Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "Тақырып: «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің ..." -- 17 Қыркүйек 2019
БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні -- "Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Шиелі индустриалды–аграрлық колледжінде өткізілген «Денсаулық ... -- "Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде ..." -- 13 Қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ -- "Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді ..." -- 13 Қыркүйек 2019
5 сұрақ айдары -- Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» ..." -- 10 Қыркүйек 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ ..." -- 29 Тамыз 2019
ОТБАСЫ: ӘЙЕЛ-АНА - НҰРЛЫ БОЛАШАҚТЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ -- "Бүгін "Арман" мәдениет үйінде Шиелі ауданының ..." -- 26 Тамыз 2019
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 3 МЛН.ТЕНГЕ МЕН АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛА АЛАДЫ -- "ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ..." -- 26 Тамыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2019 жылғы 15 тамыз 2019 жылдың 1 тамызына ..." -- 23 Тамыз 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы

Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі 

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңқымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой! 

Қайырмасы: 

Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің - Қазақстаным! 

Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досындай, 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай! 

Қайырмасы: 

Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің - Қазақстаным!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 

Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі 

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 

Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі 

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Шиелі ауданында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысы, «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 862 қаулысы негізге алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік рәміздерді белгіленген стандартқа сәйкес қолдану 2018 жылғы 29 мамыр күнгі №258 өкім негізінде міндеттеліп, рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына дербес бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері тікелей жауапты болып бекітілді.

Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы «Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі комиссия құру туралы» №840 қаулысы жойылып,  2019 жылдың 8 қаңтар күнімен №343 қаулысы бекітілді.

Шиелі ауданы бойынша 2019 жылға арналған аудан әкімдігі жанындағы «Мемлекеттік рәміздерді қолдану,  қадағалау және ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізудің іс-шаралар жоспары» әзірленіп бекітілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы заңнама нормаларының қатаң сақталуына тиісті жұмыстар жүргізілуде. Кент және елдімекендердегі мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкестігі жоспарға сай тексеріліп, қолдану тәртібінің сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жасалынып отырады

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті  989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Елтаңбасы. Техникалық талаптар» стандартына енгізген №1 өзгеріс жобасына сәйкес («ҚАЗАҚСТАН» жазуын латын графикасына ауыстыру бөлігі)  Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру үшін  2019 жылдың бюджетінен 298 дана сатып алуға 12 млн. 563 мың қаржы бөлінді.Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Жауапты мекеменің атауы

Жалпы данасы,

қаржысы

(мың)

Мемлекеттік елтаңбалардың нақты саны

Мемлекеттік елтаңбалардың өлшемдері

Мемлекеттік елтаңбаларды ауыстыру мерзімдері

1

«Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

82 дана

 5 273,0 мың теңге

5

1000мм

2019-2020 ж.ж.

73

500мм

2019-2020 ж.ж.

4

255мм

2019-2020 ж.ж.

2

«Шиелі аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

216 дана

7290,0 мың теңге

108

500 мм

2019-2020 ж.ж.

108

150 мм

2019-2020 ж.ж.

        Қазақстан Республикасының стандартқа сайМемлекеттік рәміздерін (Елтаңба, Ту) сатып алуға мемлекеттік тапсырыс аясында 16 млн. 913 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

        2018 жылы Шиелі кенті, Көкшоқы елдімекені, И.Әбдікәрімов көшесінен Мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысын салу және абаттандыруға аудандық мәслихат сессиясының шешімімен рәміздер алаңының құрылысына  31 млн тенге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді. Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні  облыс әкімі Қ. Көшербаевтың Шиелі ауданына жұмыс сапарына сәйкес, «Мемлекеттік рәміздер алаңы» ашылды.

        Шиелі ауданы бойынша Еңбекші және Сұлутөбе тіректі елді мекендерінде Мемлекеттік рәміздер аллеясын ашуға жер учаскелері белгіленіп, құжаттары рәсімделуде.

         Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы «Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі комиссия құру туралы»№840 қаулысы жойылып,  2019 жылдың 8 қаңтар күнімен №343 қаулысыбекітілді.

Шиелі ауданы бойынша 2019 жылға арналған аудан әкімдігі жанындағы «Мемлекеттік рәміздерді қолдану,  қадағалау және ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізудің іс-шаралар жоспары» әзірленіп бекітілген.

Жоспар мақсаты:Азаматтардың бойында елдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, жас ұрпақты Тәуелсіздік нышандарына кұрметпен қарауға тәрбиелеу;

Міндеттері:

- мемлекеттік рәміздерге қатысты заңнаманы бұзу әрекеттеріне жол бермеу;

- мемлекеттік рәміздерді насиxаттау мен қолдану шараларын бақылауды күшейту;

- халықтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастыру;

- xалықтың құқықтық сауатталығын арттыру;

- патриотизмді күшейту;

Жыл басында нақтыланған жоспардың мақсаты мен міндеттері бойынша шаралар уақытылы жоспарға сай атқарылуда.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті  989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Елтаңбасы. Техникалық талаптар» стандартына енгізген №1 өзгеріс жобасына сәйкес («ҚАЗАҚСТАН» жазуын латын графикасына ауыстыру бөлігі)  Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру үшін  2019 жылдың бюджетінен 298 дана сатып алуға 12 млн. 563 мың қаржы бөлінді.Қазіргі таңда Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.1000мм – 5 дана,500 мм – 73 дана Мемлекеттік Елтаңба қазіргі таңда ауыстырылды.Алдағы уақытта тағы да 500 мм Елтаңбаны сатып алуға сессияға ұсыныс берілді.

        Жалпы Шиелі ауданы бойынша МемлекеттікТуға 833дана сатып алуға 4 млн. 350 мың теңге қаржы бөлінді.Қазіргі таңда сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

        Жалпы Шиелі ауданы бойынша Қазақстан Республикасының стандартқа сайМемлекеттік рәміздерін (Елтаңба, Ту) сатып алуға мемлекеттік тапсырыс аясында 16 млн. 913 мың теңге қаржы бөлінген.

        Мемлекеттік рәміздердің бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандырылуы

              Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы жайлы жергілікті «Өскен өңір», аймақтық «Шарайна - Сейхун» газеттерінде   3рет арнайы мақалалар жарияланса, өткізілген шараларды насихаттау бағытында 7рет хабарлама, репортаждар берілді. Астана, Тәуелсіздік, әнұран туралы өлеңдер, тарихи, танымдық эсселер жазылды.

      Шиелі ауданында өткізілген  патриоттық шаралар, атап айтар болсақ,«Мемлекеттік рәміздер алаңы» ашылуы,1 маусым- Балаларды қорғау күні облыстық «Қызылорда - Қазақстан» телеарнасынан насихатталды. Облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде мақалалар жарық көрді. Әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған шаралар толық жарияланып, ақпараттандырылды.

        2018 жылы Шиелі кенті, Көкшоқы елдімекені, И.Әбдікәрімов көшесінен Мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысын салу және абаттандыруға аудандық мәслихат сессиясының шешімімен рәміздер алаңының құрылысына  31 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді. Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні  облыс әкімі Қ. Көшербаевтың Шиелі ауданына жұмыс сапарына сәйкес, «Мемлекеттік рәміздер алаңы» ашылды.

        Ал Еңбекші және Сұлутөбе тіректі елді мекендерінде Мемлекеттік рәміздер аллеясын ашуға жер учаскелері белгіленіп, құжаттары рәсімделуде.

          4 маусым – Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтанышым» атты мәдени іс-шара Шиелі кентіндегі Көкшоқы елдімекенінде орналасқан Рәміздер алаңында өткізілді.

        Шиелі аудандық  индустриалды-аграрлы колледжінде өткізілген «Рәміздерім-мақтанышым»атты салтанатты шараның аясында Отанды, туған жерді, атамекенді құрметтеуге, сыйлауға шақыратын патриоттық әндер шырқалды.

        4 – маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қастерлеп, құрмет құрсету, ұлықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін аудандағы  барлық мемлекеттік мекемелерде (мекеме қызметкерлерінің толықтай қатысуымен)     2019 жылғы 4 – маусым күні сағат 9.00-де жанды дауыста орындалып,Facebook желісіне жарияланды.

        Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының ұйымдастыруымен өткізілген белсенді қоғамдық пікір көшбасшылары, блогерлер, жастар арасындағы«Менің Туым/Мой флаг» эстафетасында біздің аудан белсенділері  өз белсенділіктерін танытты.

        Маусым айының 28-і күні аудан әкімдігінің «Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі комиссия отырысы» өткізіліп, дербес бөлімдер мен ауыл әкімдерінің баяндамасы тыңдалды, сондай-ақ оларға хаттамалық тапсырмалар берілді.

        Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы заңнама нормаларының қатаң сақталуына тиісті жұмыстар жүргізілуде.

          Кент және елдімекендердегі мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкестігі жоспарға сай тексеріліп, қолдану тәртібінің сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жасалынып отырады.

Кірушілер есебі

Бүгін73
Кеше362
Осы аптада1083
Осы айда4752
Барлығы163669

Видео ақпараттар

Scroll to top