Аудандық жер қатынастары бөлімі

«Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1. Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі (әрі қарай-бөлім) аудан бюджетінен қаржыландыратын атқарушы органы болып табылады және ол оған берілген құзыреті шегінде жер қатынастары саласында жергілікті мемлекеттік басқарудың функцияларын іске асырады.

2. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, аудан әкімінің, әкімдігінің актілеріне, басқа да нормативтік – құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес атқарады.

3. Бөлім заңнамада белгіленген тәртіп негізінде құрылған ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға.

Бөлім заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген мөріне, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өзінің атауы жазылған мөртаңбаға, белгіленген түрде бланкілер және де заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Қазынашылық органдарында есеп шоттарға иеленеді.

Бөлім өз атынан азаматтық- құқықтық қарым-қатынаста болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынаста тарап ретінде қатысуға құқылы.

4. Бөлім заңнамада белгіленген тәртіп бойынша өз құзіреті шегінде бұйрық түрінде актілер қабылдайды.

5. Бөлімнің Ережесін, құрылымын және штаттық санының шегін аудан әкімдігі бекітеді.

6. Толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Шиелийский районный отдел земельных отношений».

7. Бөлімнің мекен-жайы: индекс 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Жақаев көшесі, 8 үй.

8. Бөлім құрылтайшысы Шиелі аудан әкімдігі болып табылады және осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді құрылтайшы іске асырады.

9. Бөлім қызметін қаржыландыру тек аудандық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары.

1. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) жер ресурстарын басқару және жер қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жургізу;

2) жер реформаларын және жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

3) жер заңдарын, жерді пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі аудандық өкілетті және атқарушы органдардың шешімдерін орындау, қолайлы экологиялық ортаны жасау және табиғи ландшафтарды жақсарту;

4) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;

5) жерді аймақтандыруды ұйымдастыру;

2. Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, белгіленген тәртіппен, өз құзіреті шегінде келесі функцияларды атқарады:

1) жер заңдарының қолданылу практикасын қорытады;

2) жер заңдарының бұзылуын жолға қоятын шаралар қабылдайды;

3) иесіз жер учаскелерін есепке алу;

4) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

5) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау:

6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

9) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және ауданның жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

10) елді мекендер аумағының жер - шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

11) жер сауда- саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

13) ауданның жер балансын жасау;

14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субьектілерінің есебін жүргізу;

15) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар беру;

16) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру;

17) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

18) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;

19) жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

20) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау:

21) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

3. Аудандық бөлім негізгі міндеттерін ісеке асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан

және азаматтардан жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) атқарушы органдардың қарауына заң актілерінде белгіленген негіздер бойынша жер учаскелеріне меншік құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге;

3) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жер туралы заңдарға қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

3. Бөлімнің мүлкі

1.Бөлім оперативтік басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие.Бөлім

мүлкі оған мемлекет берген есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны бөлім теңгерімінде есептелген басқа да мүліктен тұрады.

2 .Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

3. Бөлімнің мүлікті өзінше таратуға немесе басқа да тәсілмен иеленуге құқығы жоқ.

4.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

1. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамада айқындалған тәртіппен

аудан әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім бастығы басқарады.

2.Бөлім бастығы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылықты

жүзеге асырады, бөлімге жүктелген міндеттерге дербес жауапты.

3.Осы мақсатта бөлім бастығы заңнамаларға сәйкес өз құзыреті шегінде:

1) өзінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке қабылдайды және

шығарады;

3) қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес барлық ұйымдар мен мекемелерге сенім-хатсыз бөлім атынан шығады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

5) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық

бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша бөлім бастығы дербес жауаптылықта болады;

6) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да

өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

5.Бөлімді қайта ұйымдастыру және жою.

1.Бөлімді, мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Заңнамада

белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2.Таратылған бөлімнің мүлкі заңнамада белгіленген тәртіппен қайта

бөлінеді.

 

 

 

Мемлекеттік органның құрылғаны туралы тарихи анықтама: 

ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, ҚР-ның  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 24 бабының 4 тармағына, ҚР Президентінің 2000 жылдың 10 наурыздағы №357 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы» Ереженің 32 тармағына және ҚР Үкіметінің 2004 жылдың 4 қазанындағы №1022 «Мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы», 2005 жылдың 27 желтоқсанындағы №1294 «Жергілікті атқарушы органдардың штаттық санының лимитін және жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекітудің кейбір мәселелері туралы» қаулыларымен, Шиелі ауданы әкімиятының 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы №1230 «Ауданның басқару құрылымы туралы» қаулысына сәйкес 2006 жылы 1 қаңтарда Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі құрылды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі болып 2006 жылдың 18 қаңтарында аудан әкімінің №760-ө өкімімен М.Дүйсебаев тағайындалды. М.Дүйсебаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты 2009 жылдың 23 қаңтарында аудан әкімінің № 320-ө өкімімен бөлім басшысы қызметіне Е.Абдыкалыков тағайындалды.Өз өтінішіне байланысты Е.Абдыкалыков 2010 жылдың 17 ақпанынан бастап қызметтен босатылды. Аудан әкімінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №764-ө өкімімен аудандық жер қатынастары бөлімінің басытығы міндетін атқару бөлімнің бас маманы Т.Әлтеновке жүктелді. 2010 жылдың 27 сәуірінен бастап аудан әкімінің №846-ө өкімімен бөлім басшысы қызметіне Г.Құлмырза тағайындалып, 2014 жылдың 27 тамызында зейнеткерлікке шығуына байланысты қызметінен босатылды. Аудан әкімінің 2014 жылдың 27 тамызындағы №200-ө өкімімен бөлімнің бас маманы Т.Әлтенов бөлім басшысының міндетін атқарды. 2014 жылдың 6 қазанынан бастап аудан әкімінің №275-ө өкімімен Т.Әлтенов бөлім басшысы қызметін осы уақытқа дейін атқаруда.  

 

 

 

 

 

 

Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі

  • Почта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі кенті, «Көкшоқы» мөлтек ауданы, Исатай Әбдікәрімов көшесі, №11.
  • Тел./факс: 8-724-32-35-5-02;
  • Электрондық пошта: E-mail:Zemkom_Shieli@mail.ru

 

«Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы Облыс әкімінің келісімімен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының  15 бабының 1 тармағына сәйкес  аудан әкімінің 2016 жылғы 10 қарашадағы №1335-ө өкімімен «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы 1985 жылы 11 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде туылған. Білімі жоғары. 2008 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Аграрлық университетін жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері, 2012 жылы
«Тұран Астана» университетін менеджмент бакалавр мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008-2010 жылдары «Sport line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жабдықтаушы маман болып бастаған.

2010-2012 жылдары «Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде инспектор;

2012-2015 жылдары «Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңіраралық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі инспекторы;

2015 жылдың 27 наурызынан бастап «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарып келді. 

         Отбасылы.

 

 Негізгі міндеттер:

1. Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жер реформаларын және жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жер заңдарын, жерді пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі аудандық өкілетті және атқарушы органдардың шешімдерін орындау, қолайлы экологиялық ортаны жасау және табиғи ландшафттарды жақсарту, мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру, жерді аймақтандыруды ұйымдастыру. 

2. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

3.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

 Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

 Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы

Басшы

4-20-82

2

 

Бас маман

4-20-82

3

Сейтжанова Сырғаш Әбдімәлікқызы

Жетекші маман

4-20-82

 

 

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін805
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1776
Осы айдаОсы айда41000
БарлығыБарлығы437158
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі