АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ байланыс орталығының ..." -- 10 Сәуір 2020
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер ... -- "Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге ..." -- 10 Сәуір 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сілтеме бойынша әкімдіктің интернет-порталында ..." -- 10 Сәуір 2020
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020

Назар аударыңыз, мессенджерлерде жалған ақпарат тарады!

Мессенджерлерде таралған 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемдер азаматтарға олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жеке зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады деген ақпарат шындыққа сәйкеспейді!

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айрылған азаматтарға ең төменгі еңбекақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жүзеге асырылады.

Тұтастай алғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмысының қағидаттарын ажыратып алған жөн. Азаматтардың жеке жинақ қорлары және бюджеттен тыс сақтандыру қорлары – бұл әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жүйелер.

БЖЗҚ зейнетақы активтері – бұл салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншікті ақшасы (зейнетақы жарналары және инвестициялық кіріс), олар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңына сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған.

МӘСҚ активтері – ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңда көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде әлеуметтік аударымдардан жинақталатын және әлеуметтік төлемдерге арналған қаражат.

Әлеуметтік тәуекел жағдайларына жұмысынан, еңбекке жарамдылық қабылетінен, асыраушысынан айрылған, жүктілік және босануына, жаңа туған нәрестені (сәбиді) асырап алуына, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста болуына орай табысынан айрылу жағдайлары жатады. Жеке зейнетақы жинақтарыңызды БЖЗҚ сайтындағы (www.egov.kz) жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) тексеріп, олардың сақтығына көз жеткізуге болады.

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылуына байланысты МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді алу тәртібі туралы ақпарат электрондық үкімет порталында (egov.kz) немесе 42500.enbek.kz сайтында қолжетімді.

Азаматтардан тек ресми көздерден алынған сенімді ақпаратты ғана пайдалануды сұраймыз!

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Кірушілер есебі

Бүгін215
Кеше308
Осы аптада215
Осы айда3762
Барлығы264823

Видео ақпараттар

Scroll to top