• Пошта индексі: 120713;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы , Байсын  ауылы , С.Асанов  көшесі №1
  • Тел/факс: 8 (72432) 50-0-34

Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі


Қазыбай Мейірхан Ахметұлы 1957 жылы 20 тамызда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын ауылында туылған. Ұлты қазақ. Білімі   жоғары.1974-1979  жылдары Алматы қаласындағы «Алматы  технологиялық және жеңіл өнеркәсіп»  институтының  «Астық сақтау  және өңдеу» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы «Қызылорда астық қабылдау және өңдеу комбинаты» Аға мастер болып бастаған.

1980-1982 жылдары «Шиелі астық қабылдау пунктінде» аға инженер

1982-1995 жылдары  «Ы.Жахаев атындағы колхозда аға агроном №3 комсомол жастар өңдірістік бригадирі»

1995-1997 жылдары  «Иіркөл ауылдық округі Жаңатұрмыс ұжымында» Бас агроном

1997-1998 жылдары «Байсын өңдірістік коорпоративінде» бас агроном

1998-1999 жылдары «Иіркөл» шаруа қожалығында  бас агроном

1999-2002 жылдары «Шиелі аудандық ауылшаруашылығы басқармасында» бас агроном

2002-2004 жылдары Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бас агроном

2004-2006 жылдары Шиелі аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде егін шаруашылығы бас маманы

2006-2009 жылдары Шиелі аудандық аумақтық инспекциясында мемлекеттік тұқым инспекторы

2013-2015 жылдың наурызына дейін Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында тұқым шаруашылығы жөніндегі инспектор

2015 жылдың наурыз айының 30 – нан бастап «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі» қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

 Негізгі міндеттері:

1.Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі ретінде ауылдық округі аумағында жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының Президент Жарлықтарының, жоғары тұрған өкімет пен басқару органдарының құжаттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

3.Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына жәрдемдеседі.

4.Азаматтардың өтініштері, арыз шағымдарын және үндеулерін қарайды.

5.Қазақстан Республикасының  «Жер Кодексіне» сәйкес ауылдық округі аумағында жер пайдалану мәселелерін шешеді. Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады.

6.Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

7.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі.

8.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен   өзара іс-қимыл жасайды.

9.Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады, көлікті және инженерлік инфрақұрылым объектілерін пайдалануды ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде су пайдалану мәселелерін реттейді.

Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның жұма күні сағат 16-00 ден 18-00 ге дейін қабылдайды. 

«Жаңатұрмыс  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 

Құрылымы :

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

1

Қазыбай Мейірхан Ахметұлы

Ауылдық округ әкімі

E-R-1

Ә. Палмағанбетов № 33

54-2-46

Жұмыс.  50-0-34

2

Байкенже Серік Ахатбекұлы

Қаржы саласы жөніндегі(есепші)

бас маман

E-G-3

Байсын ауылы, Әбдімомынов көшесі 4

Үй..54-0-15

Жұмыс.  . 50-0-34

3

Аманқұлова Ажар Нұрмағамбетқызы

Шаруашылық есебін жүргізу,әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі бас маман

E-G-3

Шиелі кенті, Шыныбеков көшесі  23 

Үй..4-36-48

Жұмыс.  50-0-34

 

1. Жалпы ережелер

  1. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi  бюджеттерден қаржыландырылатын  өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
        4. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен  және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.       

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан республикасы, 120713, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі, Байсын ауылы.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты  болып табылады.

12. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге  асырылады.

13. Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен   «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

        «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін- өзі басқару функциясына сай Байсын ауылының әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосады. Жаңатұрмыс ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым қатынастар жасай отырып, салық және бюджетке төленетін баса да міндетті төлемдерді жинауға, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шаруа  қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Мемлекеттің саясатын Байсын ауылы аумағында үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық  жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

 15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;
3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң  қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының  мүдделерiн сақтау;

5) Қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

6) Өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық  пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

16.Функциялары:

1) «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  функциялары:

- Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарының,  Қазақстан  Республикасы үкіметінің, облыс, аудан

әкімдігі  қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан өкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің  орындалуын қамтамасыз ету;

- әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

- Әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын      рәсімдеу  және тарату;

-  Әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

 - аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

- аудан әкімдігін облыстың және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

- азаматтардың  құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

-  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

-  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

- заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2)  Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық  жағынан қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

4) Қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

5) Аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

   3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты  жүктелген міндеттердің  орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.         

20. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21.   «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының  өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтың бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;    

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) Әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң тарауына енгiзедi;
4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет

заңнамасына сәйкес аудан (облыстың маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) Өз  құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) аудандық  маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдық (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдың (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтың қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) Әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық   хал актiлерiн тiркеудi  ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету,  атаулы  әлеуметтiк  көмек  көрсету  жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;                

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық  көмек көрсетедi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдығ көлiк  қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстың маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiңқызметiн қамтамасыз етедi;
19) Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсiпқой емес медиаторлардың  тiзiлiмiн жүргiзедi;

23) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық  бұзушылық  жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24) Өз  құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
             22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.                

 23. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі  басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

24. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі бергенмүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.          

25. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      

 

 

 

«Жаңатұрмыс  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2016  жылдың 6 ай қорытындысы бойынша қаралған қаржы – 23 225 ,0 мың теңге.  

Есептегі жылдың 6 айына жаратылған қаржы – негізгі жалақы- 3 688,0 мың теңге, өтемақы - 803,0 мың теңге, әлеуметтік салық - 133,0 мың теңге, көше жарығына - 174,0 теңге, ақылы қоғамдық жұмыстарға - 345,0 мың теңге, өзге қызметтер мен жұмыстарға – 17 516,0 мың теңге қаржы бөлініп жаратылды.

Бюджеттің орындалуы -99,9 %.

Байсын Көлдеев қазақтың бір руына ұран болған, осы Шиелі өңірінде дүниеге келген, бүкіл түркі халқының бірлігін армандаған ұлтжанды азаматтарымыздың ірі. Қыпшақтың«Қарасары» бұтағынан өрбіген Байсын араб, орыс, өзбек тілдеріне жетік, көзі ашық адам ретінде, әсіресе Сыр бойы халқына етене таныс тұлға.

 Байсын ХІХ ғасырда өмір сүрген, кезінде Есболды, Бұдабайды көз көрген, олармен бір жүрген замандасы.

 Байсын Көлдейұлының туған жылы туралы деректер әр түрлі. Ғұлама ғалым Әуелбек Қоңыратбайұлының  еңбектерінде ол 1856 жылы туып, 1917 жылы қайтыс болған. Байсынның туған ағасы Томан Сыр қыпшақтарының батыры болған адам. Оның немересі марқұм Сыздық Ережепұлының кезінде айтқанына сүйенсек, Томан 1830 жылы туылған. Ал Байсын одан 4-5 жас кіші болған деседі.

Байсын Көлдейұлы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңы мен сексенінші жылдардың ортасына дейін Ташкентте жеті жыл Бек болып елге оралғаннан кейін Шиелі өңіріндегі елді ұйымдастырып, канал қаздырып қалайда халықты сумен қамтамасыз етуге бар күшімен өзбек ағайындардан алған тәжірибесін, білімі мен беделін жұмылдырады. Бұл өңірдегі түрлі өзен, көлдер, сулы ойпат, арналар бір-бірімен байланыспай, бастау саға болмағандықтан Сырдария суымен толықтырылмай, ел тіршілігіне, егіншілікпен түбегейлі айналысуға, табиғатының түрленуіне елеулі септігін тигізе алмай отырғандығын зерттей келіп, мұны бір жүйеге салуды көздейді. Бұл мақсатқа халықты жұмылдырып, дарияның Төменарықтан төмендеу Қызылқұмға қарай кілт бұрылатын ұрма мойнына саға салып, сол жүйені Бидайкөлге қосқан. Екі арасы жыңғылды, шеңгелді, кебірлі болып жатқан Бидайкөлге дейін жеткізілген дария суы одан әрі Иіркөл, Ақөзек, Көк иірім, т.б. ірілі ұсақты су арналарына қосылып, Жансейіт, Оқшы өңіріндегі Ызакөлге жалғастырылып, бір жүйе құрап, Бәйгеқұмға жетеді. Осы жерде үлкен жұмыс жүргізіліп, Қанқожа су қоймасы жасалынады.

            Байсынның ағасы Томан ұрпағы Елена Сыздыққызы осы жайларды баяндай келіп: «Сыр бойы халқының осынау іс-әрекеттерінің арқасында бұл өңірде табиғат байлығы – қырғауыл, қоян, түлкі, балықтыңда өте молаюына кең жол ашылған», - деп жазады.

            Әлбетте мұндағы Байсын бабамыздың еңбегі ұлан-асыр. Бүгінде Ташкент қаласында Байсын атына көше берілуіде тегін емес. Ал оның туған жері Шиеліде Байсын каналы, Байсын ауылы, Байсын көшесі болуы – бүгінгі буынның аға ұрпаққа деген құрметі мен өткен тарихымызды қастерлеуінің куәсі.

 

Ауылдан шыққан белгілі тұлғалар

 

            Көлдейұлы Байсын.  1856 – 1917 жж. Ел аузындағы деректерге қарағанда жеті жыл Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында Бек болған. Елге келген соң Сырдария өзенінің Төменарық елді мекені тұсынан саға алып Бидайкөл табанына одан әрі Иіркөл, Ақөзек, Көкиірім өзегіне қосып Шиелі өңірін суландырған.

Байсын қаздырған арна Жансейіт, Оқшы ата ескі өзегіне қосылып, Қанқожа су қоймасын құрады. Қазір Байсын атында ауыл, аудан орталығында көше, канал бар.

Сәрсенбай Оразбек. 1938 ж туылған. 1957 ж №45 қазақ орта мектебін, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет факультетін бітірген.

Шиелідегі М.В.Ломоносов атындағы №47 мектепте мұғалім, 1966 ж Республикалық «Лениншіл жас» газетінде, «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасының бас редакторы, «Өнер» баспасының директоры, 1996 жылдан «Қайнар» баспасының бас директоры.

Ол 20 - әдеби кітаптың авторы. Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы (1987 ж), халықаралық «Алаш» (1994 ж), Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарын (2000 ж) алған, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен (2000 ж) марапатталған.

             Қоныспай Қалдыбек. 1940 ж Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1961 ж Қазақтың Еңбек Қызыл ту Орденді ауылшарушылық институтын бітірген, техника ғылымдарының кандидаты, 12 әдістемелік құрал мен 6 оқулықтың авторы, 62 ғылыми мақала жазған.

            Сәрсенбаев Әбілқасым. 1955 ж  Жаңатұрмыс ауылында туылған. Білімі жоғары. 1979 ж Н.В.Гоголь атындағы көркем-сурет училищесін, 1985 ж Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы театр және көркем сурет институтын бітірген. 1988-96 жылдар аралығында №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінде және Шиелі аудандық көркемсурет мектебінде қызмет атқарған.

             1997 жылдан Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында кафедра меңгерушісі, доцент. Республикалық бірнеше сурет көрмелерінің үйлестірушісі.

 

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін130
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6915
Осы айдаОсы айда46139
БарлығыБарлығы442297
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі