«Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық- материалдық құндылықтарды

 Субсидия алушышылар

Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының, оның ішінде лизинг шартының негізінде сатып алынған көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тұқымның құнын арзандатуға (40 %-ға дейiн) бөлiнедi.

Субсидияларды алу шарттары

7. Субсидиялар Министрлікпен келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен белгілеген 1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша төленеді.
8. Субсидияларды төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:
1) дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар (күріштен, дәндік жүгерiден басқа) бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %.
Субсидиялар нормалары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың (күріштен, дәндік жүгерiден басқа) әрбір түрі бойынша олардың өңірлердегі басымдылығына қарай сараланып белгілінеді.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды (күрiштен, дәндік жүгерiден басқа) өсірумен айналасатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар сорттардың үшінші репродукциясынан төмен емес тұқымдарды себу шартымен төленеді;
2) майлы дақылдар бойынша - егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %, немесе (қолда бар қайта өндеу қуаттарына сәйкес):
eгic науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға - 50 %;
сатылған немесе қайта өңдеу ұйымдарына қайта өңдеуге өткізілген, не өзінің қайта өңдеу құрылымдарына өткізілген 1 тонна майлы тұқымға – 50% төленеді;
3) күрiш, дәндік жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, көкөнiс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi жылы өсіп жатқан көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер және картоп бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100%.
Күрiш өсiрумен айналысатын және 200 гектардан кем күріштің егіс алаңы бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, егер олар ауылдық тұтыну кооперативiне не су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативiне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50% мөлшерінде субсидия төленеді.
Күріш өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар сорттардың үшінші репродукциясынан төмен емес тұқымдарды себу шартымен төленеді;
егер олар ауылдық тұтыну кооперативiне не су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативiне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50% мөлшерінде субсидия төленеді;
6) қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша – жылыжай типіне қарай сараланған және уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен мақұлданған көкөніс дақылдарын өсіруге жұмсалған шығын нормативтеріне сәйкес, алынған өскiн қорытындылары бойынша бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша әрбiр дақыл айналымына жеке - 50 % (1 шаршы метрге өскен көшеттің кемiнде 95 %-ы).
Бұл ретте жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн (қысқы-көктемгi және күзгi-қысқы кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен 15 күнге ауытқуға жол беріледі.
Жылыжайлар типтері бойынша өнеркәсіптік жылыжай кешендері және фермерлік жылыжайлар болып бөлінеді.
Жарықты өнеркәсіптік жылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 0,5 гектар жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны қосымша ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), жарық беру, перделеу, тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақтың құрылыстар кешендері.
Жарықсыз өнеркәсіптік жылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 0,5 гектар жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны қосымша ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақтың құрылыстар кешендері.
Фермерлік жылыжайлар – жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны, жылыту және тамшылатып суару жүйесі бар үй-жай түрінде орындалған, көкөніс дақылдарын, сондай-ақ, ашық топыраққа отырғызу үшін олардың көшеттерін жыл бойы немесе маусымдық өсіруге арналған және өнеркәсіптік жылыжай кешендері үшін көзделген жабдықтармен және техникалық құралдармен жарақтандырудың техникалық өлшемдері бойынша сәйкес келмейтін қорғалған топырақ құрылысы;
7) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту (оның ішінде былтырғы жылдың күзінде) және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) – 1 гектар егіске 100 %.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.06.2015 № 4-3/553; 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрықтарымен.
9. Субсидиялар нормасы мынадай жағдайларда:
1) көкөнiс-бақша дақылдарын ашық топырақта, майлы дақылдар, дәндiк жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, картоп, қант қызылшасы мен мақтаны өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйелерiн, өнеркәсiптiк үлгiдегi сплинкерлік суару жүйелерiн қолдана отырып өсіргенде. Бұл ретте өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйесi: сорғы станциясын, гидроциклонды (немесе сүзгiш қондырғыларын), гидроазықтандырғышты, қысым реттегiштi (механикалық немесе автоматты типті), су өлшегiштi және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесiн қамтуға тиiс;
2) суармалы түрде көп жылдық және бір жылдық шөптерді, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi жылы өсіп жатқан көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді және шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көп жылдық шөптерді (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) өсіргенде ұлғайтылады.
10. Субсидиялар егiстiк жерде өсiрiлетiн оңтайлы мерзiмде себілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алаңдарына ғана төленедi.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне (бұдан әрі – субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімі) қосу үшін ұсыну мерзімдері және оңтайлы себу мерзiмдерi ғылыми ұйымдардың қорытындылары негiзiнде жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысымен субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша айқындалады.
Бұл ретте, субсидиялар облыс және республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктері бекіткен тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) ең төмен нормаларына (осы норма бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіруші шаруашылықтарға, тұқым өсіруші шаруашылықтарға таралмайды) сәйкес жоспарлы сұрып жаңартуды қамтамасыз етуге қажетті көлемде бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды және алғашқы буынды будандарды сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленеді.
11. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бөлім орналастырған өтінім қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей бөлімге өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасын бір данада ұсынады.
12. Дәндi және дәнді-бұршақ дақылдарды (күрiштен, дәндік жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бөлімге:
өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер растаған және бөліммен келісілген) көшірмесін;
ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер растаған) көшірмесін ұсынады.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмесін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және бөлім куәландырады және бөлімде үш жыл сақталады.
     
14. Қорғалған топырақта көкөнiс өсiрумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне қосу үшін өтінімде қосымша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңының қөлемі туралы техникалық паспортының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
15. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер лизинг шартының негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын сатып алған кезде субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне қосу үшiн өтінімде қосымша лизинг шартының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді. 

Р/с №

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама - заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі

 

тіркеу күні

 

атауы

 

орналасқан жері

 

мемлекеттік тіркеу күні

 

кім берді

 

2.

Жеке басын куәландыратын құжат - жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі

 

ЖСН

 

кім берді

 

берілген күні

 

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - жеке тұлға үшін

орналасқан жері

 

Тіркеу күні

 

кім берді

 

3.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі

 

кадастрлық нөмірі

 

барлық алаңы, гектар

 

Оның ішінде шабындық

 

нысаналы мақсаты

 

сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді

 

жер пайдаланушының атауы

 

4.

Тұқымдардың сорттық және егістік сапасын растайтын құжат.
Өндiрушiлер берген тұқымға аттестат немесе тұқымға куәлік (тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда–тұқымның кондициялығы туралы куәлік

құжаттың атауы

 

нөмірі

 

берілген күні

 

Тұқым өндіруші

 

Сорт

 

репродукция

 

5.

Қайта өндеуші зауытымен жасалған қант қызылшасын, (шитті мақтаны, майлы тұқымды) сатып алу-сату шарты (өндірілген қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның 1 тоннасына субсидиялар алу үшін)

нөмірі

 

өндірушінің атауы

 

салыстыру актісі

 

қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен

 

6.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт (1 тонна қант қызылшасына, шитті мақтаға, майлы тұқымға субсидиялар алу үшін)

нөмірі

 

өндірушінің атауы

 

салыстыру актісі

 

қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен

 

7.

Тауар өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісі

нөмірі

 

берілген күні

 

қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен

 

8.

Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңының қөлемі туралы техникалық паспортының (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін)

мекенжайы

 

кадастрлық нөмірі

 

түгендеу нөмірі

 

нысаналы мақсаты

 

қор санаты

 

9.

Тұқым сатып алуға арналған лизинг шарты

лизинг беруші

 

нөмірі және берілген күні

 

10.

Ауылдық тұтыну коопе-ративiнiң немесе су пайдаланушылардың ауылдық кооперативiнiң анықтамасы (бар болса)

нөмірі және берілген күні

 

кооператив атауы

 

 

 

 

 

 

 

 

Last modified on Бейсенбі, 06 Сәуір 2017 03:18

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1578
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада7213
Осы айдаОсы айда61731
БарлығыБарлығы568136
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.118.197
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі