АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ... -- "АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ..." -- 21 Қазан 2019
Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша -- "Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша ..." -- 21 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 18 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 18 Қазан 2019
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ !!! -- "Шиелі ауданы тұрғындарына! 2019 жылғы 11 ..." -- 10 Қазан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау ..." -- 10 Қазан 2019
«ӘКЕ - ЕР, АНА – ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» -- "ӘКЕ - ЕР, АНА - ЖІГЕР, БІР ҮЙДЕ ЕКІ КЕМЕҢГЕР» ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "2019 жылдың 18 қыркүйек күні Шиелі ауданы ..." -- 27 Қыркүйек 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  ҮІ  шақырылған аудандық ..." -- 24 Қыркүйек 2019
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ -- "БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 21 қыркүйек 2019 жыл ..." -- 24 Қыркүйек 2019

Шиелі ауданының 2019 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жайлы қысқаша анықтама

         БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ                                                     

         Аудандық бюджеттің кірісі 2019 жылдың 9 айында болжамдалған         14865,6 млн. теңгенің орнына 14974,9 млн. теңгеге немесе 100,7 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1390,3 млн. теңгенің орнына          1499,6  млн. теңге болып 107,9  пайызға орындалды. 

Есепті мерзім ішінде аудандық бюджет шығысы 14857,5 млн. теңгеге немесе 99,7 пайызға (болжам 14908,8 млн. теңге) игерілді.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ  ЖӘНЕ  КӘСІПКЕРЛІК

Ауданның өнеркәсіп орындары есепті мерзім ішінде 22854,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, тиісті кезеңге 103,3 пайыз. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 8287,0  млн. теңгенің өнімі өндірілді, тиісті кезеңге 119,8  пайыз.

2019 жылдың 9 айында ауданда кәсіпкерліктің 4572 субъектісі тіркеліп, онда 7836 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Индустриаландыру бағдарламасына сәйкес өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында ауданда 5 жоба жүзеге асырылуда.

  1. «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты. Қазіргі таңда зауытта 255 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. (Оның 211 қазақстан азаматы, 44 ҚХР өкілдері.)

Бүгінгі күні цемент зауытынан 91 мың тонна цемент өндіріліп, жергілікті бюджетке 54,7 млн. теңге салықтық түсімдер түсті.

  1. «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Бала сауысқандық кешенінде қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасы. Мемлекеттік қолдау ретінде Инвестициялық преференциялар алуға министрлікпен келісім жасалды. 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 611,1 млн. теңгеге 125,8 тонна аммоний метованадаты Ресей мен Ұлыбритания елдеріне экспортталды.
  2. «Тан ЛТД» ЖШС-ның жобалық құны 397 млн. теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасының қуаттылығы жылына 9 мың тонна күріш ақтау және 3 мың тонна құрама жем өндіру. Жоба толықтай іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мемлекет тарапынан Қаратау беткейінен 30 га жер телімі зауыт құрылысы үшін, ал  5 000 га жер телімі егіндік мақсатта табысталды.

«КазАгроФинанс» АҚ арқылы 5 дана аулшаруашылық техникалары сатып алынды. Қазіргі таңда кәсіпорын Ресей мемлекетінен құрама жем өндірісіне қажетті заманауи жабдықтарды алу жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар 2019 жылы 1000 га жер теліміне жоңышқа және мақсары дақылдары егілді.

  1. «Сыр Агро и К»ЖШС-нің «1200 басқа арналған тауарлы сүтфермасын құру және кеңейту» жобасы Картаға ү.ж. сәуір айында енгізілді. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Шиелі ауданынан 500 га жер телімін табыстау шешімі қабылданды. Бүгінгі күні жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ферма құрылысы 60% -ға аяқталды.
  2. «Rіno Asia» ЖШС-нің «Керамикалық плиталар өндіру зауытын салу» жобасы Картаға ү.ж. сәуір айында енгізілді. Жоба түрік «Юлдызлар СС» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Шиелі ауданынан 100 га жер телімін табыстау шешімі қабылданды.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

2019 жылдың 9 айында ауылшаруашылығы саласы 18199,7 млн. теңгенің өнімін өндірді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9  пайыз. 

2019 жылдың 9 айында ірі қара 59396 басты, уақ мал 70248 басты, жылқы 15621 басты, түйе 1504 басты, құс 27695 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 106,5 пайызды, уақ мал 109,3 пайызды, жылқы 113,8 пайызды, түйе 102,4  пайызды құрады.

2019 жылдың 9 айында тірілей салмақта 3739,4 тонна ет, 14349,1 тонна сүт, 2039,8 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет          103,3 пайызға, сүт 102,1 пайызға  орындалып  отыр.

ИНВЕСТИЦИЯ, ҚҰРЫЛЫС

2019 жылдың 9 айында негізгі қорға барлығы 33997,0 млн. теңге инвестициялық қаржы салынды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122,6 пайыз.

Жалпы ауданы 39241 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,4  пайыз.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 9 айдың ішінде 24128,0 млн теңгеге жетіп, тиісті кезеңнен 4,7 есеге артқан.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 39552 экономикалық белсенді халықтың 37615 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1937 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды.

2019 жылы 900 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімде 1143 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 127,0 пайызға орындалды.

Видео ақпараттар

Scroll to top