Гигант ауылдық округі

«Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

  • Пошта индексі: 120710;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, 
  • Гигант ауылдық округі, Бидайкөл ауылы, М.Шоқай көшесі, №84                                                                                                        
  • Тел/факс: 8 (72432) 36-1-01;
  • Электрондық пошта:  E-mail: Gigant101@mail.ru
 
Гигант ауылдық округінің әкімі

Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлы 1973 жылы 19 маусымда Қызылорда облысы Шиелі  ауданы, Шиелі кентінде туылған, білімі жоғары 1995 жылы Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесін «Жалпы техникалық пәндер және еңбек» мамандығы, 2006 жылы Қызылорда «Болашақ» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Шиелі ауданындағы №11 кәсіптік техникалық училищесінде мұғалім болып бастаған.

1996-1997 жылдары Шымкент қаласындағы «Зеленстрой» өндірістік-тұрмыстық бірлестігінде мастер.

1997-1999 жылдары Қызылорда қаласы «Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде эксперт.

1999-2003 жылдары Қазақстан Республикасы «Жолда жүру қаупсіздігі» қоры Қызылорда облыстық филиалының Шиелі ауданы бойынша өкілі.

2003-2005 жылдары Шиелі ауданы Гигант ауылдық округі әкімі аппаратының статист маманы.

2005-2007 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.

2008 жылдың тамыз-қыркүйек айларында «Кедентранссервис» акционерлік қоғамы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы шаруашылық техникалық бөлімінің маманы.

2009-2010 жылдар аралығында Шиелі кенті әкімінің көмекшісі.

2010-2011 жылдар аралығында  Жуантөбе ауылдық округінің әкімі.

2011 жылдың маусым айының 6-нан  бастап Гигант ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. 

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр

 

Негізгі міндеттер:

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, жоғарғы тұрған мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының шешімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.Ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің жиналыстарын шақырады, оларда қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын және үндеулерін қарайды. Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттардың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес ауылдық округ аумағында жер қатынастарын реттеуді   жүзеге асырады.Заңды және жеке тұлғалармен  шарттар жасасады, заңдық және банкі құжаттарына қол қояды.Тұрғын үй қорын, жолдарды жөндеуді және салуды, аула маңы аумақтарын күтіп ұстауды ұйымдастырады.Шаруа (фермерлік) қожалықтарын, ауылдық округ тұрғындарына қызмет көрсететін шағын кәсіпорындарды, кооперативтерді ұйымдастыруға ықпал етеді.Қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты мәселелерді шешеді.Өртке қарсы қауіпсіздікті және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасайды.

Қазақстан  Республикасы Заңдарында белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттер жүргізуді іске асырады.Табиғат зілзаласы, экологиялық апат, мал індетінің таралуы, өрт, қоғамдық тәртіптің жаппай бұзылуы жағдайларында адамдардың өмірін сақтау, олардың саулығы мен құқығын қорғау, материалдық құндылықтарды бүлдірмей сақтап қалу жөнінде заңда қарастырылғандай ерекше шаралар қабылдайды.

Мемлекеттік басқару органдарында, сот орындарында кәсіпорындар мен ұйымдар және мекемелермен қарым-қатынас жағдайларында заңда қарастырылғандай азаматтардың мүдделерін көздейді.Тарихи және мәдени ескерткіштерді, зираттарды және   өзге жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

         Мүгедектердің, асыраушысынан айрылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың, жалғыз басты аналардың, табиғат зілзаласынан зардап шеккен азаматтардың материалдық және тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын жақсарту, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуын болдырмау жөнінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға ұсыныс енгізеді. Заңда белгіленген шектерде, тәртіпте тиісті аумақ халқын еңбекке орналастыру оларға әлеуметтік-мәдени, дәрігерлік, сауда, тұрмыстық және өзге қызмет көрсету мәселелерін шешеді. Ауылдық округтің ішкі саясат саласындағы жұмыстарын жүргізеді, орындауға міндетті шешімдер мен өкімдер  шығарады.  

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлы

Гигант ауылдық округінің әкімі

36-1-01

2

Қойшыбаев Хамид Әбілқасымұлы

Шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маманы 

36-1-01

3.

Жебегенов Жандос Жанәсілұлы                               

Қаржы саласы жөніндегі (есепші жетекші  маман

36-1-01

4.

Шотаева Назира Алдабергеновна

Салық жинауды есепке алу және жастар ісі жөніндегі

 жетекші маман

36-1-01

5.

Шакиева Запура Колдасовна

Жетекші маман, жер қатынастары маманы

36-1-01

6

Парманкулов Кайрат Капанович

Әскери есепке алу жөніндегі жетекші маман

36-1-01

I. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылатын «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» (әрі қарай - аппарат) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзірет шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.
  2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне,өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Аппарат заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылган мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есепшоттары болады.

Аппарат азаматтық-қүқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Аппараттың егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

  1. Әкім нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік- басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.
  2. Аппараттың құрылымы мен шекті штат санын аудан әкімдігі бекітеді.
  3. Аппараттыңтолық атауы:мемлекеттік тілде — «Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  4. Аппараттың заңды мекен-жайы – Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округі, Бидайкөл ауылы индекс: 120710.
  5. Аппараттың құрылтайшысы Шиелі ауданы әкімдігі болып табылады. Аппаратты құру туралы акті мен осы Ереже аппараттың құрылтай құжаттары болып табылады.

Әкімнің аппараты жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Аппараттың қызметі, негізгі міндеттері мен құқықтары

  1. Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырады.
  2. Аппараттыңнегізгіміндеттерімыналар:
  3. ҚазақстанРеспубликасьныңзаңактілерінің, ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңЖарлықтарының, ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің, облыс, ауданәкімдігіқаулыларының, сондай-ақоблыс, ауданәкімдерініңшешімдері мен өкімдерініңорындалуынқамтамасызету;
  4. Әкімніңжұмысынқұжаттамалыққамтамасызету, іс-қағаздарынжүргізужәнекеліптүскенхаттардыөңдеу;
  5. Әкімөткізетінжиналыстардыұйымдастыру, жиналысхаттамаларынрәсімдеужәнетарату;
  6. Әкімніңөкімдері мен шешімдерініңжобасындайындау;
  7. аппарат қызметкерлерініңбіліктілігінарттыру мен қайтадаярлауды ұйымдастыру
  8. ауданәкімдігіноблыстықжәнеаудандықбағдарламалардың, ауданәкімдігініңқаулыларының, ауданәкімініңшешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларыныңорындалубарысытуралыхабардарету;
  9. азаматтардыңқұқықтары, бостандықтары мен міндеттерінеқатыстыактілердімемлекеттіктіркеугеуақытылыұсыну;
  10. жекежәнезаңдытұлғалардыңжазбашажүгінулерінқарау;
  11. азаматтардықабылдаудыұйымдастыру;
  12. заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

3. Аппараттың мүліктері

  1. Аппараттыңжеделбасқаруқұқығындағыоқшауланғанмүлкіболады. Аппараттыңмүлкіоғанмемлекетбергенмүліктіңесебіненқұрыладыжәненегізгіқорлар мен құныаппараттыңтеңгеріміндекөрсетілетін өзге де мүліктен түрады.
  2. Аппаратқабекітіліпберілгенмүліккоммуналдықменшіккежатады.
  3. Аппараттыңөзінебекітілгенмүліктідербесоқшаулауғанемесеоларғаөзгетәсілменбилікетуге құқығы жоқ.

Аппаратқамүліккебилікетуқұқығыберілуімүмкін. Бұлмақсаттазаңдармен аппарат билікетеалатынмүлікқұныныңшектімөлшерібелгіленеді.

4. Аппараттыңқызметін ұйымдастыру

  1. Аппараттымемлекеттіксаясиқызметшілердіңмемлекеттікқызметкекіруітағайындау не сайлаунегізінде, сондай-ақҚазақстан Республикасының

Заңдарындабелгіленгенбасқа да реттерде, тәртіп пен жағдайлардажүзегеасыратынауылдық округтің әкімі басқарады.

  1. Әкімаппараттың жұмысынұйымдастырады және оғанбасшылықжасайды және аппаратқажүктелгенміндеттердің орындалуы мен оныңөзқызметінжүзегеасыруыүшінжекежауапбереді.
  2. Ауылдық округтің әкімі осы мақсатта:
  3. аппарат қызметкерлерініңміндеттері мен өкілеттігінбелгілейді;
  4. заңдарғасәйкесаппараттыңқызметкерлерінқызметкетағайындайды, қызметтенбосатады және тәртіптікжазақолданады;
  5. тиістіәкімшілік-аумақтықбөлінісаумағындатиістіаудандықәкімдіктіңлауазымдыадамыболыптабылады және мемлекеттікоргандармен, ұйымдармен және азаматтарменөзарақарым-қатынастардаоныңатынансенімхатсызөкілдікетеді;
  6. азаматтардыңөтініштерін, арыздарын, шағымдарынқарайды, азаматтардыңқұқықтары мен бостандықтарынқорғаужөніндешаралар қолданады;
  7. салық және бюджеткетөленетінбасқа да міндеттітөлемдердіжинауғажәрдемдеседі;
  8. әкім аппараты әкімшісіболыптабылатынбюджеттікбағдарламалардыәзірлептиістімәслихаттыңбекітуіүшінжоғары тұрғанәкімдіктіңқарауынаенгізеді;
  9. стратегиялықжоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісіболыптабылатынбюджеттікбағдарламаныәзірлеукезіндежергіліктіқоғамдастық

жиналысының (жиынының) талқылануынаҚазақстанРеспубликасының-бюджет заңнамасынасәйкесаудан (олыстықмаңызы бар қала) бюджеттіңқұрамындакөзделгенбағыттарбойыншажергіліктімаңызы бар мәселелерді :қаржыландыружөніндегіұсыныстарды шығаруға құқылы;

  1. азаматтармензаңдытұлғалардыңҚазақстанРеспубликасыКонституциясының, заңдарының, ҚазақстанРеспубликасыныңПрезиденті мен Үкіметіактілерінің,орталықжэнежергіліктімемлекеттікоргандарнормативтікқұқықтықактілерініңнормаларынорындауынажәрдемдеседі;
  2. өз құзыретішегіндежерқатынастарынреттеудіжүзеге асырады;
  3. ауылдықокругтіңмемлекеттіктұргынүй қорыныңсақталуын, :сондай-ақауылдықокругтерде автомобиль жолдарыныңсалынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуынқамтамасызетеді;
  4. шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлікқызметтідамытуғажәрдемдеседі;
  5. өзқұзыретішегіндеәскериміндеттілік және әскериқызмет, азаматтыққорғаныс, сондай-ақжұмылдырудайындығы мен жұмылдырутурапымәселелербойыншаҚазақстанРеспубликасызаңнамасыныңорындалуынұйымдастырады және қамтамасызетеді;
  6. әділеторгандарыжоқжерлердеҚазақстанРеспубликасыныңзаңдарындабелгіленгентәртіппеннотариаттықіс-қимылдаржасаудыұйымдастырады;
  7. тарихижәнемәденимұранысақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  8.  табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен камтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
  9.   жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның  дамуына жәрдемдеседі;

қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

  1.  Шұғыл медициналықкөмеккөрсетуқажетболғанжағдайдааурулардыдәрігерліккөмеккөрсететінтаяужердегіденсаулықсақтау ұйымынадейінжеткізіпсалудыұйымдастырады;
  2.   жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен өзара іс-қимыл жасайды;
  3. Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
  4. Өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
  5. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
  6. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зиратгар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  7. ауылдық (селолық) округ әкімі өзінің кұзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді;
  8. мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;
  9. Өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

5.   Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Таратылған мекеменің мүлкі заңнамалармен белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган арқылы бөлінеді.

Гигант ауылдық округінің тарихы

Гигант ауылдық округі 1976 жылы Ақмая ауылдық округінен бөлініп, дербес округ болып құрылды.Осыған дейін  ауылдық совет Ақмая ауылында орналасқан.  

Ауылдық округ Шиеліден түстікке қарай 3 км, Сырдария өзенінен теріскейге қарай 22 км қашықтықта орналасқан. 

Қазіргі күні округте үш елді мекен,орналасқан, орталығы Бидайкөл ауылы 622 отбасы, 3509 адам, Ақтам елді мекенінде 16 отбасы 54 адам, 22 бекетте 21 отбасы 141 адам бар.Барлығы округ бойынша 659 отбасы 3704 адам бар.

Елді мекендердің барлығы аудан орталығымен асфальт жолдармен байланысқан, жүйелі маршрут және таксилер қатынайды. Жаңадан соғылған бір орта мектеп 600 орындық, күрделі жөндеуден өткен 270 орындық мәдениет Үйі, Қазпошта филиалы -1, ауылдық дәрігерлік амбулатория -1,  азық-түлік және аралас дүкен -17, 230 нүктелі АТС және 22 бекетте 15 үйде, Ақтамда 9 үйде  телефон, сонымен қатар Бидайкөл елді мекенінде 87 үйде интернет желісі, Бидайкөл ауылында 480 үйде,-Ақтам елді мекенінде -7 үйде, 22 бекетте 16 үйде Барлығы 503 үйде OTAU TV  орнатылған.

 Ауыл тұрғындары негізінен мал, егін шаруашылығымен айналысады.Әлеуметтік мекемелер болып саналатын №148 қазақ орта мектебінде 111 оқытушы қызмет атқарады, кіші қызметкерлер саны 48 (тех.перс).Барлығы 676 оқушы оқиды, мектеп директоры Шорабаева Орынкүл Дүйсенқызы.Бидайкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясында дәрігерлер,Исмайлова Дина, Өтегенова Құлпынай, акушерка Ибраева Інкар, медбикелер Мамбаева Зәуреш, Досжанова Гүлжамал, Нартаева Мейрамкүл, Ізімбетов Ердәулет,Даулетова Айнұр, Сейілханова Жанна, Молдиярова Жанат, тазалықшы Әбенова Ақнұр және Сұлтанова Ақмаралдар халық көңілінен шығып жұмыс жасауда.Сонымен қатар 2016 жылдың қарашасынан бастап 3 орындық күндізгі стационар ашылып,қызмет жасауда.Гигант ауылдық округінде Ветеринарлық пункт-1, пункт меңгерушісі  Ж.Төлегенов,және Ветеринар дәрігерлер Абдуллаева Шолпан, Жомарт Кенжетаевтар халыққа ветеринарлық егу,құжаттандыру қызметтерін көрсетуде.

Ауылдық Мәдениет Үйінің  директоры Сейділдаева Қалияш,мәдениет үйі -250 орындық, және ауыл кітапханасының меңгерушісі Тұрсынова Рысжан оқырмандармен тығыз жұмыс жасауда.

Бидайкөл ауылдық мешітінде ауыл имамы Тұрсынов Ғалымжан күн сайын азан шақырып,діни әдет-ғұрыптарды насихаттап ауыл тұрғындарына, жастарға  тағылымдама жасауда.

Ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүндібаев Серікбай, Әйелдер кеңесінің төрайымы Назарбекова Ұлмекен  ауылдық округтегі келелі мәселелердің шешілуіне ауыл әкімімен ақылдаса отырып,оң шешілуіне атсалысуда.

Бидайкөл елді мекенінде  жеке кәсіпкерлер ашқан «Қуаныш», «Жанерке» және «Нұртілек»  атты 3 бала-бақша яслилері  мен жеке кәсіпкер Асима Аманованың ақылы күндізгі стационары және дәрі-дәрмек сататын«Дәріхана»атты дәріханасы халыққа қызмет жасауда.Сонымен қатар ауыл тұрғыны М.Салқынбаевтың демеушілігімен ауыл моншасы күрделі жөндеуден өтіп,жаңа типтегі ауыл моншасы және көлік жуу орыны жаңадан ашылып қызмет жасауда.

Гигант ауылдық округінің Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы

2016 жылдың қорытынды мәліметтері

         Ауылдық округте халық саны 3704 отбасы саны- 659, Бидайкөлде адам саны 3509, отбасы саны-622, Ақтам елді мекенінде адам саны-54, отбасы саны-16, 22 бекетте адам саны-141, отбасы саны-21.Оның ішінде ерлер -1839, әйелдер -1865..Жастық құрамы 0-16 аралығында -1108, 16-29 жас аралығында -1116 адам, 30-62 жас аралығында 1292, 58 жастан жоғары-325 адам.Халықтың ұлттық құрамы -99,9 пайыз қазақтар,  0,1 пайыз-өзге ұлт өкілдері.Білім деңгейі жоғары 308 адам, аяқталмаған жоғары- 128 адам, арнаулы орта-362 адам, жылма-жыл артуда.

          108  адам жұмысқа орналасу туралы хабарласқан. 78 адам тұрақты жұмысқа орналасқан, 20 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған, 5 адам тіркеуде есепте тұр,Жұмыссыздық деңгейі -0,2 пайыз.

        2 адам жастар тәжірибесінен өткен.Сыртта әртүрлі жұмыс істейтіндер 307 адам, студенттер саны 161, облыстан тыс жерлерде оқитындар саны-43.Жасына байланысты зейнеткерлер саны 321, мүгедектігіне байланысты зейнеткерлер -71, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2 отбасы 15 адам, 488,100 мың қаржы төленді. 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны алатын отбасылар саны-153 бала саны 521, жұмсалған қаржы 8, 815 мың, тұрғын үй жәрдемақысын алатын отбасылар-33, адам саны 177, жұмсалған қаржы 869 мың 400теңге, Ауылдық округте әлеуметтік объектілердің саны –10,ауылдық округі әкімінің аппараты-1, мектеп-2, жеке балабақша-3, ауылдық мәдениет Үйі-1, кітапхана-1 ауылдық дәрігерлік амбулатория-1, Қазпошта филиалы-1 халыққа қызмет көрсетеді.Ауылдық округте 32 шаруа қожалығы тіркелген, 8-і егін егумен айналысады, 22 жеке кәсіпкер тіркелген.Мал түрлері мүйізді ірі  қара 3520,  уақ-мал-3750, жылқы-977, құс-1500 ит 250.

 

Бюджеттің орындалуы

«Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2016 жылға қаралған қаржы–63350,0 мың теңге. Оның ішінде 2016 жылдың І тоқсанына 19591,0 Негізгі жалақыға Республикалық бюджеттен – 549,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 1884,0 мың теңге, өтемақы төлемдері Республикалық бюджеттен 65,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 378,0 мың теңге, әлеуметтік салық Республикалық бюджеттен 21,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 78,0 мың теңге, әлеуметтік сақтандыру қорына Республикалық бюджеттен – 18,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 63,0 мың теңге, басқа тауарлар сатып алуға – 65,0 мың теңге, коммуналдық қызметке – 55,0 мың теңге, байланыс қызметіне -180,0 мың теңге, өзге қызметтер мен жұмыстар – 256,0 мың теңге, қызметтік  іс сапар – 126,0 мың теңге, елді мекендердегі көшелерді жарықпен қамтамасыз ету үшін – 285,0  мың теңге. Бюджеттің орындалуы – 99,9%.2016 жылдың қорытындысы бойынша салық жеке тұлғалардың мүлік салығына 153,800 теңге, жер салығына 165,200 теңге, көлік салығына 2386800 теңгеге орындалды

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін801
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1772
Осы айдаОсы айда40996
БарлығыБарлығы437154
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі