Төңкеріс ауылдық округі

 «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

  • Пошта индексі: 120714;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Ш. Қодаманов ауылы;
  • Тел/факс: 8 (72432) 33-1-87;
  • Электрондық пошта:  E-mail: атunkeris@mail.ru

Төңкеріс ауылдық округінің әкімі

 

Әшірбеков Мұрат Шайтмағанбетұлы 1973 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1990-1995 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың «Еңбек ҚызылТу» орденді ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Шиелі ауданы, Төңкеріс колхозында колхозшы болып бастаған.

1996-2000 жыл аралығында осы ауылда колхозда есепші қызметін атқарған. 

2000-2003 жылдары кіші агроном қызметін атқарды.

2003-2007 жылдар аралығында  Төңкеріс ауылында «Қаптағай-К» ЖШС өндіріс бригадирі қызметін атқарған. 

2007-2010 жылдың шілде айына дейін Шиелі кентінде «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Шиелі аудандық филиалының фитопатологы қызметін атқарды.

2010 жылдың тамыз айынан Төңкеріс ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

Негізгі міндеттері:                       

1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің,  аудан     әкімінің   өкілі ретінде тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

2) Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындалуын қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынға дәстүрлі Жолдауынан туындайтын мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді;

4) Сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын-алу;

5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

6) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
7) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

8) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

9) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;
10) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
11) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
12) ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

13) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

14) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

15) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық  iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
16) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
17) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

18) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

19) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
20) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

21) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

22) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
23) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
24) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

25) мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

26) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

27) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

28) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
29) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

30) өз құзіреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

31) мекеме қыметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

32) Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерін конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды және заңдылықтарға сәйкес қызметтен босатады;

33) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктер жүзеге асыруы мүмкін;  

34) ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихаттың алдында жауап бередi. 

Құрлымы

Мемлекеттік қызметшінің аты –жөні

 

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

Санаты

Әшірбеков Мұрат Шайтмағанбетұлы

 

Ауыл әкімі

Ш.Қодаманов ауылы,

Молжігітов көшесі №29

үй:33-2-90

қызм:33-1-87

ұялы тел: 87757981209

Саяси

Мұсаев Кенжебай Қарынбайұлы

Мал дәрігері жөніндегі бас маман

Ш.Қодаманов ауылы, Ш.Уалиханов көшесі №23

Үй: 53-0-22

қызм.33-1-87

ұялы тел: 87753952807

E-G-3

Аскаров Нурлан Султан

Жетекші маман

Жер қатынастары

     маманы

Ш.Қодаманов ауылы,

Молжігітов көшесі №29

үй:33-2-90

қызм:33-1-87

ұялы тел: 87779169584

E-G-4

Орынбаева Светлана Амангелдіқызы

Жетекші маман

        заң қызметкері

Ш.Қодаманов ауылы, Ш.Уалиханов көшесі №16

Үй: 33-2-71

қызм.33-1-87

ұялы тел: 87773606538

E-G-4

Қалдыбек Есенбек Абдухаиымұлы

 

 

Жетекші маман

   статист

Ш.Қодаманов ауылы,

Абай көшесі №5

Үй: 33-3-58

қызм.33-1-87

ұялы тел: 87022734542

E-G-4

Кенжебаева Элмира

Амантайқызы

 

 

жетекші маман

      есепші

Молжігітов к/сі №16

Үй: 33-2-48

Қызм:33-1-87

Ұялы тел:8-775-119-58-72

E-G-4

Ағман Гүлзира Мырзаханқызы

 

 

 

Жетекші маман

 салықшы

Қылышбаев к/сі №16

Үй: 33-3-19

Қызм: 33-1-87

Ұялы тел:8-701-859-19-18

E-G-4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шиелі ауданы әкімідігінің

2010 жылғы «30» сәуірдегі

№ 1027 қаулысымен бекітілген

«Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І 

І. Жалпы ережелер 

1.1. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылатын «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты» (әрі қарай - аппарат) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзірет шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.

1.2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Аппарат заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.

Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Аппараттың егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

1.4. Әкім нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

1.5. Аппараттың құрылымы мен шекті штат санын аудан әкімдігі бекітеді.

1.6. Аппараттың толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде – Государственное учреждение «Аппарат акима

Тункерисского аульного округа».

1.7. Аппараттың заңды мекен-жайы – Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылдық округі, Ш. Қодаманов ауылы, индекс: 120714.

1.8. Аппараттың құрылтайшысы Шиелі ауданы әкімдігі болып табылады. Аппаратты құру туралы акті мен осы Ереже аппараттың құрылтай құжаттары болып табылады.

1.9.Аппарат жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

 

2. Аппараттың қызметі, негізгі міндеттері мен құқықтары 

2.1. Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырады.

2.2. Аппараттың негізгі міндеттері мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2) әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

3) әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

4) әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

5) аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

6) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

7) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

8) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

9) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

10) заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

 

3. Аппараттың мүліктері 

3.1. Аппараттың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Аппараттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі қорлар мен құны аппараттың теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

3.2. Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

3.3. Аппараттың өзіне бекітілген мүлікті дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Аппаратқа мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдармен аппарат билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері белгіленеді. 

 

4. Аппараттың қызметін ұйымдастыру 

4.1. Аппаратты мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асыратын ауылдық округтің әкімі басқарады.

4.2. Әкім аппараттың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз қызметін жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.

4.3. Ауылдық округтің әкімі осы мақсатта:

1) аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңдарға сәйкес аппараттың қызметкерлерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және тәртіптік жаза қолданады;

3) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

4) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

6) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

7) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылануына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

8) азаматтармен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

9) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

10) ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

11) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

12) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

13) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

14) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

15) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

16) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

17) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

18) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

19) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

20) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

21) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

22) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

23) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

24) ауылдық (селолық) округ әкімі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді;

25) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

26) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. 

 

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату 

5.1. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2. Таратылған мекеменің мүлкі заңнамалармен белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган арқылы бөлінеді.

 Төңкеріс ауылдық округінің тарихы

Төңкеріс ауылы - Қызылорда  облысының  Сырдария өзенімен Қаратау жотасы  аралығында орналасқан  Шиелі  ауданының   шығысындағы  8 км жерде орналасқан,  бұрыңғы Төңкеріс колхозы,  кәзір 1997 жылы аудандық ономастикалық комиссия мәжілісі  қаулысы негізінде аудан әкімінің № 577 шешімімен  Төңкеріс ауылы Қодаманов Шегеннің   аты беріліп,  Ш.Қодаманов ауылы болып аталды.

Төңкеріс колхозы  1929 жылы 17 шаңырақтан құралған. Осы ауылда  туып өскен  Қорғанбаев  Нұртайдың ұсынысымен колхоз - «Төңкеріс» болып  аталды. Колхоз жоғарыда айтып кеткендей 17 жанұядан  тұрды. Осы колхоз мүшелері   шамаларының келгенінше мүшелік жарналар төлеп,  үйді –үйден жинап,барлығы  12 ат, 35 өгіз, 200 кг бидай, 100 кг тары жиналып, алғаш рет тауық фермасы  құрылды. 1929 жылдың сәуір  айына дейін қолдан ағаш, темір соқалар дайындалып атты, өгізді  пайдалана отырып 32 гектар жерге күріш, 17 гектар жерге бидай егуге  қол жеткізілді.

1969 жылы 1000 гектар күріш егіліп, әр гектардан колхоз бойынша  
42 центнерден өнім жинап, облыста бірінші болып   40 000 центнер астықты  мемлекет   қоймасына өткізіп, облыстық ауыспалы Қызыл Туды  жеңіп алып,  Төңкеріс колхозының  аты  Қазақстанның   Алтын кітабына жазылды. Сол сияқты бұл ауылдан  еңбекпен аты шыққан  Ленин орденді  Қалмағанбетов Әлтай, қос Ленин орденді, аты Қазақстанның  Алтын кітабына жазылған   Дүйсеков Ертіш,  қоғам   қайраткері  Қодаманов Шеген, халық қалаулысы болған   Тұрсынова  Қалияш Динқызыдары шыққан ауыл.

1978 жылы Керделі ауылдық советінен  Төңкеріс ауылдық советі болып бөлініп шыққан.  Ауылдық округте   кәзіргі таңда 510 отбасында 3125 халық тұралы. Халқының ұлттық құрамы біріңғай қазақтар. Жер көлемі барлығы -11252 га. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жері -10228 га. 1 заңды тұлға,19 шаруа қожалықтары ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысады.

Елді мекенде 620 орындық № 158 қазақ орта мектебі, 90 орындық «Ақ бота» бала бақшасы, аудандық әуез  мектебінің филиалы, «Ш.Қодаманов» ЖДЕ–сы, клуб үйі, кітапхана, пошта  - байланыс торабы,  байланыс бөлімі, дәріхана, «Жанат», «Ынтымақ», «Шұғыла», «Бауыржан» т.б  дүкендер халыққа қызмет көрсетеді.

Сол сияқты «Найман-Арық» СТК–сы, «Сыр-Арна» СПК-сы, 
2 заңды тұлға, 26 шаруа қожалықтары тіркелген. «Парманқұл халфе» атындағы мешіт, «Бәйтерек» жастар  қоғамы жұмыс істейді.

 

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1121
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6756
Осы айдаОсы айда61274
БарлығыБарлығы567679
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі