Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

«Шиелі аудандық  кәсіпкерлік, өнекәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі 

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6;
  • Тел/факс: 8 (72432) 4-41-34;
  • Электрондық пошта:  E-mail:  Pred_shielі@mail.ru 

«Шиелі аудандық кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  

Сейтов Ғазиз  03.06.1965жыл Шиелі қыстағы №21 бекетте дүниеге келген

23.08.1983 жылы №1 балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы.

1983-1985 жылдар аралығында Совет армиясы қатарында «Старшина» шенінде қызмет етілген.

10.06.1993 ж Шиелі кенті Аудандық туризм және спорт басқармасының І дәрежелі маман болып ауыстырылды.

20.12,1997 ж Шиелі кенті «көк шоқы» тұрғын үй коммуналъдық бөлімінің бастығы.

01.02.2001 ж Түркістан қаласы, облыстық команда олимпиада ізбасарларын дайындайтын балалар мен жас өспірімдердің арнаулы спорт мектебінің бас жаттықтырушысы.

25.12.2003ж Қызылорда қаласында «Пойски нефте  газа» ЖШС-ның жумысшысы, техника қауіпсіздігін сақтау инженері және бөлім бастығы.

01.04 .2007 ж Шиелі кентінде «joint  Drillling» ЖШС еңбек бөлімінің бастығы және мекеме басшысының бірінші  орынбасары.

03.11.2009-18.02.2011 Шиелі ауданы Қарғалы ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.

18.02.2011ж-22.09.2011 Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкімі қызметіне тағайындалды.

22.09.2011 Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі. 21 бекет №243 негізгі орталау мектебінде мектеп директоры.

19.09.2014ж- 07.12.2016 ж  Қарғалы ауылдық округі әкімі

07.12.2016 жылдан бастап  «Шиелі аудандық кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметінде

Отбасылы.

 

Негізгі міндеттер:

1. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз ету, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 өкіміне сәйкес 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Стратегиясын іске асыруда қабылданған шаралар жөнінде аудан әкіміне мәлімет дайындау.

3. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

4. Облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттердің мақсатты жұмсалуына бақылау жасау және кәсіпкерлікті жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлерге түсіндірме жұмысын жүргізу, кәсіпкерлер даярлау мен кәсіпкерлер арасында дөңгелек столдар өткізудің ұйымдастырылуын қадағалау және бақылау.

5. Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ауызша және жазбаша арыз-шағымдармен жұмыс жасау.

6. Қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар қабылдау, бөлімнің жұмыс жоспарын және іс-шараларын бекіту.

7. Бөлімнің жұмысына басшылық жасап, ұйымдастыру.

  

Құрылымы

Құрылымы

 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Сейтов Ғазиз 

Басшы

4-41-34

2

Исмаилова Ұлдана Төлегенқызы

Бас маман

4-38-80

3

Әлиев Олжас Мәделханұлы

Жетекші маман

4-38-80

Шиелі ауданы әкімдігінің

2013 жылғы «____» ______________

№_____ қаулысымен бекітілген 

 

«Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» 
мемлекеттік мекемесінің 
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнама аясында аудан аумағындағы кәсіпкерлікпен сауда қызметін, өнеркәсіп саласын, туризм қызметін дамыту жөніндегі бірыңғай саясатты жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 120700, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов к-сі №6.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органы туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік органмен дербес әзірленеді.

13. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлеу, сондай-ақ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:

1) «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру;

2) мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіліктер мен құзіреттілікті қайта бөлу;

3) мемлекеттік органның құзіретін кеңейту (азайту) туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті тапсырмалары негіз болып табылады.

14. Осы ереженің 12 тармағында көзделгендей негіздемелер бар болған жағдайда «Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір ай ішінде мемлекеттік орган туралы ереженің тиісті жобасын немесе мемлекеттік орган туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын әзірлейді.

15. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, өзге де нормалар көрсетілуі мүмкін.

16. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

17. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

18. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер «Шиелі ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

19. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы;

ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуын қалыптастыруда кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнеркәсіп өндірісін әртараптандыру жолымен экономикалық өсуіне ықпал ету, туризм саласының дамуына жағдайлар жасау;

20. Міндеттері: Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 
31 қаңтардағы №124 Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 
19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңдарына сәйкес: 
1) кәсіпкерлік дамуын үйлестіру; 
2) өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізу;
3) индустриялды-инновациялық дамыту; 
4) сауда, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының, базарлардың қызметін үйлестіруді (келісімдер немесе нұсқамалар бойынша) 
5) туризм саласын іске асыру және дамыту; 
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

21. Функциялары: Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 
31 қаңтардағы №124, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 
19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңдарына сәйкес: 
1) кіші кәсіпкерлікті қолдау мақсатында кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерін одақтардың, бизнес инкубаторлардың, лизингтік орталықтардың және тағы да басқа обьектілердің құрылуына ықпал жасау; 
2) кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдік шарттармен коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, бос тұрған ғимараттар мен құрылыстарды алуға ықпал ету арқылы дамыту мен қолдауды қамтамасыз етуге ықпал етеді;
3) кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, кәсіпкерлік мәселелері жөнінде кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер жүргізілуін ұйымдастыру және қатысу; 
4) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді, басым жобаларға іріктеу жасап, оларға мониторинг жүргізеді;
5) ауданның кәсіпорындарында халықаралық сапа стандарттарын енгізу үшін жағдайлар жасайды; 
6) кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі аудан әкімі жанындағы Сарапшылық Кеңестің жұмысын жүзеге асырады; 
7) кәсіпкерліктің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, несие және грант алуға жобалар дайындау үшін кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету; 
8) кәсіпкерлер құқығын қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі заңнама мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, белгіленген тәртіпте азаматтардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстарын және жеке өтініштерін қарау; 
9) тарифтерді зерттеп отыру мақсатында аудандағы тауарлар мен қызметтердің бағаларына мониторинг жүргізіп отыру;
10) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы бағдарламалардың тиісті аймақта іске асырылуын үйлестіруді қамтамасыз ету; 
11) тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіру; 
12) өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асыру; 
13) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 165-бабы бойынша белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін әкімшілік шаралар қолдану, хаттама жасау құқығы бар.

22. Құқықтары мен міндеттері: 1) меншік нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан ауданда кәсіпкерлік пен сауда қызметтерін дамыту мәселері бойынша кәсіпорындар қызметіне талдау жасауға, мониторинг жүргізуге; 
2) Қазақстан Рспубликасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі, облыстық пен аудандық әкімдіктің және аудан әкімі актілерін орындау жөнінде ұсыныстар енгізуге; 
3) белгіленген тәртіп бойынша меншік нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан, кәсіпкерлік пен сауда қызметтері субьектілерінен статистика бөлімімен бірлесе отырып қажетті ақпарат сұрауға және алуға;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, бірлескен кәсіпорындар және басқа да құрылымдарды қалыптастыруға құрылтайшы құжаттарға кеңес беруге; 
5) мүдделі органдармен келісіп уақытша жұмысшы топтар, үйлестіру, ғылыми-техникалық және сараптамалық комиссиялар құрылуына ықпал жасай отырып, кәсіпкерлік мәселелері дамуының, сауда қызметтерінің проблемалары жөнінде кеңес-семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілуін ұйымдастыру; 6) кәсіпкерлік, туризмді дамыту мен қолдау стратегиясын жүзеге асыруға қатысу; 
7) кәсіпкерлердің құқығын қорғауды қамтамасыз ету; 
8) бөлім қызметі бойынша басшылықтың және аудан әкімдігінің отырысында қарауына ұсыныстар енгізуге; 9) нормативтік-құқықтық актілерін дайындауға қатысуға; 
10) бөлім мұқтаждығына қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жасау үшін конкурстар ұйымдастыруға және қатысуға; 
11) бақылаушы мемлекеттік органдармен бірігіп сауда, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен базарлардың сауда ережелері мен қалпын сақтауына жұмыс жүргізуге; 
12) Қазақстан Республикасының заңнамасының белгіленген басқа да құқықтарға ие.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

23. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады. 
24. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысын аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
25. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі: 
1) «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы бөлімде гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады; 
2) «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
3) заңдарға (жекелеген жағдайларды және жоғары тұрған мемлекеттік орган бекітетін лауазымдардың номенклатурасына) сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңдарда белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; 
5) «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды; 
6) «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мүддесін қорғайды; 
7) «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылықта болады; 
8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
«Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

26. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. 
«Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 
27. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық меншікке жатады. 
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

29. «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» жайлы жалпы мәлімет

 

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі  2006 жылы 1 қаңтарда  құрылған. 2013 жылдың
5 шілдедегі аудан әкімдігінің №212 қаулысымен «Шиелі аудандық кәсіпкерлік өнекәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы №1294 «Жергілікті атқарушы органдардың штаттық санының лимитін және жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекітудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімиятының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы «ауданның басқару құрылымы туралы» №1230 қаулысына сәйкес «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» кәсіпкерлік саласындағы функциялары қоса беріле отырып 2006 жылы 1 қаңтарынан бастап «Аудандық кәсіпкерлік бөлімі» болып қайта ұйымдастырылды. Бөлім меңгерушісі қызметіне М.Әлиев 2006 жылдың қаңтар айынан бастап тағайындалды.

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3,8 тармақтарын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңының 12 бабының  2 тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2008 жылдың 22 тамыздағы №228-ө өкіміне байланысты Мақұлбеков Нұржан Әбділдаұлы  2008 жылдың 22 тамызынан бастап ауысу тәртібі бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңының 12 бабының  2 тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2013 жылдың 20 наурыздағы №51-ө өкіміне байланысты Нысанханов Рысбай Кенжебекұлы  2013 жылдың 20 наурызынан бастап ауысу тәртібі бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңының 24 бабының  4 тармағына, Қазақстан Республикасының  Президентінің 2013 жылдың 22 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Жарлығының 41 тармағына, Шиелі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №212 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық саны туралы және басқару құрылымындағы өзгерістер енгізу туралы» Қаулысына сәйкес Нысанханов Рысбай Кенжебекұлы «Шиелі аудандық, кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңының 13 бабының  3 тармағына және 14 бабының 6,7 тармақтарына сәйкес және аудан әкімінің 2014 жылдың 14 шілдедегі №98-ө өкіміне байланысты Ергешбаева Амир Байхожаевич  2014 жылдың 14 шілдесінен бастап аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып уақытша тағайындалды.

Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының  13 бабының
3 тармағына және 14 бабының 6,7 тармақтарына сәйкес міндетті арнайы тексерудің оң нәтижелеріне дейін аудан әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 401-ө өкімімен Әбдікәрімов Өмірхан Әбдікәрімұлы «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

«Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Шиелі ауданы  әкімдігінің белгілі құзырлық шегінде Шиелі ауданы бойынша әлеуметтік, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті, дамыту мақсатында  аудандық   бағдарламалардың дайындалуын  және жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Кіші кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылатын технопарк  жүйелері, лизингілік  орталықтар, кіші инновациялық іс-қимылдар  орталығы және тағы   басқа обьектілердің  құрылуы  жөнінде  іс-шараларды дайындайды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін774
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада7559
Осы айдаОсы айда46783
БарлығыБарлығы442941
Сіздің IP адресіңіз: 54.225.9.188
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі