Мемлекет басшысы Қостанай облысының жас спортшыларымен кездесті -- "Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ..." -- 09 Қараша 2017
Қызылордалық жол сақшылары әкімшілік хаттаманы енді планшетпен ... -- "Сандық жүйені дамыту аясында облыста әкімшілік ..." -- 09 Қараша 2017
Елімізде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ... -- "Еліміздің барлық өңірлерінде «Қыс-2017» ..." -- 09 Қараша 2017
5 сұрақ -- "  Ерікті зейнетақы жарналарын кім және ..." -- 09 Қараша 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Сырдария ауданы «Бірыңғай ..." -- 08 Қараша 2017
МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ ТУРАЛЫ -- "ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ..." -- 08 Қараша 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа ..." -- 07 Қараша 2017
Елбасы: Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасын ... -- "Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ..." -- 26 Қазан 2017
Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен ... -- "Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб ..." -- 26 Қазан 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Бірыңғай ..." -- 24 Қазан 2017

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

  • Инд: 120715, Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы, Майлытоғай ауылы,
  • Бейбітшілік көшесі №8.    Тел/ факс: 8-724-32-51-0-17
  • E-mail: maylitogai_2012@mail.ru
  • Майлытоғай ауылдық округінің әкімі

Майлытоғай ауылдық округінің әкімі 

Асанов Койшыбай Мадиярович 1962 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1984-1989 жылдары Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтының зоотехник мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданы 1 Май совхозында жұмысшы болып бастаған.

1990-1996 жылдары 1 Май совхозында зоотехник болып жұмыс атқарған.

1996 жылы  «Мұстафа Шоқай» кооперативінде зоотехник.

1997-2005 жылдары  «Асан» шаруа қожалығының төрағасы болып жұмыс атқарған.

 2005 жылдан осы күнге дейін Майлытоғай ауылдық округі әкімінің қызметін атқарып келеді.

  Отбасылы.

Негізгі міндеттер:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімінің өкім, шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды, орындалуын ұйымдастырады және жалпы басшылық жасайды.

2. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларды мақсатты игеруді, жасалған жұмыстарға бақылау жұмыстарын ұйымдастырады.

3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі, өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады.

4. Елді мекенді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жөніндегі жұмыстарды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

5.  Заңдарда белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер жүргізеді.

6. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады, азаматтарды шұғыл медициналық көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады.

7. Ауылдық округі әкімінің аппаратының жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу, орындаушылық, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету.

Ауылдық округі әкімі жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның сәрсенбі күні сағат 1600 – ден 1800 – ге дейін қабылдайды. 

Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

Санаты

1

Асанов Койшыбай Мадиярович

Ауыл әкімі

Сұлутөбе ауылы, Аманкелді көшесі № 6,

Үй тел:     29-1-40

Жұм.тел:  51-0-17

Ұялы тел: 8 705 247 98 88

ER-1

2

Жумабаева Меруерт Серикбаевна

Қаржы саласы жөніндегі (есепші) бас маман

Шиелі кенті,  Досбол датқа көшесі № 23,

Үй тел:     4-37-15

Жұм.тел:  51-0-17

Ұялы тел: 8 701 472 70 17

EG – 3

3

Сейтова Кадиша Газизовна

Шаруашылық есебін жүргізу, әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі жетекші маман 

Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі № 55,

Үй тел:     4-40-32

Жұм.тел:  51-0-17

Ұялы тел: 8 778 341 61 36

EG – 4

Ереже

Шиелі ауданы әкімдігінің

2012 жылғы« __ » _____________

№_____ қаулысымен бекітілген

«Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Майлытоғай ауылдық округі, Майлытоғай ауылы.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

«Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін-өзі басқару функциясына сай Майлытоғай ауылының әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосады. Майлытоғай ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастар жасай отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Мемлекеттің саясатын Майлытоғай ауылы аумағында үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау; 
2) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;

5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

6) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

16.Функциялары:

1) «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

2)Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

3) әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

4) әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

5) әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

6) аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

7) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

8) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

9) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

10) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

11) заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1)Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету

2) Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

3)- Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

4)қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

5) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

18. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Майлытоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

23) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округі әкімі басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі 

24. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Майлытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

Майлытоғай ауылдық округінің тарихы

 Майлытоғай ауылы 1930 жылдары темір жолдың шығысында «КИМ» колхозы болып құрылып, 1962 жылы бірнеше колхозды біріктіріп, ірілендіріп 1-Май совхозы болып құрылған. Соның № 4 фермасында қой шаруашылығымен айналысқан.

2005 жылы қаңтар айынан бастап Майлытоғай ауылдық округі Сұлутөбе ауылдық округінен бөлініп өз алдына құрылды. Орталығы Майлытоғай ауылы. Ауылдық округ әкімі болып Қойшыбай Асанов сайланып, жұмыс жасауда.

Ауылдық округі әкімінің аппаратында қаржы саласы (есепші) жөніндегі бас маман Жумабаева Меруерт, шаруашылық есебін жүргізу, әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі жетекші маман Сейтова Қадиша, инспектор Жандәулетова Сара, іс жүргізуші Едилова Айгүл халыққа қызмет жасайды.

Ауылдық округтің жер көлемі – 92658 га; оның ішінде елді мекеннің жер көлемі – 3517 га, егістік жері – 212 га, ауыл шаруашылық жері – 758 га, жайылымдық жері – 723 га, әр түрлі – 14594 га, босалқы жер – 73594 га.

Жанұя саны – 131 отбасы, халық саны – 754 адам. Аудан орталығынан қашықтығы 60 км, облыс орталығынан қашықтығы 68 км.

Майлытоғай ауылдық округінде Қапан Сәбиров атындағы №141 мектеп, ФАБ, клуб, кітапхана, пошта халыққа қызмет жасайды. 3 кәсіпкер шағын саудамен айналысады. Ауылдық округ аумағында 5 шаруа қожалығы мал өсіріп, егін егумен айналысады. Ауылда 1053 мүйізді ірі қара, 3967 қой-ешкі, 581 жылқы, 25 түйе бар.

Видео ақпараттар

Scroll to top