Бұқаралық спорт

Шиелі ауданында бұқаралық спортты және дене шынықтыру мен жоғарғы спорт шеберлігін  дамыту  бойынша

АҚПАРАТ

Бұқаралық спорт

Шиелі ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесі 26,1% пайызды құрады .  Аудан  бойынша шұғылданушылар саны – 21391 адам.

2009 жылдан бастап облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы спорт нұсқаушыларын қаржыландыру тәжірибесі енгізілген болатын. Осы орайда, облыстық бюджеттен осы жылы 12, млн.543 мың теңге бөлініп қазіргі уақытта өз жұмыстарын жасауда.

 Нәтижесінде жалпы білім беру және спорт мектептерінің спорт залдарында оқу үдерісінен тыс уақытта елді мекен тұрғындары бекітілген спорт нұсқаушылары арқылы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануда.

Қазіргі таңда ауданда 39 нұсқаушы 22 елді мекенде және кент орталығында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар санын ұлғайтуда.

Ұлттық спорт

Ұлттық және спорт түрлерін насихаттау мақсатында үстіміздегі жылдың 3айында 36 аудандық, 4 облыстық  іс-шара өткізілген. Оның ішінде көкпардан,тоғызқұмалақтан облыстық жарыс, қазақ күресінен, бокстан, отбасылық жарыстар өткізілді.  

Қазақтың ұлттық спорт түрінің бірегейі қазақ  күресінің мәртебесін арттыру, оны бұқара арасында кеңінен  насихаттау мақсатында М.Шоқай және Бала би баба атындағы республикалық жарыстар ұйымдастырылды.

Мүгедектер спорты

Ауданда  мүгедектер спорт түрлері бойынша 4 секцияда 52 спортшы шұғылданады.

2016 жылдың 12 айында аудан бойынша мүгедек спортшылар арасында 11 іс-шара өткізіліп, оған 84 адам қатысты. Облыстық мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спратакиадада аудан спортшылары жүлделі ІІ орыннан көрінді.

Жоғарғы спорт шеберлігі    

2016 жылдың  12 айында  аудан спортшылары  облыстық жарыстардан 56 алтын,   45 күміс, 71 қола алса, республикалық жарыстардан  14 алтын, 26 күміс, 43 қола, азия біріншілігінен  1 қола,   әлем біріншілігінен 1 күміс,  1 қола  медалдариеленген. Ұлттық құрама мүшелігіне барлығы – 4 спортшы енген.

Есепті кезеңде 4 спорт шебері, 18 - спорт шеберіне үміткер, 11 - І раязрядты спортшылар дайындалған. 

Ересектер арасында Ресей мемлекеті,Татарстан Республикасында өткен әлем біріншілігінде белбеу күресінен Рантаев Райымбек күміс жүлдегер атанса, ұлттық жекпе –жектен 4 спортшы Алматы қаласында өткен азия біріншілігінде жеңімпаз,жүлдегерлер қатарынан көрінді. Алмалы елді мекеніндегі ескі ғимаратты ыңғайластырылған спорт зал етіп аудандық бюджет ес ебінен қомақты қаржы бөлініп ел игілігіне берілді. Сонымен қатар Бала би елді мекеніндегі балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне ГАЗЕЛ автокөлігі, күрес, таеквондо кілемдері алынып жас жеткіншектердің жаттығыуына жағдай жасалынды.

Алда атқарылатын міндеттер:

2017 жылы бұқаралық спорттың дамуын одан әрі қарай жандандыру, сәуір айында Қазақ күресінен өтетін жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігін өз деңгейінде ұйымдастырып өткізу.

Last modified on Сәрсенбі, 05 Сәуір 2017 09:52

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін818
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1789
Осы айдаОсы айда41013
БарлығыБарлығы437171
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі