Телікөл ауылдық округі

«Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Пошта индексі: 120717;
Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

Ә.Тәжібаев ауылы, Доспан Шайық көшесі №3
Тел: 8 (72432) 5-06-92


Телікөл ауылдық округінің әкімі
Негізгі міндеттері:         

  Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының, Президент Жарлықтары мен Өкімдерінің, Үкімет қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің және өзінің шешім,өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етіп, орындалуына бақылау жасайды.

Телікөл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін ұйымдастырады және оған тікелей басшылық жасайды. Мекеменің қаржылық мәселелері бойынша банкілік құжаттарға қол қояды.Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерін конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды.

Өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік жәнен әскери қызмет,азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жер қатынастарды реттеуді жүзеге асырады, қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады, елді мекенді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді, елді мекенді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Азаматтарды қабылдап олардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарап олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.

Ауылдық округі әкімі  жеке  азаматтарды әр аптаның  жұма күні сағат  15-00 ден 19- 00-ге дейін қабылдайды.

Құрылымы

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

Санаты

1

Әшір Сайлау Жұматұлы

Ауылдық округі әкімі

Ә.Тәжібаев ауылы,Ә.Тәжібаев көшесі №29

Дом-5-09-29

Раб 5-06-92

Сот.87015899772

E-R-1

2

Сапарова Гульжахан Данаевна

Ауылдық округі әкімінің аппаратының шаруашылық есебін жүргізу, әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі  жөніндегі бас  маманы

Ә.Тәжібаев ауылы,                   Т. Жұматов көшесі №54

Дом.5-09-17

Раб-5-06-92

Сот.87022621029

ЕG-3

3

Жумабекова Гульнара Жумакельдиевна

Ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы, заң қызметкері.

Ә.Тәжібаев ауылы, Қ.Әбдіқадыров көшесі№28

Раб 5-13-07

Сот.87757015359

ЕG-4

 

«Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 1.    Жалпы ережелер

 

1. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары:

1) «Ақбесік бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

3. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес   жүзеге асырады.

4. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.   «Телікөл    ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.   «Телікөл     ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі   егер   заңнамаға   сәйкес   осыған   уәкілеттік   берілген   болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.   «Телікөл    ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі   өз  құзыретінің  мәселелері  бойынша  заңнамада  белгіленген тәртіппен «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты»    мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен  және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген  басқа да актілермен ресімделетін  шешімдер қабылдайды.

8. «Телікөл   ауылдық  округі   әкімінің  аппараты»   мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.  Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Телікөл   ауылдық округі, Ә.Тәжібаев ауылы, Доспан Шайық көшесі, №3.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11.  Осы  Ереже  «Телікөл  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12.    «Телікөл  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесі   қызметін   каржыландыру   Республикалық   және    жергілікті бюджеттерінен,   Қазақстан   Республикасы   Ұлттық   Банкі   бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13.   «Телікөл  ауылдық округі  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесіне   кәсіпкерлік  субъектілерімен «Телікөл     ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14.  «Телікөл  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

«Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін-өзі басқару функциясына сай Ә.Тәжібаев  ауылының әлеуметтік - экономикалық дамуына үлесін қосады. Телікөл ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастар жасай отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Мемлекеттің саясатын Ә.Тәжібаев  ауылы аумағында үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

15.Міндеттері:

1)   Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

                                              3

2)  жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық  және  инвестициялық саясатқа  сай  келмейтін  шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

3) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

4)  Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;

5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтау;

6)    өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстану.

16. Функциялары:

1)    «Телікөл  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесінің функциялары:

- Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету,   іс қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

-  әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

-   әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

-   аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

-    аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

-   азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

-    жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

-    азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

-    заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

2)  «Ақбесік бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - Кәсіпорын) функциялары.

-  Білім беру саласында өндірістік - шаруашылық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру қызметін көрсетеді.

-  Кәсіпорын қызметінің мақсаты бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларды  тәрбиелеуді,   оқытуды,   бағуды,   күтуді   және   сауықтыруды қамтамасыз ету болып табылады.

- Білім беру процесін ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, бейімділігіне, қабілеттеріне, ынталары мен қажеттілігіне сәйкестігін  және  білім  беру  процесі  кезінде  балалардың  өмірі  мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

- Кәсіпорын мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды,  сондай-ақ орыс тілін және бір шет тілін оқып үйренуді қамтамасыз етеді.

17.    Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету

2) Әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

4)қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтау;

5) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

3.    Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесінде басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19.  «Телікөл   ауылдық   округі   әкімі   аппараты»   мемлекеттік мекемесінің   бірінші   басшысын   Шиелі   ауданының   әкімі   қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты»                                                                                          мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының                                       заңнамасына сәйкес    қызметке    тағайындалатын    және    қызметтен                                                                                          босатылатын орынбасарлары жоқ.

21. «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1)   тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық (қалалық) әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік

     органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2) азаматтардың  өтініштерін,   арыздарын,   шағымдарын  қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; 

3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

4)    әкім    аппараты    әкімшісі    болып    табылатын    бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5)  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  Қазақстан  Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

6)   өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ   аудандық   маңызы   бар   қалаларда,   кенттерде,   ауылдарда (селоларда),   ауылдық  (селолық)   округтерде   автомобиль   жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

9)  өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы   мәселелер   бойынша   Қазақстан   Республикасы   заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

10) әділет       органдары       жоқ       жерлерде       Қазақстан Республикасының заңдарында   белгіленген   тәртіппен   нотариаттық   іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

11) тарихи   және   мәдени   мұраны   сақтау  жөніндегі   жұмысты ұйымдастырады;

12)  табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

13)  жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

14)   қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

15)  жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

16)   шаруашылықтар   бойынша   есепке   алуды   жүзеге   асырады;

17)   жергілікті  бюджетті  бекіту  (нақтылау)  кезінде  қала,  аудан (облыстық   маңызы   бар   қала)   мәслихаты   сессияларының   жұмысына қатысады;

18)  республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие  беретін және  оқытатын ұйымдардың,  мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

19) өз   құзыреті   шегінде   елді   мекендерді   сумен  жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

21)   туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

22)   кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

23)  мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24)    өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25)  Қазақстан   Республикасының   заңнамасына   сәйкес   басқа  да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23.  «Телікөл   ауылдық   округі   әкімінің»   аппаратын  Қазақстан Республикасының     қолданыстағы     заңнамасына     сәйкес     қызметке тағайындалатын   және   қызметтен   босатылатын   ауылдық   округі   әкімі басқарады.

4. Мемлекеттік органның  мүлкі

 

24.   «Телікөл  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Телікөл   ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған  меншік  иесі  берген  мүлік,  сондай-ақ  өз  қызметі  нәтижесінде  сатып   алынған   мүлік  (ақшалай   кірістерді  қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Телікөл ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26.  Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Телікөл    ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Телікөл  ауылдық округі  Шиелі ауданындағы Ә.Тәжібаев елді мекенін қамтиды.

Ә.Тәжібаев  ауылы іргетасын 1940 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауынан  қоныс аударғандар қалаған. Бұрынғы  атауы «Қызылдихан» ауылы. 2003 жылдан бастап ауылға  ақын, драматург, жерлесіміз Ә.Тәжібаевтың аты берілді.

1975  жылға дейін Ленин  атындағы  колхоз бөлімшесі болған.

1975   жылдан бастап   «Қызылдихан», «Ақтоған»  елді мекендері  негізінде құрылған «Телікөл» қаракөл қой совхозының орталығы.

Телікөл  ауылдық Кеңесі 1975 жылы «Қызылдихан» және «Ақтоған»елді мекендері негізінде құрылған. Телікөл  ауылдық  округі 1997 жылы таратылып, 2001 жылы  қайта құрылды. 

2005 жылдың басында ауылдық округке қарасты «Ақтоған » елді мекені негізінде Ақтоған  ауылдық округі құрылып, бөлініп шықты.

Қазіргі уақытта Ә.Тәжібаев  елді мекенінде орта мектеп, балабақша, ауылдық клуб, дәрігерлік амбулаториялық емхана, кітапхана, пошта  бөлімшесі  халыққа қызмет етеді.

Ауылшаруашылығы  саласында 1 ЖШС, 22  шаруа қожалығы жұмыс істеуде.

2005 жылдың 21 қаңтарынан осы кезге дейін Әшір Сайлау Жұматұлы ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін816
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1787
Осы айдаОсы айда41011
БарлығыБарлығы437169
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі