Жуантөбе ауылдық округі

«Жуантөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

  • Жуантөбе ауылдық округі әкімі Бегайдаров Әділбек Тәліпұлы
  • Пошта индексі: 120705;
  • Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
  • Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас ауылы, Исмаилов Әзімхан көшесі №31;
  • Тел/факс: 8 (72432) 26-3-02, 26-3-03;
  • Электрондық пошта:  E-mail: zhuantode_ao@mai1.ru
 
 
Жуантөбе ауылдық округінің әкімі

Бегайдаров Әділбек Тәліпұлы 1959 жылы  13 қарашада ОҚО, Киров ауданы, Көк-су совхозында туылған. Ұлты қазақ. Білімі  жоғары. 1980-1985 жылдары Алматы Зооветеринарлық институтының зооинженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Шиелі ауданы, Телікөл қаракөл қой  совхозында  аға  жұмысшы болып бастаған.

1986-1987 жылдары Өзбек ССР, Зарбдар ауданында зоотехник, ферма меңгерушісі, сапа жөніндегі инспектор;

1987 -1989 жылдары Ленин атындағы колхозда колхозшы;

1989-1992  жылдары Ленин атындағы колхозда  зоотехник;

1992-1996  жылдары Ленин атындағы колхозда  бас зоотехник;

1997-1998 жылдары  Ленин атындағы колхозда  өндіріс бригадирі;

1998-2002 жыл аралығында «Құмжарма» шаруа қожалық бригадирі;

2002   жылдан «Қайсар» шаруа қожалығының төрағасы;

2007-2011 жылдары  «Тұлпар» ЖШС бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2011 жылдың маусым айынан Жуантөбе ауылдық округі әкімі болып қызмет  атқарып  келеді.

Отбасылы. 

Негізгі міндеттері:

            Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімінің өкілі ретінде ауылдық округ аумағында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді.       

            Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының, Президент Жарлықтары мен Өкімдерінің, Үкімет қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің және өзінің шешім,өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етіп, орындалуына бақылау жасайды.

            Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауынан туындайтын мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

            Жуантөбе ауылдық округінде тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді.              

            Жуантөбе ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін ұйымдастырады және оған тікелей басшылық жасайды. Мекеменің қаржылық мәселелері бойынша банкілік құжаттарға қол қояды. Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерін конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды.

            Азаматтарды қабылдап олардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарап олар бойынша тиісті  шешімдер қабылдайды. 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Бегайдаров Әділбек Тәліпұлы

Ауыл әкімі

26-3-03

Ұя.тел 87758494585

2

Примбетов Кайыркен Дайрабаевич

Бас маман,статист

26-3-02

Ұя.тел 87022751826   

3

Байтіков  Мұхамед Қасымұлы

Мал дәрігері жөніндегі бас маман

26-3-02

Ұя.тел 87028844354, 87770968926

4

Жаксылыкова Гулназ Маханбетовна

Жетекші маман

26-3-02

Ұя.тел 87751271516

. «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І

1.Жалпы ережелер

  1.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi  бюджеттерден қаржыландырылатын  өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік  органы болып табылады.

2.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары:

 1) «Балауса бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

             3.«Жуантөбе  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

             4.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.«Жуантөбе  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.«Жуантөбе  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.«Жуантөбе  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен  және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе  ауылдық округі, Алғабас ауылы, Ә.Исмаилов көшесі, №31.

10.Мемлекеттік органның толық атауы – «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

            11.Осы Ереже «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты  болып табылады.

12.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен   «Жуантөбе  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

            Егер «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттер

14.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

 «Жуантөбе  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін-өзі басқару функциясына сай Алғабас  ауылының әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосады. Жуантөбе ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен,  ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастар жасай отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шаруа  қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Мемлекеттің саясатын Алғабас ауылы аумағында үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық  жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

            15.Міндеттері:

            1)Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
            2)жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

3)бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

 4)Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;

5)қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

            6)өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

            16.Функциялары:

1)«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің   функциялары:

 - Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

           - әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

           - әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын      рәсімдеу  және тарату;

          -  әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

          - аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

           - аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

               - азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

           -  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

           -  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

            - заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

2) «Балауса бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) функциялары.

           - Білім беру саласында өндірістік – шаруашылық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру қызметін көрсетеді.                                                                               

           - Кәсіпорын қызметінің мақсаты бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, бағуды, күтуді және сауықтыруды қамтамасыз ету болып табылады.

           - Білім беру процесін ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне,   бейімділігіне,  қабілеттеріне,  ынталары  мен  қажеттілігіне

сәйкестігін және білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

           - Кәсіпорын мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тілін және бір шет тілін оқып үйренуді қамтамасыз етеді.

17. Құқықтары мен міндеттері:

- Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету

          - Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

          -  Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

          - қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

          - аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

3. Мемлекеттік  органның қызметін ұйымдастыру

 

18.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінде басшылықты  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19.«Жуантөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1)тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;    

2)азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
            3)салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4)әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

4-1)стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5)азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6)өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8)шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9)өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10)әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11)тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12)табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

12-1)қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13)жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14)қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1)шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15)жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17)жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18)республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

19)өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20)елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21)туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
            22)кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

23)мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық  жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24)өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Жуантөбе  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22.Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округі әкімі  басқарады.

4. Мемлекттік  органның  мүлкі

                                                                 

24.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік   (ақшалай  кірістерді  коса  алғанда)  және

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

            27.«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

           2015 жылдың 6 айында Жуантөбе ауылдық окргуі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне 32675,0 мың теңге облыстық, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Бөлінген қаржыныңбарлығы  игерілген.

Жуантөбе ауылдық округінің құрылу тарихы

           Ленин атындағы колхоздың іргесі тасы 1926 жылы қазіргі кірпіш заводы тұрған «Торанғыл Қақ» көлінің жағасында 15 үй кедей батырақтардан артель болып ұйымдастырылды. Артельдің аты «Еңбек» Артельдің бастығы Аханбасов Ақпанбет, секретары Есимов Әуез.

          Колхоз орталығы тұрған жерге 1928 жылы Құмжармада отырған кедейлерден құрамында 18 үйі бар «Қоғалы» артелі ұйымдастырылды. 1928 жылдың аяғында «Еңбек», «Қоғалы» артельдері бірігіп «Алғабас» колхозы болып ұйымдасты. Бастығы Ерсайынов Әлімбет, хатшысы Сейдахметов Жарас болды. 1930 жылы «Алғабас» колхозынан «Үлгілі» колхозы бөлініп шықты. Бұл екі колхоз «Бестам» ауылдық советіне қарады. 1934 жылы колхоз мақта егумен айналысты. Жерді ат соқа мен алғашқы келген трактормен   Укманов  Бейіс  айдады.

Трактористер -  Мөнкеев Мәлік, Әшірбеков Тұрсынбай

Колхоздың алғашқы мұғалімі - Жазықбаев Мырзабек

Шопаны - Оралбеков  Байділдә

Бухгалтері - Сейдахметов  Жарас

Ұстасы- Сержанов  Әбілдә

Комсомол ұйымының секратары - Әшіров  Әнуарбек

            Алғашқы бес жылдықта «Шиелі» каналын қазуда: Искаков Рахымбек, Жәрменова Баршагүл, Қалымбетова Ұлтай, Дәуітбаева Тоқсұлу, Нұржанов Нұғман, Назарбаев Садықбек, Тілесов Бостан, Қарғабаев Мырзалы, Сыздықова Үміт, Нұралиева Базар тағы басқалар, жұмыста нормаларын екі, екі жарым есе орындап, Социалистік жарыс көшін бастап, Стахановшылар қатарында болды. Ұлы Отан соғыс жылдарында майданға кеткен ерлердің орнын жоқтатпай  Доғалақова Мырзакүл, Әбдіхалықова Бекнұр, Дүйсенова Рәзия, Қалымбетова Ұлтай, Досова Хадиша, Әшірбекова Базкен, Жетпісбаева Бәген, Сыздықова Үміт, тағы басқа қыз келіншектер трактор  руліне отырып қажырлы еңбек етті.

           1934 жылы шопан Оралбеков Байділда  әр  саулықтан 120-155 дейін төл алып колхоз малының өсуіне үлесін қосып, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған

           1950 жылы «Алғабас», «Қызылдихан» колхоздары қосылып Ленин атындағы колхоз болып аталды.

      1966-1975 жылдары  шаруашылық  комсомол   комитетін     Мұхтарова      Рахима басқарды. Шаруашылықтағы  Жахаевшы  комсомол   күршші  қыздар бригадасының  алғашқы  ұйымдастырушысы болып  1968 жылы  орталық  комсомол  комитетінің  ескерткіш  қызылтуын  жеңіп  алды,  бірнеше медальдармен награтталған.  Аудандық  «Өскен-өңір»  газетінің  штаттан тыс тілшісі ретінде  танымал. 

      Колхоз  негізінен  егін  және  мал  өнімдерін  өндірумен  айналысып  жыл сайын жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізіп, озаттар қатарынан орын алған  бірден бір шаруашылық болып  колхоз  экономикасымен  мәдениетін көтеруге  сүбелі үлестерін қосқан азаматтардың еңбектері  үкімет тарапынан бағаланып,  орден, медальдардың иегерлері атанып, мақтау қағаздарымен бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

     Атап айтқанда:  Көшербаев Мұсахан- Ленин орденді  механизатор. Арыстанов Шамшиддин – Еңбек Қызыл Ту орденді миханизатор. Қалымбетова Нұркүл – Еңбек Қызыл Ту орденді күріш сушысы, III –ші Республикалық колхозшылар съезінің делегаты, Әбдібеков Камал   II және IІI-ші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегері,  Қайбулдаев Жорабек,  Рыспанбетов Пәтеш,  Исмайлов Әзімхан  Еңбек Қызыл Ту ордендінің иегері.

          1996 жылы ақпан айында Ленин атындағы колхоз таратылып  Ленин және  «Алғабас» өндірістік кооперативтері болып  қайта  құрылды.

          1998 жылы жекешелендіру саясатына байланысты «Алғабас» өндірістік коперативі Еңбек, Құмжарма, Игілік, Телікөл шаруа қожалықтарына бөлінді.          

       2003 жылы жоғарыдағы шаруа қожалықтары  бірігіп, «Жаңа-Бестам» өндірістік кооперативі болып ұйымдасты. 2005 жылы «Жаңа-Бестам» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі болып аты өзгертілді. Қазіргі орталығы Алғабас   ауылы   Жуантөбе   ауылдық  округі.

Шаруашылықты әр кезеңдерде  төмендегі  білікті  азаматтар  басқарды.

Атап айтқанда:

-          1926-1935 жылдары   Аханбасов  Ақпанбет

-          1935-1937 жылдары   Әшіров  Дінше

-          1937-1941 жылдары   Қалқаев Шайық

-          1942-1944 жылдары   Қожахметов Ерзақ

-          1944-1955 жылдары   Ботабаев  Қожахмет 

-          1956-1958 жылдары   Әлсейітов  Әбдікәрім 

-          1958-1975 жылдары   Исмайлов  Әзімхан

-          1975-1980 жылдары   Рахметов Мұханбетжан

-          1980-1991 жылдары   Апбасов  Төлес

-          1991-1993  жылдары  Әбішев   Сайлаубай

-          1993-1998  жылдары  Қалымбетов  Шайзатхан

           Шаруашылықты басқарған Әлсейітов Әбдікерім  Шиелі-Алғабас жолы және Алғабас ауылы көшелерінің жобаларының  алғашқы қалыптастырушысы болса, Исмайлов Әзімхан шаруашылықтың жоғарғы жетістіктерге жетуі негізінде 1971 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутатат болып сайланды. 

      Сонымен қатар шаруашылықтан  кезінде есімі Республикаға  белгілі

қоғам қайраткері,  техника  ғылымдарының докторы,  профессор,  Халықаралық  инженерлік  академияның  және  Қазақстан  Республикасы  инженерлік  академиясының  академигі,  Қазақ  КСР құрылыс  материалдары  өнеркәсібінің  министрі  болған  Пәрімбетов  Беркімбай,  биология  ғылымының  кандидаты  Сейдахметова  Ажар, тарих ғылымының  кандидаты  Қорқыт  Ата  атындағы  ҚМУ-дің  оқытушысы,  доцент  Сәтпаев  Дастан  шыққан.  

           Шаруашылықтың экономикасы мен мәдениетін көтеруде Ауылдық совет атқару кеңестерінің зор үлестері болды. Алғашқы ауылдық  кеңестің төрайымы Жәрменова Баршагүл болса, кейінгі жылдары төмендегі азаматтар мен азаматшалар осы салада басшылық қызметте болды.

-          Алтынбеков Дүйсенбай

-          Бәйімбетова Шәрі

-          Рүстемова Төлеукүл

-          1982-1986 жылдары Қалдыбаев Шәмет 

-          1986-1993 жылдары Дүрімбетова Қазима                                                                                           

     1993 жылы желтоқсан айында Қазақстан республикасы халық депутаттары жергілікті кеңестерінің өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтату туралы заңға сәйкес Жуантөбе ауылдық кеңесі таратылып,  1994 жылы Жуантөбе ауылдық округі село әкімшілігінің алғашқы әкімі болып Дүрімбетова Қазима тағайындалды.

-1995-1996, 2002-2005 жылдар аралығында Қошқаров Балтабай

-1996-2002 жылдың қараша айына дейін Нұртазаев Асылбек

-2005-2010 жылдың мамыр айына дейін Гаухар Құлмырза Бекмұрзақызы

-2010-2011 жылдың маусым айына дейін  Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлы   

-2011 жылдың маусым айынан Жуантөбе ауылдық округі әкімі болып  Бегайдаров Әділбек Тәліпұлы сайланып, қызмет атқарып келеді.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін135
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6920
Осы айдаОсы айда46144
БарлығыБарлығы442302
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі