • Тел/факс: 28-8-57  Қоғалы ауылдық округінің әкімі 

Насибеков Дауренбек 1977 жылы  желтоқсан айының 
17-жұлдызында Өзбекстан  Республикасы  Ташкент  облысында дүниге келген. Ұлты – қазақ, білімі -  жоғары. 1994-1998 жылдары Қорқыт ата атындағы  Қызылорда  педогогикалық  институтының “Еңбек  технологиясы  және  бизнес негіздері” пәні мұғалімі мамандығы  бойынша   бітірген. 

 Еңбек жолын 1998 жылы Шиелі ауданы Ботабай  ауылында №228 орта мектепте  еңбек пәні мұғалімі болып бастаған.

 2006 жылдан осы уақытқа  дейін  №228 орта мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары қызметін  атқарған. Отбасылы.

Негізгі міндеттері:

1.Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі ретінде ауылдық округ аумағында жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

2.Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конситуциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері нормаларының орындалуына жәрдемдеседі.

3.Азаматтардың өтініштерін, арыз-шағымдарын қарайды, азаматтардың  құқықтары  мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады.

4.Қазақстан Республикасының Конситуциясы мен Заңдарының, Президент Жарлықтарының, жоғары тұрған өкімет пен басқару органдары құжаттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

5.Ауылдық округ аумағындағы азаматтар өкілдерінің жиналыстарын ұйымдастырады, оларда қабылданған шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

6.Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына ұсынады.

Ауыл әкімі жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағат 9-00 ден 13-00 және 15-00 ден 19-00 ге дейін қабылдайды.

Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты

Мемлекеттік қызметшінің

аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

Санаты

Насибеков Дауренбек Ердибекович

Қоғалы ауылдық округінің әкімі

Ботабай ауылы

жұмыс тел: 28-8-57,

үй тел. 28-8-50

сот. 8705 964 33 46

Е-R-1

Пернебеков Мурат Пернебекович

Қоғалы ауылдық округі әкімі аппаратының шаруашылық есебін жүргізу, әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі

бас маманы

Ботабай ауылы

жұмыс тел: 28-8-57,

үй тел. 28-8-15

сот. 8777 166 42 83

E-G-3

Файзуллаев Омархан Нышанбекович

Қоғалы ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп столы жөніндегі бас маманы

Бала-би ауылы

жұмыс тел: 28-8-57,

сот. 8775 598 47 02

E-G-3

Ереже

«Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

 ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

1. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi  бюджеттерден қаржыландырылатын  өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен  және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.       

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 120716, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қоғалы ауылдық округі, Ботабай ауылы.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11.Осы Ереже «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты  болып табылады.

12. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге  асырылады.

13. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен   «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

«Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін-өзі басқару функциясына сай Ботабай ауылының әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосады. Қоғалы ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым қатынастар жасай отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шаруа  қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Мемлекеттің саясатын Ботабай ауылы аумағында үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық  жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау; 
2) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу; 
3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;

5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

6) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

16.Функциялары:

1) «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің   функциялары:

- Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының,  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

- әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын      рәсімдеу  және тарату;

-  әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

- аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

- аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

- азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

-  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

-  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

- заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2)  Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

     3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

            4) Қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

5) Аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.          

20. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;    

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет

заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11)   тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету,  атаулы  әлеуметтiк  көмек  көрсету  жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;            

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13 жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14)  қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасызетедi;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп, ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

23) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық  жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.  
             22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.                

 23. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Қоғалы ауылдық округінің әкімі  басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі 

24. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.           

25. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық /коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 27. «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

Қоғалы ауылдық округінің қысқаша тарихы

Шиелі ауданының колхоздары арасында Қоғалы 1930 жылы 1 наурызға 9- шы ауыл болып белгіленген.

1939 жылы 1 қаңтарда Шиелі ауданына қарасты 22 колхоздың ішінен Қоғалы Тартоғай ауыл советіне қарады. Қазақ ССР Жоғары Советі Президиумы ұйымдастыру комитетінің №63 хаттамасымен 1939 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы бойынша Шиелі аудандағы «Төңкеріс пен Қоғалы» колхоздарын бір колхозға біріктіріп, Төңкеріс  колхозы болды. Сол кезде ауыл тұрғындары «Төңкеріс» колхозына үдере көшіп ауылда небәрі алты-ақ  үй қалған. Қазіргі кездегі ауыл тұрғындарының көпшілігі кейіннен ата қонысына қайтып оралғандар.

Тарихқа жүгінсек. Тұрғанбай датқамен қатар өмір сүрген Бүркітбайұлы Тұрсынбай датқаға Қоқан ханы датқалардан жоғары санатын лауазым – «пансат» атағын берген Халық ауызындаол жердің аты «Дар құрған» деген атпен танымал, 1853 жылы елі, жері халқы үшін Қоқан ханына қарсы сөзге келеді. Қоқан ханы Тұрсынбай датқаның өлтіруге кісі жібереді. Ол адам Тұрсынбай датқаның ер-тұрманындағы үзеңгісіне «У» жағады. Жолда келе жатқанда бойына жағылған. Удан Түркістан қаласы тұсында қаза тауып, сүйегі Қожа Ахмет Яссауи мовзолейіне жерленген. Халық мүддесін қорғағаны үшін әр батыр, әрі датқаны Бекежанов Мәнсүр ақын былай деп мақтаған:

Бесінші датқалардан Тұрсынбай бар,

Дабысы Бұқар, Қоқан, Сырда бар.

Қашпай жау қарсы тұрып қалған емес,

Шығарса қынабынан қылышын егер.

1942-1943 жылдары  Гайдамаш  атты  еврей  азаматы  Ақтөбе  облысынан  сиыр  айдап  келіп,  ауыл  Тартоғай  совхозына  №3  ферма  болып  қосылып, сиыр  өсіру  мен  яғни  мал  шаруашылығымен  айналысты. 

1953 жылы  ауылда  бастауыш  мектеп  ашылды. 1971 жылы  орталау  мектеп, 
1982 жылы  орта  мектеп  болды.

1954 жылы  Жамбыл  облысынан  және  Өзбекстан  Республикасы  Бұқара  облысының  Тамды  ауданынан  11300 бас  қой  айдап  әкеліп, Тартоғай  қаракөл  совхозы  болып, оның  құрамына  №1, №2, №3-фермалар  енгізілді. Осыдан  бастап  бұрығны  Қоғалы  колхозы  №3-ферма  деп  аталды.

1995 жылдың  желтоқсан  айында  Тартоғай  совхозынан  бөлініп, «Ботабай»  ЖШС  болып  құрылды. «Ботабай»  ЖШС  1997 жылға  дейін  Омаров  Мейрамбек  басқарды.

1998 жылы  Тойшыбаев  Тыныштық,  1999 жылдан  2005 жылдың  аяғына  дейін  «Ботабай» ЖШС  төрағасы  болып  Маханбетов  Ерім  қызмет  атқарды.

Видео ақпараттар

Scroll to top