Атқарылған жұмыс

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған»  бағдарламасының жүзеге асырылуы

жайлы ақпарат

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында 2011-2016 жылдары жүзеге асырылған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы 2016 жылдың

29 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің №919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған»  бағдарламасы болып қайта қабылданды.

Бағдарламаның басты мақсаты тұрғындарды нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз ету,  жұмыссыздардың және нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылды жерлердегі санын азайту. Бірінші бағыт – бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, екінші бағыт – жаппай  кәсіпкерлікті дамыту және үшінші бағыт – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.      

Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бірінші бағытының жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бірінші міндеті аясында 200 азаматты (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, В,С дәрежелі автомобиль жүргізушісі, шаштараз және сәндік косметика, тігінші, кәсіби бала күтуші, электрик, дәнекерлеуші) мамандықтары бойынша қысқа мерзімді оқыту және қайта даярлау жоспарланып, 40 473 мың теңге бөлінді.  
Бұған қосымша, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар 75 кадрларды даярлау жоспарланып отыр.            

Бағдарламаның жаппай  кәсіпкерлікті дамыту екінші бағытының бірінші міндеті бойынша ағымдағы жылы 202 азаматты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда.

Бағдарламаның жаппай кәсіпкерлікті дамыту екінші бағытының ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау екінші міндеті аясында
220 азамат өз кәсібін ашуға несие алуға құжаттарын тапсырып отыр.Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу бірінші міндеті аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 15 132 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге  әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген аудан көлеміндегі 20 ұйым, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 60 жұмыссыз (1 мүгедек азамат) азамат  жолданды.Сонымен қатар, жұмыссыз жастарды мамандықтары бойынша жастар практикасынан өткізуге республикалық бюджеттен 34 020 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыс берушілерден келіп түскен өтінімдерге сай 42 мемлекеттік мекеме, ұйым, кәсіпорындарға 63 жұмыссыз жастар (1 мүгедек азамат) мамандықтары бойынша жастар тәжірибесінен өтуге жолданды.

Үстіміздегі жылы 575 жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау жоспарланып, жергілікті бюджеттен 32 220 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге 185 азамат (8 азамат мүгедек) ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Last modified on Сәрсенбі, 05 Сәуір 2017 11:38

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін818
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1789
Осы айдаОсы айда41013
БарлығыБарлығы437171
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі