ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы №15/8 шешіміне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

      Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы №15/8 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы»  нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6045  тіркелген, Қазақстан  Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

       Аталған шешіммен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу  және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау» Қағидаларында:

       2-тармақтың  5) тармақшасының үшінші абзацы 5-1, 5-2, 5-3 мынадай мазмұндармен толықтырылсын:

       5-1) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 500,0 мың теңге»;

      5-2) «Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғаныс майданына қатысқан армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына                   1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке алғандағы қалаларда болған адамдарға» –                  100,0 мың теңге;

     5-3) «Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес  жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға  шалдығу,  еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан  мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдеріне (күйеулеріне)» -100,0 мың теңге.

      2-тармақтың  5) тармақшасының бесінші абзацы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:  

       «Тыл ардагерлеріне -100,0 мың теңге».

2-тармақтың  5) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:  

        «Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдану салдарынан,  яки  майданда  болуына немесе ұрыс қымылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға»  - 100,0 теңге;

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       

Аудандық мәслихаттың                                       Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы                                                               хатшысы

     

П.Маханбет                                                                  Б.Сыздық

 

 

Scroll to top