Жиделіарық ауылдық округі

Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

          

  • Мекен-жайы:
  • Инд: 120709    Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылы, М.Мәметова көшесі № 22 
  • Тел/факс 8-724-32-5-28-93
 

 

 Жиделіарық ауылдық округінің  әкімі

  Жолдасов Ғалым Ерғараұлы 1966 жылы 06 тамызда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жиделіарық ауылында дүниеге келген. 1973 жылы № 206 «Жиделіарық» орталау мектебінің      1-сыныбына қабылданып, 1981 жылы бітірген.

1981-1984 жылдар аралығында №11 кәсіптік мектепті техник мамандығы бойынша бітірдім.                            

1984-1986 жылдар аралығында отан алдындағы борышымды өтедім.        

1986-1989 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Индустриалды  Педагогикалық Техникумды бітірдім.          

2000-2003 жылдар аралығында Қызылорда қаласы,   Қорқыт Ата атындағы университетті бітірдім.  

1989-2000 жылдар аралығында №206 «Жиделіарық » орта мектебінде мұғалім,  

2000-2005 жылдар аралығында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,  

2007 - 2013 жыл  аралығында  №206 «Жиделіарық» орта мектебінің директор қызметін атқардым. 2013 жылдан бастап  Жиделіарық ауыл әкімі қызметін атқарып келеді.     

Аудандық , облыстық мақтау қағаздарымен марапатталған, Қазақстан Республикасының  білім беру ісінің құрметті қызметкері.

   Негізгі міндеттері:

 1. Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулыларының облыс, аудан әкімінің өкім, шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды, текесрілуін ұйымдастырады. Жалпы басшылық жасау. Құпия іс-қағаздармен жұмыс.Ауыл әкімі аппаратының жұмысының сапалы жүруін ұйымдастырады. Ауыл әкімінің аппаратында қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау.

2. Ауылдық округ аппаратының тиімді жұмыс істеуіне, мамандардың  нәтижелі қызмет жасауына бақылау жасап отыру.

Жиделіарық ауылдық округі әкімі аппараты

Р/с

Аты-жөні

қызметі

Мекен-жайы

Телефон

1

Жолдасов Ғалым Ерғараұлы

Ауыл әкімі

Жиделіарық ауылы,Есабыз ата көшесі №

5-28-93 жұмыс

50-2-14 үй

2

Күзембай Әлиасқар

Өтепбергенұлы

Бас маман

Жиделіарық ауылы, Ж. Жабаев көшесі № 5

5-28-93 жұмыс

8701

3

Қалиев Қанатбеқ Өміртайұлы

Жетекші маман

Шиелі кенті Ш. Уалиханов № 9

5-28-93 жұмыс

4-29-93 үй

 

 

«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І 

І. Жалпы ержелер 

1. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзірет шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару саласында (ларында) басшылықта жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылдық округі, Жиделіарық ауылы; индекс: 120709

10.Мемлекеттік органның толық атауы- «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

 

11. Осы Ереже «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

Функциялары, құқықтары мен міндеттері 

14.«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып, жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігіне сәйкес тиісті әкімшілік аумақтық әлеуметтік –экономикалық дамуына үлес қосады.

Мемлекет саясатын тиісті әкімшілік аумақта үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, аумақтың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған стратегиялық жоспарды іске асыруға қол жеткізуді мақсат етеді.

 

15. Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

2) жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

3) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;

5) қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтау;

6) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескерту принциптерін ұстану.

 

16. Функциялары:

1) «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындалуын қамтамасыз ету.

2) сыбайлас жемқорлық көрністерімен күресу, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын-алу.

3) ауылдық округ әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және хат хабарларды өңдеу;

4) ауылдық округ әкімі өткізілетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс материалдарын, хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

5) ауылдық округ әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

6) аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

7) аудан әкімдігін аудандық және облыстық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

8) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

9) жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарау;

10) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

11) заңдарға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

 

2) ведомстолардың функциялары:

 

17. Құқықтары мен міндеттері: 

1) Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындалуын қамтамасыз ету.

2) әкімнің жұмысын ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық техникалық қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау;

4) Қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтау;

5) аудан әкімдігін аудандық және облыстық бағдарламалардың, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету. 

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

18. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімінің өкілі ретінде тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

2) Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындалуын қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауынан туындайтын мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді;

4) Сыбайлас жемқорлық көрністерімен күресу, сыбайлас жемқорлық фактілерінің аклдын- алу;

5) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық (қалалық) әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

6) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

8) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

9) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

10) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

11) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

12) ауылдық (селолық) округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

13) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

14) өз құзреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

15) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

16) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

17) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

18) қылмыстық –атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік –құқықтық көмек көрсетеді;

19) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

20) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

21) шұғыл медициналық көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

22) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

23) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

24) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

25) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

26) өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

27) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

28) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп–ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

29) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

30) өз құзіреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

31) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

32) Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерін конкрустық комиссияның ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды және заңдылықтарға сәйкес қызметтен босатады;

33) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктер жүзеге асыруы мүмкін;

34) ауылдық округ әкімі өзінің құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, аудандық мәслихаттың алдында жауап береді.

«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкесоны алмастыратын тұқлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Жиделіарық ауылдық округінің әкімі басқарады

4. Мемлекеттік органның мүлкі 

24.«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 

27. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.

В 1988 году был создан аульный округ Кердели. В нее входили ауылыЖиделиарык, Енбекши, Улгили. Первым председателем был Бопаев Сыздык в 1929 году. В каждом колхозе было от 25 до 40 домов. С 1943 года началась реорганизация хозяйств.

В 1974 году с целью развития животноводства от колхоза «Коммунизм» отделяется колхоз «Енбекши». В те же года колхоз «Коммунизм» занимался растениеводством и скотоводством. Тогда работали 2 производственные бригады в колхозе «Жиделиарык», 2 производственные бригады в колхозе «Коммунизм» и одна бригада садоводства.

С января 2005 года реорганизовался аульный округ «Жиделиарык». Жиделиарык расположен на северо-западном регионе Шиелийского района. Общая площадь 2753 га, из них 518 га распределено на скотоводство, на посев 1060 га.

От районного центра до аульного округа расстояние 22 км. По масштабу общая площадь аула «Жиделиарык» - 727 га. В нем проживают 189 семей, и в шести улицах. Имеются 147 крестьянских хозяйств.

В основном население аульного округа занимается скотоводством и земледелием.

В средней школе № 206 «Жиделиарык» обучаются 198 учеников. Из учителей работают 50 человек. Работает медпункт на оздоровление населения аульного округа. Также в центре аула на улице Окшы-Ата расположена мечеть «Жиделиарык». Аульный клуб и библиотека работают на благо жителей аула.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1121
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6756
Осы айдаОсы айда61274
БарлығыБарлығы567679
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі