Сұлутөбе ауылдық округі

  • Мекен-жайы: Инд:120715. Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылы, Ғ.Мұратбаев көшесі №14 ,
  • жұмыс Тел /факс 29-1-70.
  • Электрондық пошта: E-mail: akimat.sulutobe@mail.ru

 

Маматов Кажденбек Угизбаевич 1964 жылы 04 қыркүйекте  Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1981 жылы еңбек қызыл ту орденді Қарағанды политехникалық интитуты түсіп 1989 жылы таукен инженерлік мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981-1982 жылдары Жезқазған невтебазасында электрослесар болып бастаған.

1982-1983жылдары Никкольский қаласындағы ПАТП урпавлениесінде автослесарь

1983-1985 жылдары Ақтөбе облысы Емба -5 қаласында ВЧ-34020 машина жөндеу ротасында әскер қатарында болған.

1986-1987 жылдары Жезқазған қаласында ПАТП автотресінде автослесарь.

1987-1989 жылдары Жезқазған қаласында слесарь.

1989-1991 жылдары Қызылорда қаласында АЦТО-да автослесарь.

1992-1994 жылдары Сұлутөбе ауылында «Өтеген» ЖШС-да жүргізуші.

1994 жылы Құмкөл басқармасында механик.

2000 жылы Шиелі аудандық жұмыспен қамту орталығында есепке тұрды.

2000-2005 жылдары Қызылорда қаласы жылу орталығында аға механик

2008-2010 жылдары Қызылорда қаласы Қызылордасантехмонтаж ЖШС-да бөлім басшысы, мекеме басшысы.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Сұлутөбе ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

Негізгі міндеттер:

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің өкілі ретінде жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Конституциясының, ҚР «Әкімшілік рәміздер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Еңбек туралы», «Нотариат туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін білу, ҚР «Тіл туралы» заңдарының шегінде қайшы келетін өкім, шешімдердің күшін жояды, ішінара өзгерістер енгізе алады. Ауыл әкімі аппаратының комиссияларының жұмыстарына басшылық жасайды, аппараттың қаржы мәселелерін шешеді. ҚР 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының орындалуын қамтамасыз етеді. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын сараптау, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ауыл әкімі аппаратының қызметкерлеріне басшылық жасайды, кадр мәселелерін шешеді. 

Құрылымы

 

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы үй және қызметтік телефоны

1

Маматов Кажденбек

Угизбаевич

Ауыл әкімі

Сұлутөбе ауылы Сырдария көшесі №29 жұм.29-1-70

2

Кенжалин

Наурыз

Үсенғазыұлы

Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі          бас маман

Сұлутөбе ауылдықокругі

Сырдария көшесі №28 жұм.29-1-70.үй          29-1-24

3

Еспанова Кенжегүл

Дүйсенқызы

Шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман

Сұлутөбе ауылы М.Тоқмағанбетов көшесі №25 жұм.29-1-70.үй 29-1-14

4

Оразбеков

Үсен

Нұрғазыұлы

Жетекші маман заң қызметкері

Сұлутөбе ауылы

Сырдария

көшесі №26 жұм.29-1-70.үй 51-0-09

5

Нұрғалиева

Лаззат

Шамтайқызы

Жер  қатынастары жөніндегі жетекші маман            

Сұлутөбе ауылы

Сарышығанақ

көшесі №29 жұм.29-1-70.үй 51-0-03

6

Үсенова

Жанар Батырханқызы

 Қаржы саласы жөніндегі (есепші)жетекші маман

Шиелі кенті Т.Жүргенов көшесі №38 жұм.29-1-70

7

Бегляров

Жасұлан

Сұлтанмахмұтұлы

Салық жинауды есепке алу жөніндегі жетекші маман

Сұлутөбе ауылдық округі Бірлестік ауылы Болашақ

көшесі № 3, жұм.             29-1-70

8

Пейішбеков Нұрлыбек

Қорғанбекұлы

Әскери есепке алу және жастар ісі жөніндегі жетекші маман

Сұлутөбе ауылы

Тәуелсіздік

көшесі № 12 жұм.29-1-70.үй 29-1-13

 

 

 

Ереже

«Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

 1. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзіреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергiлiктi мемлекеттiк басқаружәне саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

1) «Раушан бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

3. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 4. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, Сұлутөбе ауылы, индекс 120715.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 14. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

«Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып, жергілікті басқару өкілеттігіне сәйкес тиісті әкімшілік аумақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосады. Мемлекет саясатын тиісті әкімшілік аумақта үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, аумақтың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық жоспарды іске асыруға қол жеткізуді мақсат етеді.

 15.Міндеттері:

 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

 2) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;

5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

 6) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

16. Функциялары:

1) «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

 -Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

 - әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

 - әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

 - әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

 - аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

 - аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

 - азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

 - жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

 - азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

 - заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

2) «Раушан бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) функциялары.

- білім беру саласында өндірістік – шаруашылық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру қызметін көрсетеді.

 - кәсіпорын қызметінің мақсаты бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, бағуды, күтуді және сауықтыруды қамтамасыз ету болып табылады.

 - білім беру процесін ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, бейімділігіне, қабілеттеріне, ынталары мен қажеттілігіне

сәйкестігін және білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

- кәсіпорын мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен

дамытуды, сондай-ақ орыс тілін және бір шет тілін оқып үйренуді қамтамасыз етеді.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету,

 2) әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

 3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

 4) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

5) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

 7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

 11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

 12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

 14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

 16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

 17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

 22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

23) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округ әкімі басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 24. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 27. «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Сұлутөбе ауылдық округі темір жолдың 50 шақырымдық Бірқазан мен Тартоғай станциясы аралығында, батысы Сырдария өзенінен басталып, шығысы Сарысу өзенінің жоғарғы жағындағы Жезқазған облысымен шектеліп, 300 км. жер аралығында орналасқан. Жер көлемі 653891 гектар, халық саны -3792. Ұлттық құрамы: қазақтар – 3779, орыстар – 10, азербайджан-1 татар-1 қытай-1

Бүгінде Сұлутөбе ауылдық округінде 3 елді мекен орналасқан. Сұлутөбе, «1-май», Бірлестік ауылдарында 3 қазақ орта мектебі бар. Сұлутөбе ауылында 1 спорт мектебінің филиалы, 1 балабақшасы, 1 аурухана, 1 емхана,1мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 байланыс бөлімшесі қызмет атқарады. «1 –май» елді мекенінде 1 дәрігерлік пункт, 1 кітапхана қызмет атқарады. Бірлестік елді мекенінде 1 дәрігерлік пункт және 1 кітапхана қызмет атқарады. Орталығы – Сұлутөбе станциясы.

Темір жолдың тартылуына байланысты 1904 жылы Сұлутөбе станциясы салынған. Ол жолдың шығысындағы «Сұлутөбе» деген биік құмның атымен аталған. Станцияның батысындағы 6 шақырым жердегі Көксуға су құбыры орнатылып жүргізілген. Сөйтіп паровоздарға су берілген. Сол жылдардағы трубалар әлі бар. Құбыр 1960 жылға дейін пайдаланылды. 1932 жылы Сырдария МТС-і ұйымдастырылған, Сұлутөбе станциясының тұрғындары негізінен көп ұлтты болған. 1930 жылы «1-май» колхозы болып ұйымдасқан. Колхоздың орталығы «Боқтыбай» арығының аяғына, темір жолдың шығысына, қазіргі совхоздың 1 фермасының орталығына орналасқан. 1949 жылы майда колхоздары біріктіріліп, «Қазақстанның 30 жылдығы» колхозына айналады. Колхозды совет одағының батыры Жақыпбек Маханбетов, кейіннен Сейдахметов Алтынбек басқарады. «1-май» совхозы 1962 жылы «1-май» және «Қазақстанның 30 жылдығы» колхоздары негізінде ұйымдастырылды. Совхоздың жер көлемі – 494835 га болған. Шабындықтары – 2714 га болған, егістік жерлері – 2539 га болған. «1-май» совхозынан 2 Социалистік Еңбек Ері Айша Меңлібаева, Орынбасар Бәйімбетов шыққан. Халықаралық дәрежедегі қоғам қайраткері – Мұстафа Шоқайұлы Сұлутөбе стнциясы маңында Наршоқы деген жерінде туылған. Қазір № 41 мектеп Мұстафа Шоқай атымен аталады. Сұлутөбе, «1-май», Бірлестік ауылынан көптеген ғалымдар, атақты азаматтар шыққан. Олар: Мұхамеджан Қаратаев, Мырзабек Дүйсенов, Бағыбек Құндақбайұлы, Алма Қыраубаева, Сұлтанәлі Балғабаев, Базарбек Қашқынбаев, Нұрман Жұндабеков, Шайтұрсын Әбдібаев, Махамбетқали Тұрсанов тағы басқа азаматтар.

Бірнеше шаруа қожалықтар құрылып, халықтың тұрмысы күнен-күнге жақсаруда. Ауыл тұрғындары егін егіп, мал өсірумен айналысуда. «1 - май» кірпіш зауыты ашылып, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылды.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1121
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6756
Осы айдаОсы айда61274
БарлығыБарлығы567679
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі