Мемлекет басшысы Еуропалық іскерлік топ өкілдерімен кездесті -- "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы бизнес ..." -- 18 Қазан 2018
ШИЕЛІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ -- "Бүгін «Алтын күз – 2018» мерекесі аясында аудан ..." -- 18 Қазан 2018
Елбасы Финляндияға ресми сапармен барды -- "Қазақстан Президенті «Nokia Corporation» ..." -- 17 Қазан 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «11» қазан ..." -- 12 Қазан 2018
«7-20-25». Мемлекеттік қызметкерлерге баспана алу үшін 1 млн теңгеден ... -- "Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «7-20-25» ..." -- 11 Қазан 2018
Елбасы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл ... -- "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы ..." -- 11 Қазан 2018
Жазушы Шерхан Мұртаза дүниеден озды -- "Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза ..." -- 10 Қазан 2018
Елбасы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды -- "5 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда ..." -- 04 Қазан 2018
БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «21» қыркүйек ..." -- 03 Қазан 2018
5 сұрақ -- "Менің әкем – мүгедек. Өздігінен жүріп-тұра ..." -- 03 Қазан 2018

Ы.Жахаев мұражайы

Директор музея  имени Жахаева

Ы.Жахаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі

Ыханова Құттықыз Шайыққызы 1962 жылы Шиелі ауданы, Нартай ауылы, Керделі ауылдық селосында дүниеге келді. 1969 жылы Нартай Бекежанов атындағы № 156 мектептің 1 сыныбына барып, 1979 жылы бітіріп шықты. 1979 – 1982 жылдары Алматы қаласындағы педагогикалық училищенің мектепке дейінгі балалар тәрбиешісі бөлімін тәмамдап, 1982-1986 жылдары «Коммунизм» колхозының комсомол комитетінің  хатшысы болып қызмет атқарды. 1991-1994 жылдары  «Қарлығаш» балалар бақшасында әдіскер,1994-1996 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс жасады. 2000 жылы Л.Н. Гумилев атындағы университеттің Қызылорда филиалына түсіп, 2003 жылы «Болашақ» университетін бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығын алды. 1996-2008 жылдары аралығында Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейінде директор онан соң 2008-2009 жылдары Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры болды. 2009 жылдың қараша айынан бастап Ы.Жахаев атындағы  күріш өсіру тарихы музейінің директоры қызметін атқарып келеді. Мәдениет саласының дамуына үлес қосқаны үшін бірнеше рет облыстық, аудандық мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған. Музейде түрлі қайырымдылық акцияларын өткізіп оған аудан тұрғындарына түрлі зергерлік және қолөнер бұйымдарын, тарихи маңызы зор тұрмыстық заттар  әкеліп музей қорына тапсыруға ықпал жасады.

Отбасылы.  

МУЗЕЙ ТАРИХЫ

Ыбырай Жахаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі 1978 жылдан 1982 жылға  дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы негізінде құрылып, Қазақ ССР Министрлер кеңеңсінің № 150-р қаулысымен 30.04.1982 жылғы жарлығымен және Қазақ ССР Мәдениет Министрінің 13 мамыр 1982 жылғы № 167 бұйрығына сәйкес Ыбырай Жахаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі болып қайта құрылды.

Музей үш бөлімнен тұрады: 1. «Сыр өңіріндегі күршітің даму тарихы». 2. «Ыбырай және оның жетістіктері». 3. «Тәуелсіздік» бөлімі.

Экспозицияда археологиялық, этнографиялық, мүсін, суреттер, құжаттар, кітаптар және қолөнер бұйымдары қойылған.

Музей қорында он мыңнан астам экспонаттар ауданымыздың құрылуы, тарихы, мәдениеті және еңбек майталмандары жайлы мәліметтер береді.

Қазіргі таңда музей қызметінде жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы өте зор. Музейде Интернетке қосылған компьютер жүйесі бар. «Музеолог» бағдарламасы жүйелі түрде жүргізілуде.

Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы  музейінің

2018  жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары жайлы мәліметі

 

                Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы  музейінің 2018 жылға жоспарланған жұмыстары, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы                               2 шілдесіндегі «тарихи,мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» және 2006 жылғы 15 желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» Заңдарына, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы аясында, облыс және аудан әкімдерінің мәдениет саласын дамыту мен тарихи-мәдени мұраларды қорғау және тиімді пайдалануға арналған түрлі бағдарламалары, Шиелі аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұйрықтары мен музейдің  Жарғысына сәйкес жүргізіледі.

Музейдің негізгі мақсатты жұмыстарының бірі музей қорын экспонаттармен толықтыру болатын болса, 9 айда  90 дана экспонат жинақталды. Музей  қорында  10612  дана экспонат бар, оның  6834  данасы негізгі қорды құраса, 3778  данасы қосымша қорды құрайды. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан аудан әкімінің орынбасарының № 01-12/273 хатына және аудандық қаржы бөлімінің №168 бұйрығына сәйкес  320 дана экспонат аудандық  өлкетану музейіне қайтарымсыз негізде берілді. Қазіргі таңда 320  экспонатқа кеміп, музей қорында барлығы 10312 экспонат, негізгі қор 6545 дана, көмекші қор 3767 дана құрайды.

    9  айда ғылыми төлқұжат толтыру жұмыстарына байланысты  190 дана экспонатқа төлқұжат толтырылды , ал музеолог  бағдарламасы бойынша 140 дана экспонат компьютер жадына  енгізілді.

Есеп беру мерзімінде музей залдары бойынша қаңтар айында  32, ақпан айында 32, наурыз айында 34, сәуір айында 47, мамыр айында 32  рет, маусым айында 30 рет, шілде айында 30 рет, тамыз айында 30 рет, қыркүйек айында 34 рет   экскурсия жүргізілді.

Мәдени іс-шараға байланысты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында музейде «Кешегі күн – бүгін тарих, келешекке аманат» атты іс-шараға Шиелі аудандық әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов, аудандық мәдениет бөлімінің  басшылары, Ы.Жақаев ауылының  еңбек ардагерлері, №149 «Қызылту» орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімдері, оқушылары, ауылдық әкімшілік, мәдениет қызметкерлері, өскен өңір газетінің тілшілері қатысты.       

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Сан ұлтқа сая болған Қазақстан» атты ауданымыздағы №252 Г.Ковтунов атындағы мектеп ұстаздары және оқушыларымен бірлесіп, іс-шара ұйымдастырылды. 

18 мамыр Халықаралық музейлер күні мерекесіне байланысты ауданымыздағы мектептердегі қоғамдық негіздегі музейлер атап айтсақ, №149, №228, № 41, №241, №244 мектептермен және ауданымызға белгілі қолөнер шеберлерімен бірлесіп «Музей – таным мен тарихтың бастау бұлағы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада қазақтың ұлттық салт дәстүрлері көрсетіліп, соңынан лоторея ойыны ойнатылды.

 

17 қыркүйек 2018 жылы Ы.Жақаев  атындағы күріш өсіру тарихы музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында міндеттерді атқару - төртінші өнеркәсіптік жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері мақсатында күзгі өндірілген өнімдерден  «Бар байлық – табиғи өнімде» атты іс-шара  ұйымдастырылды. Іс-шара аудан ақсақалдары мен қатар мәдениет, ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты. Шарада келген қонақтарға әжелерімізбен аталарымыз қауын құрт, қауын қақ және ау тоқу әдістерін көрсетті.

 Барлығы 9 айда 240000 теңге, ақылы 1606, ақысыз  5502  көрермен қамтылды.

Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейі

«Қызылорда облысының мәдениет басқармасының

Шиелі аудандық Н.Бекежановтың мемориалдық өнер музейі»

мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны

Мекен-жайы: 120709, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы,

Шиелі ауданы, Нартай ауылы, Н.Бекежанов к-сі, № 5.

Тел: (факс) 8 (724) 32-31-1-04

Музей директоры: Көшекбаев Ғабитбек Сардарбекұлы

Жұмыс уақыты: 9.00 - 19.00

Түскі үзіліс: 13.00-15.00

Демалыс күні: жексенбі

Билет бағасы: ересектерге – 120 теңге

студенттерге – 80 тенге

балаларға – 50 теңге 

НартайБекежановтыңмемориалдықөнермузейi 1990 жылысалынып, 1993 жылдың 25 қазанындапайдалануғаберiлдi. Музейқыштансалынған, екi қабатты, екi күмбездi шығысәшекейiменбезендiрiлген.

Музейдіңжалпыадамзатбаласыныңөміріндезаттықжәнеруханимәдениеттітанытуда, зерттеуменнасихаттаудаүлкенрольатқарады.

Көнезаманескерткішініңүлгі,нұсқаларынжинақтаушы,сақтаушы,насихаттаушыжәнемұралардыұрпақтан-ұрпаққажеткізеотырып, осынегіздеқоғаммүшелерінетәлім-тәрбиеберетінғылыми-мәденижәнеруханимекеме.

НартайБекежановтыңмемориалдықөнермузейоблыстықатқарукомитетiнің 1990 жылғы №23 қаулысынасәйкесҚызылордаоблысы, Шиелi ауданыНартайБекежановтыңмемориалдықөнермузейiнiңнегiзi ретiндеқұрылды.

2005 жылыН.Бекежановмемориалдықөнермузейікүрделіжөндеуденөтті.

2007 жылдың қазан айында музей залдарына рэкспозиция жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстан» залы ашылды.

Музей көлемi :

Нартай музейiнiң жалпы көлемi 384,1 шаршы метр, арнайы шығыстық әдiспен соғылған, әшекейленген екi қабатты, екi күмбездi үйде орналасқан.

Музей үйi негiзiнен 2 – қабатты көрмез алынан тұрады:

Музейдегі барлық экспонаттар саны: 15712 дана.

оның ішінде негізгі қор 9132 дана.

көмекші қор 6580 дана.

        Нартай Бекежановтың  мемориалдық өнер музейі бойынша

9  айда атқарылған жұмыстары

 2018  жылдың 1- қыркүйекке  дейiн музей қорына  15365 дана экспонат, оның негiзгiсi 8633, қосымшасы 6732 дана экспонат жинақталып қор бөлімінде сақтаулы тұр. Музей қорына жинақталған экспонаттар арнайы қораптарда, папка, конверттерде, зергерлік бұйымдар көрме залының планшеттерiнде және сейфте сақталуда.

     19 қаңтар  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нартай  Бекежановтың мемориалдық өнер музейінде қазақ халқының тұрмыстық заттары, оның ішінде әйел адамдарының ХХ ғасырдағы тұрмыста қолданылған жәдігерлерінен «Қазақ халқының тұрмыстық заттары» тақырыбында музейлік сабақ өткізілді.                                                                       

   26 қаңтар  Шиелі ауданының  90 жылдығы аясында ақын, жазушы, аудармашы      Қалмахан Әбдіқадыровтың  115 жылдығына арналған «Қарымды  қаламгер,  дархан дарын» атты еске алу ұйымдастырылды.                                                         

  12- ақпан  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясына музейдің  ғылыми қызметкерлері М. Қалтайқызы мен Ж. Утеева  Қоғам қайраткері П. Жүсіпованың   95 жылдыға  орай  «Ел анасы» және  Халық ақыны, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген өнер қайраткері Н.Бекежановтың 128  жыл  толуына орай, « Сырнай үні шарықтап көкке жетті »  атты  тақырыбында лекция оқыды.                                

                                                                                                          

   19 наурыз күні  22 наурыз мерекесіне орай №156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінде «Наурыз құт береке» тақырыбында көрме қойылды. Қазақтың салт дәстүрінен көрініс қойылды.                                                                                                                                                                          

  22 наурыз күні   Қызылорда қаласында Ұлыстың ұлы күні,  Астана қаласына 20 жыл, Қызылорда қаласына 200 жыл, Шиелі  ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік іс шара өткізілді. Осы іс шарада Шиелі ауданы ақын, жазушы, аудармашы Қалмахан Әбдіқадіровтың атынан сегіз қанатты киіз үй тігіліп, ұлттық нақыштағы этно –ауыл жасалды. Осы іс шараға Нартай музейінің қызметкерлері қатысты.                                                                                                                                                                                                                                     

                                                                                       

27 наурыз күні  26 - наурыз Халық ақыны, әнші,  Қазақ ССР-не еңбегі сіңген өнер қайраткері Нартай Бекежановтың 128  жыл  толуына орай  «Жырын әнге ту еткен -  Нартай ақын» атты  еске алу кеші болып өтті.

                                                                                            

 17  сәуір күні  Н. Бекежановтың мемориалдық өнер музейінде 18 сәуір Халықаралық  тарихи орындар мен  ескерткіштерді қорғау күніне  орай Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Шиелі ауданындағы ескерткіштермен кесенелер жайлы «Ескерткіш – елге аманат » атты танымдық  кеші болды                                                                

                                                                                           

30 сәуір күні 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінде «Қазақстан – достық пен татулықтың мекені» атты мерекелік іс шара өткізілді.                                                                                                        

                                                                             

4 мамыр күні Нартай Бекежанов атындағы мәдениет үйінде 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне орай « Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды» атты мерекелік кеш өткізілді

                                                                                        

4 маусым күні Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінде рәміздер күніне орай  іс –шара өткізілді.

                                                       

1-шілде Ұлттық домбыра күніне орай « Ән салдырып, күй шерткізген қасиетті - Домбыра » тақырыбында музей қорындағы ұлттық аспаптардан көрме қойылды.

        29 тамыз күні Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінің «Тәуелсіз Қазақстан» залына 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясының күніне орай ұйымдастырылған «Ата заңым - айбарым» атты көрме ұйымдастырылды

                                        

14 қыркүйек күні Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінде сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардан көрме қойылды                                                         

2018  жылдың  9 айда  музей қызметкерлері  56 көрме,  22 іс-шара ұйымдастырып,  304  экскурсия жүргізіліп,  7146  адам қамтылып,  47 лекция оқылды.   Ақылы қызмет  144,0  мың  теңгеге  орындалды

 

««Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі»КМҚК

Тарихи-өлкетану музейінің директоры «Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

olketanuТөребай Өсербек Тұрсынбекұлы 1983 жылдың 27-ші қазанында Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында дүниеге келген.

1989 жылы №149 «Қызылту» орта мектебінің 1-ші сыныбына барып, 2000 жылы бітіріп шықты.

2000 - 2001 жылдары Шиелі кентіндегі №11 Кәсіптік мектепте «Электрлі газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша курстық білім алған.

2001 - 2005 жылдары Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін «Бейнелеу өнері және Сызу» мамандығы бойынша бітірген.

2005 - 2007 жылдары Шиелі кентіндегі №11 Кәсіптік мектепте Арнайы пән мұғалімі болып қызмет атқарды.

2007 - 2009 жылдары Тараз қаласындағы №85395 әскери бөлімінің зенитті дивизионында взвод командирі болған.

2010 – 2012 жылдары Шиелі аудандық білім бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

2012 – 2014 жылдары Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

2012 - 2014 жылы Болашақ университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай білім алған.

2014 – 2015 жылдары Ақтөбе қаласында «Самал - Дизайн» жарнамалық мекемесінде суретші-безендіруші болып жұмыс жасаған.

2015 – 2016 жылдары Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылындағы «Алтын Дән Шиелі» шаруа қожалығында инженер қызметін атқарған.

2017 жылдың сәуір айынан бастап Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарып келеді. ҚР Қарулы күштері және білім саласында облыс, аудан және басқарма басшыларының алғыс хаттарымен марапатталған.

Отбасылы, ұл-қыз тәрбиелеуде.  

«Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

  • Мекен жайы;
  • Инд: 120700; Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Қожа Ахмет Яссауи көшесі, №105.
  • Тел.: 8-724-32-4-57-33;

E-mail: olketanu.muzei2017@mail.ru

Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Төребай Өсербек Тұрсынбекұлы

Музей директоры

4-57-33 8702-153-50-90

2

Әбуов Бекболат Темірәліұлы

Ғылыми қызметкер

8775-446-14-97

3

Есмаханова Аружан Нұрланқызы

Ғылыми қызметкер

8778-371-22-72

4

Жахаев Дінмұхамбет Сейлбекұлы

Қор сақтаушы

8747-666-48-07

5

Ханқожаев Дархан Рахманбердіұлы

Программист

8702-412-02-02

6

Мырзахметова Лаура Курбаналиевна

Есепші

8775-208-61-90

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің 2018 жылдың  III тоқсанында жүргізілген іс-шаралар

 

16 қаңтарда «Шұғыла» балалар бақшасы қызметкерлері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен музейдің көрме залында тұрмыстық заттардан көрме ұйымдастырылды.

 

 

Аудандағы Ы.Жақаев күріш өсіру тарихы және Н.Бекежанов өнер мемориалдық музейлерімен бірлесе отырып, Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз мерекесіне орай Қызылорда қаласында Қалқаман Әбдіқадыров ауылы мен этнокөрме ұйымдастырылды.

 

 

 

 

Шиелі ауданының 90-жылдық мерейтойы қарсаңында Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе отырып, Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғимаратында үстіміздегі жылдың 9-21 сәуір күндері аралығында «Сырдың сырлы жәдігерлері» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің ашылу салтанатына аудан ардагерлері мен мектеп оқушылары және көптеген тұрғындар келіп қатысты. Екі музей арасындағы мәдени-ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылған бұл шара расында музейге келушілерге рухани нәр беруімен қатар тың серпіліс алып келді. Әрбір жәдігермен танысу барысында құнды деректермен қанығып отырды.

 

 

 

 

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында және 18 мамыр - Халықаралық музей күніне орай Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі «Өткеннің қазынасы – болашаққа» атты іс-шарасын ұйымдастырды. Аталған іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен басталып, ары қарай музей көрмесін тамашалауға ұласты. Осы күні Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейнде «ашық есік» күні ұйымдастырылып, аудан ардагерлер мен ақ жаулықты апаларымыз, мектептегі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылар, балабақша бүлдіршіндері музейге ақысыз кіру мүмкіндігіне ие болды.

    

Музейдің көрме залында археолог ғалым, т.ғ.д., профессор Мадияр Елеуовтың Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейіне сыйға тартқан Сыр бойының орта ағысындағы ортағасырлық қалаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық жәдігерлерден көрме ұйымдастырылып, көрмені тамашалауға облыс және аудан халқы мен қонақтары келді. Көрмеде М.Елеуовтың өзі де қатысып, оқушылармен сұхбаттасты.

 

 

 

 

   

Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі Жастар ресурстық орталығымен бірлесе пробациялық қызметте есепте түрған және қолайсыз отбасыларда тұратын 14-29 жас аралығындағы жастар арасында біріккен іс-шара қйымдастырды.

 

 

 

   

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Нұрсұлтан Назарбаевтың 13 маусым күнгі «Ұлттық домбыра күнін белгілегені туралы» жарлығына сәйкес Қазақстанда енді шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтеді. Осыған орай үстіміздегі жылдың 27 маусым күні Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Нартай өнер мектебімен бірлесе отырып, Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында және «Ұлттық Домбыра» күніне орай «Қасиетті, киелі – қазақтың қара домбырасы» атты іс-шарасы ұйымдастырды. .

 

 

 

  

 

  

 

Маусым айында музейдің көрме залында ауданның алғашқы спорт мектебінің негізін қалаушы Ә.Алдабергеновтың және «Спорт саңлақтарының» жетістікері туралы, «Сығанақ жәдігерлері», «Қазақтың зергерлік бұйымдары», «50 жыл бұрынғы аманат», «Отан үшін от кешкендер», «Ұлттық киім үлгілері», «Ауданның алғашқы әкімі» атты тақырыптарда көрмелер қойылып, музейге келуші аудан тұрғындары мен мектеп оқушыларына ұсынылды.

     

Ү.ж. шілде айының 04 жұлдызында Еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдығына орай Салтанат сарайының ғимаратында ұйымдастырылған «Асқақтай бер! Жайнай Бер! АСТАНА!» атты іс-шарасы аясында жылжымалы көрме көрсетілді.

«Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы және «Қазақстанның қасиетті жерлеріне» саяхат бағытындағы республикалық өлкетану акциясы аясында үстіміздегі жылдың 27 тамызында Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі аудандық ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сымен бірлесе отырып Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі ғимаратында іс-шара өткізіліп, оған Ақмола облысынан 80-нен астам оқушылар мен мұғалімдер қатыстыі. Шара барысында Шиелі ауданының киелі жерлері» тақырыбында музейдің ғылыми қызметкері Б.Абуов келушілермен трейнинг өткізді.  Сондай-ақ қонақтар музейдің көрме залын тамашалады.

Үстіміздегі жылдың 25 кыркүйек пен 25 қазан аралығында Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында және Шиелі ауданының 90 жылдығына орай «Өлкенің өшпес тарихы» атты көрме өткізілуде.

   

 

      

 

     

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

         

 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top