Бәйгеқұм ауылдық округі

  • «Бәйгеқұм  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  • Мекен жайы; Инд:120707; Қызылорда облысы,Шиелі кенті, Бәйгеқұм ауылы,
  • Ш.Уәлиханов көшесі,№6. Тел/факс:8-724-32-21-2-14;
  • Е-mail : akimat_baigakum@mail.ru
«Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі

Жүсіп Мұхамедәлі Күлімбетұлы Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық кеңесінде 1958 жылғы 15 сәуір айында туылған.  Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1985 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді Ауылшаруашылық институтының а/ш өңдірісінің ұйымдастырушы-экономист мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын   1974   жылы    Шиелі   ауданы «Қазақстанның 30 жылдығы»  атындағы ұжымда жұмысшы болудан бастаған. 

1986 жылы 19 наурыз айында СПТУ-11 мекемесінде есепші қызметін атқарған. 

1986-1988 жылдары Шиелі аудандық қаржы бөлімінде мемлекеттік кірістер  экономисі; 

1988 -1990 жылдары бас салық тексеруші болып қызметін атқарған. 

1990-1991 жылдары Шиелі  ауданы бойынша мемлекеттік салық инпекциясының мемлекеттік салық инспекторы, бас салық инспекторы; 

1991-1995 жылдары  жеке тұлғаларды салықтандыру бөлімінің бастығы; 

1995-2000 жылдары салық инпекциясы бастығының орынбасары. 

2000-2011 жылдары  салық басқармасында әр түрлі бөлімдердің бастығы. 

2011 жылы ақпан айының 18 жұлдызынан бастап Бәйгеқұм ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді. 

Отбасылы.

 

Негізгі міндеттері:

 

1.Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық  бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі. Әкім нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.  

2.Тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді. 

3.Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының,  Заңдарының, Қазақстан Республикасы мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің жиналуына жәрдемдеседі.  

 

Бәйгеқұм  ауылдық округі әкімі аппараты

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

 қызметтік телефоны

1

Жүсіп Мұхамедәлі Күлімбетұлы

Ауыл әкімі

    21-2-14

 

2

Мұсабаев Мұрат Егізбайұлы

бас маман

    21-1-37

 

3

Жақыпова Мөлдір Омарханқызы

жетекші маман

    21-2-14

4

Ділдабекова Нұржанат Рзантайқызы

Жетекші маман

21-2-14

5

Мусалимова Салтанат Сайдибатталовна

        Жетекші маман

21-2-14

«Бәйгеқұм  ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І

 

І. Жалпы ережелер

 

1.1. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылатын «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» (әрі қарай - аппарат) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзірет шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілеттік берілген  мемлекеттік орган болып табылады.

1.2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 1.3. Аппарат заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.

Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.  Аппараттың егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

1.4. Әкім нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

1.5. Аппараттың құрылымы мен шекті штат санын аудан әкімдігі бекітеді.

1.6.  Аппараттың толық атауы: мемлекеттік тілде – «Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

 орыс тілінде          –  Государственное учреждение «Аппарат акима Байгакумского аульного округа».                           

1.7. Аппараттың  заңды  мекен-жайы  –  Қазақстан  Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округі,  Бәйгеқұм  ауылы индекс: 120707.

1.8. Аппараттың құрылтайшысы Шиелі ауданы әкімдігі болып табылады. Аппаратты құру туралы акті мен осы Ереже аппараттың құрылтай құжаттары болып табылады.

1.9.Аппарат жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

 

2. Аппараттың қызметі,  негізгі міндеттері мен құқықтары

 

2.1. Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырады.

2.2. Аппараттың негізгі міндеттері мыналар:

1)   Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2)  әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

3)  әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын      рәсімдеу  және тарату;

4)  әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

5) аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

6) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

7) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

8)  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

9)  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

10) заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

 

3. Аппараттың мүліктері

 

3.1. Аппараттың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Аппараттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі қорлар мен құны аппараттың теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

3.2.  Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

3.3.  Аппараттың  өзіне  бекітілген  мүлікті  дербес  оқшаулауға  немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Аппаратқа мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдармен аппарат билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері белгіленеді.

 

4. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

 

4.1. Аппаратты мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асыратын ауылдық округтің әкімі басқарады.

4.2. Әкім аппараттың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз қызметін жүзеге асыруы  үшін жеке жауап береді.

4.3.  Ауылдық округтің әкімі осы мақсатта:

1)  аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2)  заңдарға  сәйкес аппараттың қызметкерлерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және тәртіптік жаза қолданады;

3) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

4) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

5) салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

6) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

7) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылануына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

8) азаматтармен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

9) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

10) ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

11) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

12) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

13) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

14) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

15) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

16) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

17) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

18) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

19) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

20) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

21) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

22) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

23) туысы жоқ адамдарды  жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

24) ауылдық (селолық) округ әкімі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді;

25) мекеме  қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық  бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша  дербес жауаптылықта болады;

26) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

 

5.1. Аппаратты  қайта  ұйымдастыру  және  тарату  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2. Таратылған мекеменің мүлкі заңнамалармен белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган арқылы бөлінеді.

 

 

 

 

Бәйгеқұм ауылдық округінің тарихы

Сыр өңірі-халқымыздың қашаннан береке, құт дарыған қасиетті ата қонысы. Әсіресе, соның ішінде Бәйгеқұм елді мекені ерте заманнан халқымыздың  күн көріс, тіршілігінің таусылмас көзі, белгілі мекен жайы болды. 1905 жылы Патша Үкіметі  кезінде темір жол осы Бәйгеқұм елді мекенінің үстінен өткен. «Ханқожа» көлінің жағасы осы бекетті салуға ыңғайлы жер болып, көлден су алып, поровоздарға су құйып тұрған. Ең бірінші қоныстаушылар Перовск бекінісінен келген патша үкіметінің осы бекетте жұмыс жасайтын темір жол мамандары болатын. Қазіргі уақытта  сол кездегі 1 ғасырлық өмірі бар мәдени мұра ретінде су қыспақты мұнара Мемлекеттің  қорғауында сақталуда.  «Бәйгеқұм» аталу себебі, Досболдың есейген шағында Қорлыбай әкесіне үш жүздің ірі бастылары  мен билерін шақырып жылдық асын беріп, осы Бәйгеқұм елді мекенінде қазақтың  ат сайыстары мен бәйге ұйымдастырған.  Осы астан  кейін Бәйгеқұм аталған.

Сонымен қатар Бәйгеқұм ауылында сексеуіл дайындау (ЛЗУ) участок мекемесі құрылып, 95 автомашина болып, Қызыл құмнан сексеуіл дайындап, темір жол тасымалы арқылы  жер-жерлерге жөнелтіп отырған. 

 

 

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін818
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1789
Осы айдаОсы айда41013
БарлығыБарлығы437171
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі