Аудандық Тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

«Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Көкшоқы м/а, И. Әбдікәрімов көшесі, №4;
  • Электрондық пошта: E-mail: jkx_shieli@mail.ru

 

«Шиелі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы: 

Аман Дана Смаханұлы 1962 жылы 19 наурызда Шиелі қыстағында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1979-1984 жылдары Алматы қаласындағы Казақ ауыл шаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984-1986 жылдары Гигант колхозында бригадирдің көмекшісі, трактор бригадасының бригадирі болып бастаған.

1986-1988 жылдары Қазақстан ЛКСМ Шиелі аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

1988-1991 жылдары Шиелі аудандық Халықтық бақылау комитетінің инспекторы қызметін атқарған.

1991-1992 жылдары Шиелі аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің жетекші маманы қызметін атқарған.

1992-1996 жылдары Шиелі аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атұарған.

1996-2001 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2001-2003 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2003-2005 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2005 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

Негізгі міндеттер:

1. Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемелері мен ұйымдарының қызметтеріне мемлекеттік реттеу жүргізу, төтенше жағдайлар жөніндегі, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй, газ-энергетикалық ресурстар мәселелері мен жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарын, пайдалану жұмысын үйлестіру, тиісті аумақ шегінде аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, ҚР заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, аудандық, қалалық маңыздағы жолдарды қалыпты жағдайда күтіп ұстау мақсатында ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары барысына және жол белгілерінің мемлекеттік стандартқа сай жарақталуын қадағалау, коммуналдық объектілердің, жол құрылыстарының жобаларын іске асыруды салу тәртібіне, құрылыс құжаттарына, бекітілген жобаға сәйкес орындалуына және объектілердің мақсатты пайдалануын қадағалап, бақылау орнату.

2. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

3.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Дана Аман Смаханұлы

Бөлім бастығы

4-33-55

2

Жүсіп Әбдікамалов Дүйсенбекұлы

Сектор меңгерушісі

4-15-25

3

Туменов Ермахан Байназарович

Бас маман

4-15-25

4

Есназарова Салтанат Балтабаевна

Жетекші маман

4-15-25

 

 

 

                                                                                               Қызылорда облысы

                                                                                              Шиелі ауданы  әкімдігінің

                                                                                              2012 жылғы «___»____________

                                                                                              №______қаулысымен бекітілген 

«Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

Мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

       1. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Шиелі ауданы әкімдігінің белгілі  құзырлық шегінде заңды тұлғаның мәртебесіне ие, Шиелі ауданы бойынша  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары жұмысын қалыпты жетілдіріп, төтенше жағдайлар жөніндегі, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй, газ-энергетикалық ресурстар салаларында басшылықты жүзеге асыратын  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствалары бар:

1) Шаруашылық жұргізу құқығындағы «Шиелі су құбырлары» аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      3. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Призиденті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқұқтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жузеге асырады.

      4. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқұқтық нысанындағы  заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

     5. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқұқтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, егер  заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқұқтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

     7. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен жән Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

     8. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

     9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,индексі 120700, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесі №4 үй

      10.  Мемлекеттік органның толық атауы:- «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

      11. Осы Ереже «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру  республикалық және жергілікті бюджеттерінен,Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

      13. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

       Егер «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

                         2.     Мемлекеттік органның миссиясы,    негізгі  міндеттері,

функциалары, құқықтары мен міндеттері.

 

        14.«Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемелерімен ұйымдарының қызметтеріне мемлекеттік реттеу жүргізу, төтенше жағдайлар жөніндегі, аудан тұрғындарын сапалы ауыз-сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй, газ-энергетикалық ресурстар мәселелері мен жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарын, пайдалану жұмысын үйлестіру.

        15. Міндеттері:

1) Бюджеттік қаржы есебінен қаржыландыруда ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемелерімен ұйымдарының қызметтеріне мемлекеттік реттеу жүргізу, төтенше жағдайлар жөніндегі, ауыз-сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй, газ-энергетикалық ресурстар мәселелері мен жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарын, пайдалану  жұмыстары бойынша бюджеттік бағдарламаларына әкімшілік ету.

         16. Функциялары:

1) «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

-   Қазақстан Республикасы Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлықтарын, қаулылары мен өкімдерін, облыс аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, сондай-ақ  осы Ереженің орындалуын қамтамасыз ету;

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, көлік қызметі, ауыз        сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй, газ энергетикалық ресурстар мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдардың мамандарын қатыстыра отырып орындалатын жұмыстарға сараптама және ғылыми-техникалық үйлестіру жөнінде уақытша жұмысшы топтар мен комиссиялар құру;

- Тиісті аумақ шегінде аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын              автомобиль жолдарын, елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

-  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

-  Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-әрекет жасай отырып, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқаруды;

-  Аудандық, қалалық маңыздағы жолдардағы қалыпты жағдайда күтіп ұстау мақсатында ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары барысына және жол белгілерінің мемлекеттік стандартқа сай жарақталуын қадағалау  жасау;

-  Коммуналдық меншіктегі жолдарды, ауыз су объектілерін, газ энергетикалық ресурстар кәсіпорындарын басқару;

-   Коммуналдық объектілердің, жол құрылыстарының жобаларын іске асыруда салу тәртібіне, құрылыс құжаттарына, бекітілген жобаға сәйкес орындалуына және объектілердің пайдаланылуын қадағалап, бақылау;

- Жолаушылар көліктерінің техникалық қауіпсіздігіне, жолаушылар тасымалының тиімділігіне байланысты ұсыныстар беру;

-  Жолаушылар тасымалы жұмысын жетілдіру мақсатында жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелердің  Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының ережелеріне сәйкес негізгі функцияларды орындау тәртібінің орындалу жұмысын үйлестіру;

-  Бөлінген бюджеттік қаржының қаржыландыруының қатаң есебін жургізу, бақылау және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;

-   Әр түрлі семинарлар, көрмелер, басқа да іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру;

-   Белгіленген тәртіппен шетел және басқа да инвестицияларды тарту жұмыстарына қатысу;

-   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

2) Шаруашылық жұргізу құқығындағы «Шиелі су құбырлары» аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

-   Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

-   Дербес су көздерінен сапалы ауыз су өндіріп, елді мекен тұрғындарына үзіліссіз жеткізу;

- Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік және тағы басқа органдарға ұсыныс енгізу;

-  Ауыз су нысандары мен кәріз жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізу және олар бойынша мемлекеттік басқару  органына ұсыныс енгізу;

-  Су қорларын пайдалану  және ауыз су нысандарының тозып, шіріп кетуден қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

        17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Мемлекеттік органдардан және басқа да мекемелерден өз функцияларын іске асыруға қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) Аудан әкімдігінің, әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындау жұмысына қатысу;

3) Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары проблемалары бойынша басқа да мемлекеттік органдардың мамандарының қатысуымен уақытша, тұрақты жұмысшы топтарды, комиссияларды ұйымдастыру;

4) Аудан басшылығына және алқалы органдарға бөлім жұмысын дамыту туралы ұсыныстарды енгізу;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

 21. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) сенім хатсыз бөлім атынан іс-әрекет жүргізеді;

2) бөлім мүдделерін қорғайды және білдіреді;

3) контракттар мен келісім шарттар жасасады;

4) сенім хат береді;

5) бөлім жұмысының жоспарын бекітеді;

6) бөлім бойынша іс-сапар, тәжірибе алмасу, оқу орталықтарында және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспары мен тәртібін бекітеді;

7) бөлім бойынша бұйрықтар шығарады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлім қызметшілерін қызметке тағайындайды және босатады;

9) бөлім қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;

10) бекітілген тәртіппен бөлім қызметшілеріне ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза береді;

11) бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

12) өз құзіреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкi

 

24. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк республикалық/ коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

27. «Шиелі аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі                   және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2005 жылы құрылған. Бүгінгі күнге дейін Дана Аман Смаханұлы бөлімді басқарып келеді. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің қызметкерлері Н.Беркімбаев, Б.Бәйділдаев сияқты азаматтар қазіргі таңда аудан әкімі аппаратында, Қ.Ыдырысов кент әкімі аппаратында, Б.Шығанбаев Ру-6 кен басқармасында, Е.Меңлібеков облыстық жер қатынастары басқармасында қызмет істеп жүргенін мақтанышпен айтуға болады.

Нарық, жоғары кәсіптілік, біліктілікті ғана емес сонымен қатар жауапкершілік сезімді, саналы орындаушы кадрларды қажет етеді.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бүгінгі қызметкерлері Ж.Әбдікамалов, Е.Түменов, С.Есназарова сияқты мамандар жемісті еңбек етіп жүр.

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1125
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6760
Осы айдаОсы айда61278
БарлығыБарлығы567683
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі