Шиелі аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі

«Шиелі аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Мекен жайы;
  • Инд: 120700; Қызылорда облысы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі, №11
  • Тел./факс: 8-724-32-4-18-90;
  • E-mail: raiveterinar@mail.ru

«Шиелі аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

Сахов Базарбек Кенжебайұлы 1959 жылы 26 шілдеде,  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылында дүиеге келген . Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1976-1981 жылдары Еңбек қызыл Ту орденді Алматы зооинженерлік-ветеринариялық институтының кең профильді вет дәргері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981-1982 жылдары Қызылода облыстық тұтынуышылар Одағының ауыл шаруашылығы бөлімінде вет дәрігері болудан бастаған.

1982-1984 жылдары Шиелі тұтынушылар Одағы қосалқы шаруашылығының директоры қызметін атқарған.

1984-1986 жылдары «Шиелі аудандық ветеринариялық станциясы» мекемесінің вет пункт меңгерушісі қызметін атқарған.

1986-1990 жылдары Н.Бекежанов колхозында бас вет дәрігер қызметін атқарған.

1990-1995 жылыдары Н.Бекежанов колхозының мал шаруашылығы цехының меңгерушісі қызметін атқарған.

1995-1996 жылдары «Шиелі аудандық ветеринариялық станциясы» мекемесінде ветдәрігер-терапевт қызметін атқарған.

1996-1999 жылдары «Өнеркәсіп» акционерлік қоғамының (промкомбинат) тон тігу цехының шебері қызметін атқарған.

1999-2005 жылдары «Қуаныш» ЖШС-нің директоры.

2005-2006 жылдары «Сахы» өндірістік кооперативінің төрағасы.

2006-2012 жылдары «Агроветсервис-Шиелі» ЖШС-нің директоры.

2012-2013 жылдары ШЖҚ «Шиелі аудандық ветеринариялық сатнциясы» КМК-ның бас вет дәрігері қызметін атқарған.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

 Негізгі міндеттер:

1.Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағын басқа аумақтардан жұқпалы және экзоотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Адам денсаулығы мен жануарларға зиян келтіретін аңдарды жою, мал қорымдарын соғуды және көшедегі жабайы ит, мысықтарды жою жұмыстарын ұйымдастыру.

 2. Малдарды емдеу, алдын алу, санитарлық сою, жою шаруашыларына бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жаратылуын ұйымдастыру.

3. Қазақсатн Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулыларының, облыс, аудан әкімі шешімдерінің орындалуына басшылық жасайды.

4.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

4.1 Қазақстан Республикасы  Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы  Президентінің  2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкесті салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санатының нақты лауазымы бойынша функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін басқа да міндетті білім.

5.  Лауазымдық міндеттерді  жүзеге асыру  үшін  қажетті  өзара  жұмыс  қарым-қатынастар   (байланыстар)

 Бөлім бастығы жеке тұлғалады және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның бейсенбі, жұма күндері сағат 15:00-18:00-ге  дейін қабылдайды.

 Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Сахов Базарбек Кенжебайұлы

Бөлім басшысы

35-5-41

2

Әбен Жұпарбек Күзембайұлы

Бөлім басшысының орынбасары

35-5-41

3

Байдаулетов Жұмабай Назарбекович

Бас маман

35-5-60

4

Аширов Хамит Машрапович

Бас маман

35-5-60

5

Досжан Ролан Кеулімжайұлы

Бас маман

35-5-60

6

Баймагамбетов Ержан Мухамбеталиевич

Бас маман

35-5-60

7

Бос орын

Жетекші маман

35-5-60

 

 

«Шиелі аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ережелер.
  1. «Шиелі аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы болып табылатын және «Ветеринария туалы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген ветеринария саласындағы қызметті іске асырады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Призидентінің, Үкіметінің, аудан әкімдерінің және әкімінің  актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады
  3. Бөлім заңды тұлға, ұйымдастырушылық – құқықтық нысан мемлекеттік мекеме болып табылады.
  4. Бөлім мемлекетік тілде өз атауы жазылған мөр мен мөртаңбаларға, белгіленген үлгідегі бланкілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында есеп шоттарға ие болады.
  5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады. Бөлімнің, егер оның заңдарға сәйкес уәкілдігі болса, азаматтық – құқықтық қатынастарда  мемлекеттің атынан тарап болып шығуға құқығы бар.
  6. Бөлім өз құзіреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіпке сәйкес бұйрық түріндегі ақтілер шығарады.
  7. Бөлімнің шекті штат саны Шиелі ауданының әкімдігі бекітеді.
  8. Бөлімнің мекен-жайы: индекісі:120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рұсқұлов көшесі №6 А үй.
  9. Бөлімнің толық атауы:

          Мемлекеттік тілде: «Шиелі аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

          Орыс тілінде: Коммунальное Государственное Учреждение «Шиелийский районный отдел ветеринарии и ветеринарного контроля»

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері.
  1.  Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау.
  2.  Жануарларды түрлі жұқпалы аурулардан қорғау.
  3.  Ветеринариялық – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  4. Тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағын басқа аумақтардан жұқпалы және экзоотикалық аурулардың әкелінуі мен таратылуынан қорғау.
  1.  Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортан ластаудың алдын-алу және оны жою.
  1. Бөлімнің негізгі қызметтері.
  1. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)     уәкілетті органмен келісім бойымша тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің  аумағында ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітеді;

2)     ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасмалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады;

3)     профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға береді;

4)     Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруды жүзеге асырады;

5)     Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді;

6)     Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларды бірдилендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады;

7)     Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

8)     Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды) сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады;

9)     Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді;

10)  Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

11)  Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдилендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдармен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады;

12)  Елді мекен жерлерінде жануарларды жоюға арналған орындарды, анықтайды;

13)  Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;

14)  Мал көмінділерін (биотермиялық шұңғырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;

15)  Жануарларға ветеринариялық паспорт береді;

16)  Тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтамаларды береді;

17)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласында лицензиялауды жүзеге асырады;

18)  Ауданның жергілікті өкілді органдарына елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізеді;

19)  Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық  қауіпсіздікті қамтамас ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізеді;

20)  Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді ұйымдастырады;

 

  1. Бөлімнің негізгі құқықтары.
  1. Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алуға;
  2.  Ветеринария саласында кәсіпкерлік саласын жүзеге асыратын Заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша  тоқтату туралы шешімдер шығаруға бастамашы болуға;
  3.  Белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комисиялар құру туралы ұсынысты беруге;
  4.  Тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс беруге;
  5.  Тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсыныс беруге;
  6.  Жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
  7.  Бөлім өзіне жүктелген міндеттерін атқару және шешу үшін ауыл әкімдерімен бірлесіп, саланың басқару жүйесін жетілдіруге, саланың даму мониторингісін жасауға, талдау мен болжамдау жұмыстарын жүргізуге, саланы жақсартуға байланысты аудан әкіміне тиісті ұсыныстар енгізуге.

       5.  Бөлімнің мүлкі.

  1. Бөлім оперативті басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие. Бөлім мүлкі мемлекет есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны бөлім теңгерімінде көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.
  2.  Бөлім өзіне бекітілген мүлікке өзінше таратуға немесе басқа да тәсілмен иеленуге құқығы жоқ.
  1.  Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру.
  1. Бөлімді заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімі тағайындайтын және қызметінен босататын бөлім бастығы басқарады,
  2.  Бөлім бастығы қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес:

1)      бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікте болады;

2)      өзінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

3)       барлық ұйымдармен мекемелерге сенім хатсыз бөлім атынан шығады;

4)      Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

5)      Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

6)      Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді;

7)      өз құзіреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын және басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімді қайта құру жән тарату.
  1.  Бөлімді қайта құру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
  2.  Таратылған бөлімнің мүлкі заңнамада белгіленген тәртіп бойынша аудан әкімдігімен қайта бөлінеді.

 

 

 

 

2015 жылға ветеринария бөлімінің бюжеті 126122,0 мың тенге. Ауру малдарды санитарлық союға – 9100,0 мың теңге, бұралқы, қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою жұмыстарына – 2000,0 мың теңге, «Эпизоотиялық іс-шараларды ұйымдастыру» жұмыстарына – 90355,0 мың теңге қаржы бөлініп .2015 жылдың 12 айында 90355,0 мың теңге қаржысы толық игерілді.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1587
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада7222
Осы айдаОсы айда61740
БарлығыБарлығы568145
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.118.197
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі