Жөлек ауылдық округі

  • Мекен-жайы:
  • Инд: 120707, Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы, Жөлек ауылы,
  • Мақұлбек Рүстемов көшесі № 43.
  • Тел/факс  8-724-32-22-2-13
  • Akimat – Zholek@mail.ru
Жөлек ауылдық округінің әкімі

Сатаев Бегімтай Жұматайұлы. 20.10.1962 ж Жөлек ауылында туылған. 1969-1979 жж «Жөлек» орта мектебінде, 1981-1987жж Шымкент қаласындағы М. О. Әуезов атындағы педагогикалық институтында сурет, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі мамандығын алған. Еңбек жолын 1987 ж №152 «Жөлек» орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі болып бастап, 1998 жылдан жеке білім жетілдіру нәтижесінде информатика пәнінен сабақ берген. 2004-2006 жж директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2006-2008 жж Төңкеріс ауылдық округіне қарасты №158 мектепте директор,  2008- 2009 жж Жөлек ауылдық округінің әкімі, 2009–2010жж білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 2010-2013 жж аудандық «Сыр ұланы» лагері мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры, 2013 жылдың тамыз айынан Жөлек ауылдық округінің әкімі қызметін атарады.. Осы жылдары  Аудандық «Жыл мұғалімі» байқауының лауреаты, облыстық «Шебер ұстаз» байқауының жүлдегері, Қ.Р. Білім, ғылым және мәдениет министрлігінің Құрмет Грамотасымен, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының алғыс хатымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, мерекелік төс белгілермен,облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.

 Негізгі міндеттер:

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің өкілі ретінде ауылдық округ аумағында жалпы мемлекеттік саясатты іске асырады, аймақ мүдделерінің жалпы мемлекеттік мүдделерімен орайлас келуін қамтамасыз етеді.

Аумаққа жалпы басшылық етеді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына сай келешек округтегі елді мекеннің даму Бағдарламасын әзірлеуге, іске асыруға басшылық жасайды. Аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындайды, босатады, олардаң қызметіне басшылық жасайды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады, халықты жұмыспен қамту жөніндегі орталықпен жүргізілетін жұмыстарға, тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсету, әлеуметтік қолдау, жылжымайтын мүліктерді зерделеу, кәсіпкерлікті қолдау, шағын несие орталығы жұмыстарын үйлестіру, келісім-шарттар жасайды.

Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау және жеке қабылдауды жүзеге асыру.

Жөлек ауылдық округі әкімі аппараты

Мемлекеттік қызметшінің

аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы,

үй және қызметтік телефоны

Санаты

Сатаев Бегімтай Жуматаевич

Ауыл әкімі

Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданы №10 жұмыс тел: 22-2-13, сот 87054023593

E-R-1

 

     

Ибатаев Мырзахан Изалиевич

 Әскери есеп жөніндегі бас маман

Жөлек ауылы,Бабабек Есенов көшесі №20

 үй тел:22-1-24

 жұмыс тел: 22-2-13

сот: 87029025200

Е-G-3

Жетпісбаева Гүлжайна Кендебайқызы

  Қаржы саласы жөніндегі (есепші) жетекші маман

Жансейіт ауылы, Иманжүсіп көшесі № 4  үй тел: 52-5-35 жұмыс тел: 22-2-13

сот: 87789265104

Е-G-4

Примбетова Назерке Апбазовна

Жетекші маман-заң қызметкері

Шиелі кенті, Есенбайұлы көшесі №1үй тел 4-44-67, жұтмыс тел: 22-2-13,

сот 87027717472

Е-G-4

 

 

 

 

 

 

Шиелі ауданы әкімдігінің

« __ » ____________ 2012 жылғы

№_____ қаулысымен бекітілген

«Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан республикасы, 120713, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылдық округі, Жөлек ауылы.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері 

14. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

«Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін- өзі басқару функциясына сай Жөлек ауылының әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосады. Жөлек ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым қатынастар жасай отырып, салық және бюджетке төленетін баса да міндетті төлемдерді жинауға, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Мемлекеттің саясатын Жөлек ауылы аумағында үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау; 
2) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;
3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;

5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

6) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

16.Функциялары:

1) «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

- Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан

әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

- әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

- әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

- аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

- аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

- азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

- жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

- азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

- заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2) Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

4) Қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

5) Аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

18. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Жөлек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет

заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

23) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Жөлек ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Жөлек ауылдық округі әкімі басқарады.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі 

24. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жөлек ауылының қысқаша тарихы

Жөлек – Сырдария өзенінің бойына Маңғол шапқыншылығынан кейін, яғни Сырдария (Яксарт) өзені Қаратау етегінен ағып қазіргі Ақ өзек, Көк үйірім атанып жүрген, өзек бойынан асқаннан кейін барып орналасқан ежелгі қыпшақ қонысы. 1861 жылы Ташкент хакімі Қанат шах осы қыпшақ ауылына басып алып, бұрынғы қоқан хандығы кезінде созылған кішігірім қорған орнына бекініс соқты. (Академик В.В. Бартольд 2 том “Түземдік орыстардың жаулап алуы жайлы естелігіндегі” молда Қали-бей Мәмдетовтың қолжазбасынан). Қыпшақ ауылы дария жиегіне қоныс тепкен-ді, осы ауыл арқылы Бұхараға баратын хан жолы өтетін, жол иегінде ылау ұстайтын керуен сарайы болған. 1861 жылдың күзіне салым патшалық Россияның армиясы бұл ауылды басып алғаннан кейін, орыстар келіп қоныстана бастады.

П.Иванов дейтін орыс байы кірпіш заводын, наубайхана салдырды (“П.И” деп таңбаланған күйген кірпіштерді қазіргі “Үш молда” аталатын жердегі құралған мешіттің орнынан кездестіруге болады). Қазақ жеріне келіп, жаңадан қоныстана бастаған орыстар енді бұл ауылды қоқандықтар шахан жолын иектей жүргендігінен “жол иелігіндегі ауыл” деп атады. Бұл бірте-бірте “Жолиек”, кейін “Джулиек” атанды. Қазіргі Жөлек ауылының аталуы осылай шыққан.

1853 жылы патшалық Россияның отарлаушы әскері Сыр өңіріндегі ірі қаланың бірі Ақмешіт шаһарын басып алды. Сырдария облысындағы бірінші орыс мектебі 1860 жылдың 22 қаңтарында, Ақмешітте 14 сәуірде ашылды. Арада бірнеше жыл өткеннен кейін Жөлектегі орыс-түземдік мектебі жанынан интернат ашылды. 1911 жылдары бұл мектепте Бабабек Есенов, Сейділда Әбдірахманов деген кісілер сабақ берді. Бір кездері екі-үш бөлмелі үйге орналасып, 20-25 орыс қазақ баласын қамтыған бұл училище қазір үлкен орта мектепке айналған.

Комуна 1932 жылы “Верный путь”, “Социолизм” колхоздары қосылып, “Социолизм” колхозы атанды. Ал 1950 жылдан бастап “Социолизм” колхозы “Сталин” колхозымен бірігіп “Сталин” колхозы атанды.

1960 жылы “Қызыл-қайың” савхозымен “Сталин’ колхозы бірігіп “Сырдария қаракөл қой” савхозы болып құрылып, 1994 жылы “Сырдария ұжымы” болып өзгертілді. Бұрынғы Жөлек ауыл советі 1994 жылдан бастап Жөлек ауылдық округі болып құрылып, бүгінгі күнге дейін Жөлек ауылдық округі болып жұмыс атқарып келеді.

Жөлек – 19 ғасырдың 1 жартысында Сырдарияның оң жағасында салынған қорған. Қазіргі Шиелі ауданы Бәйгеқұм темір жол станциясының маңында, Қоқан ханы Омардың тұсында (1809-22) Сырдарияның төменгі ағысы бойын жаулап алу мақсатында іргесі қаланған. Ресей әскерлерінің шабуылынан соң, 1856 жылы бейбіт тұрғындар қорғанды тастап кетуге мәжбүр болды. Жөлекті Ресей әскерлері 1861 жылы жаулап алды. Сол жылы Сырдарияның оң жақ жағалауынан, қорғаннан 1,5 шақырымдай жерден №3 флотилия, пошта бөлімі, т.б. құрылыстар бой көтере бастады, бірақ су тасқынының салдарынан құрылыстар аяқталмай қалған. Жөлек қорғанының 1866-71 жылдар аралығында түсірілген фотосы “Түркістан” альбомында жарияланған.

Жөлек - Шиелі ауданындағы ауыл, ауылдық округтің орталығы. Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, Сырдария өзенінің аңғарындағы қамыс, әр түрлі сораң шөптер өскен шалғынды, саздақ топырақты шөлді белдемде орналасқан.

Халық саны 2011 жылға 1850. Іргесі 1943 жылы қаракөл қойын өсіретін “Сырдария” кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан “Жөлек” акционерлік қоғамы, шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Жөлек – Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы село. Аудан орталығы Шиелі поселкасының батысында 32 км Сырдарияның оң жағасында, Бәйгеқұм темір жол станциясынан 4 км. Халқы 1,4 мың (1970). Жөлек – Сырдария бойындағы ежелгі қыпшақ ауылы. Дарияны шеткей жол өткендіктен алғаш “Жолиек”, кейін “Джолиек”, “Джулиек” аталып, ақыры “Жөлек” болды. 1929 жылы Жөлекте “Күрішші” коммунасы ұйымдасып, ол 1932 жылы “Социализм” колхозы атанды. Қазір Жөлек “Сырдария” қаракөл совхозы мен ауыл Советтің орталығы. Жөлекте аудандық аңшылар қоғамының бөлімшесі, жөндеу шеберханасы, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттың бөлімшесі, орта мектеп, мәдениет сарайы, кітапхана, аурухана т.б. бар. Жөлек Шиелімен, Қызылордамен және Бәйгеқұм темір жол станциясымен автомобиль жолы арқылы байланысады.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1649
КешеКеше1823
Осы аптадаОсы аптада2967
Осы айдаОсы айда44252
БарлығыБарлығы492217
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.136.26
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі