Ортақшыл ауылдық округі

 

  • Мекеме атауы: «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  • Пошталық мекенжай: Қызылорда облысы Шиелі ауданы  Ортақшыл ауылдық округі
  • Ортақшыл ауылы Сәкен Сейфуллин көшесі №2. Индекс:120707Анықтамалық
  • қызметтерінің телефондары: 8(724 32) 50100

 

 Ортақшыл ауылдық округінің әкімі

 

 

1. Жалпы ережелер

 1. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан  Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округі,  Ортақшыл ауылы, С.Сейфуллин көшесі №2, индекс: 120707.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты  болып табылады.

12. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге  асырылады.

13. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен   «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

«Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін-өзі басқару функциясына сай Ортақшыл ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосады. Ортақшыл ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым қатынастар жасай отырып, салық және бюджетке төленетін баса да міндетті төлемдерді жинауға, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шаруа  қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Мемлекеттің саясатын Ортақшыл ауылдық округі аумағында үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық  жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;

5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

6) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

16.Функциялары:

1) «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің   функциялары:

- Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

- әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

-  әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

- аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

- аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

- азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

-  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

-  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

- заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2)  Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

3)  Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

4) Қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

5) Аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Ортақшыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.               

20. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;    

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

  5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

  6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

  7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

  8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

  9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

  10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

  11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

  12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету,  атаулы  әлеуметтiк  көмек  көрсету  жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

14 қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

23) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық  жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24)   өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.                

23. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындалатын және қызметтен босатылатын Ортақшыл ауылдық округі әкімі  басқарады.

                    

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі бергенмүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.                

25. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
            

27. «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

         1928 жылы «Тегісшіл» деген атпен құрылған ауылшаруашылық артелдің негізінде 1929 жылы Ортақшыл колхозы құрылды, орталығы қазіргі ауылдың оңтүстік-шығыс жағындағы 1,5 шақырымдай жердегі «Қамыстықақ» деп аталатын жер болды. 1934 жылы қазіргі орнының оңтүстік – шығыс жағындағы орынға орналасып, үлкен клуб, кеңсе, кітапхана, ауыл кеңсесін салды. Кейінірек ұста дүкені, қойма, сауда дүкені салынды. Бұл жерді қоныстанған халықтың негізгі күн көрісі қазіргі күнге дейін егіншілікпен мал шаруашылығы.

     1950 жылы «Ортақшыл» Сталин атындағы шаруашылық болып қайта құрылды. Колхоз орталығы Ортақшыл ауылы болып қалды. Бұл жылдарда егістік көлемі ұлғайып,төрт-түлік малдың саны көбейе түсті.

       Колхоздастыру дәуіріндегі асыра сілтеу бізде де айқын көрініс тауып, мал, егіншшілік жайымен шашырай орналасқан халықты қорқыту арқылы біріктірді. Ұжымддық меншіктің негізі болған төрт-түлік мал халықтың қолындағы мал болды. Колхоз болып біріккеннен кейін халық өзінің ата кәсібі мал және егін шаруашылығын одан әрі өрістетті.

         1960 жылдың көктемінде дарияның арғы бетіндегі Қызылқайың совхозымен біріктіріліп, «Сырдария» совхозы болып қайта құрылды. Совхоз орталығы Жөлек ауылы болды.

         Ортақшыл 2004 жылдың 14 желтоқсанындағы облыстық мәслихаттың ХХII сессиясының №120 шешімімен қазіргі Жөлек ауылдық округінен өз алдына бөлініп шығып, Ортақшыл ауылдық округі болып құрылған. Алғашқы әкімі болып Н.Парманқұлова тағайындалып, 2004-2007 жылдары қызмет атқарды.                                                            

        2008-2010 жылдары Ысқақов Оспан Сәдуұлы - ауылдық округ әкімі болып қызмет атқарса, 2010 жылдың сәуір айынан Ақпанбетов Марат Асанханұлы ауылдық округ әкімі қызметін атқарып келеді.

 

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1119
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6754
Осы айдаОсы айда61272
БарлығыБарлығы567677
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі