Ақмая ауылдық округі

Ақмая ауылдық округінің әкімінің аппараты

  • Мекен-жайы:Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,А. Құнанабаев  көшесі, №5 А;
  • Пошта индексі: 120704;
  • Тел/факс: 8 (72432) 31-3-07;
  • Электрондық пошта:  E-mail:akmaya.2012@mail.ru

Ақмая ауылдық округінің әкімі

Негізгі міндеттері:

            Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің өкілі ретінде жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Конституциясының, ҚР «Әкімшілік рәміздер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Еңбек туралы», «Нотариат туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін білу, ҚР «Тіл туралы» заңдарының шегінде қайшы келетін өкім, шешімдердің күшін жояды, ішінара өзгерістер енгізе алады. Ауыл әкімі аппаратының комиссияларының жұмыстарына басшылық жасайды, аппараттың қаржы мәселелерін шешеді. ҚР 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының орындалуын қамтамасыз етеді. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын сараптау, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ауыл әкімі аппаратының  қызметкерлеріне басшылық жасайды, кадр мәселелерін шешеді.  

Құрлымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

 

Ауыл әкімі

31-3-07

2

Пірімбет Садуақас Тайырұлы

Шаруашылық жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман

            31-3-07

3

Қойшыбаев Хамид Әбілқасымұлы

Әскери есеп және жастар ісі жөніндегі бас маман

31-3-07

4

Кәден Мөлдір Әбдіғаниқызы

Жетекші маман,заң қызметкері

31-3-07

5

Құрманбек Аюпхан Сарсенбайұлы

Жетекші маман,есепші

31-3-07

 

«Ақмая ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже

1.1.Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылатын «Ақмая ауылдық округі әкімінің аппараты» (бұдан былай-аппарат) мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзырет шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.

1.2. Аппарат өз қызметін қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Аппарат заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жызылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.

Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Аппараттың егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болкға құқығы бар.

1.4. Ауылдық округі әкімі өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті аумақта міндетті күші болатын актілер шығарады.

1.5. Аппаратың құрылымы мен шекті штат санын аудан әкімдігі бекітеді.

1.6. Аппараттың толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Ақмая ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде - Государственное учреждение «Аппарат акима

Акмаинского аульного округа».

1.7. Аппараттың заңды мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылдық округі, Ақмая ауылы, индекс: 120704.

1.8. Аппараттың құрылтайшысы Шиелі ауданы әкімдігі болып табылады. Аппараттың құру туралы акті мен осы Ереже аппараттың құрылтай құжаттары болып табылады.

1.9 Аппараттың қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

 

2. Аппараттың қызметі, негізі міндеттері мен құқықтары

2.1 Ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару функциясын жүзеге асырады.

2.2. Аппараттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2) әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс- қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

3) әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

4) әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

5) аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, аларды аттестациялау;

6) аудан әкімдігін облыстық және аудандық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының , аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

7) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

8) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

9) азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру;

10) заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

 

3. Аппараттың мүліктері

3.1. Аппараттың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Аппараттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады жіне негізі қорлар мен құны аппараттың теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

3.2. Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

3.3. Аппараттың өзіне бекітілген мүлікті дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Аппаратқа мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдармен аппарат билік ете алатын мүлік құнының шекте мөлшері белгіленеді.

 

4. Аппараттың қызметін ұйымдастыру 

4.1. Аппаратты аудан әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын ауылдық округтің әкімі басқарады.

4.2. Әкім аппараттың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз қызметін жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.

 

4.3. Ауылдық округтің әкімі осы мақсатта:

1) аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңдарға (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мемлекеттік орган бәкітетін лауазымдардың номенклатурасына) сәйкес аппараттың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңдарда белгіленген тәртіппен аппараттың қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданады;

4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда аппарат мүддесін білдіреді;

5) Мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

6) заңдылықтарға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату 

5.1. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2. Таратылған мекеменің мүлкі заңнамалармен белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган арқылы бөлінеді.

 Ақмая ауылдық округінің  тарихы

Темір жол түспей тұрғанда бұл ауылдың орны қалың сексеуіл, жыңғыл, ағаштың түр-түрі өскен қалын тоғай болған екен. Бұл елді мекеннің тарихы әріден басталады. 1853-55 жылдар тарих бетінде Ресей генералы В.А.Перовскийдің Сырдария өзені бойымен саяхат жасап, қазақтың әлі дүре тимемеген жерлеріне шолу жасауымен басталады. 1887 жылы Мәскеуден бері қарай темір жол тартылып, әр километр сайын бекеттер (разъезд) орналастырған. Сол тартылған темір жол 1904 жылы Шиелінің үстінен өтіп 22-бекет «Ақмая» атаныпты. Одан соң біздің ауыл тұсында «Жартыказарма» деп аталатын, темір жол жұмысшылары тұратын үйлер салынған. Сол кездерде қазіргі әкімкершілік, дәрігерлік емхана, мектеп үйлерінің орнындағы көлемді жер «Құрманай бауы» деп аталған. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін мал баққан кедей шаруалар келіп орналасып, күн көріс тірлік кешкен. Әйгілі сталиндік құғын-сүргіннің әлегімен 1937 жылы Қиыр Шығыстағы ата-қоныстарынан бір сәтте қуылып шыққан Корей ұлтының өкілдері диаспорасының мұнда қоныс аударғалы бері де бірнеше ұрпақ алмасты. 1937 жылы Қиыр Шығыстың Хабаровск өлкесінің Вяземск ауданынан Шиелі өңіріне көшіп келген Корей халқы орналасқан жер «Авангард» деп аталды. Сол көктемде жаңадан құрылған шаруашылықтың барлығы егіс егеді. Табиғатынан бейнетқор Корей жұрты қамыс пен шеңгел басқан алқапты зордың күшімен тазартып алып, оларды егістікке айналдырады. 1937 жылғы Шиелі ауданына Қиыр Шығыстан көшіп келген «Авангард» колхозының жанына «Большевик» және «Гигант» колхоздары орналасқан болатын. Бұлар негізінен күріш, бау-бақша шаруашылығымен айналысты. Үкіметтің қаулысымен көшіп келген Корей ағайындарға екі пәтерлік үйлер және жаңа үлгідегі жеті жылдық мектеп үйі салынды. «Авангард» пен «Большевик» колхоздарының шеткі көшелері жалғасып жатқандықтан, бір мектеп үйі салынып, 1938 жылы «Авангад» - орта мектебі ашылды. 1938 жылдан бастап, колхоз мүшелері жаңа жерге күріш дақылын еге бастады. Ол кезде техниканың барлығы аудандық машина – техникалық станцияның қолында болатын. Сондықтан колхоздың негізгі күш – көлігі ат арба еді. Ал қазақ колхоздарында сүйенгені тек өгіз арба болатын. Ұлы Отан Соғысы біткеннен кейін, 1950 жылы Ақтөбе қазақ колхозы «Авангард» колхозына қосылып, 1954 жылы колхоздың орталығына толық көшіп келді.

1960 жылы көрші «Большевик»  колхозы іріленген «Авангард» колхозы болып, 1973 жылдан бастап «Авангард» күріш совхозы атанды. Сонымен, қазіргі «Авангард» үш колхоздың негізінен құрылған үлкен күріш совхозына айналған. Ұлы Отан Соғысы алдында, яғни 1940 жылы Шиелі каналының қазылуы, ауданның барлық колхоздарының, әсіресе «Авангард», «Большевик» колхоздарының күріш егісін ұлғайтып, тұрақты өнім алуына үлкен көмегін тигізді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін «Авангард» ауылы  «Ақмая» аулы болып аталып, Ақмая ауылдық округіне бірікті. Қазір бұл ауылдық округ Шиелі ауданыныдағы іргелі, үлкен ауыл.

Жалпы  жер  көлемі 8300 мың га болды. Елді мекенде 473 отбасы. 2663 адам тұрды. 

Ақмая 5 заңды тұлға, 25 шаруа қожалығы, 11 жеке кәсіпкер жұмыс жасады. Әлеуметтік объектілерден  1 мектеп  ( 84 мұғалім,  453 оқушы), ауылдық  клуб  үйі( 2қызметкер, 2 жұмысшы) және ауылдық кітапхана жұмыс жасайды.

2005 жылы «Ақмая» амбулаториялық емханасына және ауылдық клуб үйі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  2005-2006 жылдары аулдық округте жас мамандарға 9 тұрғын үйлер соғылды. 2008 жылы елді мекен  халқына аяқ су келетін каналға қазу жұмысы жүргізілді. 2005 жылы  №49 мектеп жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді,2008 жылы 2007 жылдыры Абай көшесіне 1,2 шақырымға 1,8 мил тенгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.2009 жылы «Шиелі-Ақмая» бағытындағы 13,5 шақырымдық жол 205 мл теңгеге күрделі жөндеуден өтті №49 орта мектептің жылу қазандығы 25,5 мл теңгеге жаңадан қайта салынды.

2010 жылы ауылды «Жиделі»  топтық су құбырына қосу жұмыстары жүргізілді Таза ауыз сумен қамтамасыз етуді биыл, яғни 2011 жылы аяқталып,ауыз су мәселесі шешілді.

 

«Ақмая»  Ауылдық Кеңесі Атқару Комитетінің төрағалары

(1938-2008 жыл аралығында).

 

1.Ли Бон Хи                                       1938-45 жылдар

2.Әлжанов Өксікбай                         1945-55 жылдар

3.Әбдішүкіров Шазінда                    1955-57 жылдар

4.Әлиев Сартай                                 1957-60 жылдар

5.Пак Николай                                  1960-62 жылдар    

6.Әшірбеков Шәкен                          1962-69 жылдар

7.Бекмұрзаев Әміре                          1969-70 жылдар

8.Ким Владимер                    1970-72 жылдар

9.Таубаев Арынғазы                         1972-78 жылдар

10.Палымбетов Өтеубай      1978-85 жылдар

11.Ахметов Данияр               1985-93 жылдар

12.Көбегенов  Сәрсенбай     1994-97 жылдар «Ақмая» ауыл әкімдері

13.Әлиев Жақсылық                         1997- жыл

14.Пірімбетов Сәдуақас                   1997-02 жылдар

15.Бекішев Қабілеш              2003-04 жылдар

16.Әлиев Мейірбек               2004-05 жылдар

17.Мақашев Мұқанбетәлі     2006-07 жылдар

18.Жандарбеков Сейтмұрат             2008 ж. 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін818
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1789
Осы айдаОсы айда41013
БарлығыБарлығы437171
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі