Медиация - дауды бітімгершілікпен шешудің бірден-бір жолы

Елімізде 2011 жылдың 28-қаңтарында «Медиация туралы» Заңы қабылданып, 2011 жылдың 8-тамызында қолданысқа енгізілді.

«Медиация» сөзі Латын тілінен аударғанда - мәмілегерлік пен бітімгерлік жасау немесе делдалдық ету, ымырыласу, келісу, тараптарды өзара келістіру деген ұғымды білдіреді.

Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, Англия сот жүйесінде бітімгершілік арқылы қаралатын істер саны 50 пайызды құраса, Малайзияда 90 пайызды құрайды екен. Ал елімізде 90 пайыз іс сот шешімі арқылы шешіледі және бітімгершіліктің үлесі 10-ақ пайызды құрайды.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы өз деңгейінде жұмыс жасаған ретте даудың бітімгершілік жолмен екі жаққа бірдей тиімді шешілуіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қылмыстық құқықтағы жеңіл дәрежедегі қылмыстар бойынша жәбірленушілер мен айыпталғандардың кешірімге келуіне, қылмыстық құқықты ізгілендіруге ерекше үлес қосады деп күтілуде. Бітімшгершілік арқылы екі жақтың мәмілеге келуі – қазақтың әлімсақтан келе жатқан билер сотындағы ең тура жолдың бірі. Елдер арасындағы жер, жесір, мал дау-дамайлары қазақ билері арқылы шешілген, осының арқасында елдің бірлігі мен жердің тұтастығы сақталған. Яғни, жер дауы мен жесір дауы, құн өндіру секілді бітіспестің бітімін кесіп айтатын, толғақты дүниені тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып тарқататын бабамыздың билік жасау өнері, дау шешудің озық жүйесі «Медиация» деген ұғыммен енуде.

Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 28-қаңтарында қабылданған «Медиация туралы» Заңына кеңірек тоқталатын болсақ, Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

Медиатор – Заңның талаптарына сәйкес кәсiби және кәсiби емес негiзде медиация жүргiзу үшiн тараптар тартатын тәуелсiз жеке тұлға. Медиацияның мақсатты: дауды (дау-шарды) шешудiң медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу, тараптардың дауласушылық деңгейiн төмендету. Медиатордың қызметi кәсiби негiзде (кәсiпқой медиатор) және кәсiби емес негiзде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкiн.

Қырық жасқа толған және кәсiпқой емес медиаторлар тiзiлiмiнде тұрған тұлғалар медиатор қызметiн кәсiби емес негiзде жүзеге асыра алады және жоғары бiлiмi бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бекiтiлетiн медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенiн растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсiпқой медиаторлар тiзiлiмiнде тұрған тұлғалар медиатор қызметiн жүзеге асыра алады. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкiмдері (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының аумағында кәсiби емес негiзде медиацияны жүзеге асыратын кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi. Медиацияны кәсiби емес негiзде жүзеге асыратын медиаторлар кәсiпқой емес медиаторлар тiзiлiмiне қосылу үшiн уәкiлеттi органға: 1) жеке куәлiктерiнiң көшiрмелерiн (салыстырып тексеру үшiн жеке куәлiгiнiң түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшiрмесiн), 2) үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша наркологиялық көмек көрсететiн медициналық ұйымның медициналық анықтамасы, 3) психоневрологиялық ұйымның медициналық анықтамасын және 4) соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы қоса ұсына отырып жүгiнуге мiндеттi.

Дегенмен, мыналар медиатор бола алмайды: 1) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi және оған теңестiрiлген, 2) заңда белгiленген тәртiппен сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған, 3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын, 4) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы даудың шешілуіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға үлкен септігін тигізетін болады.

 

 

 

 

Last modified on Сәрсенбі, 21 Қыркүйек 2016 03:25

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1109
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6744
Осы айдаОсы айда61262
БарлығыБарлығы567667
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі