Шиелі аудандық мәслихатының аудандық және учаскелік сайлау ... -- "Шиелі аудандық мәслихатының аудандық және ..." -- 21 Қаңтар 2019
«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары -- "«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары Біз «БЖЗҚ ..." -- 18 Қаңтар 2019
Хабарландыру -- "Хабарландыру   «Шиелі аудандық ауыл ..." -- 18 Қаңтар 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 15 Қаңтар 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары -- "Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары ..." -- 15 Қаңтар 2019
Қарағандыдадағы кісі өлімі: Қашып кеткен армян азаматы Ресейде ұсталды -- "Бүгін Қазақстанның ІІМ криминалдық полиция ..." -- 09 Қаңтар 2019
Назарбаев жаңа сыртқы істер министріне тапсырма берді -- "Кездесу барысында президентке еліміздің сыртқы ..." -- 09 Қаңтар 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «25» желтоқсан ..." -- 26 Желтоқсан 2018
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ... -- "Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит ..." -- 21 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сұрақтар бойынша «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық ..." -- 20 Желтоқсан 2018

Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекеме, кәсіпорындары бойынша 2018 жылғы  12 айда өткізілген мәдени шаралардың жайлы  қысқаша мәліметі

 

2018 жылдың 22 қыркүйек күні аудан әкімі Ә. Оразбекұлының қатысуымен тұңғыш жобалар мен бастамаларды жасампаз ойларды жүзеге асыруға арналған ауданымызда «Коворкинг» орталығы ашылды. Коворкинг орталық Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасының кеңінен қанат қағуына ықпал жасайтын, жастарымыздың білімін шыңдайтын нағыз замануи білім орталығына айналмақ.«Coworking» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «бірге жұмыс істеу» дегенді білдіреді. Шиелі аудандық орталық кітапханадағы «Самғау» орталығы яғни, мобильді стандарт бойынша жабдықталған. Бұл орталық кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, шашка, дойбы ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік тудырады. Жұмыс орын интернетке қосылған компьютер (сканер, принтер, скайп, проектор, экран, маркерлі тақта, диван, стол, үстелдер) семинар, тренингтер өткізетін зал; пайдаланушылардың жайлы жағдайда тегін интернет желісіне шығу мүмкіндігі - WI-FI, караоке аймағы болмақ. Бір сөзбен айтқанда жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жалпы орталықта барлық санаттағы келушілерге жағдай жасалған. Кітап оқумен қатар кофе, шәй ішіп, мәдени демалуға барлық жағдай жасалған. Сонымен қазіргі заман ағымынан қалмай ілесіп отыру үшін кітапханадағы коворкинг-орталығы тек қана жұмыс жасайтын алаң ғана болмай, бос уақытты тиімді өткізетін және шығармашылықпен айналысатын орталық. Шараға – 42 адам қатысты.

         2018 жылдың 27 қыркүйек күні Шиелі аудандық орталық кітапханаға С.Алдашбаевтың «Жылқы жалындағы ғұмыр» кітабының аты аңызға айналған кейіпкері Ауезхан Қыдырбаев кітапханаға арнайы келіп, кітапхана қорына кітаптарды табыс етті.Қыдырбаев Ауезханның Сұңқар есімді аты Ұлы Абайдың 150 жылдығы қарсаңындағы ЮНЕСКО тойында аяғы ақсап тұрып, 40 шақырымдық, 138 сәйгүлік қосылған аламан бәйгеден төртінші келіп, шетел жеңіл автокөлігіне иеленген болатын. Бұл әңгіме әлі де аңыз болып айтылады.Кітап – ең құнды сыйлық екені белгілі. Сондықтан, осынау құнды дүниені кітапхана оқырмандары да оқысын, ішінен керегін алсын деген ниетпен табыстап отырмыз, – дейді Ауезхан Қыдырбаев. Кітап жеке адам өмірімен сабақтаса келіп, сол аңызға айналған адам жайлы, қасиетті жануар жылқы жайлы, жылқы малының аурулары, оны емдеу жолы мен ат сыны жайында кеңінен тоқталады. Кейіпкердің балалық ғұмыры,бала арманы мен қиялы,ауыл тарихы мен жер тарихы суреттелген.Ауезхан ағадан құнды жақсы кітаптарды сыйлыққа алу ерекше құрмет, өйткені, кітапты үлкен жүректі кітапхананың тағдырына бейқам қарамайтын адам сыйлайды.Кітапханаға сыйға тартқан әрбір басылым –маңызды,өйткені ол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және біздің оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.                    Шараға – 22 адам қатысты.

  

2018 жылдың 25 қазан күні кітапханамызда дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген шаралардың бір түрі «Кітапханаға экскурция», яғни "Кітапханаға саяхат" деп аталады. Бұл кезекті шарамыз ауданымыздағы Шиелі орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлеріне арналды. Мекеме қызметкерлері кітапхана мен Коворкинг орталығының жұмысымен танысты. Шараға – 11 адам қатысты.

         2018 жылдың 9-шы қараша күні Шиелі аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында Тіл мамандары мен білім саласының қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер арасында «Тілдерді меңгеру – заман талабы» - атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Қызылорда облыстық «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығының ұйымдастырушысы М. Қолғанатова, Қызылорда облыстық оқу орталығының әдіскері                  Ж. Сыздықова, Қызылорда облысының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ә.Бақытова, және Қызылорда қаласының жоғары санатты мұғалімдері - А. Тұрсынбай,                  Г. Амандықова, Ж. Қасымованың баяндамалары тыңдалды. Дөңгелек үстелде қазіргі заман талабына сай үш тілде білім беру мәселесі туралы, ана тілімен бірге орыс және ағылшын тілін бірге меңгеру қажеттігі, білім алушы жастар-мемлекетіміздің келешегі екендігі, олардың білімді, ой-өрісі кең болуы болашақ үшін маңызды екендігі айтылды. Шараға – 30 адам қатысты.

  Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін айтты. Осы орайда, 2018 жылдың 12 қараша күні Шиелі аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Достиярованың ұйымдастыруымен, кітапхана қызметкерлеріне «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» - атты түсіндірме сабақ өткізілді. Мақсаты: латын әліпбиін меңгеруге шақыру, оның оқылуы мен жазылу жөніндегі ерекшеліктерін түсіндіру, Рухани жаңғыру, латын әліпбиіне көшу – табысты ел болуымыздың кепілі екенін ұғындыру. Шараға – 14 адам қатысты.

«Өз АИТВ (ВИЧ) статусыңды біл» ұранымен өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында, 2018 жылдың 21 қараша күні Шиелі аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұловпен кездесу өтті. Шара барысында облыстағы және аудандағы індеттік ахуалына тоқталып, сипаттама жасап, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы айтылды. Шараның мақсаты - АИТВ/ЖИТС тақырыбындағы білім деңгейін көтеру, оның ішінде жастар арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Шараға – 12 адам қатысты.

         2018 жылдың 21 қараша күні Шиелі аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында Smart & Rich компаниясының менеджері, жеке кәсіпкер Сәуле Ізтілеуованың ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтілді. Өзі айналысып жүрген компания туралы                   С. Ізтілеуова: «Smart & Rich-өмірді өзгертетін, әркімге сау, рухани бай, интеллектуалды дамыған және қаржылық тәуелсіз болуға мүмкіндік беретін халықаралық компания. Біздің бірегей маркетинг жоспары Сізге үлкен жетістіктерге жету мүмкіндігін береді және біздің инновациялық оқыту Smart & Rich-те табысты бизнесті тез құруға көмектеседі!» – дей отырып, маркетингтік жоспарлары, компанияның өнімдері, жеткен жетістіктері, нәтиже көрсеткіштері туралы, компанияның лидерлері жайында айтып, компанияға тіркеліп, жетістікке бірге жетейік деп сөзін қорытындылады. Шараға – 12 адам қатысты.

  

2018 жылдың 22 қараша күні Шиелі аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында WOW CARD интернет-порталы бойынша жұмыс жасайтын компанияның Астана, Алматы қалаларынан келген менеджер өкілдері - Б. Тенелов, Қ. Сембаев,                              А. Нурханов келіп семинар-тренинг өткізді. Шара барысында компания туралы менеджерлер: «WOW CARD Интернет-порталы - 2012 жылы жұмысын бастаған және еліміздің электрондық коммерция нарығында басты орын алатын Қазақстандағы ең ірі сервис болып табылатын Қазақстанның Жаһандық дисконт жүйесі. Біздің жобамыздың мақсаты - біздің клиенттеріміз бен серіктестерімізді мүмкіндігінше бір жерде - біздің порталымыздың беттерінде біріктіру. Күн сайын біздің команда сізге тек ең жақсы және ең бастысы, бүкіл Қазақстан бойынша 99% дейінгі жеңілдікпен үлкен мәмілелер жасайды. 6 жыл бойы біз Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау, Семей, Өскемен, Талдықорған, Қызылорда және Ақтөбеде кеңселер аштық. Біздің сайтымыздың пайдаланушылары дисконттық карталарымен тауарлар мен қызметтерді нақты қолданыстағы жеңілдіктермен сатып алуға мүмкіндік алады, ал біздің серіктестеріміз жаңа клиенттерді тарту есебінен өз тауарлары мен қызметтерін сатуды арттыра алады» - деп ақпарат бере отырып, біздің сайтымызда сіздерді көруге әрдайым қуаныштымыз және тіркелуге шақырамыз! - деп сөздерін қорытындылады. Шараға – 15 адам қатысты.

         2018 жылдың 23 қараша күні Коворкинг - замануи орталығының тұрақты, белсенді келушілері № 45, № 46, № 252 орта мектеп оқушылары мен жастар ресурстық орталығының ерікті жастары келіп, шығармашылық жобалар құрып, Интернеттен ақпарат іздеп, өздеріне қажетті кітаптарды оқып, іс-шараға дайындық жасады. Қазіргі таңда Шиелі аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында күнделікті келушілер саны артуда.  Келушілер саны – 18 адам.

         2018 жылдың 26 қараша күні Шиелі аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында  Жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы - Ә. Нұрбаев,                                    № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің 9 – сынып оқушысы Г. Амангелдіқызы  келіп, 1 желтоқсан - Президент күніне орай іс-шара ұйымдастыру мақсатында караокемен ән айтып, шараға дайындық жүргізді. Қазіргі заман ағымынан қалмай ілесіп отыру үшін кітапханадағы  коворкинг орталық тек қана жұмыс жасайтын алаң ғана болмай, бос уақытты тиімді өткізетін және шығармашылықпен айналысатын алаң ретінде танымал болуда.  Келушілер саны – 2 адам.

         2018 жылдың 27 қараша күні Шиелі аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында  1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні және Шиелі ауданының 90 жылдығы мерекесіне орай  «Елбасы –елдің тұтқасы» атты мектеп оқушылары арасында суретшілер байқауы өткізілді. Байқау Шиелі ауданының Ішкі саясат бөлімі және Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен өтті. ҚР Мәдениет қайраткері Р. Ибраев пен Оқушылар үйінің көркемсурет үйірмесінің жетекшісі                                А. Ханқожаеваның төрағалығымен өткен суретшілер сайысында Бас жүлдені                        № 219 мектеп оқушысы Н.Медетов иемденсе, І-орынды № 244 мектеп оқушысы                       Г. Ибраимова,  ІІ-орынды № 219 мектеп оқушысы Н. Машрапова, ІІІ-орынды                                № 46 мектеп оқушысы Ж. Сайлаубек пен № 219 мектеп оқушысы Н.Мырзабайқызы алды. Бұл байқауға басқа да мектеп оқушылары қатысып,  бақ сынасты. Жеңгендерге заттай сыйлық пен марапаттамалар табысталса, басқа да бақ сынаушыларға Алғыс хаттар табысталды.  Шараға – 18 адам қатысты.

2018 жылдың 30 қараша күні Шиелі аудандық орталық кітапxанада "Нұр Отан" партиясы Шиелі аудандық филиалы және "Жас Отан" Жастар Қанатының ұйымдастыруымен аудандық мектеп оқушылары арасында интеллектуалды сайыс өтті. Сайысты «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет ашып беріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараға аудандағы 5 мектеп қатысып бақ сынады. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар оқушылар аудандық орталық кітапхананың COWORKING орталығына саяхат жасады. Орталықтың жұмыс барысымен таныса отырып, келушілер өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға, интернет желісі арқылы барлық ақпаратты алуға, шахмат, дойбы ойнап, кофе ішіп, демалуға жағдай жасалғандығы туралы ақпарат алды. Елбасы келер 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялағанын ескерсек, бұл секілді игі бастамалар, жастардың патриоттық сезімін қалыптастырып, білім мен өнерге деген зор ынтасын арттыра түседі деп сенеміз. Шараға – 35 адам қатысты.

2018 жылдың 11 желтоқсан күні Шиелі аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында "Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы  Шиелі аудандық филиалы бөлімшесінің басқарушысы - Р.Бердаханов, менеджер - Ф.Нурмагамбетов келіп, мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлер арасында семинар-кеңес өтті. Шара барысында банк өкілдері: «ЦентрКредит Банкінің тиімді кепілсіз кредиттері бойынша өтінім 15 минут аралығында, 5 жылға дейінгі мерзімге 7 000 000 теңге дейін несие алуға мүмкіндіктер жасалғандығын» - айтты. Сондай-ақ, жеке тұлғалар мен бизнес-клиенттерге несие алу жадынамасымен таныстырып, банктік кепілдіктер, төлем карталары, депозиттер, ақша аударымдары, қызмет көрсету сервистері туралы концультациялық кеңес берді. Шараға – 12 адам қатысты.

2018 жылдың 14 желтоқсан күні  Шиелі аудандық орталық кітапxанада облыстық "Рухани Жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен                               Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға арналған семинар-кездесу өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнын айқындайтын шаралардың үлгілері, бағдарлама бағыттары, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының жаңа жобалары, мақаланың маңызы мен Сыр өңірінде жүзеге асырылатын жобалар жайлы облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Г.Әшірбекова кеңінен әңгімелеп берді. Кітапханашылар арасында: «Бағдарламаны жаңа мазмұнда дамытудың жолы, көпшілік шараларды өткізудің тың тәсілі» - тақырыбында қызықты ой-пікірлер алмасты. Сонымен қатар, құрметті қонағымыз кітапхананың COWORKING орталығына саяхат жасап, орталықтың жұмыс барысымен танысты. Шараға – 30 адам қатысты.

Видео ақпараттар

Scroll to top