«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»

 «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 
  • Мекен жайы;
  • Инд: 120700; Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
  • М.Шоқай көшесі, №53.
  • Тел./факс: 8-724-32-4-22-56;
  • E-mail: Shielisobes@mail.ru

 

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің бастығы:

 

 Байкенжеев Исабек Сәрсенбайұлы 1958 жылы 27 желтоқсанда Иіркөл ауылдық округі, Байсын ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1966 жылы №149 орта мектепке барып 1976 жылы бітірген. 1977-1979 жылдар аралығында совет армия қатарында болған. 1981-1987 жылдары Қазақ политехникалық институтын таукен инженері мамандығы бойынша бітірген. 

1976-1977 жылдары «Главриссовхозстройдың» тресті, №2 Шиелі автобазасында слесар болып жұмыс атқарған. 

1979-1981 жылдар Қазақстан КПОК ДӘУІР баспаханасында газет басушы болып жұмыс атқарған. 

1987-1990 жылдары Ачполиметал комбинатына қарасты Шалқия кенішінде инженер болып қызмет атқарған. 

1990-1993 жылдар аралығында Жаңақорған аудандық кеңесінде аға референт, аудан әкімінің көмекшісі қызметін атқарған. 

1993-1996 жылдары Шалқия кен басқармасында бас инженерінің орынбасары қызметін атқарған. 

1996 жылы Жаңақорған ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру және кадр бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы қызметін атқарған. 

1996-1997 жылдары Шалқия кентінің әкімі қызметін атқарған. 

1997-1999 жылдары Шиелі аудан әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған. 

1999-2002 жылдары ҚР әділет министрлігінің жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығының Шиелі филиалы меңгерушісі қызметін атқарған. 

2002-2003 Шиелі аудан әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған. 

2003-2005 жылдары Шиелі аудан әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 

2005-2008 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 

 2008-2011 жылдары Алмалы ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған. 

2011 жылдан Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді. 

Отбасылы.

 

Бөлім бастығы жеке тұлғалады және заңды тұлғалардың өкілдерін күнделікті қабылдайды.

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Байкенжеев Исабек Сәрсенбайұлы

Бөлім басшысы

4-22-56

2

Жолдасова Света Ильясқызы

Бөлім басшысының орынбасары

4-43-43

Қаржы-шаруашылық секторы

3

Байхожина Айнұр Абибуллақызы

Сектор меңгеруші

4-27-81

4

Карибаева Жанар Арғынғазықызы

Бас маман

4-27-81

Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы

5

Бәйділдаев Бақытжан

Сектор меңгерушісі

4-40-58

5

Омарова Роза Шорханқызы

Бас маман

4-40-58

Халықты жұмыспен қамту секторы

7

Батыршаева Улбыхан Сағынбайқызы

Сектор меңгеруші

4-26-59

8

Жүсіп Зауре Бегайдарқызы

Бас маман

4-26-59

Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жасау секторы

9

Сейтжапбарова Айнаш Кембілбайқызы

Сектор меңгеруші

4-28-02

10

Айтжанова Сандуғаш Жаппарқызы

Бас маман

4-28-02

11

Абилова Айнұр Рахметтуллақызы

Бас маман

4-28-02

Әлеуметтік төлемдер секторы

12

Бектегенова Нағима Қасымқызы

Сектор меңгеруші

4-43-13

13

Шалбай Әлима Абдіқадырқызы

Бас маман

4-43-13

14

Арыстанова Ажаркүл Шамшиддинқызы

Бас маман

4-43-13

 

 

 

                     Шиелі ауданы әкімдігінің

                 2016 жылғы «  » қарашадағы

                  №      қаулысымен бекітілген

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

  1. Жалпы ережелер

1. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) өз құзіреті шегінде әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

            2. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:

1) «Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның тұрған жерi: индексі 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, М.Шоқай көшесі, №53.

10. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс);

3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

12. Осы ереже «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

13. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

14. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы саясатты iске асыру.

16. Міндеттері:

1)  әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

            2) аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірігіп аудандық бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыру;

            3) жұмыссыздық деңгейін түсіру және кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

            4) берілген құзырет шеңберінде жұмыспен қамту заңнамасының сақталуына бақылау жасау;

            5) уәкілетті орган және жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыру;

            6) халықты жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру;

            7) мүгедектерді және ардагерлерді оңалту;

            8) халықты атаулы әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, аудандық бағдарламаларға сәйкес аз қамтылған азаматтарды, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын қорғау және қолдау үшін бюджеттен тыс қаржыларды тарту;

            8) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, халықты әлеуметтік қорғау  және жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

           9) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

17. Функциялары:

     1) заңнамалық және нормативтік құжаттарды іске асыру, еңбек жағдайларын нормалау, еңбек ақы төлеу бойынша белгіленген мемлекеттік нормативтерді пайдалану тәртібін түсіндіру;

            2) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласы бойынша әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстарды жүзеге асыру, әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету және үйлестіру;

            3) мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ақы төлеу жүйесі бойынша шараларды жүзеге асыру;

            4) өмір сүру деңгейін талдау және болжамдау негізінде халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетудің бағдарламасын жасау, сондай-ақ аудандық бағдарламалар жасауға әдістемелік ұсыныстарды даярлау;

            5)жалғызбасты азаматтарды және мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы интернат үйлеріне орналастыру шараларын қабылдау, жалғыз басты азаматтарға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жолдамалар беру;

            6) мемлекеттік және қайырымдылық негізінде қолдауға мұқтаж адамдарды, әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін жасауға, күрделі өмір тәлкегіне кезіккендерге психологиялық, медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандандырылған мекемелер мен қызметтер кешендерінің өркендеуіне ықпал жасау;

            7) халықты жұмыспен қамтудың бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру;

            8) еңбек рыногындағы жағдайды, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынымын болжамдау;

            9) жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған азаматтарды даярлау және қайта даярлаудың жүйесін қалыптастыру;

            10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын  тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыруды және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

            11) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау;

            12) үйде тәрбиеленетін және оқылатын мүгедек балаларды материалдық  қамтамасыз ету;

            13) халықтың әлеуметтік аз қорғалған санаттары, оның ішінде мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал жасау;

            14) жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу және жаңа жұмыс орындарын іздестіруде компьютерлендірілген бағдарламаларды енгізу;

            15) аудан еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға ықпал жасау;

            16) аудан құрлысы саласындағы  мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, инфрақұрылым объектілерінің мүгедектер мен қарттарға қолайлы болуына ықпал жасау;

            17) мүгедектерді оңалтуға қажетті өндірістік және тұрмыстық арнаулы қозғалыс құралдарының, техникалық жабдықтарының қажеттілігін анықтау, олармен қамтамасыз етуге сұраныс жасау;

            18) халыққа протезді-ортопедиялық  көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету және техникалық көмекті қажет ететін адамдарға уақытылы анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

            19) өз құзыры аясында бөлім және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру;

            20) халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік, қоғамдық, діни және қайырымдылық ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, шетелдік фирмалар мен біріккен кәсіпорындардың бірлесіп әрекет жасауын қамтамасыз ету;

                        21) бөлімдегі кадрларды қайта даярлауға және біліктігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру;

            22) өз құзырындағы мәселелер бойынша бөлімге азаматтардан түскен арыздар мен шағымдарды, ұсыныстарды белгіленген тәртіпте қарау;

            23) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы тиісті шешімдер қабылдау;

24) жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

25) орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

26) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

27) өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

28) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда не әлеуметтік мәні бар аурулары болған жағдайда, орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуін ұйымдастыру;

29) туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту жөніндегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

30) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу;

31) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы және қайтадан куәліктер беру;

32) азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру және жою;

33) Қазақстан Респуликасының заңнамаларында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18. Құқықтары:

1) егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға;

            2) Бөлім құзыры аясындағы мәселелер бойынша меншік түрінде, шаруашылық жүргізу жағдайына қарамастан өндіріс орындарынан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті мәліметтерді, есептерді сұратуға және алуға;

            3) ұйымдарда қоғамдық жұмыстар дайындау мен өткізу, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықты дайындау мен  қайта дайындау азаматтық хал актілерін тіркеу жөнінде ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізуге;

            4) халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламалар, қоғамдық акциялар өткізуді ұйымдастыруға;

            5) белгіленген тәртіп бойынша жұмыспен қамту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;

            6) өзіндік ақпарат-анықтама бюллетендер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығаруға және жарнама тақталар жасақтауға;

7) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға (мекемелерге) және ұйымдарға сұраулар жолдауға;

8) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге, қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

20. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

22. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім)  басшысының өкілеттілігі:

1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;

2. орынбасарының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

3) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;

7) секторлардың ережелерін бекітеді;

8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімнің мүддесін білдіреді;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

10) гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

23. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

Первый руководитель определяет полнлмочия своего заместителя в соответствии с действующим законадательством.

24. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.

  1. Мемлекеттік органның мүлкi

25. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк  коммуналдық меншiкке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

28. «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Таратылған жағдайда Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүлкін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Статистикалық ақпарат

Статистикалық деректер және көрсеткіштер

 Жұмыссыздық деңгейі. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметіне сәйкес, Шиелі ауданы бойынша 2017 жылдың 01 қаңтарына экономикалық белсенді халық саны – 36811 мың адамды, жұмыспен қамтылған халық саны – 34955 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі  5,0 пайызды құрады.

 

р/с

Атауы

Көрсеткіштер

Айырмасы

+ (өсу),

- (төмендеу)

2015 жыл

2016 жыл

1

Экономикалық белсенді халық саны

38458

36811

-1647

2

Жұмыспен қамтылған халық

36552

34955

-1597

 

Жалдамалы жұмыссыздар

24889

19925

-4964

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

11663

15030

3367

3

Жұмыссыздар барлығы

1906

1856

-50

4

Жалпы жұмыссыздық деңгейі, %

5,0

5,0

0

  

Жұмысқа орналастыру. Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қам-ту органдарына 2376 адам хабарласқан.  Жұмыспен қамту бөлімі тарапынан     1682 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Қоғамдық жұмыс. Үстіміздегі жылы 575 жұмыссыздар ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту жоспарланды. Жыл басынан ақылы қоғамдық жұмыстарға  575  адам  тартылды.

Атаулы әлеуметтік көмек. Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті  көрсетуге жергілікті бюджеттен     4710,0 мың. теңге қаражат қаралды. Нақтыланғаны 330,0 мың теңге.  2017 жылдың 01 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек 6 отбасының 35 мүшесіне 329,8 мың теңге тағайындалып, төленді.  Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санының басым бөлігін 18 жасқа дейінгі балалар–71,4 пайызды, бала күтіміндегілер–14,3, жұмыссыз-2,9, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-11,4 пайызды құрайды. Аудан бойынша кедейлік шегіне дейінгі үстеменің орташа мөлшері  785 теңгені құрайды.

18  жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы.  2016 жылға аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге жергілікті бюджеттен 151900,0 мың теңге қаражат қаралды. 2017 жылдың 01 қаңтарына 2537 отбасына 8094 баласына 151899,6  мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.

Тұрғын үй көмегі  Аудан  бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға  тұрғын үй көмегін көрсетуге 15846,0 мың теңге қаражат қаралды. Нақтыланғаны 11835,0 мың теңге.  2017 жылдың 01 қаңтарына 452 отбасына 2500 мүшесіне 11835,0  мың теңге тұрғын үй көмек тағайындалып, төленді.

                                                                          

 Мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қолдау.  Шиелі ауданында 2017 жылдың  01 қаңтарына тіркелген мүгедектер 2554 болса, оның ішінде I топтағы- 193,  ІІ топтағы -900, III топтағы-938, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар– 523.

2017 жылдың 01 қаңтарына қимылында қиындығы бар 122 бірінші топтағы мүгедектер 120 жеке көмекшілермен, 18 естуі бойынша мүгедектерге   3 ымдау тілі мамандарының қызметтері көрсетілді. 372 мұқтаж мүгедектер міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері  арқылы мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 82 тифло техникалық құралдар (сағат, тифломагнитола, диктофон, плеер, зағиптар таяғы), 38 сурдо-техникалық құралдар (есту аппараты, ұялы телефон, саңыраулар сағаты, бейнекомпьютер), 57 жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар),  312  протезді-ортопедиялық құралдар (протездер, таяқ, балдақ, жетек арба) , санаториялық-курорттық жолдама 123 мүгедекке таратылды. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін 137 мүгедек балаға 6 млн 681 мың теңге материалдық көмек төленді.

  Азаматтық хал актілерін тіркеу. Аудан бойынша 2017 жылдың 01 қаңтарына  бала тууды тіркеу- 1928 балаға, қайтыс болуды тіркеу- 462 азаматқа,  неке қию-557 азаматтарға,  неке бұзу - 142 азаматқа,  әкелікті анықтау- 98  балаға,  бала асырап алу – 8 азаматқа, тегін, атын өзгерту-8, азаматқа, қайталама анықтамалар, куәліктер беру–910,  акт жазбаларын қалпына келтіру- 18 азаматқа,  азаматтық хал актілеріне өзгерістер мен толықтыру және түзету енгізу- 90 азаматқа рәсімделді. Барлығы 4221 азаматқа  АХАТ қызметі көрсетілді.

 

Мемлекеттік қызмет түрлері

2015 жыл          

2016 жыл    

орындалуы     (+,-)

1

Тууды тіркеу

1836

1928

92

2

Қайтыс болуды тіркеу

361

462

101

3

Неке қиюды тіркеу

498

557

59

4

Неке бұзуды тіркеу

141

142

1

5

Әкелікті анықтауды тіркеу

103

98

-5

6

Бала асырап алуды тіркеу

5

8

3

7

Тегін, атын өзгерту

12

8

-4

8

Қайталама куәліктер беру

701

910

209

9

Өзгерістер, толықтырулар, тузету енгізу

56

90

34

10

Акт жазбаларын қалпына келтіру

9

18

9

 

Жиынтығы

3734

4221

487

         Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастары. Облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша ауданда  жұмыс жасап тұрған мекемелер саны   453 болса, оның ұжымдық шарт жасауға тиісті мекемелер саны 213, онда жұмыс жасайтын адамдар  саны-12861.

         Аудандағы барлық мекемелер мен кәсіпорындарға Ұжымдық шарт жасау жөнінде хаттар таратылып, нәтижесінде жаңа еңбек кодексінің талаптарына сәйкес 213 мекемеде (12861 адам) ұжымдық шарт жасалды.

2017 жылдың  01 қаңтарына  барлық мекемелерде ұжымдық шарт жасау жұмыстары 100,0 пайызға орындалды.

 

        Бюджеттің атқарылуы

      Қаржыландыру жоспары бойынша 2016 жылға 509236,0 мың теңге қаралған, 509145,3 мың теңге игерілген немесе қаржыландыру жоспары 100,0 пайызға орындалған, оның ішінде:

     жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты  іске асыру  жөніндегі қызметтерге 438847,0мың теңге қаралып, 438855,6 мың теңге игерілген немесе 100,0 пайыз,

     әлеуметтік қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен қаралғаны    70389,0 мың теңге, игерілгені 70380,4 мың теңге немесе 100,0 пайыз;

     

Исполнение бюджета

По плану финансирования на 2016 год предусмотрено509236,0 тыс. тенге, освоено 509145,3 тыс. тенге или план финансирования исполнен на 100,0 %,    в том числе:

на услуги по реализации государственной политики на местном уровне в области обеспечения занятости и реализации социальных программ для населения предусмотрено 438847,0тыс. тенге, освоено 438855,6 тыс. тенге или 100,0 %.

на социальное обеспечение из республиканского бюджета предусмотрено 70389,0 тыс. тенге, освоено 70380,4тыс. тенге или 100,0 %;

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін132
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6917
Осы айдаОсы айда46141
БарлығыБарлығы442299
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі