ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сілтеме бойынша әкімдіктің интернет-порталында ..." -- 10 Сәуір 2020
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020

ЖОБА

2018-2020 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы»

Шиелі аудандық мәслихатының

2017 жылғы 22 желтоқсандағы

№18/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

        

 

           «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №18/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда 6102 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы  1 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

         1) кірістер - 13 908 482 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 1 573 259 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 16 630 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 40 000 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 12 278 593 мың теңге;

         2) шығындар - 14 039 514, 9 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредит беру - 190 158 мың теңге;

         бюджеттік кредиттер - 262 224 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 72 066 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) -- 321 190, 9 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 321 190, 9 мың теңге;        

қарыздар түсімі - 262 224  мың теңге;

         қарыздарды өтеу - 72 066  мың теңге;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 131 032,9 мың теңге;

         аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес         жаңа редакцияда жазылсын.

         аталған шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес         жаңа редакцияда жазылсын.

         аталған шешімнің 7-қосымшасы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес         жаңа редакцияда жазылсын.

         аталған шешімнің 8-қосымшасы осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес         жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                                 Аудандық мәслихаттың

      сессия төрағасы                                                                        хатшысы  

 

                 

         П. Маханбет                                                                           Б. Сыздық

 

жүктеу..

Scroll to top