Тартоғай ауылдық округі

«Тартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

  • Пошта индексі: 120717;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы , Тартоғай ауылы , Ш. Есенов  көшесі № 4
  • Тел/факс: 8 (72432) 28-1-02
  • Тартоғай ауылдық округінің әкімі

 

Сүйіндік Досмат Исахайұлы 1966 жылы 12 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Бәйгеқұм» ауылында дүниеге келген. 1984-1986 жылдары Укринада әскери борышын старшина шенінде өтеп қайтқан. 1987-1992 жылдары Қызылорда агро-өнеркәсіптік инженерлер иститутының гидромилорация факультетін,2007 жылы ҚР Алматы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын тамамдаған.1992жылдан -2012 жылдың 14 тамызына дейін бастап ішкі істер органдарындағы қызмет жасаған.  «Казвторчермет» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы қызметін, 2013 жылдың қыркүйегінен бастап «Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесінде «Құқықтану» пәндер бірлестігінің оқытушысы болып қызмет атқарған. 2014 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Тартоғай ауылдық округі әкімі қызметін атақарып келеді. Отбасылы Жұбайы Айхан екеуі 3 ұл   3 қыз 5 немере тәрбиелеп отыр. 

 Негізгі міндеттері:

Тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді. Жоғарғы органдардан, облыс әкімі аппаратынан, аудан әкімінен келіп түскен тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Азаматтардың өтініш, арыз, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады.Ауылдық округте орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады. Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының,  Заңдарының, Қазақстан Республикасы мен Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің жиналуына жәрдемдеседі. 

Ауылдық округі әкімі жеке және заңды тұлғаларды  әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері сағат 15-00-ден  17- 00.

Құрылымы :

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

Санаты

1

Сүйіндік Досмат Исахайұлы

Ауылдық округ әкімі

Тартоғай ауылы, Ә. Молдағұлова көшесі  №20/2

Жұмыс тел: 28-1-02

 сот: 87776637000

Е-R-1

2

Ахметов Акылбек Журсинович

Шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі Бас маман

Тартоғай ауылы, М.Маметова көшесі № 3.

Үй тел: 28-1-52

Жұмыс тел: 28-1-02

сот: 8 705 232 02 74

Е-G-3

3

Оспанова Кызжан Шарбековна

Әскери есепке алу және жастар ісі жөніндегі бас маман

Тартоғай ауылы, М.Маметова көшесі № 5.

Жұмыс тел: 28-1-02

сот: 8 705 530 23 65

E-G-3

4

Адилов Сансызбай

Алмасович

Жетекші маман-заң қызметкері

Тартоғай ауылы, К.Байсейітова көшесі  № 33

Жұмыс тел: 28-1-02

Үй телефоны: 28-1-96

 

E-G-4

5

Бос орын

Қаржы саласы жөніндегі (есепші)жетекші маман

Тартоғай ауылы, М.Ғабдуллин көшесі  № 54

Жұмыс тел: 28-1-02

Үй телефоны: 28-1-96

 

E-G-4

 

 

                                                                                       

 

 

 

                                                                                                

«Тартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І

 

І. Жалпы ережелер

 

1. «Тартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін өзі басқарудың  жекелеген фукцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген,тісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өз саласында басшылықты жүзеге асыратын  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары:

1) «Құлагер бала бақшасы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны.

3. «Тартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін  Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.

         

 5. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

7. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мемкемесі өз қзіетінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен«Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлектеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

 8. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің  құрылымы мен штат санының лимитін  қолданыстағы заңнамаға сәйкес  бекітіледі.

 9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шелі ауданы Таотоғай ауылдық округі , Тартоғай ауылы, Ш.Есенов көшесі №4

10. Мемлекетік органның толық атауы - «Тартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты»     мемлекеттік мекемесі.

11.Осы ереже «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қажыландыру Республикалық бюджеттерінен, Қазақстан Републикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады. 

 2. Мемлекеттік органның миссиясы ,  негізгі міндеттері функциялары мен құқықтары мен міндеттері

 

14. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы :

«Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіе кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін-өзі басқару функцясына сай Тартоғай ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосады.Тартоғай ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен,ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастар жасай отырып, Ауылдың экономикасынң дамуына,әлеуметік,экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық жоспарды ске асыруға қол жеткізбекші.

15. Міндетері:

1) Қазақстан Республикасының Консттуциясын және заңамасына сақтау;

2) Жалпы мемлекеттік ішкі әне сыртқы саясатқа,оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келметін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

3) Бырыңғай еңбек нарығын, Капиталды қалыптастыруға,тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бырыңғай мәдени және ақпаратық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына  кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына  жол бермеу;

4)  Қазақстан Республкасының ұлтық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;

5) Қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлеекттік стандартарды сақтау;

6) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстану;

16) Функцялары:

1) «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:      

         -  Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

           - әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

           -  әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын  рәсімдеу  және тарату;

           - әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

           - аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

           - аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

           - азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

           -  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

           -  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

           - заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

2) «Құлагер бала бақшасы » мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ( бұдан әрі –Кәсіпорын) функциялары.

         -Білім беру саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асырады.Кәсіпорын  қызметінің негізгі мән мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру қызметін көрсетеді.

        -Білім беру процесiн ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдiстердiң және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, бейiмдiлiгiне, қабiлеттерiне, ынталары мен қажеттілiгіне сәйкестігін және  бiлiм беру процесi кезiнде балалардың және мектепке дейiнгi ұйым қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

        - Кәсіпорын, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту стандартына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тiлiн бiлу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тiлін және бiр шет тілін оқып-үйренуді қамтамасыз етедi.

17) Құқықтары мен міндеттері:

   - Қазақстан Республикасының Заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарынның, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс ,аудан әкімдігі қаулыларының ,сондай-ақ, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

   - Әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық  және материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету;

  - Қазақстан Республикасының Констиуциясын және заңнамасын сақтау;

  - қызметтік қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтау;

 - аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерімен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;         

  

4. Мемлекетік органның  қызметін ұйымдастыру

 

18. «Тартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесі басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуна және оның функцияларын жүзеге асруға дербес жауапты болатын бірнші бсшы жүзеге асырады.  Аппаратты мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асыратын ауылдық округтің әкімі басқарады.

20. «Тартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесі бірінші басшысының

 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21.  «Тартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесі бірінші басшысының

өкілетілігі:

 1) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылануына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтармен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

6) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің  ауылдың ( селоның ) округтің коммуналдық тұрғын үй қорының  сақталуын,сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде ауылдарда (селоларда)  ауылдық (селолық)  ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

9) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

10) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

13) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

15) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

16) шаруашылықтар бойынша есепке  алуды жүзеге асырады.

17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) қала, аудан, (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) Республикалық маңызы бар қалада, астанада облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқыттатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамсыз етеді.

19) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

21) ) туысы жоқ адамдарды  жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

22)  Кәсіпқой емес медиаторлардың тізімін жүргізеді.

 23) мекеме  қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық  бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша  дербес жауаптылықта болады;

24)  өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады:

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшысы өз қызметкерлерінің өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

23.   . «Тартоғай ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округі әкімі басқарады. 

3.Мемлекетік органның мүлкі

 24. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының Заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/ коммуналдық меншікке жатады.

26.  Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.  

 

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

           27. «Тартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін  қайта  ұйымдастыру  және  тарату  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.        

Тартоғай ауылдық округі, Тартоғай ауылының қысқаша тарихы.

 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы аумақтық әкімгершілік құрылымы туралы» Заңының 11- бабына сәйкес «Тартоғай» ауылдық округі болып құрылды.

Тартоғай ауылдық округінің жер көлемі -338,8 мың га, 463 отбасы тұрады.

Халық саны– 2503 адам, оның ішінде қазақ- 2495 адам, азербайжан ұлтының өкілі-8.

Округте «Тартоғай кірпіш зауыты» ЖШС, «Аққұм» ш/қ, «Молдаш» ш/қ, «Нұрбек», «Мажиханов» ш/қ  жұмыс  жасайды.

1967 жылдың қазан айына дейін Шиелі ауданы аталып, осы жылы қазақ елінің аудандарын ықшамдағанда Сырдария ауданы деп аталып, 1997 жылдан бастап қайтадан осы күнге дейін Шиелі ауданына қарасты, өзіндік орны бар елді мекеннің бірі – Тартоғай ауылы болған.

Тартоғай ауылы Сырдария өзенінің оң жағалауында Самара-Шымкент трассасының яғни, Ұлы Жібек жолының бойында, Орынбор-Ташкент теміржолының жағасында орналасқан.

2014 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Тартоғай ауылдық округі әкімі қызметін осы кезге дейін Сүйіндік Досмат Исахайұлы  атқарып келеді.

 

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1113
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6748
Осы айдаОсы айда61266
БарлығыБарлығы567671
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі