Шиелі аудандық мәдениет Үйі мен клуб кәсіпорындарының атқарған жұмыстарына талдау

2017 жылғы I тоқсанда өткізілген мәдени - көпшілік шаралары

Ақпан айының 8-ші жұлдызында Бәйгеқұм ауылдық клуб үйінде Сырдың сүлейі ақын, көптеген шығармашылықтың авторы Махамбетқали Тұрсановтың 80 – жылдық мерей тойы қарсаңында  «Нартай өнер мектебінің» ұйымдастыруымен өткен «Сымбатты сырдың жүйрігі,  Махамбетқалиі халықтың» атты кездесу кеші болып өтті. Салтанатты  кешті аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы ашып беріп, Махамбетқали Тұрсанов мерейтойымен құттықтап ыстық ықыласын білдірді. Кеште ақынның ізінен ерген шәкірттері Кенжебай Жүсіп, Рахметулла Жолтаев, Талғат Күзембаев, Ержан Әміровтер арнау өлеңдерімен  ұстаздарына тілектерін жеткізсе, «Нартай» өнер мектебінің ұстаздары мен шәкірттері Сыр сүлейлерінің жалғасы болған ақынның толғау-термелерін орындады. Кешке келген көрермендер рухани серпіліп қайтты.        

18 ақпан күні Жақаев ауылында балалар шығармашылығына арналған «Әнші балапан» атты бүлдіршіндер арасында ән байқауы  өткізілді. Байқауға кенттік «Арман» мәдениет үйі мен және  22  ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардан әр түрлі жастағы  өнерпаз бүлдіршіндер қатысып өнерлерін ортаға салды. Өнерпаздарымызды саралай келгенде оза шапқан Байсын ауылынан келген Махмуд Ерқанат бас жүлдені, Арман кенттік мәдениет үйінен Дәуренұлы Әділжан І орынды, Алғабас ауылынан Ташмухаммед Дильназ және Бидайкөл ауылынан келген Ерхан Ақботалар  ІІ орынды, Нартай ауылынан Сақтағанова Гүлсезім  және Бәйгеқұм ауылының жас бүлдіршіні Оразалықызы Мәриялар ІІІ орындарды иеленді. Байқауға қатысушы басқа өнерпаздар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарменен марапатталды.

20-ақпан күні Аудандық мәдениет үйінде облыстық ХІХ «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының облыстық іріктеуі туры болып өтті. Байқауға облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының қызметкерлері Бағдагүл Есмұрзаева мен Рамазан Таймановтар қазылық жасап, Шиелі ауданы бойынша халықтық жанр, хореография  және  эстрадалық ән салу жанрлары бойынша           21 талапкер обылыстық байқауға жолдама алды.

24 ақпан күні Нартай Бекежанов ауылдық мәдениет үйінде жергілікті әнші, сазгер, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер Әлмырза Ноғайбаевтың 70 жылдығына арналған «Әлмырзаның әдемі әндері» атты аудандық  ән байқауы өткізілді. Байқауға 11 ауылдың өнерпаздары қатысып өз өнерлерін көрсетіп оза шапқан өнерпаздар Бала би ауылынан келген Жағыпбар Айбар бас жүлдені, «Арман» кенттік мәдениет үйінің өнерпазы  Альфараби Бекарысұлы І орынды, Жиделі ауылынани Ержан Досмағанбетов ІІ орынды иеленсе,  Байсын ауылынан Олжас Үсенұлы мен Майлытоғай ауылының өнерпаздары  ІІІ орындарға ие болды. Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпан айының 24 жұлдызы күні кенттік «Арман» мәдениет үйінде «Бейбіт күннің батыр ұлдары» атты Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы ашып, ауған соғысына  қатысып ерлігін көрсеткен ағаларымызды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, елге тыныштығын тіледі. Аудан өнерпаздары патриоттық әндерді шырқап жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

28 ақпан күні Шиелі кенттік «Арман» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  «Арман – шын өнердің ордасы» атты  үйірмелердің  2016 жылғы шығармашылық есеп беру ән кеші болып өтті. Көңілді кешке келген  көпшілік көрермендер рухани демалып қайтты.

Наурыз айының бірі күні Шиелі кенттік «Арман» мәдениет үйінде Алғыс айту күніне орай «»  атты салтанатты шара өткізілді. Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы ашып беріп көпшілікті алғыс айту мерекесімен құттықтап, адамзат баласының бір біріне деген құрмет қошеметін білдірді. Салтанатты жиында әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған концерттік бағдарламамен жалғасты.

3 наурыз күні аудандық  мәдениет үйінде Жастар орталығының ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен қайырымдылық  концерті  болып өтті. Концерттік бағдарламада қайырымдылық қорына арнайы жәшігі қойылып, оған түскен қаржыны жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде берілді. Бұл концерттік бағдарламаға 20- ға жуық өнерпаздар қатысып, қалың көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

7 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі арналған «Әлдиімен әлемді тербеткен» атты салтанатты кеш болып өтті. Кешті аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы ашып, аудан аналарын төл мерекелерімен құттықтады. Аудан өнерпаздары аналар тақырыбында жазылған әсем әндерді шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 

15 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде, 1 – сәуір күлкі күніне арналған «Тамашаның» және қазақ өнерінің тарланы Мейірман Нүрекеев атындағы «Мінекей Мейірманның ізбасарлары» атты облыстық байқауының іріктеуі болып өтті.

19 наурыз күні Жөлек ауылдық мәдениет үйінде «Туған жерім-тірегім, қасиетті Жөлегім» атты мәдени көпшілік іс-шарасы өтізілді. Бұл шараның негізгі бөлімі «Тағлымы мол тарихи өлке» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция болатын. Шараны аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәтбай Тастанбек Яхияұлы және тарих ғылымдарының кандидаты Қаратаева Тәттігүл Ерсайыновалар ашып берді. Одан соң сөз кітаптың авторы Бегітай Сатаев сөз сөйлеп кітаппен таныстырып,ақиқатын арқалаған ұрпаққа ізін қалдырған бұл кітаптың оқырманы көп болсын деген тілегін білдірді. Кештің соңы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 22 наурыз күні орталық алаңда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Мәңгілік Елдің мәртебелі Наурызы» атты мерекесі аталып өтті. Мерекелік шарада Қыдыр ата мен Ұмай ана, Алдар Көсе және кернейшілер бейнесінде қойылым қойылып, мерекелік шараны аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы жиналған көпшілікті наурыз мерекелерімен құттықтап ыстық ықыласын білдірді. Орталық алаңда қазақтың ою өрнекті көптеген қараша үйлері тігіліп, алтыбақан құрылып, спорттық ойындардың бірнеше түрлері өткізілді. Мерекелік шараның жалғасы аудан өнерпаздарының  концерттік бағдарламасымен ұласып,ихалықты бір серпілтіп тастады.

23 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында Түркітілдес мемлекеттерден келген өнер ұжымдарының Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарламасы  болып өтті. Концерттік бағдарламаның ашылуын Шиелі ауданының әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы және «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілі Тұрғанбаев Асқар Әбдуалиұлы сөз сөйлеп түркі халықтарының туыстас мәдениетінің арасындағы дәнекер алтын көпіріміз ажырамысын деген ыстық ықыластарын білдіріп, жалғасы Түркітілдес мемлекеттен келген өнерпаздар аудан жұртшылығына керемет көңіл күй сыйлады.

Наурыз айының 24 күні аудандық мәдениет үйінде «Мәдениет өркенін бізбен бірге жаса!» атты клуб қызметкерлерінің  облыстық командалық байқауының іріктеуі болып өтті. Байқауға облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік  орталығының  әдістемелік бөлімнің қызметкері Зина Кенжетаева келіп қазылық жасады. Байқауға 14 ауылдық мәдениет үйлерімен клуб қызметкерлері қатысып, облысқа «Арман» мәдениет Үйі мен Төңкеріс ауылдық  клубтары жолдама алды.

29 наурыз күні ауданымызда Шиелі кенті «Береке» мөлтек ауданында жеке тұрғын үй салу үшін кезекте тұрған азаматтарға жер телімін табыстау рәсімі болып өтті. «Береке» мөлтек ауданында 9 қараша үйлер тігіліп, әр қараша үйдің тұсында әжелер ансамбльдері ән шырқап келген қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады  Бұл рәсімде облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы сөз сөйлеп, жаңадан жер телімінің құжаттарын тапсырып, оларға  құтты қоныс тілеп ыстық ықыласын білдірді. Соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.

Last modified on Бейсенбі, 06 Сәуір 2017 04:27

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін127
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6912
Осы айдаОсы айда46136
БарлығыБарлығы442294
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі