ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 12 Қараша 2018
5 сұрақ -- "5 сұрақ Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма ..." -- 09 Қараша 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Өзіне-өзі қызмет көрсету ..." -- 05 Қараша 2018
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа қолжетімді әуе компаниясын құруды тапсырды -- "Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрі ..." -- 05 Қараша 2018
«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем ... -- "«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың ..." -- 05 Қараша 2018
8 қарашада Астанада мемлекет басшыларының деңгейінде ҰҚШҰ кеңесі өтеді -- "8 қарашада Астана қаласында мемлекет ..." -- 05 Қараша 2018
Астанада баспана үшін берілетін бір миллион теңгені кімдер ала алады? -- "Тұрғын үй алу үшін денсаулық сақтау, білім, ..." -- 05 Қараша 2018
ЕГІНІ ЖАЙҚАЛЫП, ҮЗДІК ШЫҚҚАН ШИЕЛІ -- "Шиелі өңірі – халқымыздың қашаннан береке, құт ..." -- 02 Қараша 2018
Шиелі ауданының әйелдері -- "Бүгін "Шиелі ауданының әйелдері" қоғамдық ..." -- 02 Қараша 2018

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру туралы ақпарат 

Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс және мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы қажет.

Мемлекеттік жүійені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады.Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясында кәсіби мемлекет құру ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Мемлекеттік қызмет үшін имидж маңызды функционалдық және мәртебелік мәнге ие. Ол халықтың оған деген сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін, мемлекетпен жүргізілген қайта құруларды бағалаудың критерийі болып табылады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП-ның

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық нормасы

Мемлекеттік қызметші төмендегі этикалық нормалардың қағидаларын басшылыққа алуы тиіс. 

1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек

2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. 

3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дуалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек. 

4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек. 

5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек

6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек

7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек. 

8. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі 

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кызметi жаңа моделiнiң тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 21 шiлдедегi № 119 Жарлығы

"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 30 шiлдедi № 337-341 (26735); "Казахстанская правда" от 30.07.2011 г., № 238-240 (26659-26661); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 46, 612-құжат

Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында және республикалық баспасөзде  жариялануға тиiс  

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жаңа моделiнiң тұжырымдамасы бекiтiлсiн.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президентi   Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң    

2011 жылғы 21 шiлдедегi

№ 119 Жарлығымен   

БЕКIТIЛГЕН    

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жаңа моделiнiң тұжырымдамасы

Астана, 2011 жыл

Мазмұны

1-бөлiм. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесiн дамытудың пайымы

2-бөлiм. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесiн дамытудың негiзгi қағидаттары мен жалпы тәсiлдерi

3-бөлiм. Тұжырымдаманы iске асыру құралдары

1-бөлiм. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесiн дамытудың пайымы

Кiрiспе

Меритократия, тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, транспаренттiк және қоғамға есептiлiк қағидаттарына негiзделген мемлекеттiк қызмет жүйесiн кәсiбилендiру мемлекеттiк басқару жүйесiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн және халыққа сапалы қызмет көрсетудi қамтамасыз етудiң аса маңызды факторы болып табылады

Осы Тұжырымдамада мемлекеттiк қызмет жүйесiндегi ағымдағы ахуалды талдау ұсынылған, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметiнiң жаңа моделiн қалыптастырудың негiзгi бағыттары мен оны iске асырудың түйiндi тетiктерi айқындалған
Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметiнiң жаңа моделiн рәсiмдеуге және оны әрi қарай кәсiбилендiруге бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу үшiн негiз болады. 

1.1. Ағымдағы ахуалды талдау

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесiн дамыту мемлекеттiң тәуелсiздiк жылдарындағы рөлiнiң өзгеруi, саяси жүйенiң, экономиканың, қоғамдық қатынастардың қалыптасу, мемлекеттiк басқару жүйесiн оңтайландыру процестерiмен тығыз байланысты.

Тәуелсiз Қазақстан Республикасының мақсаттары мен басымдықтарын iске асыру үшiн кадрларды iрiктеу мен жоғарылатудың тиiмдi жүйесiн құру, мемлекеттiк аппарат қызметiнiң кәсiбилiгi мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет болды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2730 Заң күшi бар Жарлығы тәуелсiз Қазақстанның қазiргi заманғы мемлекеттiк қызмет жүйесiн институттандырудың бастауы болып мемлекеттiк басқару жүйесiнiң кадрлық ұйытқысын сақтауға мүмкiндiк бердi және мемлекеттiң маңызды институты ретiнде мемлекеттiк қызметтiң дамуына негiз қалады.

Жарлықтың қабылдануы мемлекеттiк қызмет қағидаттарын, мемлекеттiк лауазымдардың сатылығын белгiлеу жолымен мемлекеттiк қызмет қатынастарын реттеуге, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық мәртебесiн айқындауға және әлеуметтiк кепiлдiктерiн белгiлеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгiзуге мүмкiндiк бердi.

1997 жылы мемлекеттiк дамудың ұзақ мерзiмдi басымдығы ретiнде кәсiби үкiмет құруды айқындап берген «Қазақстан - 2030» стратегиясы мемлекеттiк қызметтi дамытудағы келесi кезеңi болды.

1999 жылы қабылданған «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi - Заң) мемлекеттiк қызметтiң кәсiби және тиiмдi жүйесiн және бiрыңғай кадр саясатын қалыптастыруға бағытталған, өзектi қажеттiктерге сай келетiн жаңа тәсiлдi айқындап бердi.

Қазiргi кезде Заң және оны iске асыру үшiн әзiрленген тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк қызметке кiру, оны атқару және тоқтату мәселелерiн реттейдi.

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк қызметке кiру мәселелерi

Азаматтардың мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзудегi конституциялық құқығы мiндеттi конкурстық iрiктеудi енгiзу арқылы iске асырылды, оның тетiктерi Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде бекiтiлген.

Мемлекеттiк қызметке конкурстық iрiктеудi енгiзу кандидаттың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қойылатын бекiтiлген бiлiктiлiк талаптарына сай болуын анықтауға бағытталған.

Мәселен, Заңға сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi конкурстық iрiктеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызмет туралы қолданыстағы заңнаманы бiлуге арналған тестiлеудi өткiзуiн, сондай-ақ мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының кандидаттармен әңгiмелесу өткiзуiн көздейдi.

Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi қалыптасуда.

Алайда, конкурстық iрiктеудi жүргiзудiң қазiргi кездегi тәжiрибесiн алғанда, мемлекеттiк қызметке кiру кезiндегi конкурстық рәсiмдердiң әдiлдiгiне азаматтар тарапынан бiрқатар сенiмсiздiк байқалады.

Осыған байланысты, мемлекеттiк қызметке конкурстық iрiктеу тәртiбiн жетiлдiру және оның транспаренттiлiгiн арттыру қажет.

Мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту мәселелерi

Қазiргi кезде мемлекеттiк қызмет жүйесiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясын, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлаудың және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың өңiрлiк орталықтарын және басқа да бiлiм беру ұйымдарын қамтитын оқыту инфрақұрылымы қалыптастырылған.

Жыл сайын орташа есеппен мемлекеттiк қызметшiлердiң үштен бiрi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында оқудан өтедi, соның нәтижесiнде үш жылдық кезеңде мемлекеттiк қызметшiлердi жүз пайыздық оқыту қамтамасыз етiледi.

Сонымен қатар, қазiргi кезде оқыту процесiнiң сапасын басқару жүйесiн жаңғырту және мемлекеттiк қызметшiлерге арналған оқу бағдарламаларына оқытудың инновациялық әдiстерiн енгiзу қажеттiлiгi туындап отыр.

Мемлекеттiк қызметшiлерге бiлiм беру жүйесi практикалық маңызы бар және мемлекеттiк органның мақсаттары мен мiндеттерiне сай келетiн, кәсiби бiлiм мен дағдыларды дамытуға бағытталуы керек.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту жөнiндегi жұмысты тиiмдi үйлестiру қажет.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттау мәселелерi

Мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымында үш жыл болғаннан кейiн аттестаттаудан өтедi. Оның мақсаты олардың кәсiби дайындық деңгейiн, құқықтық мәдениетiн және азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетiн айқындау болып табылады.

Аттестаттау рәсiмi мемлекеттiк қызметшiге тiкелей басшысының аттестаттаудан өтетiн қызметшiнiң кәсiби, жеке қасиеттерiн және қызметтiк жұмысы нәтижелерiн көрсететiн қызметтiк мiнездеменi ұсынуын қамтиды.

Сонымен бiрге, қазiргi кезде аттестаттауды өткiзу рәсiмiн мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс сапасы мен түпкiлiктi нәтижелерiн бағалауға бағдарлау арқылы жетiлдiру және аттестаттау қорытындылары мен мансаптық өсудiң өзара байланысын қамтамасыз ету қажеттiгi туындап отыр.

Мемлекеттiк қызметшiлердi ынталандыру мәселелерi

Қазiргi кезде мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi қолданылады.

Бұл жүйе коэффициенттерге негiзделген және қызмет өтiлi мен атқаратын мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының санатын ескеруге мүмкiндiк бередi.

Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық жалақыларына үстемақы белгiлеу тәртiбi айқындалған.

Тұрақтылыққа қарамастан, мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек төлемақысы, жеке сектормен салыстырғанда, бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып қалуда.

Мәселен, 2011 жылғы 1 сәуiрдегi статистикалық деректерге сәйкес мемлекеттiк қызмет жүйесiндегi орташа жалақы 69 027 теңгенi құрайды, ал құрылыс саласындағы орташа жалақы 101 500 теңгенi, тау-кен өнеркәсiбiнде - 133 309 теңгенi, қаржы және сақтандыру қызметiнде — 148 680 теңгенi құрайды.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметшiнiң жұмыс сапасын бағалаудың болмауы оның еңбек үлесi мен материалдық, мансаптық және моральдық ынталандыру жүйесi арасындағы өзара байланыстың төмен болуына әкеп соғады.

Мемлекеттiк органдардың жұмысы еңбектiң тиiмсiз ұйымдастырылуымен және мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғаудың нақты жүйесiнiң болмауымен сипатталады. Бұл бiлiктi кадрлардың, оның iшiнде шетелдiк бiлiмi бар мамандардың жеке секторға кетуiне, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi жұмысқа орналасуға қызықтырмайтын орын ретiнде қабылдауға әкеп соғады.

Кадрлық әлеуеттiң төмендеуi мемлекеттiк органдардың (әсiресе өңiрлiк деңгейде) кадрлық құрамын кәсiбилендiрудi толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi.

Жауапты хатшы институтының жұмыс iстеу мәселелерi

Мемлекеттiк қызмет жүйесiнде жауапты хатшы институты енгiзiлген, оның негiзгi мiндетi мемлекеттiк саяси қызметшiлер ауысқан кезде мемлекеттiк органдардың жұмысында кадрлық сабақтастықты сақтау болып табылады.

Сонымен бiрге, кейбiр орталық мемлекеттiк органдарда басшылық құрамның жиi ауысуы байқалады. Бұл мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне әсер етедi.

Сондай-ақ, жауапты хатшы лауазымының саяси лауазым болып табылатындығы ескерiле отырып, мемлекеттiк органдардың жаңа басшыларын тағайындау iс жүзiнде сол жауапты хатшылардың өздерiнiң ауысуымен қатар жүруде.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң этикасы мен имиджiн қалыптастыру мәселелерi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы айқын сипатқа ие.

Мысалы, мемлекеттiк қызметке сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған адам не мемлекеттiк қызметке кiруге байланысты және Заңда белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан адам қабылданбайды.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң ант қабылдауы және олардың мемлекеттiк қызметте болумен байланысты жазбаша шектеулердi қабылдауы нормасы бекiтiлген.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлiк келбетi мен iскерлiк қасиеттерiне қойылатын талаптарды айқындайды.

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi тексеру барысында мемлекеттiк қызмет туралы қолданыстағы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Алайда, тексеру нәтижелерi мемлекеттiк органдардың жұмысында мемлекеттiк қызметке кiру және оны атқару мәселелерi бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтардың бар екенiн көрсетедi.

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi анықталған бұзушылықтар туралы анықтаманың негiзiнде мемлекеттiк органның басшысына бұзушылықтарды жою және тиiстi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсынымдар жасайды, кейiннен ұсынымдар шығара отырып, тәртiптiк кеңестерде мемлекеттiк органдардың есептерiн тыңдауды жүргiзедi.

Сонымен қатар, қазiргi кезде тәртiптiк кеңестердiң жұмысын жетiлдiру қажет.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi

Халықтың мемлекеттiк аппаратқа деген көзқарасы мемлекеттiк қызметтердiң сапасымен және қолжетiмдiлiгiмен байланысты екенiн атап өту керек.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң қолданыстағы стандарттары мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбiн, мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нормативтiк және мiндеттi түрде орындалуға тиiс мәндерiн, шағым беру тәртiбiн және байланысу ақпаратын, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегi уақытша шектеулердi белгiлейдi.

Алайда, қазiргi кезде мемлекеттiк органдардың қызметiнде мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде тиiмсiз ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң бекiтiлген стандарттарын бұзу фактiлерi байқалуда. Бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк қызметтер сапасы мен қолжетiмдiлiгiне тиiстi дәрежеде қанағаттанбауына әкеп соғады.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiнiң төмен болуы, бюрократия көрiнiстерi және мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде әкiмшiлiк кедергiлердiң болуы мемлекеттiк қызмет имиджiне керi әсерiн тигiзуде және халық пен бизнестiң мемлекеттiк органдар жұмысына қанағаттанбауының негiзгi себебi болып табылады.

Жоғарыда көрсетiлген түйткiлдi мәселелердi ескере отырып, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң одан әрi үдемелi дамуын және оны мемлекеттiк басқаруды жаңғырту процестерiмен өзара тығыз байланыста реформалауды қамтамасыз ету қажет.

Осылайша, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарының ережелерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметiнiң жаңа моделiн қалыптастыру және оны кәсiбилендiру мемлекеттiк басқарудың нәтижелi жүйесiн қамтамасыз етуге бағытталатын болады. 

1.2. Мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiнiң мақсаты мен мiндеттерi

«Қазақстан — 2030» стратегиясында айқындалған мемлекеттiк қызметтi дамытудың басымдықтары: «кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйесiн жақсарту»; «мемлекеттiк қызмет - ұлтқа қызмет ету»; «мемлекеттiк қызметтiң жоғары абыройын қалыптастыру және қолдау» осы тұжырымдамамен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметiнiң жаңа моделiн қалыптастыру негiзiне алынған.

Мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделi бiрiншi кезекте «мемлекеттiк қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздейдi. Мемлекеттiк қызмет «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонимi болуға және мемлекеттiк қызметтердi тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиiс.

Мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделi оны кәсiбилендiрудiң басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиiмдi кадр жұмысын жүргiзуге бағдарланған.

Мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделi тиiмдi кадр тетiктерiн — мемлекеттiк қызметке кiрудiң тиiмдi әрi айқын тәртiбiн, үздiксiз кәсiби даму мүмкiндiгiн, жұмыс нәтижелерi мен ынталандыру жүйесiнiң өзара байланысын қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiнде мемлекеттiк саясаттың тиiмдi iске асырылуын кәсiби тұрғыдан қамтамасыз ететiн жоғары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер корпусы қалыптастырылып, мемлекеттiк қызметке кiру және оны атқару тетiктерi түбегейлi жетiлдiрiлетiн болады.

Осылайша, «Қазақстан - 2030» Стратегиясының ережелерi негiзге алына отырып:

1) мемлекеттiк қызмет жүйесiндегi тиiмдi кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесi;

2) мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң жоғары сапасы және мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгi;

3) мемлекеттiк қызметшiлердiң оң имиджi және мiнез-құлық этикасы мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiн қалыптастырудың үш тұғырлы мақсаты болып табылады.

Үш тұғырлы мақсатқа сәйкес:

1) мемлекеттiк қызмет жүйесiнде жаңа кадр тетiктерiн қалыптастыру және қолданыстағыларын жетiлдiру;

2) мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру және мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысын мемлекеттiк қызметтердi тұтынушы ретiнде халыққа бағдарлау;

3) мемлекеттiк қызметтiң жоғары мәртебесi мен беделiн қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметшiлер мiнез-құлқының этикалық нормаларын қалыптастыру мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiн қалыптастырудың мiндеттерi болып айқындалады.

Мемлекеттiк қызметтi сапалы кадрлық жаңарту мен кәсiбилендiрудi жүйелi түрде қамтамасыз ету үшiн оның ұйымдастырушылық құрылымы және нормативтiк құқықтық базасы жаңғыртылатын болады.

Жаңа модельдi қалыптастырудың нәтижесi нақты нәтижеге және мемлекеттiк қызметтердi сапалы түрде көрсетуге бағдарланған, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық дамудың өзектi қажеттiктерiне сай келетiн кәсiби мемлекеттiк қызмет болмақ. 

1.3. Iске асыру кезеңi және күтiлетiн нәтижелер

Осы Тұжырымдаманы iске асыру 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейiнгi аралыққа есептелген және мынадай кезеңдерден тұрады.

Бiрiншi кезеңде (2011 - 2012 жылдар) Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткiзуге бағытталған:

1) үш корпусқа негiзделген мемлекеттiк қызмет лауазымдарының жаңа тiзiлiмiн енгiзу;

2) мемлекеттiк қызметке кiру және мемлекеттiк қызметтiң кадр резервiн қалыптастыру рәсiмдерiн жақсарту;

3) жоғары бiлiктi мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау жөнiндегi базалық бiлiм беру орталығын қалыптастыру;

4) нәтижеге бағдарланған мемлекеттiк басқару жүйесiнiң технологиялары мен қағидаттарына негiзделген жаңартылған оқыту бағдарламаларды енгiзу;

5) мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру;

6) мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысын бағалау жүйесiн енгiзу;

7) мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеудiң жаңа жүйесiн енгiзу;

8) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыруға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бақылау жүйесiн енгiзуге, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын бағалау үшiн керi байланыс тетiгiн дамытуға бағытталған шараларды iске асыру көзделедi.

Екiншi кезеңде (2013 - 2015 жылдар) мансаптық жоспарлау жүйесiн енгiзу, кәсiби даму мен оқытудың дара жоспарларын енгiзу, қашықтықтан оқыту жүйесiн кеңейту; мемлекеттiк қызметшiлердi ынталандыру жүйесiн жетiлдiру; мемлекеттiк қызметтiң автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру; әкiмшiлiк этиканы басқарудың екi деңгейлi жүйесiн әзiрлеу сияқты мемлекеттiк қызметтi кәсiбилендiру жөнiндегi ұзақ мерзiмдi шаралар жүзеге асырылатын болады.

Бiрiншi кезеңде iске асырылған шаралардың тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзу және оларды бағалау екiншi кезеңде жүргiзiлетiн болады, соның негiзiнде тиiстi нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк және ұйымдастырушылық ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрленетiн болады.

Осы Тұжырымдаманы iске асыру мемлекеттiң функцияларын тиiмдi орындауға және халыққа сапалы мемлекеттiк қызметтер көрсетуге қабiлеттi мемлекеттiк аппаратты кәсiбилендiрудi қамтамасыз етедi. 

2-бөлiм. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесiн дамытудың негiзгi қағидаттары мен жалпы тәсiлдерi

2.1. Мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделi

Халықаралық практикада мемлекеттiк қызметтiң екi үлгiлiк моделiн бөлiп қарастыруға болады - баспалдақтық және позициялық.

Мемлекеттiк қызметке кiру мен оны атқару тәртiбiне қатысты осы модельдердегi айырмашылықтарға қарамастан, оларға мемлекеттiк қызмет тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрқатар жалпы шарттар тән.

Бiрiншiсi — мемлекеттiк қызметшiлердi саяси «тағайындалатындар» және кәсiби «орындаушылар» деп бөлу. Екiншiсi - мемлекеттiк қызметке конкурстық негiзде қабылдау, бұл мемлекеттiк қызметке бiлiктi әрi құзыреттi мамандарды iрiктеп алуға мүмкiндiк бередi және кадрларды iрiктеу мен жоғарылатудың патронаждық жүйесi үшiн мүмкiндiктердi азайтады.

Мемлекеттiк қызметтiң жоғары беделi мен мәртебесi шетелдердегi мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң маңызды ерекшелiгi болып табылады.

Қазiргi кезде, көптеген елдер мемлекеттiк басқарудың ұлттық жүйесiнiң ерекшелiктерiн ескеретiн мемлекеттiк қызметтiң аралас моделiн құруды жөн көредi.

Мемлекеттiк қызметтiң көптеген тиiмдi модельдерiнде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттiк қызмет институты қолданылады, ол саяси шешiмдер қабылдау процесiн оларды iске асыру процесiнен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттiк қызметтiң функциялары жалпы мемлекеттiк саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзiрлеу және әкiмшiлiк қызметтi жүргiзу болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметiнiң жаңа моделi мемлекеттiк қызметтiң баспалдақтық және позициялық модельдерiнiң элементтерiн қамтып, аралас болып қалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiнде корпустық вертикаль: мемлекеттiк саяси қызметшiлер, «А» басқарушылық корпусы және «Б» атқарушылық корпусы айқын көрiнiс табатын болады.

Жаңа модельдi қалыптастыру 2012 жылға қарай үш корпусқа негiзделген мемлекеттiк лауазымдардың жаңа тiзiлiмiн бекiтудi көздейдi.

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер корпусына мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын, мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылық етудi жүзеге асыратын, тиiстi саладағы мемлекеттiк дамудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын қызметшiлер, сондай-ақ тағайындалуы саяси-шешушi сипатқа ие қызметшiлер енгiзiледi.

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер корпусына мынадай лауазымдар: орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдардың бiрiншi басшылары, олардың орынбасарлары, облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерi және олардың орынбасарлары, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын басқа да мемлекеттiк лауазымдар енгiзiлетiн болады.

Жаңа модельде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет құрылымында мемлекеттiк саяси қызметшiлер қалыптастыратын саясатты iске асыруды және стратегиялық шешiмдер қабылдау мен оларды орындау арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететiн «А» басқарушылық корпусы құрылатын болады.

«А» басқарушылық корпусының әкiмшiлiк лауазымдарына тағайындау тек қана кадр резервiнен жүзеге асырылатын болады. Оны пайдалану тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн кандидаттың «А» корпусының кадр резервiнде тұру мiндеттiлiгiн көздейтiн құқықтық норма қарастырылатын болады.

Саяси кадр резервiн және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң «А» басқарушылық корпусының кадр резервiн қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кадр саясаты жөнiндегi ұлттық комиссия мемлекеттiк органдардың және облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала әкiмдерiнiң ұсыныстары негiзiнде жүзеге асыратын болады.

Кадр саясаты жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын болады.

Мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiнде мемлекеттiк саяси лауазымдар тiзiлiмi қайта қаралып, мемлекеттiк саяси қызметшiлер саны шектелетiн болады. Жауапты хатшы лауазымына тағайындалған адамның рөлi мен жауапкершiлiк дәрежесi нақты айқындалып, оны тағайындаудың ашық, транспаренттi, сiңiрген еңбегiне негiзделген тетiгi әзiрленетiн болады.

Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған мемлекеттiк қызметтi дамыту басымдықтары ескерiле отырып, жауапты хатшы лауазымы «А» басқарушылық корпусына жатқызылатын болады, тиiсiнше, жауапты хатшылардың өкiлеттiктерi, құқықтары, мiндеттерi осы корпустың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер шеңберiнде айқындалатын болады.

Сондай-ақ, мемлекеттiк орган жұмысындағы сабақтастықты сақтау мақсатында мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының лауазымда болу кезеңiне қарамастан, жауапты хатшылар белгiлi бiр мерзiмге тағайындалатын болады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң «А» корпусына iрiктеу өздерiн кәсiби құзыреттi және тиiмдi жұмыс iстейтiн қызметкерлер ретiнде көрсеткен «Б» атқарушылық корпусына жатқызылған мемлекеттiк қызметшiлер қатарынан тұрақты рекрутинг негiзiнде жүргiзiлетiн болады.

Сонымен қатар, қолда бар кадр әлеуетiн кеңейту және мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң ашықтығы «әлеуметтiк лифт» тетiгi есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.

Осы тетiк мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын, бiрақ мемлекеттiк ұйымдарда және жеке секторда басшы лауазымдарды атқаратын кәсiби даярлығы бар кадрларға «А» корпусының кадр резервiне енгiзу үшiн конкурстық iрiктеуге қатысуға мүмкiндiк бередi.

Саяси кадр резервiне және «А» басқарушылық корпусының кадр резервiне қосу критерийлерi мемлекеттiк қызмет iстер жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша жеке нормативтiк құқықтық актiмен айқындалатын болады.

Атап айтқанда, кандидатты саяси кадр резервiне және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң «А» басқарушылық корпусының кадр резервiне қосу туралы шешiм қабылдауға негiз ретiнде мынадай критерийлердi: бiлiм деңгейi мен бейiнiн, жұмыс өтiлi мен тәжiрибесiн, кәсiби және жеке құзыреттерiн бағалауды, қызметтiк этиканы сақтауды, мемлекеттiк саяси қызметшiнiң не басшы лауазымдардағы жұмыс тәжiрибесi мол «А» басқарушылық корпусы әкiмшiлiк қызметшiсiнiң жазбаша ұсынымының болуын айқындаған жөн.

Кандидаттарға «А» басқарушылық корпусына кiру үшiн мемлекеттiк қызметшiнiң басқару лауазымында функционалдық мiндеттерiн тиiмдi орындау iсiнде маңызды кәсiби және жеке құзыреттердi бағалау қолданылатын болады.

Кәсiби және жеке құзыреттерiнiң негiзiнде тестiлеу, сондай-ақ кәсiби бағдарланған әңгiмелесу мен емтихандар өткiзу мемлекеттiк әкiмшiлiк «А» басқарушылық корпусының кадр резервiне конкурстық iрiктеудiң тетiктерi болады.

Саяси лауазымды атқаратын мемлекеттiк орган басшысы ауысқан кезде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер жұмысының тұрақтылығын және ведомствоiшiлiк сабақтастықты қамтамасыз ететiн тиiмдi тетiктi қалыптастыру үшiн мемлекеттiк қызметшiнiң «А» корпусында лауазымда болу мерзiмi белгiленетiн болады.

Қызметшiнi «А» басқарушылық корпусы лауазымына тағайындау және лауазымынан босату Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кадр саясаты жөнiндегi ұлттық комиссияның шешiмi негiзiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлетiн болады.

Кәсiби және басқару дағдыларының жоғары деңгейiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызметшiлердi ротациялауды жүргiзу көзделедi.

Мемлекеттiк қызметшiлердi ротациялау жүйелi негiзде мынадай: деңгейаралық («орталық - өңiр, өңiр - орталық»), өңiраралық («өңiр - өңiр»), сектораралық («орталық - орталық») схемалары бойынша жүргiзiлетiн болады, бұл орталық мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға кәсiби кадрлардың көптеп келе бастауын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Мемлекеттiк қызметшiлердi ротациялауды жүргiзудiң шарттары мен тәртiбi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен айқындалатын болады.

Видео ақпараттар

Scroll to top