Алмалы ауылдық округі

«Алмалы  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

  • Пошта индексі: 120706;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы ,
  • Алмалы  ауылы , И.Амангелді көшесі №20 үй 
  • Тел/факс: 8 (72432) 5-16-74

Алмалы  ауылдық округінің әкімі

Баймағанбетов Болат Тұрматұлы 1977 жылдың 01 қаңтарында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1995 - 1999 жылы Қызылорда қаласында «Қорқыт ата» атындағы мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген. 2004 – 2006 жылдары осы оқу ордасында заңтану мамандығы бойынша білім алған. 

            Еңбек жолын 1999 – 2001 жылдар аралығында Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы секторының бас маманы болып бастаған. 

2001 – 2004 жылдар аралығында Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы. 

2004 – 2009 жылдар аралығында Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 

2009 – 2013 жылдар аралығында Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру дәне кадр жұмысы бөлімінің бас маманы. 

2013 – 2014 жылдар аралығында Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған. 

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Алмалы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. 

Отбасылы.                                

Негізгі міндеттері: 

Тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді. Жоғарғы органдардан, облыс әкімі аппаратынан, аудан әкімінен келіп түскен тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Азаматтардың өтініш, арыз, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады.Ауылдық округте орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады.   Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының,  Заңдарының, Қазақстан Республикасы мен Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің жиналуына жәрдемдеседі.   

Отбасылы.                               

 Негізгі міндеттері:

Тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді. Жоғарғы органдардан, облыс әкімі аппаратынан, аудан әкімінен келіп түскен тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Азаматтардың өтініш, арыз, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады.Ауылдық округте орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады.   Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының,  Заңдарының, Қазақстан Республикасы мен Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің жиналуына жәрдемдеседі.  

Құрылымы

 

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

Санаты

1

Баймағанбетов Болат Тұрматұлы

Ауылдық округ әкімі

Шиелі кенті

Жұмыс тел: 5-51-17

 сот: 87783416338

E-R-1

2

Нурекеева Гүлжайна Ерданқызы

Бас маман заң қызметкері

Қодаманов ауылы, Абай көшесі

 № 18

  жұм. тел: 5-16-74

Сот: 87029491293 

Е-G-3

3

Абилдаев Болат

Әскери есеп столы және жастар ісі жөніндегі бас маман

Алмалы ауылы, Байтұрсынов көшесі № 9

жұм. тел: 5-16-74

Сот:87025451233

Е-G- 3

4

Дуримбетов Баймбет Оспанович

шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі жетекші 

маман

Алмалы ауылы, Дулатов көшесі № 18

 Жұм тел: 5-16-74

Сот: 87776798556

Е-G- 4

5

Бакиров Ашимхан Мухамеджанович

Қаржы саласы жөніндегі(есепші) жетекші  маман

Алмалы ауылы, М.Шоқай көшесі № 5

 Жұм тел: 5-16-74

Сот: 87754671982

Е-G- 4

« Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округі, Алмалы ауылы. Индекс 120706

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

«Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін-өзі басқару функциясына сай Алмалы ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосады. Алмалы ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастар жасай отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Мемлекеттің саясатын Алмалы ауылдық округі аумағында үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау; 
2) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;

5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

6) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

16. Функциялары:

1) «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

-Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

- әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

- әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

- аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

- аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

- азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

- жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

- азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

- заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету

2) әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

4) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

5) аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

18. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Алмалы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

23) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Алмалы ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округі әкімі басқарады.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі 

24. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Алмалы ауылдық округі 1976 жылы құрылған. Орталығы Алмалы ауылы, аудан орталығынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан. 4 елді мекеннен құралған.

Алмалы ауылы әуелде алма, жүзімнің көшетін жерсіндіріп өсіріп - өндіру мақсатында 1951 жылы ұйымдастырылып, питомник өсіретін учаске 1959 жылы Жеміс – жидек совхозы болып қайта құрылған. Совхоздағы төрт жылдық бастауыш мектеп негізгі мектепке, сосын орта мектепке айналған. Алғаш рет аудан орталығына тұрақты көлік қатынас (автобус) ұйымдастырылып, егіс көлемі одан әрі ұлғайтылды. Ауылда монша, клуб, бала бақша, дәрігерлік пункт пайдалануға берілді. Ауылда басқа ұлт өкілдерінің балалары үшін орыс кластары ашылып, жоғары сыныптағылар үшін аудан орталығындағы мектептерге қатынап оқуға арнайы көлік бөлінді. Тұрғын үйлер көптеп соғыла бастады. Білікті кәсіби жұмыс қолы тапшылығына байланысты Белорусиядан бағбан мамандығын игерген отбасыларынан он бес үй көшіріліп әкелінген. Жеміс – жидек совхозы рентабелді шаруашылық болып, жұмысшылар қосымша еңбекақы ала бастады. Совхозда құс фабрикасы ұйымдастырылып, жүзімнен шырын жасайтын цех ашылып, іске қосылды. Өндірілген жеміс – жидек, бақша өнімдері Қазақстанның Жезқазған, Қарағанды, Ресейдің Сверловск, Қорған, Челябинск, Уфа, Қазан, Кемер облыстарына вагонмен  тасытылып шығарылып, сатыла бастады. Ауыл көшелері жарықтандырылып, көшелер түгел асфальталды. Ауыл халқының тұрмыс деңгейі көтеріле бастады. 1970 – 1974 жылдары егіс көлемі ұлғайып 50 га жүзім, 100 га алма өсіріліп, 100 га бақша егілді. Совхоз директоры болып кәсіби деңгейі жоғары, ғалым агроном Смайлов Мұхиддин қызмет атқарған 1974 – 1980 жылдар аралығында жүзімдік 100 гектарға, алма 200 гектарға, бақша 200 гектарға жеткізіліп, жалпы 1000 га жерге егіс орналастырылды. 0,2 га жылы жай құрылысы пайдалануға беріліп, 500 тонналық жеміс – жидек сақтайтын тоңазтқыш іске қосылды. Ауыл оратлығында тұщы су жүйесі орталықтандырылды, жаңа техникалар мен агрегаттар көптеп алына бастады. 1985 жылы жаңа типтік жобадағы 624 орындық мектеп үйі пайдалануға беріліді. Сол жылы 1 млн шартты банкі өнім шығаратын жеміс өңдеу, қалбырлау цехы іске қосылып, облыс көлемінде тұңғыш рет дайын өнім шығарды. 1989 – 1990 жылдары 1 га типтік жобадағы жылы жай пайдалануға беріліп өнім беруі шаруашылықтың кемелденген кезеңі болатын. Әр жылдары озат звено жетекшілері Әшірова Бегай, Арысбаева Райхан облыстық Кеңесінің депутаттары боып сайланды. Звено жетекшісі Арысбаева Райхан Құрмет белгісі орденімен, жүргізуші Биманов Абдрахман 3 дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Нұрекеев Нұрмағанбет, Ералиева Пәтен, Қабылова Бибайша жыл қорытындысымен жеңіл көліктермен марапатталды.

        Тәуелсіздік алғаннан кейінгі өтпелі кездің өлара тұсы қиыншылықтар Алмалылықтарды да айналып өтпегені анық. Жекешелендіру деген желеумен көкөніс қалбырлау цехы, 500 тонналық орталық қойма ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткенінен, 100 деген га жүзімдіктер мен алма бағының тоз – тозын шығарып қиратып, өртеп отын қылған қамсыздықтан бүгінгі күні ауыл тұрғындарының «әттеген – айы» көп. Зардабының да зілмауыр болғаны анық. Десек те, өткенге салауат. Ауыл тұрғындарының бүгінгі күнгі жай – күйі – тәуелсіздік жетістіктері мен жемістерінен нәр алған көңіл тұшып, көз қуантар жаңалықтары мен жақсылықтарынан да кенде емес.

        Әлеуметтік сала бойынша ауылдық округі көлеміндегі елді мекендерде 3 білім беру (№ 181 орта, № 243 негізгі және бастауыш), 2 емдеу – сауықтыру мекемелері, 1 клуб, 2 мешіт, 2 кітапхана, 1 пошта торабы, 11 дүңгіршек, 1 кафе бар.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1660
КешеКеше1823
Осы аптадаОсы аптада2978
Осы айдаОсы айда44263
БарлығыБарлығы492228
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.136.26
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі