Адам саудасы - заман індеті

Бүгінде қоғамымызда жантүршігерлік жағдай тудырып отырған құбылыстардың бірі – адам саудасы. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, тірі тауармен айналысу пайда көру көлемі жағынан есірткі мен қару сатудан кейінгі үшінші орында екен. Яғни, тек ТМД елдерінен әйелдерді алып шығып оларды жезөкшелікпен айналыстыру мақсатын халықаралық ұйымдар катастрофтық көлемде деп есептейді. Көбіне мұндай жағдайдан өз күшімен шығу мүмкін емес.

Жақсы айлық алу, жұмыс істеу сіздің заңды құқығыңыз, алайда «майлы шелпекке» де қызыға беруге болмайды. Әсіресе шетелге жиналарда, туристік фирмалардың «тәтті» уәдісіне сеніп қалуға әсте болмайтын есте ұстау керек.

Яғни, шетелге жиналарда келісім-шарт пен өзге де құжаттарға қол қояр алдында мұқият болыңыз. Арбау түрлері:

- жоғары біліктілік талап етпей «шетелдегі керемет жұмыс» дей отыра жұмыс ұсыну, мысалы даяшылар мен бала күтушілер;

- кейбір хабарландыруларда жас және әдемі қыз-келіншектерге жақсы жалақы ұсынады, егер биші және үй қараушы болуға келіссе;

- әлеуметтік іс-шаралар мен фотоконкурстар, модельдер конкурстарын ұйымдастыру арқылы алдап, қыз-келіншектерді көндіріп жақсы жұмыс бар екеніне сендіреді;

некелік агенттіктер, кейде «пошта арқылы келіншек» немесе «халықаралық таныстық қызметі»,

Шетелдердегі тегін тағылымдамадан өту (ұйымның мекен-жайы бойынша емес).

Шетелге жұмысқа шақырғанда төмендегі іс-әрекеттерді талап етсе:

- іскерлік визаның орнына туристік виза рәсімдеуді;

- күдікті құрастырылған келісім-шартқа қол қоюды, көбіне Сізге таныс емес тілде,

- жұмысқа тұруға қолдан жасалған немесе жалған құжаттарды рәсімдеуді,

- Делдалдық қызметтерді (касса арқылы емес) және келісім-шартқа тұрмай жатып төлем жасауды Сіз күмәндануыңызға болады.

Адамды саудалау, заңсыз әкету, әкелу, одан қалса еңбегін қанап, құлдық қамытып кигізу қылмыстарының алдын алу үшін және сол тұзаққа түсіп қалмау үшін сананы улайтын жарнамаларға сеніп алданбау керек. «Қиялы жарнаманың» ақыры кейде қайғылы жағдайларға әкеліп соғып жатады. Шетелдегі тамашаға сеніп қалған жерлестеріміздің Отанына қайта алмай сорлап қалғандары қаншама. Ең бастысы өзімізге сақ болайық және әрқашан құқықтық сауаттылығымызды арттырып отыру артық етпес.

 

«Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы А.Ранова.

Last modified on Сәрсенбі, 13 Қаңтар 2016 05:54

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін818
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1789
Осы айдаОсы айда41013
БарлығыБарлығы437171
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі