Ақтоған ауылдық округі

«Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі

  • Пошта индексі: 120717;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы , Досбол датқа ауылы , О.Сәрсенбай көшесі №17
  • Тел/факс: 8 (72432) 5-14-42
Ақтоған ауылдық округінің әкімі

 

Әбдікәрімов Өмірхан Әбдікәрімұлы 1981 жылы 22 желтоқсанда Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Шиелі кентінде туылған, білімі жоғары. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық Заң Университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

 Еңбек жолын 2004 жылы Қызылорда қаласында «Дәнекер» ҚК ЖШС-де заң кеңесшісі болып бастаған.

02.2006 – 06.2006 жылдар аралығында Астана қаласы, «Глобус» ЖШС мекемесінде қауіпсіздік қызметкері,

02.2008 – 09.2008 жылдар аралығында Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі әкімі аппаратының заңгер маманы,

09.2008 – 06.2010 жылдар аралығында Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман заңгері,

06.2010 - 06.2011 жылдар аралығында Шиелі ауданы, Шиелі кент әкімінің көмекшісі,

06.2011 - 10.2011 жылдар аралығында «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы,

10.2011 – 08.2014 жылдар аралығында Алмалы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 

19.12.2014 жылдан осы кезеңге дейін «Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің» ММ басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.  

Негізгі міндеттері:

Тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді. Жоғарғы органдардан, облыс әкімі аппаратынан, аудан әкімінен келіп түскен тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Азаматтардың өтініш, арыз, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады.Ауылдық округте орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады.   Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының,  Заңдарының, Қазақстан Республикасы мен Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің жиналуына жәрдемдеседі. 

Ауылдық округі әкімі жеке және заңды тұлғаларды  әр аптаның сәрсенбі күні

 9-00-ден  13- 00 және 15-00 – ден 19 00- ге дейін қабылдайды.

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

Санаты

1

Әбдікәрімов Өмірхан Әбдікәрімұлы 

Ауылдық округі әкімі

 

Саяси

2

Раймбеков Төребай

Бас маман

Досбол ауылы, Аманкелді көшесі №24. Үй тел: 6-14-47Жұмыс тел: 5-04-07 сот: 8 701 138 29 52

Е-G-3

3

Сугиралиев Мухтар Оркенович

Мал дәрігері жөніндегі бас маман

21 бекет, Ш.Құдайбердиев көшесі №17  Үй тел: 5-06-15 Жұмыс тел: 5-07-04 сот: 8 701 561 70 07

E-G-3

4

Жүзбаева Гүлбарам Зарқұмқызы

Жетекші маман заң қызметкері

Досбол датқа ауылы, Д.Шыныбеков Көшесі №46 үй Үй тел: 5-20-13 Жұмыс тел: 5-07-04  сот: 87781915413

E-G-4

5

 

     

 

«Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

  1. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi  бюджеттерден қаржыландырылатын  өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 4. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен  және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы , Шиелі ауданы , Ақтоған ауылдық округі , Досбол датқа ауылы , Оразбек Сәрсенбай көшесі №17.

10.Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

11.Осы Ереже «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты  болып табылады.

12. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі     қызметін

каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен,               

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге              асырылады.

13. Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен   «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:
«Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органының біртұтас жүйесіне кіре отырып жергілікті басқару өкілеттігі мен өзін- өзі басқару функциясына сай Досбол датқа ауылының әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосады. Ақтоған ауылдық округі көлемінде мемлекеттік органдармен , ұйымдармен және азаматтармен қарым қатынастар жасай отырып , салық және бюджетке төленетін баса да міндетті төлемдерді жинауға , жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына , шаруа  қожалықтарын ұйымдастыруға , кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі.Мемлекеттің саясатын Досбол  датқа ауыл аумағында үйлестіре жүргізуді амтамасыз ете отырып, ауылдың экономикасының дамуына, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық  жоспарды іске асыруға қол жеткізбекші.

15.Міндеттері:

1)      Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

2) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;
3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;

 5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

6) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстану.

16.Функциялары:

1) «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің   функциялары:   - Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- әкімнің  жұмысын  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,   іс  қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;  - әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын      рәсімдеу  және тарату;

 -  әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

- аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

- аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

 - азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

 -  жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

-  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

- заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

-Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету

-  Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

-қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтау;

-аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 18.  «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінде басшылықты  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Ақтоған ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

21.«Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;    

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
            4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

 11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
            22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

23) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық  жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

24) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады.

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
            23. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округі әкімі  басқарады.


                    

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

24. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі бергенмүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  2005 жылы қаңтар айында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы аумақтық әкімгершілік құрылымы туралы» Заңының 11- бабына сәйкес «Ақтоған» ауылдық округі болып құрылды.

Ақтоған ауылдық округінің жер көлемі -7169 га, 1998 отбасы тұрады.

Халық саны– 1230 адам, оның ішінде қазақ- 1229 адам, орыс ұлтының өкілі-1.

Округте «Досбол» ЖШС, «Сейтжанов» ш/қ, «Рыспанбетов» ш/қ, «Ділманов» ш/қ жұмыс жасайды.

1940 жылы ауылдық округ «Жуантөбе» деп аталады. 1950 жылдан бастап «Ақтоған» елді мекені Иіркөл ауылдық кеңесіне қарады. 1975 жылдан 1996 жылға дейін «Телікөл» ауылдық кеңесіне, 1999 – 2001 жылдары «Алмалы» ауылдық округіне, 2001 жылдан 2005 жылға дейін қайтадан «Телікөл» ауылдық округіне қарады.

2005 жылы «Ақтоған» ауылдық округі 65 жылдан кейін қайта ашылды. Ауылдық округке Раймбеков Төребай әкім болып тағайындалды. Ол  1952 жылы 20 қаңтарда туылған. Білімі жоғары, құрылыс инженері.

2009 жылдың 8 сәуірінен 02.02.2011 жылға  дейін Дүйсенов Еламан Бәһәнұлы ауылдық округтің әкімі қызметін атқарып келді.

2011 жылдың 11 қыркүйегінен осы кезге дейін Кейкуатов Туткабай Калтайұлы ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

 

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін150
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6935
Осы айдаОсы айда46159
БарлығыБарлығы442317
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі