Бестам ауылдық округі

 

«Бестам ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

  • Бестам ауылдық округі әкімі Ыханов Галимжан Шайыкович
  • Пошта индексі: 1232640;
  • Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Нартай ауылы, Досымбаев көшесі №25;
  • Тел/факс: 8 (72432) 5-08-63

Бестам ауылдық округі әкімі

Ыханов Галимжан Шайыкович 1974 жылы 03 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округінде дүниеге келген. 1981-1991 жылы Нартай ауылындағы №156 Нартай Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінде білім алып,1992 жылы Алматы қаласының зоотехникалық малдәрігерлік институтының «Тұтыныс тауарларын тауарлау» факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы «Мал шикізатын тауарлаушы инженер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

1997-2000 жылдары Алматы қаласы Жетісу аяқ киім фабрикасында технолог маманы  болып бастаған.

2000-2002 жылдары «Самат» жеке кәсіпкерлігінде оператор кассир маманы.

2003-2007 жылдары Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман.

2009-2010 жылдары «Астана Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік корпорациясында таразбан маманы.

2011-2012 жылдары АФ «АБК Автодор АС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде әкімшілік-шаруашылық бөлімінің аға менеджері болып жұмыс атқарған.

2016 жылдың 1  тамызынан бастап міндетті арнайы тексерудің оң нәтижелері келгенге дейін  Бестам ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

 Негізгі міндеттер:

Тиісті әкімшілік аумақтық бөлініс аумағында тиісті әкімшіліктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органмен, азаматтармен өзара қарым қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституция Заңының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерін және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық  актілерінің нормаларын орындалуына бақылау жасайды.Азаматтардың  өтініш, арыз, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданылады. Жоғары тұрған органдарға халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Ауылдық округте орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады.Жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады.Заңды ұйымдармен шарт жасайды, банк құжаттарына қол қояды. Ауыл шарауашылығы өнімдерін ұқсату мен іс –қызметін үйлестіріп отырады.Заңда белгіленген тәртіпте нотариаттық іс-әрекеттер жасайды. 

Ауыл әкімі  жеке тұлғаларды  және заңды тұлғалардың  өкілдерін әр аптаның  сейсенбі күні  сағат 15-00 ден 17-00 дейін қабылдайды.

Мекен жайы;

Инд: 120705;  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бестам ауылы, Ә.Тоғызбаев көшесі №6.

 Тел: 8-724-32-50-8-86 

Азаматтарды қабылдап олардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарап олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайды. 

Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Ыханов Галимжан Шайыкович

Ауыл әкімі

31-1-95

Ұя.тел 8702-469-18-49

2

Сатанова Жанар Муханбетияровна

Шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман

5-08-86

Ұя.тел 8702-771-86-77    

3

Алпамышев Зауыржан Сейілдаханұлы

Бас маман, заң қызметкері

5-08-86

Ұя.тел 8701-569-09-06

4

Бекпенбетова Айнұр Тұрғанбайқызы

Жетекші маман есепші

5-08-86

Ұя.тел 8778-478-92-55

5

Абуов Адилет Абилашулы

Әскери есепке алу және жастар ісі жөніндегі жетекші маман

5-08-86

Ұя.тел 8778-175-54-51

 

 

1. Жалпы ережелер

  1. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi  бюджеттерден қаржыландырылатын  өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен  және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы , Шиелі ауданы , Бестам ауылдық округі , Бестам ауылы , Әбекен Тоғызбаев көшесі №6.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

11. Осы Ереже «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты  болып табылады.

12. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі               қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен,               

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге              асырылады.              
13. Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен   «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:
«Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін- өзі басқару функциясына сай Бестам ауылының әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосады. Бестам ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен , ұйымдармен және азаматтармен қарым қатынастар жасай отырып , салық және бюджетке төленетін баса да міндетті төлемдерді жинауға , жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына , шаруа  қожалықтарын ұйымдастыруға , кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі.Мемлекеттің саясатын Бестам ауыл аумағында үйлестіре жүргізуді амтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық  жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;
3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;

5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

6) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

16.Функциялары:

1) «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің   функциялары:

 - Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

- әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын      рәсімдеу  және тарату;

-  әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

- аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

- аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

- азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

-  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

-  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

- заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

-Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету

-  Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

-қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

- аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

                         3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18.  «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінде басшылықты  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Бестам ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
21. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;    

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
 3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
 4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
 4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет

заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

23) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық  жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. «Бестам ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округі әкімі  басқарады.


4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

24. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі бергенмүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Бестам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қарт  Қаратаудың  етегінде  орналасқан Қызылорда  облысы, Шиелі  ауданы, Бестам  ауылдық  округі,   Бестам  ауылының тарихы 1920 жылдардан  басталады.

Бестам  ауылының  құрылуы  жайлы  естеліктерге  жүгінетін болсақ, 1929  жылы  Артель -  ондық  семья болып  құрылып, 1930 жылы ТОЗ болып  іріленеді. 1932  жылы «Еңбекші» колхозы  ұйымдастырылып, 1937 жылы майда  колхоздар (Аққұм, Кеңес, Еңбекші  дихан) қосылып,  ірілендіреді. Колхоз  орталығы  Тартоғай  станциясы  болды. Осы  жылы  колхоз Тартоғайдан  Қышқұдыққа  қоныс  тебеді. Елдің  қоныстанған  жерінде  су  болмағандықтан  құдық  қазып, оны  Тартоғай  қышымен  шегендеген, содан  кейін  ол  жер  Қышқұдық  аталып  кеткен. Қышқұдықта санаулы үйлер болды. Кейін  каналдың  тау  жағынан  түсуіне   орай   қазіргі  Бестам  ауылының  орнына  көшіп  келіп қоныстанған. Елді  мекенге  Тартоғайдан  өгіз  арбамен  қыш  тасып,  үйлер  тұрғыза  бастаған,   фундамент  орнына   қыш  өрген. 1941  жылға  дейін  30  үй  тұрғызылған. 

1940 жылдан бастап колхоз  күріш екті, мемлекет колхоздан 3 жылға дейін астыққа салық алмайтын болды. Бірінші  жылы күріш өнімін  еңбек күнге  2кг –нан күріш алды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Осыдан бастап еңбек күніне ештеңе бермейтін болды. Әскерге алынған кісілердің  орнына әйелдері , кәмелетке  толмаған  балалар  , қария кісілер қалды. Еңбекке  жарамды ер  азаматтардың  барлығы   соғысқа  аттанғаннан  кейін     трактор тізгініне  елде қалған  әйел  азаматтар:  Дәулетова Айша ,  Абылаева Мәрия, Қалымбетова Д ,Фазылова З, Р Құдайбергеновалар отырды. Соғысқа дейін колхозды Досболов Рахым басқарып, алғашқы комсомол  ұйымына  Абылаева Мәрия жетекшілік жасады. 

1944 -1945 жылдары Ленин  колхозын Оразов Смайыл, одан кейін Қалқаев Шайық,    1959 -1973 жылдары Исмайылов Әзімхан, 1973-1995 жылдар аралығында Рахметов Мұхамеджан, Апбасов Төлес, Әбішев Сайлаулар  басқарды. Исмайлов Әзімханның басшылығы тұсында біз миллионер колхоз болдық. Ол  кезде 800 жылқы, 8000 – дай сиыр, 36 мың қой , 600 – дей түйе болды  

1951жылы СССР-дің үкімет қаулысы бойынша колхоздарды біріктіріп, бір жерге топтастыру басталды. «Қызылдихан» , «Алғабас», «Ленин» колхоздары  біріктіріліп, «Ленин» атындағы колхоз аталып, орталығы Алғабас болып бекітілді.

1959- 1979 жылдар аралығында Ленин бөлімшесінің бригадирі, әрі меңгерушісі болып Рыспамбетов Пәтеш басқарды.Бұл уақыт ауылымыздың өрлеу, даму кезеңі болып, шаруашылық жұмыстары үлкен жетістіктерге жетті.

Біздің қоғамымыздың өзгеруіне байланысты ауылдың  аты тарихи орналасу жағдайына байланысты 1997 жылғы  27  желтоқсандағы Облыс әкімінің ,облыстық  мәслихаттың    №635а шешіміне  сәйкес «Бестам» болып өзгерді. Филология ғылымының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаевтің естелігінде, «Бестам»  қыпшақтың  қаласы ескі сыр дариясының бойына салынған. Қаратаудың астындағы бекініс, әрі байланыс орталығы болған қала.

Профессор Әуелбек  Қоңыратбаевтың   айтуы  бойынша  650-670  жылдар  шамасында «Бестам» сыр бойындағы ең үлкен  қала  болған. Сол  кезде  құйылған  қыш  нақыштарының  сыры  әлі  күнге   дейін   ашылмауда.

2004 жылғы 13 желтоқсандағы облыс әкімиятының №242 қаулысымен және облыстық  мәслихаттың 12 сессиясының  № 120 шешімімен облысымызда көптеген жаңадан ауылдық округтер ашылды. Соның біреуі  осы  Бестам ауылдық  округі. Аудан  орталығынан  қашықтығы 24 км. Аумақтық  жер  көлемі  3895 га.

Ауылдық округтің алғашқы әкімі осы ауылдың азаматы Қошқаров Балтабай,                2006 -2010 жылдары  Бегалдинов Айеке, 2010-2012 жылдары Ермаханов Асхат болған. 2012  жылдың 26 наурыз айынан - 2016 жылдың 02 маусымына дейін Жақыпов Нұржан ауыл  әкімі  болып  қызмет  атқарған.

Бестам ауылдық  округі, Бестам  ауылы  бойынша  334 жанұя, 2015 тұрғын  есепте  тұрады. Ауыл  бойынша 1 дәрігерлік  емхана, 300  орындық  типтік  жобада  салынған  бір  орта  мектеп, 100 орындық  клуб үйі, 9863 кітап  қоры  бар кітапхана, 242 нүктелік сандық  телефон жүйесі, «ОТАУ-TV» Ұлттық цифрлық телехабар тарату жүйесімен – 250 жуық отбасы қаматамасыз етілген , сонымен  қатар 12- шаруа қожалығы, 2 - күріш ақтау, тігін тігу цехы – 1, шаштараз – 1, 12 сауда орны қызмет көрсетсе, 6 газель және жеке жеңіл автокөлік иелері жолаушы тасымалдап , ақылы кәсіпкерлік қызмет атқарады. 

 

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін145
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6930
Осы айдаОсы айда46154
БарлығыБарлығы442312
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі