ЖОБА
Шиелі ауданы Иіркөл ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық
жиналысының регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Шиелі ауданы Иіркөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихат Шиелі аудандық
сессиясының төрағасы: мәслихат хатшысы:
Е. Жеңсікбаев Б. Сыздық
Шиелі ауданы Иіркөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық
жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Шиелі ауданы Иіркөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына сәйкес әзірленді.
- Осы регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент және ауыл қызметінің мәселелері;
4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
- Жиналыс регламентін Шиелі ауданының мәслихаты (бұдан әрі – аудан мәслихаты) бекітеді.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі
- Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Иіркөл ауылдық округі бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің аппараты) ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
Иіркөл ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдық округі бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
Иіркөл ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауылдық округ әкімін сайлауды өткізуге аудан мәслихатына одан әрі ұсыну үшін Иіркөл ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) қызметіне Шиелі ауданының әкімі (бұдан әрі – аудан әкімі) ұсынған кандидатураларды келісу;
ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.
- Жиналысты ауылдық округ әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.
- Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі.
Ауылдық округтің әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.
- Жиналысты шақыру алдында ауылдық округ әкімінің аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.
Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
- Жиналысты шақыруды әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.
- Жиналыстың күн тәртібін ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.
Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.
Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.
Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.
Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
- Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын аудан мәслихатының депутаттары, аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
- Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.
Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.
Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі
- Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.
- Жиналыста қабылданған шешімдерді ауылдық округ әкімі бес жұмыс күні мерзімінде қарайды.
Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.
Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім аудан мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.
- Ауылдық округ әкімі аппараты ауылдық округ әкімінің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.
- Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
- Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.
4-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау
- Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.
- Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы аудан әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.
Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс аудан әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.
-
Жаңартылған уақыты: 24 Мамыр 2018
- «Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- «Шиелі аудандық қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлiмi»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Шиелі аудандық құрылыс бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- «Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Шиелі ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
- Атауы жоқ көшеге атау беру туралы
- Атауы жоқ көшеге атау беру туралы
- Қоғалы ауылдық округіне қарасты Ботабай елді мекеніндегі “Бейбітшілік тұйығы” көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері “Ахметов Мұзаппар” есімін беру туралы
- Атауы жоқ көшеге атау беру туралы
- 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Атауы жоқ көшеге атау беру туралы
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Шиелі ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б”корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
- 2017 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- 2017 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Шиелі ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»
- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Көшеге атау беру туралы
- Досбол датқа ауылындағы жаңаданашылған көшені Қоңыр Нұрмановтың есімімен атау туралы
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Шиелі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Сайлау учаскелерiн құру туралы
- «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №7/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
- Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Шиелі ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы
- Шиелі ауданында салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын жеке тұрғындардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы
- 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- 2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
- Шиелі ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
- Шиелі ауданының елді мекенінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерiн бекіту туралы
- 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Шиелі ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-анатөлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Сайлау учаскелерiн құру туралы
- Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Шиелі ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы
- «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне оптикалық- талшықты байланыс желісін төсеу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Шиелі ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
- Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы
- Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы
- Жер пайдалану құқығын табыстау туралы
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- 2018 жылы жер учаскелерін табыстау бойынша қабылданған қаулылар
- Шиелі ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Шарттық негізде үй-жайлар беру туралы
- «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 1201-қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Шиелі ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
- Шиелі ауданы бойынша салық салу объектісін елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы № 477 қаулы
- Көшелерге атау беру туралы
- Көшелерге атау беру туралы
- 2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Жоба 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Кірушілер есебі
Бүгін | 289 |
Кеше | 352 |
Осы аптада | 1399 |
Осы айда | 6883 |
Барлығы | 195716 |
Видео ақпараттар
Жиі қаралатын ақпараттар
- Елбасының CCTV арнасына сұхбатының толық нұсқасын сағат 21:30-да «Хабар 24» арнасынан көріңіздер
- Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәні оқытылады
- ХАБАРЛАНДЫРУ
- Шиелі сайлау комиссия мүшелері
- АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫ
- 2019 жылдың 14-25 қаңтарында әкімдердің есептері барысында айтылған халықтың ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ
- «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы