Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №13;
  • Тел/факс: 8 (72432) 4-30-70;
  • Электрондық пошта:  E-mail:shieli.kult@mail.ru
 
 

 «Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Оспанов Ашимхан Орынбасарович 1953 жылы  6 қазанда Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округі, Н.Бекежанов ауылында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

 1970-1975 жылдары Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық   инситутын музыка және ән пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Шиелі аудандық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің аға инспекторы қызметтерінен бастаған.

1980-1991 жылдары Н. Бекежанов ауылдық клубының директоры;

1991-1995 жылдары Ы.Жахаев музейінің, Н.Бекежанов филиалының ғылыми қызметкері;

1995-1996 жылдары Н.Бекежанов мұражайының директоры;

1996-2004 жылдары Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі;

2004-2008 жылдары Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;

2008-2009 жылдары Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы;

2009  жылдың шілде айынан бастап Шиелі аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

А.Оспанов Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері».

Қызылорда қаласының 190 жылдығы мен Қызылорда облысының 70 жылдығы медальдерінің иегері.

Отбасылы.

Негізгі міндеттер:

1. Аудандық мәдениет және өнер мекемелері  мен кәсіпорындары жүйесінің дамуын реттеу, мәдениет пен өнер саласының  Даму бағдарламасын дайындау.

Халық шығармашылығын дамыту мақсатында дәстүрлі өнер фестивалдерін, айтыстар, байқаулар, конкурстар  мен семинар-кеңестер  тағы басқа шаралар ұйымдастырып өткізу.

Кітапханаларды кітап қорларымен толықтыруға, оларды оқырмандар назарына ұсынуға, кітапхана жұмыстарына байланысты іс-шараларды ұйымдастыру.

Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеп, оның орындалуын қамтамасыз ету.

Ауданаралық мәдени байланыстарды дамыту, ауданды мекендейтін барлық ұлттардың мәдени дамуына тиімді шара қолдану және оларды іске асыруға көмектесу.

Ауданда халық театры мен фольклорлық ансамбльдердің шығармашылық және гастрольдік жұмыстарын жүргізуге басшылық жасау, ауданда өтетін мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру.

Аудан өнерпаздарының облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өнер көрсетуіне қолдау жасап отыру.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы» Заңдарының аясындағы жұмыстарды жүргізу. 

 ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау. Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

 

«Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ҚҰРЫЛЫМЫ

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1.

Оспанов Ашимхан Орынбасарович

бөлім басшысы

4-30-70

2.

Отарбаева Жадыра Камалқызы

бас маман

4-17-65

3

Абусадиров Нурболат Абаевич

бас маман

4-17-65

 

 

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

1.Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі- Бөлім) Шиелі ауданы әкімі мен Қызылорда облысының мәдениет басқармасымен бірлесіп мәдениет, арнайы атқарушылық қызметтерді және бөлімге қарасты атқарушы ұйымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін, осы бағыттағы аймақтық саясатты жүзеге асыратын өкілетті атқарушы ұйымы болып табылады.

2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті ұйымдардың кесімдеріне, басқа да номативтік-құқықтық актілерге және де осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Бөлім белгіленген заңнама тәртібіне сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық түрінде құрылған мемлекеттік мекеме, заңды тұлға болып табылады.

Бөлім мемлекеттік тілде атауы жазылған Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген мөрі, белгіленген үлгідегі бланкісі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аймақтық Қазынашылық ұйымдарында заңнамаға сәйкес шоттары болады.

Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Егер заңнамаға сәйкес оған өкілеттік берілген болса, Бөлім мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастарға тарапы болуға құқылы.

4. Бөлім өз құзіреті шегіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түріндегі актілер қабылдайды.

5.Бөлімнің ережесі, құрылымы және шектеулі штаттық құрамын аудан әкімияты бекітеді.

6.Бөлімнің заңды мекен-жайы: «Қазақстан Республикасы, 468720, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №13»

Бөлімнің толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: государственное учреждение «Шиелийский районный отдел культуры и развития языков»

8.Бөлімнің құрылтайшысы ретінде аудан әкімияты саналады.

Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттің жергілікті атқарушы органдарды ұстауға арналған қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

10.Бөлімге өз құзіреті шегіндегі мәселелерді орындау жөнінде кәсіпкерлік субъектілермен келісімді қатынастарға түсуге тиым салынады.

 

БӨЛІМНІҢ ФУНКЦИЯСЫ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ 

2.1.Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)Аудандық мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындары жүйесінің дамуын реттейді:

2)Аудандық мәдениет пен өнердің даму бағдарламасын дайындайды, халық шығармашылығы фестивалдерін, айтыстар, семинар және басқа шаралар өткізеді.

3) Аудан кино саласының қызмет ету және даму мәселелерімен айналысады, тұрғындарға кино және бейне фильмдер қызметін көрсетуге, фильм көрсетудің техникалық жағдайын қадағалайды. Кинобейне ресурстары саясатын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Аудандық кинобейне базаларын ұйымдастырады.

4)Жергілікті әкімшілік органдармен бірлесе отырып облыс, аудан әкімдерінің, мәдениет және өнер саласын дамытуға арналған бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

5)Достық мемлекеттерінде және шет елдерде өтетін фестиваль, байқауларға үздік шығамашылық ұжымдарды, жеке орындаушыларды жіберіп отырады:

6)Сырттан келетін түрлі өнер ұжымдарының, театрлардың, жеке орындаушылардың концерттерін белгіленген тәртіппен ұйымдастыруға ат салысады.

7)Қызылорда облысының мәдениет департаментіне және аудандық әкімиятқа мәдениет пен өнер қайраткерлерін құрметті атаққа орден және Республиканың басқа да мадақтауларына, көркем өнерпаздар ұжымдарын «халықтық» атаққа ұсынады:

8)Кітапханаларды барлық білім салалары бойынша кітап қорларымен толықтыруға, оларды оқырмандар назарына ұсынуға, кітапхана жұмыстарына байланысты іс –шараларды ұйымдастыруға басшылық жасайды:

9)Кітапхана саласына байланысты заңдардың, ережелерін орындауын бақылайды:

10)Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеп, оның орындалуын қамтамасыз етеді;

11)Өз құзіреті шегінде орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

12) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасады, тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

13)мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;

14)Мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени көпшілік іс –шараларды мүдделік танытқан мемлекеттік органдармен әзірлейді және өткізеді;

15)Тіл саясатының мәселелері бойынша іс –шаралар ұйымдастырады, әр –түрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық бірлестіктердің осы іспеттес форумдарына қатысады;

16)Музей қорын өлкетарихы, табиғаты, мәдениеті тағы басқа өлкені сипаттайтын деректерді, заттарды жинақтап музей қорын құруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуіне, ұйымдастыруына басшылық жасайды:

17)Тарихи және мәдени ескерткіштерді есепке алу, қорғау қайта қалпына келтіру, пайдалану және насихаттау жұмыстарын жүргізуге, тарихи, мәдени қорғау және пайдалану жөніндегі заңдардың орындалуын, ережелердің сақталуын бақылайды:

18)Тарихи және мәдени мұра обьектілерін қорғау, пайдалануды қамтамассыз етеді;

19)Аудан мәдениеті мен өнер саласының даму жағдайына мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындардың материалдық –техникалық базасының жақсаруын жүзеге асырады:

20)Ескерткіштерді қорғау зоналарында құрылыс және басқа жұмыстар жүргізуіне, ескерткіш бейнелерімен естелік өнімдер және жарнама шығаруына, тарихи және мәдени ескерткіштеріне экскурсия ұйымдастыруға рұқсат береді:

21)Қолөнер және көркемөнер саласы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді:

22)Аудандық мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың құрылымы мен штатын бекітеді:

23)Белгіленген тәртіппен жоспарлау экономика жұмысының жалпы негіздерін ендіріп, бухгалтерлік есеп – қисапты нарықтық қатынасқа қайшы келмейтіндей ұйымдастырады, қабылданған есептерге талдау жасап, оларды біріктіріп, аудандық статистика, қаржы органдарына тапсырады:

24)Мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындары объектілерінің жобалау және құрылыс жұмыстары бойынша ұсыныс жасау;

25)Мәдениет мекемелерінде Қазақстан Республикасы Заңдары мен құқықтық актілерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді, қарамағындағы мекемелер мен кәсіпорындарда құқықтық жұмыстарды жақсартуға шаралар қолданады;

26)Тарихи және мәдени ескерткіштерге байланысты жүргізілген жобалау – зерттеу, қайта қалпына келтіру қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге ықпал ету;

2.2 Нгізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру

үшін бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқылы:

1) Бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік ұйымдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат сұрауға;

2) нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысуға, сондай – ақ өз құзіреті шегіндегі мәселелер бойынша өз құзіретіне қатысты нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге қатысуға;

3) бөлімге қарасты ұйымдар құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге:

4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының мемлекеттік басқару ұйымы болуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында оған жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

6) заңламалармен белгіленген тәртіпкесәйкес мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуі мен оларға меншік құқықтарын беруге кедергі келтіруге;

7) Бөлім өз құзіреті шегінде аудан көлеміндегі музейлер жұмысын үйлестіруге осы мақсаттарды аудан әкімдігі мен облыстық мәдениет департаментін ақпараттандыруға, жинақтап қорыту үшін олардан деректер мен ақпаратты сұрауға және алуға құқұлы

 

2.3. Бөлімнің негізгі міндеттері ретінде мыналар саналады:

 

1) Тіл саясатының тұжырымдамасын іске асыру, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Облыс әкімиятының тіл саясаты мәселелері жөніндегі актілерінің, тапсырмаларының орындалуына басшылық пен бақылауды жүзеге асыру:

2) тіл саясатын жүзеге асыру мәселесі бойынша нысананы қарамастан мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара қарым – қатынасты жүзеге асыру;

3) мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілдің қоғамдағы қолдану аясын кеңейту және жөнінде ұсыныстар әзірлеуболып табылады.

4) Қазақтың ұлттық және дүниежүзілік мәдениет байлықтарын, республикадағыбасқа ұлттардың мәдениетін игеріп, дамыту, халыққы эсттетикалық және адамгершілік тәрбие беру;

5) әлеуметтік – экономикалық саясаттың негізгі бағыттарынбелгілеу оларды іске асыру әдісінің шаруашылық механизмін жетілдіру негізінде демеушілік пен мемлекеттік мәдениет мекемелері мен өнер кәсіпорындарында табыс табудыңорындалуын қамтамассыз ету;

6) аудан аралық мәденибайланыстарды дамыту, өнер мен мәдениеттегі қол жеткен табыстармен алмасу, ауданда мекендейтін барлық ұлттардың мәдени дамуына тиімді шара қолдану және оларды іске асыруға көмектесу:

 

3БӨЛІМНІҢ МҮЛКІ 

3.1. Бөлімнің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады әрі негізгі қорлар менайналым қаражатынан, сондай – ақ құны Бөлім теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

3.2. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдықменшікке жатады.

3.3. Бөлөлімнің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға

немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы болмайды.

Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

 

4.Бөлім қызметін ұйымдастыру 

4.1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамада айқындалған тәртіппен аудан әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім бастығы басқарады.

Бөлім бастығының орынбасары болды, ол заңнамада айқындалған бастығы басқарады.

4.2.Бөлім бастығы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, бөлімге жүктелген міндеттерге дербес жауапты.

4.3.Осы мақсатта бөлім бастығы:

1) өзінің орынбасарының және басқа да қызметтердің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке қабылдайды және шығарады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) өз құзіреті шегінде бөлімді барлық органдар мен ұйымдарға ұсынады;

5) бөлімнің барлық қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

7) мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша бөлім бастығы дербес жауаптылықта болады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

5.Бөлімді қайта ұйымдастыру және жою

 5.1.Бөлімді, мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

5.2.Таратылған бөлімнің мүлкі заңнамада белгіленген тәртіппен қайта бөлінеді.

 

 

6. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ 

6.1. Бұл жарғы мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап өз құзіретіне енеді.

Шиелі ауданының мәдениет және өнер мекемелері жайлы анықтама

 

Шиелі ауданының 81 жылда жүріп өткен тарихына үңілсек, халықтың әл-ауқаты мен мәдениетінің өзіндік өлшем-өрнегімен өскенін көруге болады. Осы жылдары аудан орталығы мен елді-мекендерде аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары, кітапханалар, мұражайлар мен Қызылотау, киноқондырғылар ашылып, тұрғындарға мәдени-рухани қызмет етсе, алыс шалғайдағы малшылар мен егінші-күрішшілерге дала қостарында автоклубтар мәдени қызмет көрсетті. Бұдабай, Мәнсүр, Нартай сынды тума таланттардың қалдырған өнер мұралары бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналды.

1940 жылдардың соңында даңқты күрішші, Социалистік Еңбек Ері Ким Ман Самға берілген Мемлекеттік (сталиндік) сыйлықтың қаржысына (ол кісінің өз ұсыныс-тілегі бойынша) Ақмая (Авангард) ауылының клуб үйі соғылды. 1950 жылдары жерлесіміз, жазушы Қалмахан Әбдіқадыров Қызылқұмда малшылар ауылында Қызылотаудың негізін қалады. Аудан орталығында алғашқы темір жол клубы салынып, аудан тұрғындарына қызмет етті.

1953 жылдың 21 шілдесіндегі аудандық атқару комитетінің № 325 шешімімен аудандық киноландыру бөлімі мен аудандық мәдениет бөлімдері бір бөлімге біріктіріліп, аудандық мәдениет бөлімі болып, меңгерушісі Есенбеков Жәнібек тағайындалған.

1961 жылы қазіргі аудандық мәдениет Үйінің сәнді де салтанатты зәулім үйі пайдалануға берілді. Аудан тарихында кітапхана ісінің толыққанды белең алуы сонау 1962 жылдан бастау алады. 1970 жылдары Ақтоған, Қызылдихан, Бестам ауылдық клубтары соғылып, 1980 жылдардың басында Бала би (Қазақстанның 30 жылдығы), Н.Бекежанов, Ы.Жақаев, Бидайкөл (Гигант) т.б типтік жобадағы ауылдық мәдениет үйлері ғимараттары соғылып, халықтың игілігіне берілді.

Қазіргі аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының жалпы саны-26.

Клуб, кітапханасы жоқ елді-мекендерге мәдени қызмет көрсететін Кешендердің (МДК) саны - 2, Халықтық ұжымдардың саны - 5, мемлекеттік жүйедегі кітапхана саны - 32.

Сонымен қатар; « Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны,

 «Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны,

«Шиелі аудандық мәдени демалыс саябағы» ЖШС-гі, «Нартай өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәдени рухани қызмет көрсетеді.

Ақмая ауылдық округі

Ақмая ауылдық округінің әкімінің аппараты

  • Мекен-жайы:Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,А. Құнанабаев  көшесі, №5 А;
  • Пошта индексі: 120704;
  • Тел/факс: 8 (72432) 31-3-07;
  • Электрондық пошта:  E-mail:akmaya.2012@mail.ru

Ақмая ауылдық округінің әкімі

Негізгі міндеттері:

            Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің өкілі ретінде жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Конституциясының, ҚР «Әкімшілік рәміздер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Еңбек туралы», «Нотариат туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін білу, ҚР «Тіл туралы» заңдарының шегінде қайшы келетін өкім, шешімдердің күшін жояды, ішінара өзгерістер енгізе алады. Ауыл әкімі аппаратының комиссияларының жұмыстарына басшылық жасайды, аппараттың қаржы мәселелерін шешеді. ҚР 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының орындалуын қамтамасыз етеді. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын сараптау, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ауыл әкімі аппаратының  қызметкерлеріне басшылық жасайды, кадр мәселелерін шешеді.  

Құрлымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

 

Ауыл әкімі

31-3-07

2

Пірімбет Садуақас Тайырұлы

Шаруашылық жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман

            31-3-07

3

Қойшыбаев Хамид Әбілқасымұлы

Әскери есеп және жастар ісі жөніндегі бас маман

31-3-07

4

Кәден Мөлдір Әбдіғаниқызы

Жетекші маман,заң қызметкері

31-3-07

5

Құрманбек Аюпхан Сарсенбайұлы

Жетекші маман,есепші

31-3-07

 

«Ақмая ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже

1.1.Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылатын «Ақмая ауылдық округі әкімінің аппараты» (бұдан былай-аппарат) мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзырет шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.

1.2. Аппарат өз қызметін қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Аппарат заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жызылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.

Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Аппараттың егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болкға құқығы бар.

1.4. Ауылдық округі әкімі өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті аумақта міндетті күші болатын актілер шығарады.

1.5. Аппаратың құрылымы мен шекті штат санын аудан әкімдігі бекітеді.

1.6. Аппараттың толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Ақмая ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде - Государственное учреждение «Аппарат акима

Акмаинского аульного округа».

1.7. Аппараттың заңды мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылдық округі, Ақмая ауылы, индекс: 120704.

1.8. Аппараттың құрылтайшысы Шиелі ауданы әкімдігі болып табылады. Аппараттың құру туралы акті мен осы Ереже аппараттың құрылтай құжаттары болып табылады.

1.9 Аппараттың қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

 

2. Аппараттың қызметі, негізі міндеттері мен құқықтары

2.1 Ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару функциясын жүзеге асырады.

2.2. Аппараттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

2) әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс- қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

3) әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

4) әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

5) аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, аларды аттестациялау;

6) аудан әкімдігін облыстық және аудандық және аудандық бағдарламалардың, аудан әкімдігінің қаулыларының , аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

7) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

8) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

9) азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру;

10) заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

 

3. Аппараттың мүліктері

3.1. Аппараттың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Аппараттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады жіне негізі қорлар мен құны аппараттың теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

3.2. Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

3.3. Аппараттың өзіне бекітілген мүлікті дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Аппаратқа мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдармен аппарат билік ете алатын мүлік құнының шекте мөлшері белгіленеді.

 

4. Аппараттың қызметін ұйымдастыру 

4.1. Аппаратты аудан әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын ауылдық округтің әкімі басқарады.

4.2. Әкім аппараттың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз қызметін жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.

 

4.3. Ауылдық округтің әкімі осы мақсатта:

1) аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңдарға (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мемлекеттік орган бәкітетін лауазымдардың номенклатурасына) сәйкес аппараттың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңдарда белгіленген тәртіппен аппараттың қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданады;

4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда аппарат мүддесін білдіреді;

5) Мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

6) заңдылықтарға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату 

5.1. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2. Таратылған мекеменің мүлкі заңнамалармен белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган арқылы бөлінеді.

 Ақмая ауылдық округінің  тарихы

Темір жол түспей тұрғанда бұл ауылдың орны қалың сексеуіл, жыңғыл, ағаштың түр-түрі өскен қалын тоғай болған екен. Бұл елді мекеннің тарихы әріден басталады. 1853-55 жылдар тарих бетінде Ресей генералы В.А.Перовскийдің Сырдария өзені бойымен саяхат жасап, қазақтың әлі дүре тимемеген жерлеріне шолу жасауымен басталады. 1887 жылы Мәскеуден бері қарай темір жол тартылып, әр километр сайын бекеттер (разъезд) орналастырған. Сол тартылған темір жол 1904 жылы Шиелінің үстінен өтіп 22-бекет «Ақмая» атаныпты. Одан соң біздің ауыл тұсында «Жартыказарма» деп аталатын, темір жол жұмысшылары тұратын үйлер салынған. Сол кездерде қазіргі әкімкершілік, дәрігерлік емхана, мектеп үйлерінің орнындағы көлемді жер «Құрманай бауы» деп аталған. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін мал баққан кедей шаруалар келіп орналасып, күн көріс тірлік кешкен. Әйгілі сталиндік құғын-сүргіннің әлегімен 1937 жылы Қиыр Шығыстағы ата-қоныстарынан бір сәтте қуылып шыққан Корей ұлтының өкілдері диаспорасының мұнда қоныс аударғалы бері де бірнеше ұрпақ алмасты. 1937 жылы Қиыр Шығыстың Хабаровск өлкесінің Вяземск ауданынан Шиелі өңіріне көшіп келген Корей халқы орналасқан жер «Авангард» деп аталды. Сол көктемде жаңадан құрылған шаруашылықтың барлығы егіс егеді. Табиғатынан бейнетқор Корей жұрты қамыс пен шеңгел басқан алқапты зордың күшімен тазартып алып, оларды егістікке айналдырады. 1937 жылғы Шиелі ауданына Қиыр Шығыстан көшіп келген «Авангард» колхозының жанына «Большевик» және «Гигант» колхоздары орналасқан болатын. Бұлар негізінен күріш, бау-бақша шаруашылығымен айналысты. Үкіметтің қаулысымен көшіп келген Корей ағайындарға екі пәтерлік үйлер және жаңа үлгідегі жеті жылдық мектеп үйі салынды. «Авангард» пен «Большевик» колхоздарының шеткі көшелері жалғасып жатқандықтан, бір мектеп үйі салынып, 1938 жылы «Авангад» - орта мектебі ашылды. 1938 жылдан бастап, колхоз мүшелері жаңа жерге күріш дақылын еге бастады. Ол кезде техниканың барлығы аудандық машина – техникалық станцияның қолында болатын. Сондықтан колхоздың негізгі күш – көлігі ат арба еді. Ал қазақ колхоздарында сүйенгені тек өгіз арба болатын. Ұлы Отан Соғысы біткеннен кейін, 1950 жылы Ақтөбе қазақ колхозы «Авангард» колхозына қосылып, 1954 жылы колхоздың орталығына толық көшіп келді.

1960 жылы көрші «Большевик»  колхозы іріленген «Авангард» колхозы болып, 1973 жылдан бастап «Авангард» күріш совхозы атанды. Сонымен, қазіргі «Авангард» үш колхоздың негізінен құрылған үлкен күріш совхозына айналған. Ұлы Отан Соғысы алдында, яғни 1940 жылы Шиелі каналының қазылуы, ауданның барлық колхоздарының, әсіресе «Авангард», «Большевик» колхоздарының күріш егісін ұлғайтып, тұрақты өнім алуына үлкен көмегін тигізді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін «Авангард» ауылы  «Ақмая» аулы болып аталып, Ақмая ауылдық округіне бірікті. Қазір бұл ауылдық округ Шиелі ауданыныдағы іргелі, үлкен ауыл.

Жалпы  жер  көлемі 8300 мың га болды. Елді мекенде 473 отбасы. 2663 адам тұрды. 

Ақмая 5 заңды тұлға, 25 шаруа қожалығы, 11 жеке кәсіпкер жұмыс жасады. Әлеуметтік объектілерден  1 мектеп  ( 84 мұғалім,  453 оқушы), ауылдық  клуб  үйі( 2қызметкер, 2 жұмысшы) және ауылдық кітапхана жұмыс жасайды.

2005 жылы «Ақмая» амбулаториялық емханасына және ауылдық клуб үйі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  2005-2006 жылдары аулдық округте жас мамандарға 9 тұрғын үйлер соғылды. 2008 жылы елді мекен  халқына аяқ су келетін каналға қазу жұмысы жүргізілді. 2005 жылы  №49 мектеп жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді,2008 жылы 2007 жылдыры Абай көшесіне 1,2 шақырымға 1,8 мил тенгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.2009 жылы «Шиелі-Ақмая» бағытындағы 13,5 шақырымдық жол 205 мл теңгеге күрделі жөндеуден өтті №49 орта мектептің жылу қазандығы 25,5 мл теңгеге жаңадан қайта салынды.

2010 жылы ауылды «Жиделі»  топтық су құбырына қосу жұмыстары жүргізілді Таза ауыз сумен қамтамасыз етуді биыл, яғни 2011 жылы аяқталып,ауыз су мәселесі шешілді.

 

«Ақмая»  Ауылдық Кеңесі Атқару Комитетінің төрағалары

(1938-2008 жыл аралығында).

 

1.Ли Бон Хи                                       1938-45 жылдар

2.Әлжанов Өксікбай                         1945-55 жылдар

3.Әбдішүкіров Шазінда                    1955-57 жылдар

4.Әлиев Сартай                                 1957-60 жылдар

5.Пак Николай                                  1960-62 жылдар    

6.Әшірбеков Шәкен                          1962-69 жылдар

7.Бекмұрзаев Әміре                          1969-70 жылдар

8.Ким Владимер                    1970-72 жылдар

9.Таубаев Арынғазы                         1972-78 жылдар

10.Палымбетов Өтеубай      1978-85 жылдар

11.Ахметов Данияр               1985-93 жылдар

12.Көбегенов  Сәрсенбай     1994-97 жылдар «Ақмая» ауыл әкімдері

13.Әлиев Жақсылық                         1997- жыл

14.Пірімбетов Сәдуақас                   1997-02 жылдар

15.Бекішев Қабілеш              2003-04 жылдар

16.Әлиев Мейірбек               2004-05 жылдар

17.Мақашев Мұқанбетәлі     2006-07 жылдар

18.Жандарбеков Сейтмұрат             2008 ж. 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін127
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6912
Осы айдаОсы айда46136
БарлығыБарлығы442294
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі