• Мекен-жайы:
  • Инд: 120713, Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылы,
  • Ы.Жақаев көшесі № 31. Тел/факс  8-724-32-24-2-02
  • E-mail: akimat­_irkol@mail.ru
Иіркөл ауылдық округінің әкімі

 

Монтаев Сламхан Әлиакбарұлы 1962 жылы  29 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғарғы. 1979-1984 жылдары жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Шиелі колхоз аралық құрылыс  мекемесінде тас қалаушы болып бастаған.

1986-1987 жылдары Шиелі Шиелі колхоз аралық құрылыс  мекемесінде аға экономист қызметін атқарған.

1987-1995 жылдары Шиелі аудандық ауылшаруашылығы  басқармасы кәсіподақ  ұйымы  хатшысы қызметін атқарған.

1995-1997 жылдары Ы.Жақаев колхозының  бас экономисті қызметін атқарған.

1997-2000 жылдары «Ынтымақ»  шаруа қожалығында бас есепші  қызметін атқарған.

2000-2009 жылдары «Сағындық» шаруа қожалығының төрағасы қызметін атқарған.

2009-2015 жылдары Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.   

2015 жылдың ақпан айынан Иіркөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

 Негізгі міндеттері:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан, ауыл әкімінің өкім, шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды, тексерілуін ұйымдастырады. Жалпы басшылық жасау. Құпия іс-қағаздармен жұмыс. Ауыл әкімінің аппаратының жұмысының сапалы жүруін ұйымдастырады.   Ауыл әкімінің аппаратында қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау.

2. Ауыл әкімінің аппаратының жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

Мемлекеттік қызметшінің

аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы,

үй және қызметтік телефоны

Санаты

Монтаев Сламхан Әлиакбарұлы

Ауыл әкімі

Ы.Жақаев ауылы, Абай көшесі №15-а тел: үй тел: 24-2-07

жұмыс тел: 24-2-02

сот: 87014194020

Саяси

Ержан

Оралбек    Оразбекұлы

Шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман

Ы.Жақаев ауылы, Ержанова тұйығы№ 7 тел: үй тел: 24-2-46

жұмыс тел: 24-2-02

сот: 87026662640

Е-G-3

Биманова Жанар Тохановна

Әскери есепке алу және жастар ісі жөніндегі бас маман

Шиелі кенті

Бұхар жырау №12/1

Тел: үй тел 4-57-41

Жұмыс тел 24-2-02

Сот:87782022672

Е-G-3

Қожаназарова Гүлнар Молданазарқызы

 Жетекші маман, заң қызметкері

Ы.Жақаев ауылы, Жахаев көшесі № 45 тел: үй тел: 24-2-66

жұмыс тел: 24-2-02

сот: 87758494609

Е-G-4

Берденова Асель Бахытжановна

Қаржы саласы (есепші) жөніндегі жетекші маман

Ы.жақаев ауылы

Ы.Жақаев көшесі №

Тел: үй 24-2-35

Жұмыс 24-2-02

Сот 87781256684

Е-G-4

 

 

 

 

«Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І 

І. Жалпы ережелер 

1.1. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылатын «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» (әрі қарай - аппарат) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзірет шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.

1.2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Аппарат заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.

Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Аппараттың егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

1.4. Әкім нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

1.5. Аппараттың құрылымы мен шекті штат санын аудан әкімдігі бекітеді.

1.6. Аппараттың толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде – Государственное учреждение «Аппарат акима

Иркульского аульного округа».

1.7. Аппараттың заңды мекен-жайы – Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі, Жақаев ауылы индекс: 120713.

1.8. Аппараттың құрылтайшысы Шиелі ауданы әкімдігі болып табылады. Аппаратты құру туралы акті мен осы Ереже аппараттың құрылтай құжаттары болып табылады.

1.9.Аппарат жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

 

2. Аппараттың қызметі, негізгі міндеттері мен құқықтары 

2.1. Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырады.

2.2. Аппараттың негізгі міндеттері мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2) әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

3) әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

4) әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

5) аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

6) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

7) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

8) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

9) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

10) заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

 

3. Аппараттың мүліктері 

3.1. Аппараттың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Аппараттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі қорлар мен құны аппараттың теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

3.2. Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

3.3. Аппараттың өзіне бекітілген мүлікті дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Аппаратқа мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдармен аппарат билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері белгіленеді.

 

4. Аппараттың қызметін ұйымдастыру 

4.1. Аппаратты мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асыратын ауылдық округтің әкімі басқарады.

4.2. Әкім аппараттың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз қызметін жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.

4.3. Ауылдық округтің әкімі осы мақсатта:

1) аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңдарға сәйкес аппараттың қызметкерлерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және тәртіптік жаза қолданады;

3) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

4) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

6) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

7) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылануына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

8) азаматтармен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

9) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

10) ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

11) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

12) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 

 

13) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

14) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

15) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

16) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

17) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

18) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

19) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

20) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

21) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

22) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

23) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

24) ауылдық (селолық) округ әкімі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді;

25) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

26) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату 

5.1. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2. Таратылған мекеменің мүлкі заңнамалармен белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган арқылы бөлінеді.

10. Иіркөл ауылдық округінің қысқаша тарихы

 

Қызылорда облыстық ұйымдастыру комитеті президиумының №38 шешімімен 1928 жылғы 8 тамызда құрылған Шиелі ауданының құрамына Иіркөл ауылдық кеңесі кірді.

 Ауылдық кеңестің орталығы «Қызылту» ұжымшарының /қазіргі Ы.Жақаев ұжымшары/ елді мекені болып белгіленді.

Колхоздың негізі 1929 жылы Қарғалы деген жерде егінші шаруалар серіктестігі болып құрылған. Ол 1930 жылы Көкиірім арығының сағасына көшіп, «Қызылту» ұжымшарының іргетасы қаланды. Ең бірінші ұжымшар төрағасы Боқаев Сыздық, оның орынбасары Байсариев Сейдахмет болған. Ұжымға мүше болып: Қарғалы бойындағы 30 үй, №19 ауылдан 30 шақты үй, №25 ауылдан отыз шақты үй қосылды. Сөйтіп, барлығы 107 үй болып артель құрылды.

Соғыс уақытында бір топ әйел жолдастар тракторшылар дайындау курсінде оқып, маман кадрлар санын толықтыра түсті. Олар: Ержанова Қалия, Қаражанова Мерек, Түменбаева Бибіхан, Мұсабекова Ажар көп уақыт трактор рулінде отырды.

Ұлы отан соғысының сұрапыл жылдарында Шиелі өңірінің халқын аштық ажалынан алып қалған екпінді құрылыс-Шиелі каналының құрылысына айрықша мән берілді. 1938-1940 жылдары Сыр өңірін суландыру мақсатында Шиелі каналын қазуға қатысқан ауыл азаматтары: Ыбыраев Маулен, Жүсіпов Нәрзілдә, Құлжанов Жұмабек, Дәуішова Ұлдар, Тілеубаева Әбдімәулен, Сахиев Сейтімхан, Сақауов Тілеубай тағы басқалар.

Тоқсанбаев Арысбай ағамыз ауылды басқарып тұрғанда, ұжымшар қарамағындағы жабайы жерлер бұзылып, ауыспалы танапты жерлер / планировка / жасалды. Сол кезде ұжымшар есебінде 33 мың қой, 3000 сиыр, 300 жылқы, 50 шақты түйе болды.

 «Қызылту» колхозы күріш егіп, одан мол өнім алып, 1948-1949 жылдары
4 адам Ленин орденімен наградталды. Атап айтсақ: Ыбырай Жақаев, Оразымбетов Қойшыбай, Дәуішова Ұлдар, Меңлібеков Сағындық. Соның ішінде аты әлемге әйгілі дала академигі атанған Ы.Жақаев 1947 жылы күріштің әр гектарынан 171 центнерден өнім алып, жұмыр жерде бұрын соңды алып көрмеген дүниежүзілік рекорд жасады. Ы.Жақаевтың көп жылдар бойғы еңбегі жоғары бағаланып, 1946 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1971 жылы екінші рет Орақ пен Балға алтын медалімен наградталды. Төрт Ленин, «Еңбек Қызылту», «Халықтар достығы» орденінің кавалері. Ауыл көлемінде Ы.Жақаевтың ізбасарлары көптеп саналады: Социалистік Еңбек Ері Заһира Ержанова, Бегалиев Серикбай, Қарабаева Раушан, Түменбаева Шамен, Байжігітова Күнімхан, Муслимова Шаркуль, Жантұрсынова Сарсенгүл т.б.

Ұжымшар басқармасында Нұрекеев Рхмет ағамыз тапжылмай 11 жыл еңбек етті. Сол кісінің тұсында халық қажетіне жарарлықтай көптеген жұмыстар жасалды. Өзі бас болып, ауылға электр станциясын / қазіргі мешіт үйі / салдырып, мотормен ауылға жарық берді. 1950 жылдары телефон, радио байланыстарын орнатты. Шиелі мен екі ортадағы жолға жөндеу жұмыстарын жүргізді, алма бағын ектірді.

         Нүрекеев Рахметтен кейін колхозды 3 жылдай уақытта Бижанов Әбутәліп ағамыз басқарды. Ауыл еңбеккерлерін түрлі жұмыстарға өте шебер ұйымдастыра білді, өзінің іскерлік қаблетінің нәтижесінде шаруашылықтың жұмысын жақсартады. Ол кісінің қарапайым да кішіпейіл, іскер де шаруақор мінезі жайлы ел арасында әңгіме көп.

         Ұжымшарда мектеп 1927 жылы бастауыш негізінде құрылған. 1948 жылы 7 жылдық, 1958 жылы 8 жылдық, 1968 жылы 10 жылдық орта мектебіне айналды.

         1942 жылдан бастап осы «Қызылту» мектебіне директор болып келген Шоқаев Ибрагим ұжымшармен тығыз байланыс жасап, мектеп мұғалімдері мен оқушыларын егін жинауға қатыстырып отырды. Сонымен қатар Тілеубаев Әбдіқайыр арқылы ауыл еңбеккерлеріне сауат аштырды. Шоқаев Ибрагим ағамыз Шиелідегі №45, ауылдағы №149 мектептердің кірпішін өз қолымен қалап, жастарға білім беруде ешқашан жалыққан емес. №149 мектептің ұзақ жылғы тарихында оның шаруашылық, оқу-ағарту жұмыстарының жақсаруына ат салысқан мына кісілердің есімдерін атап кетейік. Олар: Шоқаев Ибрагимнен кейінгі мектеп басшылары: Таспамбетова Қанымжан, Күлімбетов Мәлібек, Монтаева Әлиакбар, Тұрысбеков Сейітхан, Жүсіпова Пернеш. Досымова Малика, қазіргі таңда Архабаева Айнұр.

         Бала бақша 1953 жылы алғаш рет ашылған. Меңгерушісі болып Ақпанбетова Рахима қызмет атқарған.Ұжымшардың баланысымен ұжымшар басқармасы Нүрекеев Рахмет басшылық жасаған 1 топпен жұмыс атқарған. 1956 жылдың көктем мезгілінен бастап Қарабаева Раушан бала бақшаға меңгерушісі болып, 3 топпен жұмыс атқарған. 1978 жылы Шағырбаева Хадиша меңгеруші болып қабылданды. 1982 жылы жаңа типтік жобадағы бала бақшаға көшірілді. 6 топпен жұмыс атқарды. 1986 жылдың қазан айынан бастап бала бақша меңгерушісі болып Күзембаева Айғанша қызмет атқарды.

 «Елдің айнасы-еңбегі»

«Батыр ерлігі-баршаға өнеге»

Қоспанбетов Ақпанбет -1930 жылы колхоз /Қызылту/ мүшесі болып сол жылдың маусым айының аяғына дейін колхоз бастығы, Шиелі ауданына қарасты №19 ауылдың кеңес председателі, 1932-34 жылдары «Төңкеріс» колхозында партия ұйымының секретары, 1934-37 жылдары «Қызылту» колхоз председателі, 1942-1943 жылдары «Қызылту» колхоз председателі, 1945 жылы Бәйкеқұм ауылдық кеңес председателі.

         Боқаев Сыздық-«Қызылту» колхозының ең алғашқы председателі.

         Ыбырай Жақаев – 1949-1971 жылдары екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, төрт Ленин, «Еңбек ҚызылТу», «Халықтар достығы» орденінің каволері.

         Закира Ержанова-Ы.Жақаевтың ізбасары, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік дәрежедегі дербес зейнеткер.

         Оразымбетов Қойшыбай-Ы.Жақаевтың ізбасары, Ленин орденімен, бірнеше медальдармен наградталған, Ы.Жахаевтың бригадиры.

         Қоңыратбаев Әуелбек-филология ғылымының докторы, профессор, Шығыстану ғылымының зерттеушісі, Қызылорда пединститутының оқытушысы.

         Монтаев Әлиакбар-Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық ағарту ісінің озық қызметкері, бірнеше орден, медальдардың игері.

         Түменбаев Қуандық-жазушы, №149 мектептің түлегі.

         Монтаев Сәрсенбек-техника ғылымының докторы

         Әлімбаев Мұхамеджан-өнер зерттеушісі.

Жансейіт ауылы

 Шиелі аудандық ет дайындау мекемесінің таратылуына байланысты 1974 жылғы маусым айында қазіргі «Жансейіт» елді мекені орнында Шиелі аудандық арнайы мамандандырылған мал бордақылау бірлестігі құрылды. Бірлестіктің диекторы болып Тоңбаулин Бәкір бекітілді. Бірлестік Алмалы ауылдық кеңесіне қарады. Тоңбаулин Бәкір 1974-1978 жылдар аралығында бірлестіктің директоры болып істеді. 1978-1986 жылдары бірлестікті Жәрімбетов Өмірхан басқарды. Партия ұйымының хатшысы Аманқұлов Әбдірайым болды. Бірлестік дирекциясы мен партия ұйымының ұйымдастыруы мен ауылда балалар бақшасы 1976 жылы ашылды.Бала бақша меңгерушісі болып Ақынова Мәрия қызмет істеді. 1977 жылы балалар бақшасының меңгерушісі болып Әбдіхалықова Бақыт сайланды. Оның орнына 1985 жылы Полатова Жұпаркүл тағайындалды. 1990-1992 жылдары балалар бақшасының меңгерушісі болып Исабекова Гүлзия жұмыс атқарды. 1996 жылы бюджеттік мекемелердің қысқаруына байланысты бала бақша тарады. 1998 жылы бұрынғы бала бақша меңгерушісі Исабекова Гүлзия балалар бақшасын реформаға байланысты жекешелендіріп алды. Балалар бақшасын ашу үшін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1976 жылы кітапхана ашылып оның меңгерушісі Қалдыбаева Рая болды. Ол кезде кітап қоры 2925 дана болды. 1979 жылдан бері кітапхана меңгерушісі Балтаева Жұмакүл. Кітапханадағы кітап қоры 10792 дананы құрайды. 1979 жылы фельдшерлік пункт ашылды. Меңгерушісі болып Әуезова Керемет қызмет істеді. 1998 жылдан бері фельдшерлік пункт меңгерушісі болып Сәмбетбаев Айтбай халыққа қызмет көрсетіп келеді. 1980 жылы клуб үйі ашылып,меңгерушілігіне М.Сарыөзенова бекітілді. 1982 жылы клуб меңгерушісі Полатова Жұпаркүл, 1985 жылдан бері клуб меңгерушісі болып Қалдыбаева Қыдыргүл қызмет атқаруда. 1985-1986 оқу жылында бастауыш мектеп ашылып, 1987-1988 оқу жылында орталау мектеп болып қайта құрылды. 1985 жылдан №133 мектептің директоры болып Ақынова Мәрия апай қызмет атқарды. 1986 жылғы қыркүйек айында арнайы мамандандырылған мал бордақылау бірлестігі таратылып, Телікөл кеңшарына қосылды. Бигадирі Ташматов Айтмағабет, цехтық партия ұйымының хатшысы болып Аманқұлов Әбдірайым бекітілді. 1987 жылғы мамыр айында «Жансейіт» елді мекені Иіркөл ауылдық кеңесінің құрамына кіріп, шаруашылық Ы.Жақаев атындағы ұжымшардың №2 Жансейіт бөлімшесі болыпкірді. Бөлімше меңгерушісі болып Халықов Әбіласан бекітілді. Партия ұйымының хатшысы Аманқұлов Әбдірайым. Ауыл шаруашылығын реформалауға байланысты 1995 жылдың қаңтар айында Жақаев ұжымшарынан «Жансейіт» ұжымшары болып бөлініп шықты. Ұжым басшысы Халықов Әбіласан болып бекілді. 1996 жылдың наурыз айында Жансейіт ұжымшары екіге бөлінді:

№1 «Жансейіт» өндірістік кооперативі: Басшысы-Халықов Әбіласан;

№2 «Мақсат» шаруа қожалығы: Төрағасы Ташматов   А.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1117
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6752
Осы айдаОсы айда61270
БарлығыБарлығы567675
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі